ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: “ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДА

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ”

Жоспары

Кіріспе.

  • тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.
    • Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
    • Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.
  • тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.

2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі форма.

2.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі.

2.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдауы үшін ақпарат көзі ретінде

 

Мазмұны

Беті

Тақырыбы: “Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы”

Кіріспе__________________________________________________

  • тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы___________
    • Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы_______
    • Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері____

 

  • тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда

бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы_______________

2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі форма__

2.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі___________________________________________________

2.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдауы үшін ақпарат көзі ретінде________________________________________________

Тақырыбы: ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДА БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ. 

КІРІСПЕ 

Еліміздің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды немесе жеке тұлғаның негізгі мақсаты мен әрекеті және оған деген ұмтылу күнделікті қалыптасқан ұдайы өндірістің бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да диплом жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Қоғамда әрқандай өндірістің ұдайы өндірілуі үшін өз кезегінде өндірістік запастардың көлеміне тікелей байланысты болады. Ол өз кезегінде жұмыс күші мен еңбек құрал жабдықтарын пайдалану дәрежесіне байланысты болса, ол өнімді өндіру мен оны реализация ету тікелей тұтыну рыногына байланысты болады. Нарықты жағдайда рыногтың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен бухгалтерлік балансты қажет етеді.

Қоғамдық жиынтық өнімді ұдайы өндіру теориясы мен оның тәжірибесі бухгалтерлік баланс әдісінің мазмұнын анықтап береді.

“Баланс” сөзі француз тілінен алынған болып, ол екі жақты кестелер бейнесінде жасалынып, топтандырылып жинақты ведомоствадағы көрсеткіштер жүйесі болып есептелінеді. Бұл кестелерде белгілі бір кезеңде шаруашылық құрал жабдықтардың болуы және оны ақшалай бағада қалыптастырудың қайнар көздері айқындалады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік баланс актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану кезеңі қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет беріледі.

Бұл жағдай бухгалтерлік баланстың мәнін түсіну шекарасын тағы да кеңейтеді. Экономикалық субъектінің қаржылық тұрақтылығын анықтауда товарлар, жұмыс және қызметтер рыноктарындағы орнын білдіреді.

Бухгалтерлік баланстың мәні оны белгілеу, тағайындау арқылы білінеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдісін бір бөлегі болып табылса, екінші жағынан ол кезеңдік және жылдық есеп беру формасы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп әдісінің екі жақты белгіленгендіктен бухгалтерлік балансы үшін ғана тән сипат. Бухгалтерлік баланстың екі жақты сипатта болуы қарама- қарсылықтар бірлігі заңының мәні ғана емес, сонымен бірге ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасын анықтау үшін негіз болады. Объектінің экономикалық мәнін жетерлі дәрежеде түсіну мақсатында болыстың құрамдық- оның жеке статьялары мен топтарға бөлінуі бейнеленген. Потенциалды инвесторлар мен кредиторлар бухгалтер балансының актив және пассивтердегі топтар мен кіші топтар арасындағы қатынастарға және оның мағынасына үйренеді және баға береді. Сонымен, диплом жұмысының бірінші тарауында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен оның халық шаруашылығының дамуындағы маңызы айтылады. Сонымен бірге бұл тарауда есеп беру мәліметтері кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін пайдаланатындығы туралы айтылады.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының айналысы айналысы туралы есеп беру, ақша қаражатының айналысы туралы есеп беру іс- шаралары туралы ақпарат береді.

Диплом жұмысының екінші тарауында “Қазіргі кезеңде кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы”  туралы пікірлер айтылып, оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынады. Әсіресе бұл есеп  пен есеп  берудің  дәрежесі халықаралық                       мен  талаптартарға жауап беретін дәрежеге жеткізу қазіргі басты проблемасы екендігі туралы айтылады.

Сонымен бухгалтерлік балансты оқи алу төмендегідей мүмкіндіктерге ие болуға жағдай жасайды.

  • Кәсіпорын туралы жиі көлемде ақпарат алады
  • Кәсіпорынның меншікті айналымы қаржыларымен қамтамасыз ету дәрежесін анықтайды
  • Айналмалы қаржылардың көлемі есепшоттың қай статьялары есебінен өзгеріске ұшырағанын анықтайды.
  • Талдау көрсеткіштерін есептемей- ақ кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы анықталынады

Бухгалтерлік баланс коммуникацияның нақты құралы болып есептелінеді. Соның арқасында:

  1. Кәсіпорын басшысы өзіне ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өзінің кәсіпорынның орны туралы мәлімет береді, таңдаған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі мәселелердің шешімін қабылдауы, ресурстарды тиімді пайдалану туралы салыстырмалы сипаттама алады.
  2. Аудиторлар өздерінің тексеру нәтижелерінің дұрыстығы туралы нұсқаулар алады, өздері көрсеткен кемшіліктердің есеп беру прцесінде қай дәрежеде орындалатындығы туралы мәлімет алады.
  3. Талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік баланстың орнын, маңызын және ролін көрсету болып табылады.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

1- тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.

1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы. 

