БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (28.01.2011,  Астана қаласы)

Қадірлі отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.

Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.

Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.

Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді.

Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды.

Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.

Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.

Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.

Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда.

Биылғы жылы Қазақстан ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басты. Елдің тәуелсіздік жылдарындағы үдерісінің интегралды көрсеткішінің бірі – ол халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ. 1994 жылы ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда жеті жүзден астам долларды құрады. 2011 жылғы 1 қаңтарда ол 12 есеге өсті және 9 мың АҚШ долларына артты. Әлемдік тәжірибе тәуелсіздігінің 20 жылында бірде-бір ел мұндай нәтижеге жетпегенін көрсетіп отыр.

2010 жылғы қаңтардағы Жолдауымда мен Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім. Қазірдің өзінде оны іске асырудағы бірінші жылда нақты нәтижелер бар. Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз еттік. Елімізде барлығы 800 әртүрлі өндіріс орындары құрылды. 2014 жылға дейін құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Сөйтіп, 161 мың тұрақты жұмыс орны, ал құрылыс кезеңінде 207 мың жұмыс орны пайда болады.

Стратегиялық жоспардың аясында таяу онжылдықта Қазақстан 2020 жылға қарай мынадай көрсеткіштерге қол жетуізуі керек:

  • ЖІӨ өсімі – кем дегенде 30 пайызды құрайды.
  • Қайта өңдейтін салалардағы өсім өңдеуші саладағы деңгейден артады немесе соның деңгейіне жетеді.
  • Ұлттық қор активтері ЖІӨ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайды.
  • Экономиканың шикізат емес секторындағы отандық және шетелдік инвестициялар кем дегенде 30 пайызға ұлғаяды.
  • Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесіі 40 пайызды құрайды.
  • Халықтың саны 18 миллион адамға жуықтайды.
  • Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.
  • Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.
  • Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есеге, 2020 жылға қарай – 4 есеге ұлғаяды.

Аграрлық секторда мал шаруашылығын дамыту жөнінде баға жеткізгісіз жоба іске асырылатын болады. 2016 жылы етті экспорттау 60 мың тоннаны құрап, бұл тұрғыда 4 миллион тоннна астық экспортымен теңеседі. Мемлекет бұл мақсатқа кредиттік ресурстардан 130 миллиард теңге бөледі. Бұл ауылда 20 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады, 100 мыңнан астам ауыдықтарға кіріс көзін ұсына алады. Мемлекет басшысы шикізат емес секторды дамыту мақсатында Үкіметке энерготиімділіктің кешенді жоспарын әзірлеуге және бекітуге тапсырма берді.

Барлық мемлекеттік органдар үшін бақылау жүргізудің бірыңғай қағидаты мен тәртібі белгіленді. Бұл бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді едәуір төмендету үшін жасалып отыр. Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, қоғамдық қауіпсіздікке көп қатер туғызбайтын қылмыс бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілді, бас бостандығынан айруға қатыссыз, жазалауды қолдану аясы, сондай-ақ алдын алу шарасы, баламалы тұтқындау кеңейтілді.

Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізілуде. Қазіргі уақытта халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімді заңнамалардың бірі ретінде танылып отыр.

Бүкіл әлемдік банктің баяндамасында 2010 жылы Қазақстан бизнестің мүддесін көздеген реформа жүргізу бойынша көшбасшы болып танылды. Бизнестік ахуалы едәуір қолайлы елдердің әлемдік рейтингісінде Қазақстан әлемнің 183 елінің арасында 59-орынға ие болған.

Атлған бағдарламаның басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан Президент биылғы Жолдауында әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне айрықша назар аударды.

Мен үш маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, дансаулық сақтау және тілді дамыту бағдарламаларын бекіттім.

Білім беру

Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:

жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;

білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;

техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;

бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру.

Білім беру жүйесінің барлық жұмысы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс:

Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені қамту үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай – 100 пайызды құрауы тиіс.

2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен және сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.

2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациядан өткен ЖОО-ның үлесі 30 пайызды құрайды.

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингісінде атап өтілетін болады.

Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс.

Денсаулық сақтау

Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Денсаулық саласын қаржыландыру 2002 жылы ЖІӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызға дейінгі мөлшеріне ұлғайды. Бүгінде алғаш рет елімізде ең күрделі медициналық бағыттар бойынша операциялар жасалуда. Мысалы, жетекші шетелдік клиникалармен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі көрсеткендей, бала туу 25 пайызға ұлғайғанын, өлімнің азаюы 11 пайыз құрағанын, халықтың табиғи өсімі 1,7 есе ұлғайғанын атап өтуге болады.

2013 жылы бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ендіру аяқталады.

Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің сапасын арттырып, алдын алу жұмыстарын нақты қолға алуымыз керек. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылайтын ұлттық бағдарлама кешенін ендіру қажет. Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекке қол жетімділікті кеңейту қажеттігіне ерекше назар аудару қажет.

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба – 2 «Денсаулық» арнаулы емдеу-диагносткалық поезд өз жұмысын бастады. Мобильдік медицниалық кешен –автоклиниканың санын 50 данаға дейін жеткізу қажет. Мемлекет басшысы Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кем дегенде 16 тікұшақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ трассаларда медициналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жедел пысықтау туралы тапсырма берді.

Төтенше медицналық көмек қызметі көппрофильді мобильдік және аэромобильдік госпитальмен жарақтандырылуы қажет.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалар салынатын болады.

Осы міндеттерді орындаудың нәтижесінде 2015 жылға қарай күтілетін қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа және одан ұзақ жасқа дейін ұлғаятын болады.

