Ғылыми жұмыс 

Жер орбитасындағы қоқыстарды тазартудың жолдары

Ғалымдардың айтуынша қазіргі  таңда 100000 тоннаға жуық қоқыс жер орбитасында болуына байланысты жер бетіндегі тіршілікке үлкен қауіп төндіріп отыр. Осы қауіпті болдырмау үшін өз жобамды ұсынамын.

Бұл суретте  жер орбитасының жер серіктері бейнеленген. Жер орбитасында қалай қоқыс пайда болатынын айтайын. Мысалы екі спутниктің соқысуына,  ракетаның қалдықтарымен соқтығысуы  және  ұшқан ракетаның бірнеше бөліктері орбитада қалуынан қоқыс пайда болады.

Жер серіктерінің кей біреуі істен шығып біздің жер орбитасында қоқыс болып, миллиондаған тонна темір-терсектер жатыр. Егер жер орбитасында істен шыққан жер серіктері  көп болатын болса, онда ол қоқыстардың жерге құлау немесе жер серіктерімен соқтығысу қауіпі артады.  Істен шыққан жер серіктері істейтін жер серігімен соқтығысып қалған жағдайда бір елдің ұялы сымтетік жүйесі, интернет ресурстары істемей қалады. Қәзіргі таңда  ғаламдық проблемалардың шұғыл шешімін табуды қажет ететін мәселенің бірі.

Менің ойымша осы ғаламдық проблемадан шығудың жолы бар сияқты. Мысалы мен 2-ші суретте көрсеткенмін. Бұл суретте геостацианарлы және геосинхронды орбиталар көрсетілген. Геосационарлы орбитада жер серіктері ұшып жүрсе, ал геосинхронды орбитада қоқыстарды қайта өңдейтін ұшақ-завод болуы керек. Ол заводта роботтар жұмыс істейтін болуы керек және сол заводқа  әкелінген  қоқыстарды балқытып  кәдігімгі қатты металға айналдырады. Сол металдардан арнайы ракета жасап соның ішіне металдарды сыйғанынша салып, жерге түсіреді. Жерге түсірудің себебі:

  1. Болашақта темір-терсектердің қоры азайа бастайды сол себепті бағасы өте қымбат болады. Мысалы, бір ракета жасап шығару үшін 2903 тонна әртүрлі темір  қажет. Осындай жобаларды іске асыруға  байланысты,  металдарды жерге түсіру керек.
  2. Заводтың пайдасы:

А) біріншіден  жер орбитасындағы милиондаған қоқыстарды жерге түспеуін қамтамасызетеді;

В) екіншіден жерге алып келінген металдар  мақсатты жобаларды іске асыруға  пайдаланылады;

С) үшіншіден ракеталар еркін орбитаға шығуына болады;

 Заводтың зиян жақтары:

А) жер серігімен соқысып қалған жағдайда заводтын бір бөлігі істен шығуы мүмкін.

В) Жер серігін зақымдайды.

Сонымен қатар осы қоқыстарды тасымалдайтын ғарыш кемелері болуы керек. Өйткені  қоқыстарды заводқа тасымалдау  керек және  заводтан шыққан темір-терсектерді пайдаланып жаңа жер серіктерін құрастыруға тиімді болады деп ойлаймын.

Бұл менің ойымдағы заводтың бейнесі.

Ол ғарыш кемесін ең қаржысы көп және дамыған  елдер қаржыландырады. Сол қайықты технологиасы дамыған елдер бірлесіп жасайды  және ол елдердің электроникадан, химиядан, роботтарды жасаудан, күн сәулесін электр тогына айналдыратын заттары дамыған елдер қосылып жасайды. Оның бір себебі кеме жасағанда көптеген озық технологилар керек. Мысалы ғарыш кемесіне электр тогын пайдалану керек ол үшін бізге күн сәулесін электр тогына айналдыратын апаратты ғарыш кемесіне орналастыру керек сол кезде біз компьютерлерімізді және басқа технологияларымызды электр тогымен қамтамасыз ете аламыз. Бірінші ғарышқа шыққанда ол ғарыш кемесі геосинхронды орбитада бірден тазаламайды ол бірінші геосинхронды орбитадан ары орналасып өзінің кіші, қоқысты үлкен қайыққа таситын, кемелерін жібереді. Сол кіші кемелер металл қоқыстарын өзіне тартып алып үлкен ғарыш кемесіне тасиды. Сол қаржыландырған мемлекеттерге металдарды береді. Сондықтанда  ғарыш кемесін қаржыландырған елдерге  пайда болып келеді.

Жер орбитасында радиактивті қоқыс металдар болатын болса онда оларды үлкен кеменің ішіндегі арнайы радиоктивті металдарды өзгертетін бөлмелер болады. Ол бөлмеде радиоактивті металдардың құрамын өзгертетін болады ол радиоктивті металдарды қарапайым металға айналдыратын болады осылайша құрамын өзгертеді. Құрамын өзгертіп болған соң ғана оны балқытып ықшамдап жерге түсіреді. Негізі үлкен ғарыш кемесінің ішінде екі түрлі кіші ғарыш кемелері болады олардың біріншісі металдарды жерге түсіретін кіші ғарыш кемесі болады  ал екіншісі жер арбитасындағы метал қоқыстарын үлкен ғарыш кемесіне таситын кіші ғарыш кемесі болады.

Негізіне осыған дейін ғарышқа ешқандай да қоқыс жинайтын ғарыш кемесі ұшырылмаған. Тек қана ғарышқа станциялармен жер серіктері ұшырылған.

You May Also Like

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі, ғылыми жоба

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі Біздің тамағымыздың пайдасы мен зияны Мазмұны: Кіріспе І.…

Алматы облысындағы жер-су атауларының «Қызыл жебе» романындағы кейіпкерлердің жүріп өткен, өмір сүрген жерлерімен сәйкестігі және елді-мекендердің шығарма кейіпкерлері есімдерімен аталуы, ғылыми жоба

Тақырыбы Алматы облысындағы жер-су атауларының «Қызыл жебе» романындағы кейіпкерлердің жүріп өткен, өмір…

Батырлар жырындағы ономастикалық кеңістік, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Батырлар жырындағы ономастикалық кеңістік» Орындаған: Жүнісов Сәкен  «Батырлар…

Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ   ЖОБА Секция: Этномәдениеттану.  Тақырыбы:  «Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы» МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………………………….…