“Ұстаз-ұлы есім”
Дүниеде мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйретіп, бәрін беретін мейірімді абзал жандар. “Ұстаз мамандығы – барлық мамандықтың анасы” демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын, адам жоқ. Ұстаз берген білім әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаны батыр да, тілінен бал иамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан, жұмысшы да, егін салғандиқан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәрбие алған. Сондықтан да әр адам баласы ұстазды құрметтеуі қажет.
“Ұстаз болу * өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау” деп француз ойшыл ғалымы айтқан. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу- жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Қазақтан шыққан қоғам қайраткер, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов “мұғалім- мектептің жаны” деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген- ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады және оны құрметтеуіміз қажет.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен не кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздың шоқтығы биік.
“Тамшысы мен тас тесетін бейне бір су тәрізді”(Әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту адамгершілігінің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету-білімге құрмет көрсету.
Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәукірттің ғылымда нәтижегенқол жеткізе алмайтыны не кәдеге асыра алмайтыны қасиетті Құранда да жазылған.
Тарихта ақыл парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім.
Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан-Төле биді, Шәкәрім-Абайды, Жамбыл-Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан.
“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” дегендей олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын “Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым” деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау, өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет-адамзатқа міндет.
“Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан” деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстаз болу – жүректің батырлығы екендігіде сөзсіз рас.