Мақала

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін

«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.»

Л.Н.Толстой

Бала күнімде мен де өзгелер сияқты ұстаз болуды армандаған болатынмын. Ол кезде «мұғалім» деген ұғым мен үшін өте қастерлі ұғымдардың бірі еді. Бала тәрбиесіне жауапты, өз ісіне тиянақты, жүрегі сабыр мен мейірімге толы тұлға – ол әрине ұстаз.

Балалық шағымда білімді ұстаз тұлғасына қатты қызығатынмын. Өмірімді, болашағымды балалармен тікелей байланыстырушы едім. Оған бірден-бір себеп – нағашы атам. Анамның әкесі тіл мамандығының хас шебері болатын. Тілге шешен, ойға жүйрік ұстаз еді. Тұрар Рысқұловтың тұқымынан  тараған нағашы атам кезінде болшевиктердің қуғын-сүргініне ұшырап, Маңғыстау өңіріне паналауға келген болатын. Сол келген жылынан бастап Маңғыстаудың «Ақшымырау» ауылына «қазақ тіл, әдебиеті» мамандығының көркемсөз шебері атанған атам, мектеп директоры лауазымына дейін көтерілген екен.

Әттең, қазір көзі тірісінде Тұрар атамның өмір хикаясын баяндап берер ма еді…

Тағдырдың жазғаны сол болар. Атамның өмір сызығы ерте таусылған еді. Көзі тірісінде көп нәрсеге құнығар  едім-ау, шіркін!

Анамның айтуына қарағанда атам өте керемет ұстаз, жанашыр әке, ұшқыр ойлы дана  кісі болған. Өмірдің қиындығына қасқая білген қайсар жүрегі тағдырдың әр сынын сый деп қабыл алған өр тұлғам, менің үлгі тұтар адамым – атам.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-демекші, ұстаз ол – бар білгенін болашақ ұрпақпен бөлісер, білім нәрімен білмегеннің тамырын сусындатар асыл адам.

Бос уақытын бала тәрбиесі мен біліміне жұмсаған ардақты жан, аяулы ана – ол ұстаз. Мен бұл саланы жүрегімнің қалауы арқылы таптым десем артық айтқандық болмас. Әр сәби дүние есігін ашқан  сәттен бастап Абай атам айтқандай екі түрлі мінезбен туылады.

Біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді. Сол секілді әр ата-ана өз баласының білім деңгейін ояту мақсатында балаларын мектепке оқуға береді.

Ұстаз – психолог. Иә, қаншама балаларды білімге жетелер ұстаз әр сәбидің психологиясынан хабардар. Кім қалай оқиды, кімнің сабаққа құштарлығы басымырақ, кім сабаққа қызықпайды. Бұл белгілер ұстаздарға етене таныс жағдай.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын.

Мен баланың шырағын жағу  үшін мектептемін. Әлі есімде, оқу орнына түскенімде қуанышымда шек болмаған еді. Балалармен жұмыс істеу менің ең ғажайып армандарымның бірі болатын. Оқушылармен өткізген әр сәтім қызыққа толы болатын. Әр бала бойынан сырлы құпияларды, ешкімге көрсетпеген асыл өнерлерін көп байқайтынмын. Байқап қана қоймай сол жағынан көп жұмыстанатынмын. Шынында әрбір бала бойында өзіне тән ерекшелігі мен бөлекшелігі болады. Мысалы: бірі дөрекі, бірі жасқаншақ, енді бірі шектен тыс көп сөйлейтін. Ұстаздың ұлағаттысы кез келген баланың тілін «кілтін» таба біледі. Бала – ол бір шырақ секілді. Мұғалім – сол шырақты жағушы.

Ұстаз болу жауапкершілікті қажет ететін ең қиын жұмыс. Соған қарамастан әр келешек ұрпаққа білім беріп, саналы түрде тәрбиемен сусындатуға тырысамын. Балаларға үйрету арқылы, өзім де көп нәрсені үйренемін. Білім беріп қана қоймай, әр оқушының психологиясына да терең мән беруге тырысамын. Әр шәкіртті алға тарту арқылы олардың зейіндерінің де ашылуына көп септігімді тигіземін.