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық- шаруашылық

қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай- ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Егер беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел- статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, оларды төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъекте өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшалайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс: қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез- келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай- ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелігін сақтау мүмкіндігі артады.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалған жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел- статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел – статистикалық  есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша- қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Төртінші кезең. ШС- нің қаржылық- шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

№ 2 “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпке біріккен (жиынтық) есебіне де береді.

Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті, есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1- наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары)  белгілейді.

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладғы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

1.2. Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, құлшылық- қажылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының ақысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдеі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және тиімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі тағы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

инвесторлар- жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара- пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз иесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

кредитор- алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

жабдықтаушылар- кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін көтеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

қызметкерлер- кәсіпорынның тұрақты және рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент  алып тұруын көздейді;

Мемлекеттік органдар- кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс деңгейіне мүдделі,  өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай- ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

Жұртшылық- жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді- мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру қорының инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу жасап дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әр түрлі құқы бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі құқы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы не басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат деп саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.

Есеп берудің мәліметтері Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары

(активтер құрылымы)

Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатынасы) Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем қабілеттігінің коэффициенті Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау
Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тімділігін бағалау
Қажылық жағдайының өзгеруі Қаржылық инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қажылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.

Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валятасында жасалады, өлшем бірлігі- мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31- ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай- ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу- хау”, гудвилл және т.б.); сондай- ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.) бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және  оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір- бірімен тұспа- тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.

Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім- шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай- ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, тартылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық- шаруышылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс- бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс- бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру- шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай- ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай- ақ тауарлы- материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану-  бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:

кез- келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

бастапқы құны- активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

ағымдағы құны- активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;

сату құны- активтер өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;

дисконтталған құны- активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе қортындыланады);

баланстық құны- актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және  сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

 

Кәсіпорын балансы

                         1 қаңтар 2006 ж.

кодтары

Ұйымның атауы    АШМ “Сервис орталығы”  

Мекен- жайы          Атакент өңірі

Өндіріс ұйымының қызмет ету түрі

Шаруашылық нысаны

Мемлекеттік мүлікті басқару органы

Өлшем бірлігі

Берілу мерзімі

Нақты берілген мерзімі

Активтер

Баб кодтары

Жыл басындағы кезеңге

Жыл соңындағы кезеңге

І Бөлім. Ұзақ мерзімді активтер:

Материалдық емес активтер

Бастапқы құны (10)

Жинақталған амортизация (11)

Қалдық құны (010- 011)

Негізгі құралдар

Бастапқы құны (121- 125 пюттар)

Жер (121)

Ғимараттар мен қондырғылар (122)

Машиналар мен құрал- жабдықтар (123)

Басқа да негізгі құралдар (124- 125)

Жинақталған амортизация (13)

Қалдық құны (020- 021)

Аяқталмаған құрылыс (126)

Инвестиция (14)

Бас (еншілес) серіктестік

Тәуелді серіктестік

Ұзақ мерзімді дабиторлық қарыздар

Жиыны

ІІ Бөлім. Ағымдағы активтер

Материалдар (20)

Аяқталмаған өндіріс (21)

Тараулар (22)

Дайын өнім (221)

Басқа ТМҚ (223)

Дебиторлық қарыздар:

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы (борышы) (30)

Бас (еншілес) және тәуелді серіктестіктердің    дебиторлық қарызы (32)

Басқа да дебиторлық қарыздар (33)

Оның ішінде ҚҚС (331)

Болашақ кезеңнің шығыстары (34)

Берілген аванстар (35)

Қаржы инвестициясы (40)

Ақша қаражаттары (41, 42, 43, 44, 45)
оның ішінде есеп айырысу       қаражаты (44)
аударылған ақша қаражатының жолдағысы (41)
Валюталық плюттағы ақша қаражаты (43)
Басқа да ағымдағы активтер

Жиыны

 

 

Пассивтер

Баб кодтары Жыл басындағы кезеңге Жыл соңындағы кезеңге

І Бөлім. Меншік капитлы

     

     

     

Қосымша төленген капитал

     

Қосымша төленбеген капитал

     

Резервтік капитал

     

Таратылмаған табыс (жабылмаған зиян)

     

өткен жылдардағы

     

Есептік жылдағы

     

Негізгі құралдар, орталықтандырылған күрделі салымдардың есебінен пайдалануға берілген және еншілес (бас) кәсіпорындардан тегін алынған негізгі құралдар

     

Жиыны

     

ІІ Бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

     

Ұзақ мерзімді несиелер

     

Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар

     

Кейінге қалдырылған салықтар

     

Жиыны

     

ІІІ Бөлім. Ағымдағы міндеттемелер

     

Қысқа мерзімді несиелер

     

Кредиторлық қарыздар

     

Бюджетпен есеп айырысу

     

соның ішінде

     

Кейінге қалдырылған салықтар

     

Еншілес (тәуелді) серіктестердің кредиторлық қарызы

     

Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу

     

Алынған аванстар

     

Жабдықтаушылармен және мердігерлер мен есеп айырысу

     

Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысу

     

Еңбеккерлердің демалысы бойынша қарыздарын есептеу

     

Басқа да кредиторлық қарыздар

     

Басқалары

     

Жиыны

     

Барлығы

     

 

Басшы_____________________________________

 

Бас бухгалтер_______________________________

 

Қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық- шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

жалпы табыс- өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

кезең шығыстары- өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздары төлеу бойынша шығыстары;

негізгі қызметтен түскен табыс (зиян)- жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян)- кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидий т.б.).

салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табыс- негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

табыс салығы бойынша шығыс- 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны)  салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);

төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны)- есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

 

“АШМ «Сервис» Орталығы”

(атауы)

Атакент өңірі.

(мекен- жайы)

 

ҚАРЖЫЛЫҚ- ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

1 қаңтар 2006ж

(мың теңге)

Көрсеткіштер атауы Сызық жолының № Табысы Шығысы
Сатылған өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсім
Сатылған өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны

Жалпы табыс

Кезең шығыстары-  Барлығы:

оның ішінде:   Жалпы және әкімшілік шығыстары

Сату бойынша шығыстары

Пайыз бойынша шығыстары

Негізгі қызметтен түскен табыстары (зияндары)

Негізгі емес қызметтен түскен табыстары (зияндары)

Салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы

Заңды тұлғадан ұсталынған табыс салығы

Кейінге қалдырылған салықтар

Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы

Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны)

Таза табысы (зияны)

таза табыс (зиян)- есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

Сонымен, қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижелеі: 70- “Негізгі қызметтен түскен табысы”, 72- “Негізгі емес қызметтен түскен табысы”, 80- “Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны”, 81- “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында жұмсалған шығындары”, 82- “Жалпы және әкімшілік шығындары”, 84- “Негізгі емес қызмет бойынша шыққан шығындары”, 85- “Табыс салығы бойынша шыққан шығындары”, 71- “Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай- ақ баға шегерімдері”, 86- “Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан келген табыстары (зияндары)”, 87- “Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны)” шоттарының деректерінің негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда, есеп беруге қажетті барлық деректерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан мәліметтерден тікелей алынады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-  ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

     № 4 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестциялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатыр алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеіс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражатының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің  негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай- ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсіммен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік- дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер- бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай- ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректр) жасалады. Бұл әдісте баланс мәлісеттері мен қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Таза табысты (зиянды) түзету
Таза табысты түзететін операциялар Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар (запастар), болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т.б. Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды да, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетеді
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері (қысқа мерзімді банкі несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді

 

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру- жанама әдіс

1 қаңтар 2006ж

Кәсіпорын ұйым “АШМ Сервис Орталығы”                        № 3 нысаны

Өндіріс саласы (қызмет түрі)  өндіріс

Өлшем бірлігі: мың теңге

 

Көрсеткіштер Сызық жолының коды Сомасы
1. Операциондық қызметтен алынған ақша қаражатының қозғалысы
Таза табыс
Таза табысты салыстыру үшін жасалатын түзетулер
Есептелген таза сомасы
Ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан алынған нәтижесі
Тауарлы- материалдық запастардың өзгерісі
Дебиторлық қаыздардың өзгерісі
Болашақ кезеңнің шығыстарының өзгерісі
Кредиторлық қарыздардың өзгерісі
Басқа да активтердің өзгерісі
Басқа да түсімдеу
Операциондық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы    
2. Инвестциялық қызметтен алынған ақша қаражатының қозғалысы    
2.1. Түскен ақша қаражаттары    
Негізгі құралды, материалдық емес активтерді және басқа ұзақ мерзімді актвтерді сатқаннан түскен табыс    
Қаржылық инвестицияны сатқаннан түскен табыс    
Басқа да түсімдер    
2.2. Ақша қаражатының есептен шығуы    
Негізгі құралдарды сатып алу    
Материалдық емес активтерді сатып алу    
Қаржылық инвестицияны сатып алу    
Басқа да төлемдер    
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы    
3. Қаржыландыру қызметінен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы    
Түскен ақша қорытындысы    
Акцияны шығару    
Ұзақ мерзімді несиелердің түсуі    
Қысқа мерзімді несиелердің түсуі    
Құрылтайшылардың салған салықтарының түсімі    
Басқа да түсімдер    
Ақша қаражатының есептен шығуы    
Ұзақ мерзімді неселерді өтеу    
Қысқа мерзімді несиелерді өтеу    
Дивиденттерді төлеу    
Басқа да төлемдер    
Қаржыландыру қызметінен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы    
Ақша қаражатының және оның эквиваленттігінің таза әдістері    
Есептік кезеңнің басындағы ақша қаражаты    
Есептік кезеңнің соңындағы ақша қаражаты    

 

Басшы________________________________________

 

Бас бухгалтер__________________________________

 

3- тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.
3.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы мен есеп беру жүйесіндегі негізгі форма ретінде.

Бухгалтерлік есептің негізгі ақпаратын қызметінің, функциясының бірі-

пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. “БАЛАНС” сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда “таразы” немесе “тепе- тең” деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әулетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы- өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын)  болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

актив= меншікті капитал+ міндеттеме

Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:

актив- міндеттеме= меншікті капитал

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялар), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы- мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін  “АШМ Сервис Орталығы”  фирмасының 2006 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық.