Тілдерді дамыту

2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетеді. Ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайыз болады. Он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді.

Мен әрдайын бүгінде қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру – бұл өздері үшін міндетті шарт екенін айтып жүрмін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет.

Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

«Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында екі жыл ішінде халық жұмыспен қамтамасыз етілді, жұмыссыздық деңгейі қысқарды және Қазақстанның қалалары мен ауылдарында инфрақұрылым жақсарды.

Үкімет бизнес қоғамдастығымен бірлесіп индустриалдық нысандарда жұмыс істегісі келетін адамдарға тегін кәсіптік оқуды ұсынуы қажет. Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустриаландыруға қатысуына мүмкіндік туғызу керек.

Даму әлеуеті жоғары елді мекендерде ауыл инфрақұрылымын дамытамыз, суаруға, шағын кредиттеу және заттай гранттар бағдарламларына қол жетімділігін кеңейтіп, кәсіпкерлік машықтарына оқуын ұйымдастырамыз. Сондықтан Үкіметке қаржылық реттеушілермен бірлесіп, тиісті заң жобасы мен шаралар кешенін жедел әзірлеуді тапсырамын.

ТКШ жаңарту

Жайлы тұрғын үй деңгейі — азаматтардың өмір сүруінің жақсы көрсеткіші. Соңғы он жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайды.

ТКШ жаңарту аясында су, жылу, электр және газбен қамту жүйелеріне ауқымды жаңартуларды жүргізу, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет. Күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың үлесін 2015 жылға қарай 32-ден 22 пайызға төмендету қажет. Желілерді жаңарту ұзақтығы 2015 жылға қарай, жалпы, еліміз бойынша 31 мыңнан аса километрді құрайтын болады.

Мемлекет халықаралақ қаржы институттары мен біздің банктерді тарту арқылы жеке инвесторларға, кәсіпорындар мен азаматтарға тұрғын үй мен коммунальдық нысандарға жөндеу жүргізу және қалпына келтіруді бірлесіп қаржыландырудың арнайы құралдарын ұсынады.

ТКШ жаңарту бағдарламасын іске асыру жыл сайын жаңа 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сапалы ауыз су

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар 8 жыл бұрын басталған еді. Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған суменжабдықтауға қол жетімділігі 41 пайызға, қалаларда – 72 пайызға дейін артты. Тасымалданатын суды пайдаланылатын адамдардың саны 4 есеге азайды. Сондай-ақ, суменжабдықтау жүйесін жақсартуды қажет ететін ауылдар әлі де аз емес.

Республика бойынша ауыз суға қол жетімділіктің орташа деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық нормаларға жауап беруі қажет.

2020 жылы қалаларда орталық суменжабдықтауға қол жетімділік 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылдық жерлерде – екі есе артып, 80 пайызға дейін өседі.

Кірісті арттыру — өмір сүрудің жаңа сапасы

Ағымдағы жылы біз зейнетақы, стипендия, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысының мөлшерін 30 пайызға арттырамыз. Біз екі жыл қатарынан 25 пайызға ұлғайттық. «Нұр Отан» ХДП Жаңа платформасында жсопарланғандай, 2012 жылы зейнетақы, бюджеттік ұйымдардың еңбекақысы мен стипендияның орташа мөлшері 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артады. Біз осыны уәде еттік және біз осыны іске асырдық.

Мемлекет басшысы сондай-ақ 2011 жылды Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылы деп жариялады. Мемлекеттік комиссия құрылды, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үкіметке оны іске асыру үшін инвесторлардың, бизнес қоғамдастығының, қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіруті тапсырамын. Біздің мерейтойдың ұраны – «Бейбітшілік пен жасапаздыққа – 20 жыл»

Қадірлі қауым!

Қымбатты қазақстандықтар!

Таяуда Елбасы өкілеттігін ұзарту үшін бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерілгенін баршаңыз білесіздер.

Бастамаға үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары қолдау білдіруде.

Мен елдің бұл ыстық ықыласын тәуелсіздікті нығайту, мемлекетті орнықтыру ісіне берген бағасы деп білемін.

Отанды қалтқысыз сүю – оның суығына шыдап, ыстығына күюді талап етеді.

Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес.

Маған сыраттың көпіріндей қылпылдаған кезеңде тәуелсіздік алып, мемлекет құру ісі сеніп тапсырылды.

Сондықтан, мен сенімге серт беріп, бар жауапкершілікті мойныма алдым.

Күрмеуі қиын түрлі тағдырлы шешімдерді жүрегімнен өткізіп қабылдадым.

Мен 20 жылдан бері бар күш-жігерім мен білік тәжірибемді аямай, халқыма қалтқысыз қызмет етіп келемін.

Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз – біздің ортақ табысымыз.

Сондықтан, бастамашы азаматтар мен тілекші болған барша қазақстандықтарға ризашылық білдіремін!

Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.

Алдымызда атқарылар қыруар істер бар.

Бұл жолда біздің ең басты құндылығымыз – берекелі бірлігіміз.

Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар.

Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық.

Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істерде мол табыс тілеймін!

Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!

Назарларыңызға рақмет.

You May Also Like

Жаңартылған бағдарламаның жәй күйін жетік түсіндік пе? мақала

«Жаңартылған бағдарламаның жәй күйін жетік түсіндік пе?» Жаңа технологиялар қарыштап дамыған сайын,…

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы мен мәні. мақала

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы мен мәні. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен…

Ақпараттық-коммуникациялық технология, мақала

Ақпараттық-коммуникациялық технология «Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының…

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін, мақала

Мақала Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін «Егер мұғалім өн бойына, өз…