Эссе

Бала тәрбиесі баршамызға ортақ

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. …бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы».

М. Жұмабаев

Тәрбие-адам баласының дүние есігін ашпас бұрын ананың сүті арқылы берілер баланың бағдары.  Әр бала үшін басты ұстазы оның ата-анасы. Ұйыған отбасының берер тәрбиесін іліп әкетер қазіргі бала жағдайы ең өзекті мәселе десек те болады.

Ең басты тәрбие – ол тал бесіктен деп ойлаймын. Әр ата-ана өз баласына бақыт бергісі келетіні әрине, белгілі. Бірақ, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың жауабын кім – кім де болса іздейді. Мен өз өмірімде түрлі жағдайларды кездестіріп көрдім. Бір жағынан өзім ұстаз болғандықтан да болар. Қазір мынау егемен елімізде құдайға шүкір бейбіт өмір орнап тұр. Ал енді «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-демекші, Тәрбиеші де – ұстаз. Ол – бар білгенін болашақ ұрпақпен бөлісер, білім нәрімен білмегеннің тамырын сусындатар асыл адам.

Бос уақытын бала тәрбиесі мен біліміне жұмсаған ардақты жан, аяулы ана – ол ұстаз. Мен бұл саланы жүрегімнің қалауы арқылы таптым десем артық айтқандық болмас. Әр сәби дүние есігін ашқан  сәттен бастап Абай атам айтқандай екі түрлі мінезбен туылады.

Біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді. Сол секілді әр ата-ана өз баласының білім деңгейін ояту мақсатында балаларын балабақшаға, мектепке білім алуға береді.

Тәрбиеші – психолог. Иә, қаншама балаларды білімге жетелер жан, әр сәбидің психологиясынан хабардар. Кім қалай оқиды, кімнің сабаққа құштарлығы басымырақ, кім сабаққа қызықпайды. Бұл белгілер тәрбиешіге етене таныс жағдай.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын.

Ұрпағымызды ұлттық тәрбиеге баулып, бойына адамгершілікті, мәдениетті, инабаттылықты, өз ана-тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу балабақшаның міндеті. Ұжымда арнайы білімдері бар тәрбиешілер жұмыс жасайды. Мұнда балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнайды. Бақшамыздағы баланың сәби, бүлдіршін шағы жан-жақты білім мен тәлімді тәрбиені меңгерумен өтеді.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша қауымның міндеті. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қайта құрудың басты шарты – балабақшаға қолайлы жағдай жасау, тәрбие мәселесін жүйелі жүргізу, мекемелердің материалдық техникалық базасын жақсартып, кадрлардың біліктілігін арттыру.

Балабақшада тәрбиеші болу жауапкершілікті қажет ететін ең қиын жұмыс. Соған қарамастан әр келешек ұрпаққа білім беріп, саналы түрде тәрбиемен сусындатуға тырысамын. Балаларға үйрету арқылы, өзім де көп нәрсені үйренемін. Білім беріп қана қоймай, әр баланың психологиясына да терең мән беруге тырысамын. Әр шәкіртті алға тарту арқылы олардың зейіндерінің де ашылуына көп септігімді тигіземін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Мен – заманауи ұстазбын, мақала

Мен – заманауи  ұстазбын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,                    Ұстаз болу –…

Әкеге қарап ұл өсер, мақала

«Әкеге қарап ұл өсер…» «Әке – асқар тау» дейді халқымыз. Қазақ отбасында…

Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру, мақала

Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық…

Ұлы далалардың перзенттері, мақала

Ұлы далалардың перзенттері   «Тәуелсіздік-халқымыздың   бостандығы мен дербес  даму  жолындағы  сан ғасырлық  күрес …