Бүгінгі күннің негізгі талабы –жарықтың экономиканың қатынастардың принциптерін іске асыру нәтижесінде халқымыздың  әлеуметтік- экономикалық тұрмыс дәрежесін жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру қаржылық есеп пен есеп берудің және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызының ерекше екендігі белгілі болып отыр. Сондықтанда дипломанттық негізгі мақсаты кәсіп орындарды қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік байланыстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде диплом жұмысының негізгі мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі және бухгалтерлік байланыстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.

Диплом тапсырудың бірінші тарапында «Қаржылық есеп беру және оның жасалуы» айтылып онда қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс. Шаруашылық  қаржылық қызметі нәтижесі туралы  есеп беру, ақша қаржылықтарының байланысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беру кіретіндігі айтылады.

Диплом жұмысының екінші тарауында «Қазіргі кезеңде кәсіпорынды басқару бухгалтерлік байланыстың ролі мен маңызы» туралы пікірлер айтылып, оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынған. Сонымен бірге есеппен есеп берудің дәрежесі халықаралық  талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу жоғарғы дәуірдің басты проблемасы екендігі туралы ой –пікірге білдірілген.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде баяндалған материалдар негізінде зерттеуге және талдау жасау нәтижесінде пайда болған тұжырымдар мен ой-пікірлер ұсынылған. Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасымен стратегиясы мен іске асыруды қажетті үлгімен әдістерді жақтауға қажет береді және әр бір кәсіпорынның Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын іске асырумен кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда бухгалтерлік болыстың мағынасы ерекше екендігі дәлелденеді. Қорыта айтқанда диплом жұмысы шаруашылық қызметкерлер үшін құнды жұмыс деп бағаланады және оның нәтижесін қорғауға  ұсынады.

“АШМ Сервис Орталығы” өндірістік кооперативінің 2006 жылғы 1 қаңтарына

БУХГАЛТЕРЛІК   БАЛАНСЫ

(өлшем бірлігі мың теңге) 

Активтері Сомасы Пассивтері Сомасы
1 2 3 4
Ұзақ мерзімді активтер: Меншікті капитал
Материалдық емес активтер
Негізгі құралдар
Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция)
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш
Жиыны
Ағымдағы активтер: Ұзақ мерзімді міндеттемелер:
Материалдық қор Ұзақ мерзімді несие
Дайын өнімдер Ұзақ мерзімді қарыз
Тауарлар Жиыны
Аяқталмаған өндіріс Қысқа мерзімді міндеттемелер:
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар Бюджетпен есеп айырысу
Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция) Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу
Алдағы уақыт шығындары Жабдықтаушылармен есеп айырысу
Ақша қаражаттары Жиыны
Жиыны Барлығы
Барлығы

Осы жоғарыда келтірілген  “АШМ Сервис Орталығы” фирмасының бухгалтерлік балансынан

көретініміз- бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.

актив = меншікті капитал+ міндеттеме

83000000,0= 59000000,0+ 24000000,0

Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста

Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір батыс елдерінде баланстағы тауарлардың, баптардың орындары ауысып та келтіріледі.

Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып) , оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:

 актив- міндеттеме= меншікті капитал

83000000,0- 24000000,0= 59000000,0

          Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.

Елімізде нарықты экономикалық қатынастардың және халықаралық шаруашылық пен қаржылық байланыстардың дамуы бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жетілдіру туралы актуал мәселелерді алға ұсынды, олардың мазмұны мен әдістері қабылданған халықаралық нормаларға жақындастырылды.

Бухгалтерлік баланстың орталық формасы баланс болып есептелінеді. Баланс бұл сондай сипатталынады: онда объектілердің есебі екі рет көрсетіледі және екі көзқарас жағынан қарастырылады. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп берудің құралы, мазмұны және қалыптастырудың методикалық негіздері Қазақстан республикасының заңдылықтары бойынша заңды тұлғалар болып табылатындар бухгалтерлік есептің стандарты арқылы реттелінеді. Олар: 2 “Бухгалтерлік баланс және қарсылық есептерде негізгі ашылулары”  және “Есеп беруді құрастыру бойынша методикалық нұсқаулар” 1997 жылы 21 майда № 7 Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп және аудит методология Департаментінің бұйрығымен бекітілген құжаттар негізінде іс алып барылады.

Қазақстан Республикасындағы амалдағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру қаржылық есептердің халықаралық стандарттары негізінде белгіленген принциптерінде құрылған. Егер қазіргі жағдайда бухгалтерлік есепті халықаралық бизнестегі деп айтсақ, ондай жағдайда есеп беруі қажет. Мойындай керек, бүгінгі таңда ұйымдарға әкімшіл әдіспен жазылған бухгалтерлік есеп пен есеп берудің методологиясы дүниежүзілік тәжірибенің талаптарына толық жауап бере бермейді.

Кәсіпорынның есеп беруі бұл қаржылық есеп процедурасының логикалық  жалғасы болып есептелінеді және ұйымның есеп беру кезеңіндегі мүліктік және қаржылық жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі екендігін білдіреді.

Барша амалдағы ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін ашық бейнеде болуы тиіс яғни қаржы есептері анық және түсінікті болуы қажет. Баланста заңды тұлғаның аты- жөні, тұратын жері, есеп күні мен есеп кезеңі көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге бұл орында кәсіпорын қызметі түрінің қысқаша бейнесі, оның заңдылық формасы мен өлшем бірлігі, яғни барлығы қаржы есебінде көрсетілген болуы тиіс, бұдан басы бұрынғы жыл үшін де жоғарыда келтірілгенге сәйкес мәліметтер болуы керек.

Баланс Қазақстан республикасы валютасында жасалынады, өлшем бірлігі- мың теңге. Бухгалтерлік баланс есепшот бойынша Бас кітапта көрсетілген қалдық негізінде жасалынады.

Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелердің анықталуы және оның жиынтық қорытындысы бойынша ашылуы (жазылуы) заңды тұлғалардың қарсылық жағдайына талдау жасауда қаржы есебін пайдаланушыларға көмек көрсетелік ақпарат көзі болып есептелінеді.

Баланс мәліметі бойынша кәсіпорынның жүйесі- бұл айрықша жазбаның түрі. Ол есеп беру кезеңі үшін кәсіпорынмен оның бөлімдері қызметтерінің жағдайлары мен нәтижелері туралы бейнелейтін жалпы мәліметтерді ағымдағы есептерден түскен қысқаша үзінділері болып саналады. Есеп беру сандық көрсеткіштерден құралады.

Белгілі бір кезең үшін кәсіпорын мен оның бөлімдері қызметтері жағдайлары мен нәтижелері туралы бейнелейтін жалпы мәліметтер бухгалтерлік, статистикалық және оперативті техникалық есептер негізінде қалыптасады. Солар арқылы кәсіпорын қаржылық- шаруашылық қызметтері есеп беруінде әржақты бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Экономикалық ақпараттар жүйесінде бухгалтерлік есеп беру- ең көбірек жинақталған және талдап қорытылған ақпараттармен болған ең маңызды басқару инструменті (құралы) болып табылады.

Бухгалтерлік есеп берудің мәліметтері- басқарудың әртүрлі дәрежесіндегі мақсаттар үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік есепті жүйелі үйрену иеленген табыстардың себебін ашады, сонымен бірге кәсіпорынның жұмыстағы кемшіліктерін көрсетеді, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің арттыру жолдарын анықтауға көмектеседі.

Бухгалтерлік есеп беру- бұл кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі объективтік бағасы болып табылады, сонымен бірге ол ағымдық және басқармалық шешімдерді қабылдау үшін ең маңызды әсер ететін инструмент болып табылады.

3.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы рөлі.

Есеп беру мәліметтері ұйым қызметінің тиімділігін бағалау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады, тағы да ол сол ұйымның экономикалық талдауы үшін де пайдаланылады. Сонымен бірге есеп беру өндірістік келесі жоспарлауы үшін де қажет, сондықтан есеп беру ең сенімді және өз мезгілінде болуы керек. Бұнда өткен кезеңдегі мәліметтер арқылы есептік көрсеткіштермен салыстырушылық қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістердің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі меншіктік және кәсіпкерлік қызметтері түрлерінің әртүрлі формаларда көруін қажет етеді. Вексельдік айналымдар жаңадан жасалынады, акциялар мен басқа құнды қағаздар пайда болар, қаржыландыру мен несие берудің принциптері өзгереді, шет ел валюталары мен операция жасау шеңбері кеңейеді. Осыларға байланысты алдыңғы қатарлы Батыс елдер мен халықаралық стандарттардың тәжірбиелері арқылы біздің елімізде көп жылдар бойы қолданып келген бухгалтер есебімен есеп беру күштері жүйесінде өзгерісінің болуына күшті қажеттілік пайда болды. Орталықтанған жоспарлы экономика кезінде бухгалтерлік ақпараттар негізінен жоғарыда тұратын ұйымдар (Басқару және министрлік) үшін яғни солар үшін бухгалтерлік ақпараттар жиналды және қорытынды анализ жасалынды, негізінен ресми адамдар үшін қызмет етті. Ал қазіргі жағдайдағы қаржылық есеп беру- инвесторлар мен серіктестіктерді тарту үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен жақын арадағы перспективалары туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ақпарат беру үшін горизонтал пайдалану мақсат еткен.

Қаржылық есеп беру ақпаратты сырттай пайдаланушылар, яғни мүдделі қызыққан заңды және жеке тұлғалар арқылы пайдаланылды. Сонымен бірге жабдықтаушылар, сатып алушылар, нағыз және күшті кредиторлар, несие мекемелері, салық және статистикалық органдар, сонымен бірге өзінің ұйымындағы экономикалық талдау үшін пайдаланылады. Мұның нәтижесінде бухгалтерлік есептер басқару жоспарлары мен саясат туралы қызмет ететін тұлғаларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді және бұл ұйымдарға жұмыс сітейтін тұлғалардың жалпы мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес әрекет қызмет етуіне жағдай жасайды.

Бұның барлығы есеп пен есеп берудің мақсаттарын кәсіпорын дәрежесінде конкреттендіруге жағдай жасайды, мұның нәтижесінде жалпы алғанда бағаларын анықтауға мүмкіндік жасалынады.

  1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталынады, яғни кәсіпорынның несиелік борышты қамти алатындығы, өтімділігі, т.б. анықталынады.
  2. Рентабельділігі белгіленеді.
  3. Шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталынады. Өндіріс құрал- жабдықтарымен жұмыс күшін пайдалануда оның жауапкершілігі бағаланады.

Бұл мақсаттардың барлығына тек ақпараттық моделдендірудің көмегі арқылы арқылы жетеді. Еңкөбірек жалпы модем болып кәсіпорынның мүлкін қорғайтын, оның міндеттемелері мен қорларын белгілі бір кезеңдерде сақтайтын бухгалтерлік баланс болып табылады.

Бухгалтерлік есеп беру статистикалық мәліметтерді салыстыру үшін қоғамдық дәрежеде пайдаланады, сонымен бірге ол бюджетімен болған өзара байланыстар үшін де пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп беру негізінде инвестициялық ресурстарды бөлу туралы өзгерген шешімдерді, региондардағы экономикалық ссаясатты анықтайды, сонымен бірге қоғамның кейбір мүшелерінің әлеуметтік жағдайына шаруашылық процестердің әсерін белгілейді.

Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру- бұл белгілі бір көрсеткіштер жүйесінде көрінген бухгалтерлік есептік қортыланған мәліметтердің жиынтығы. Ол шаруашылыққ процестердің, міндеттемелердің және қаржылық нәтижелердің мүліктік жағдайын талдау үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік ақпаратқа ең жоғары дәрежедегі анықтық тән нәрсе, себебі ол күрделі және құжаттармен жабдықталған барша жетілген шаруашылық операцияларға сүйенеді, оның мәліметтері материалдық инвентаризациялармен бекітіледі.

Бухгалтерлік баланс методологиялық спенификасымен айрықша мақсаттарымен, мәліметтерді пайдалану сипаттарымен ерекшеленеді. Бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде белгіленген формалар бойынша,бюджеттермен бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтар бойынша есептер жасалынады.

Бухгалтерлік баланста ешқандай тазартып өшіру мен түзетілген орынға жол қойылмайды. Жіберілген қателерді түзету жағдайында оған сәйкес түсініктеме беріледі: есепке қол қоятын тұлға түзетілген күні мен айы көрсетіліп, оны бекітеді.

Бухгалтерлік есепке болған үздіксіз талаптардың бірі- нарықтық экономикада барша қызыққан мүдделі пайдаланушылар үшін оның анықтығы болып есептелінеді.

Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру мәжбүрлі міндетті аудиторлық тексеруге жіберілуі тиіс және ол тәуелсіз аудитор арқылы оның дұрыстығы дәлелденеді.

Бухгалтерлік баланс- кәсіпорындарда, мекемелерде есептесу процесінің соңғы кезеңі болып есептелінеді. Бұнда кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы есеп беру кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) шаруашылық нәтижелері ұлғаю қортындысымен бейнеленеді.

Министрліктер, ведомоствалар және тағы басқа шаруашылық басқару органдары өзінің қарамағын кәсіпорындар мен мекемелер бойынша жалпы қортынды бухгалтерлік есеп беруді жасайды. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін жылдық есеп 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелінеді. Бухгалтерлік есеп беруде берілген барша ақпараттар синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтеріне негізделеді. Есеп беруге байланысты негізгі талаптарға мыналар жатады: Шаруашылық қызметтердің анық болған нәтижелерін шын және дәл көрсету, барша көрсеткіштерді бір- бірімен қатал байланыстыру болып табылады. Есеп беруі және баланс сатыларын бағалауды бұрмалау мемлекетке қарсы әрекет деп қаалады және кәсіпорынның басшылар мен бас есепші бұл істегі айыптылар амалдағы заңдылықтарға сәйкес жауапкершілік жүктетіледі.

Бухгалтерлік есептегі қателерді түзету оған қол қоятын тұлғаның қолымен расталынады және түзетілген күні мен айы көрсетіледі.

3.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдау үшін ақпарат көзі ретінде.

Меншік иелері капиталдың табыстылығын арттыру үшін, фирманың тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ету үшін қаржы есебіне талдау жасайды.

Кредиторлар мен инвесторлар қарыздар мен борыштар бойынша өзінің тәуекелдігін төмендету яғни кемсіту мақсатымен қаржы есебіне талдау жасайды. Сонымен қабылданған шешімдердің сапалы болуы бүтіндей шешімнің аналитикалық дәлелдемелердің сапасына байланысты болады.

Іскер серіктің ақпарат және қаржы қызметінің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік есеп беру болып, ол көпшілікке арналған болады. Нарықтық экономикалық жағдайда кәсіпорынның есеп беруі қаржылық есептің қортылған мәліметтеріне сүйенеді және ол кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттарды кәсіпорынды қоғам және іскер серікпен, пйдаланушылармен байланыстырушы ақпараттық звено болып табылады.

Талдаудың субъекті кәсіпорынның қызметіне мүдделі болған ақпаратты пайдаланушылар ретінде шығады. Пайдаланушылардың бірінші тобына кәсіпорынның қаржы меншік иелері, қарыз берушілер, (банктер т.б.) жабдықтаушылар, сатып алушылар, салық органдары, кәсіпорын мен басшылықтың қызметкерлері кіреді. Әрбір субъекті талдауды өзінің мүддесін орындау мақсатымен ақпаратты үйренеді. Мәселен, меншік иелеріне меншікті капитал үлесін көбейту немесе кемейтуді анықтау қажет және кәсіпорын әкімшілдігі ресурстарын тиімді пайдаланғандығын бағалау керек: кредиторлар мен жабдықтаушыларға несиені ұзарту мақсатқа сәйкесшілігі, несие берудің шарты, несиені қайтару кепілдігі, потенциалды меншік иелерін және кредиторларға өзінің капиталын кәсіпорынға орналастыру пайдалылығы т.б.

Сол жағдай аталады: тек кәсіпорынның басшылары есеп беру талдауын тағы да тереңдету мүмкін, бұл жағдайда басшы басқару мақсаты үшін болған басқару талдауы шеңберінде өндірістік есептің мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп берудің пайдаланушылардың екінші тобына- мынадвй талдау субъектілері кіреді. Олар кәсіпорынның қызметіне тікелей және қызықпаған тұлғалар болып есептелінеді, дегенмен олар бірінші топтағы есеп беруді пайдаланушылардың мүддесін қорғауы керек. Бұларға аудиторлық фирмалар, консультанттар, биржалар, юристер, баспа, ассосация, кәсіподақтар кіреді.

Кейбір жағдайларда қаржылық талдау мақсаттарын реализация ету үшін тек бухгалтерлік есеп беруді пайдалану жетерлі бола бермейді. Кейбір пайдаланушылар тобы, мысалы жетекшілік пен аудиторлар қосымша қайнар көздерді қаратып алу мүмкіндігіне ие болады. Соған қарамастан көбінесе жылдық және кварталдық есеп берулер- сыртқы қаржы талдауының жеке дара қайнар көзі болып табылады.

Қаржы жағдайы талдауы үшін ақпараттың негізгі қайнар көзі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қызмет етеді. Сондықтан да бухгалтерлік есеп беру формаларының арасында бухгалтерлік баланс бірінші оында тұрады.

Ақпараттың ішіндегі мағыналарды түсіну үшін бухгалтерлік баланстың құрамы туалы түсінік игерумен бірге, оның кейбір бөлек көрсеткіштері арасындағы негізгі логикалық және спецификалық өзара байланыстарды білу қажет.

Бухгалтерлік баланстың мағынасын түсінуде ең кемінде елеулі маңызы болып оны оқудың жүйелілігі және тек бухгалтерлік балансқа тиісті болған кейбір шектеулердің үздіксіз білімі есептелінеді.

Актив пен пассивтердің қазіргі мазмұны оны пайдаланушылар үшін ақпарат беруге бағытталған. Оның ішінде сыртқы пайдаланушылар үшін. Бұнда ағымдағы шығындардың немесе пйдалану есебінен пйда болған дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайын ашып тастайтын, меншікті капитал мен резервтердің кейбір түрлерін қалыптастыратын статьяларды талдау жасаудың жоғары дәрежесі байқалады.

Бүгінгі күннің негізгі талабы –жарықтың экономиканың қатынастардың принциптерін іске асыру нәтижесінде халқымыздың  әлеуметтік- экономикалық тұрмыс дәрежесін жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру қаржылық есеп пен есеп берудің және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызының ерекше екендігі белгілі болып отыр. Сондықтанда дипломанттық негізгі мақсаты кәсіп орындарды қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік байланыстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі және бухгалтерлік байланыстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.

Диплом жұмысында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс. Шаруашылық  қаржылық қызметі нәтижесі туралы  есеп беру, ақша қаржылықтарының байланысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беру кіретіндігі айтылады.

Диплом жұмысында өндірістік факторларына талдау жасалынған. Сонымен бірге есеппен есеп берудің дәрежесі халықаралық  талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу жоғарғы дәуірдің басты проблемасы екендігі туралы ой –пікірге білдірілген.

Диплом жұмысында баяндалған материалдар негізінде зерттеуге және талдау жасау нәтижесінде пайда болған тұжырымдар мен ой-пікірлер ұсынылған. Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасымен стратегиясы мен іске асыруды қажетті үлгімен әдістерді жақтауға қажет береді және әр бір кәсіпорынның Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын іске асырумен кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда бухгалтерлік болыстың мағынасы ерекше екендігі дәлелденеді.

Қорытынды

Қазіргі жағдайда әрбір елдің нарықтық экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды және жеке тұлғалардың негізгі мақсаты мен әрекеті қоғамдық ұдайы өндірістің көрінісі болып табылады.

Нарықтық жағдайда рыноктың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады, осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен бухгалтерлік балансты қажет етеді.

Сондықтан диплом жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі берілген және бухгалтерлік баланстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.

Диплом жұмысында оны қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Бұл тарауда есеп беру мәліметтері кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін пайдаланылатындылығы туралы мәлімет беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының айналысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беруі кіретіндігі айтылады.

Бухгалтерлік есеп және және есеп беру нәтижесінде, біріншіден – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталынады, яғни кәсіпорынның борышты қамти алатындығы, өтімділігі анықталынады, екіншіден, кәсіпорынның рентабельділігі белгіленеді және шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталынады, сонымен бірге бухгалтерлік есеп беру, статистикалық мәліметтерді салыстыру үшін және бюджеттерде болған өзара байланыстарды анықтау үшін пайдаланылатындығы айтылған. Тараудың соңында қаржылық есеп берудің элементтері бағаланады.

Диплом жұмысында оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынған. Әсіресе  бұл есеп пен есеп берудің дәрежесі халықаралық талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу қазіргі басты мәселе екендігі туралы ой – пікірлер білдіреді. Сонымен бірге бухгалтерлік балансты оны алу нәтижесінде, біріншіден, кәсіпорын туралы апталық ақпарат алатындығы, екіншіден, кәсіпорынның меншікті айналымы қаржыларымен қамтамасыз ету дәрежесін анықтайтындығы, үшіншіден, айналым қаржыларының көлемі есепшоттың қай статьялары есебінен өндіріске ұшырағандығы білдіретіндігі туралы айтылады.

Бухгалтерлік баланс методологиялық спецификациясымен, айрықша бағытталған мақсаттарымен және мәліметтер негізінде белгіленген формалар бойынша бюджеттерге және бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтар бойынша есептер жасалынатыны айтылады.

Диплом жұмысының соңында баяндалған материалдар негізінде зерттелген және талдау жасалынған тұжырымдар ой – пікірлер ұсынылады.

Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасы мен стратегиясы іске асыруға қажетті стиль мен әдістерді таңдауда көмек береді.

Диплом жұмысында баяндалған материалдар негізінде төмендегіше қорытынды жасауға болады.

  1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жасау үшін ең негізгі қайнар көз болып есептелінеді.
  2. Бухгалтерлік баланс кәсіпорын қаржыларының және қаржы қатынастарының ауыспалы айналымын қорыта бейнелейтін моделдер жүйесі болып табылады.
  3. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру нәтижесінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталады, кәсіпорынның несиелік борышты қамти алатындығы, өтімділігі белгіленеді.
  4. Кәсіпорынның рентабелділік дәрежесіне баға беріледі.
  5. Шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталып, құрал- жабдықтар мен жұмыс күшін тиімді пайдаланғандығына баға беріледі.
  6. Бухгалтерлік есеп беру негізінде инвестициялық ресурстарда болу туралы шешімдерді және региондағы экономикалық саясатты анықталды, сонымен бірге қоғамның кейбір мүшелерінің әлеуметтік жағдайына шаруашылық процестердің тигізген әсерлері белгіленеді.
  7. Бухгалтерлік баланс методологиялық спецификациясымен, айрықша өзіне тән мақсаттарымен және мәліметтерді пайдалану сипаттарымен ерекшеленеді.
  8. Бухгалтерлік баланс кәсіпорындарды, мекемелерде есеп айырысу процесінің соңғы аяқталған кезеңі болып есептелінеді және ол кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы мен шаруашылығының қызметінің қорытынды нәтижесі болып есептелінеді.
  9. Іскер серіктің ақпарат және қаржы қызметінің негізгі қайнар көзі бухгалтерлік есеп беру болып, ол нарықтық экономикалық жағдайда кәсіпорынды, пайдаланушылар мен байланыстырушы ақпараттық звено ретінде қызмет етеді.
  10. Қазіргі жағдайда активтер мен пассивтердің негізгі мазмұны оны пайдаланушыларға қызмет ететін ақпарат беруге бағытталған нысан болып есептелінеді. соның нәтижесінде ол кәсіпорынның ағымдағы шығындардың пайдалану есебінен дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайын ашып тастайтын және меншікті капитал мен резервтердің кейбір түрлерін қалыптастыратын статьяларды талдау жасауға жоғары дәрежеде мүмкіндік береді.

Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасы мен стратегиясын іске асыруды қажетті стиль мен методтары таңдауда көмек береді.

Қазіргі таңда нарықты экономикалық қатынастарға толығымен өткен жағдайда әрбір кәсіпорынның Қазақстан республикасының экономикалық реформаларын іске асыру және кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы нығайтуда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы ерекше екендігі тағы да дәлелденді.

You May Also Like

Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем

Жоспары: Жыланның шағуы Патогенезі Клиникалық көріністері Оқиға орнында көрсетілетін алғашқы көмек Жыландар…

курстық жұмыс қысқарған сөздер және оның сөзжасамға қатысы

 Аббревиатуралы лексика: құрылымдық-семантикалық және прагматикалық концепт 1955 жылғы Қазақ ССР Жоғарғы Советі…

Понятие об иммунитете

Иммунитет-способ защиты организма от генетически чужеродных веществ, белков и клеток, попавших в…

AMBI жүйесінің ішкі жүйелік интерфейсі, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС КЖ. 5В070400.13.3.62.17 ТЖ  Пәні Компьютерлік жүйелердің интерфейсі Тақырыбы AMBI жүйесінің…