Тақырыбы:   Жалбыздың адам өміріне пайдасы 

Мазмұны

I.

Кіріспе____________________________________ _6 бет

II.

Негізгі бөлім________________________________7 бет

2.1. Дала жалбыз ____________________________9 бет

2.2. Кермек жалбыз  _______________________10 бет

2.3. Қара және ақ жалбыз __________________11 бет

III.

Емдік қасиеті  _____________________________12 бет

IV.

Қорытынды  _______________________________19 бет

Тақырыптың өзектілігі:

Мен осы тақырыпты таңдау себебім: Жалбыз өсімдігін өзіндік ерекшеліктерін адам ағзасына пайдасымен қоса үй жағдайында өсіріп көбейтіп , балаларға тәтті табиғи кәмпит жасау.

Зерттеудің мақсаты:

Жалбыз өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып,оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Жалбыздан дайындалатын қоспаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу

Зерттеу нысаны:

Жалбызды үй жағдайында өсіріп, өскен өнімнен  тәтті кәмпит жасау

Зерттеудің міндеті

-Жалбыз өсімдігіне сипаттама жасау;

-Жалбыздың емдік қасиеттеттерін айқындау;

-Жалбыз қосылған шайдың пайдасын таныстыру;

-Жалбыз қосылған тәтті кәмпит  жасау.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Жалбыз  қосындысынан жасалған қоспаларды тәжірибе жүзінде дәлелдеу

р/с Жұмыс мазмұны Мерзімі Жауапты
1 Тақырып таңдау қыркүйек С.Ақберген
2 Жетекшісімен қажетті мәліметтерді жинастыру қыркүйек С.Ақберген
3  Кітапханаға бару қыркүйек С.Ақберген
4 Жалбыз туралы  мәлімет жинау қыркүйек С.Ақберген
5 Жалбыздың  өскінін іздестіру қыркүйек С.Ақберген
6 Жалбызды бақылау және зерттеу.  Күнделік жүргізу қыркүйек-қазан С.Ақберген
7 Зерттеу жұмысын талдау, жинақтау жұмыстарын жасау қыркүйек С.Акберген
8 Зерттеу жұмысын комьютерге енгізу қазан С.Акберген
9 Зерттеу жұмысын безендіру қазан С.Ақберген

КІРІСПЕ

Адамзат тіршілігінде жалбыздың маңызы өте айрықша. Баяғы заманнан бері ата-бабаларымыз осы өсімдікті зерттеп, танып біліп, оларға ат қойып, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларынан  дәрі- дәрмекке пайдаланған. Жалбыз ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөпдесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Жалбыз өсімдігін өзіндік ерекшеліктерін, адам ағзасына пайдасын анықтау үшін жалбыз өсімдігін тереңірек зерттеуге кірістім. Жалбыз өсімдігін далалы жерлерден, жайылым-дардан көріп-біліп маңызын біле бермейді екенбіз.

Негізгі бөлім

Қосжарнақтылар класына  жататын еріндігүлдің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде  тауқалақай гүлдері  деп атаған.Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдің 5 күлтесі жіңішкере бітіседі де, түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте-жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Ол хош иісті, соның бірі-жалбыз.

Жалбыздың отаны –Англия. Осы жақтан Еуропа континетіне, одан Азия мен Америка елдеріне жеткізілген. Жалбыз-ескі ароматты өсімдіктерінің бірі. Ежелгі уақытта жалбыздың сулы тұнбасы ақылды оятатын, көңіл-күйді көтеретін, ас корытудың кез келген бұзылыстарына қолданған. Мифологияда жалбыз қонақ жайлылықты білдіреді.Біздің күндерде жалбызды емдік мақсатта, косметологияда, кулинарияда қолданады. Жалбыз-еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Ол хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оның дала жалбыз, су жалбыз, бұйра жалбыз,кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маңызды түрлері бар.

Дала жалбызы

Кен таралған маңызды түрінің бірі дала жалбызы.  Оның биіктігі 15-60см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының  жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым –тамыз айларында гүлдейді.Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында арық бойында өседі. Оны сабынның иісін жақсарту үшін пайдала-нады, дәрілік те маңызы бар.

Кермек жалбыз

Ал кермек жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдың негізгі құрам бөлігі –ментол. Биіктігі 80-100см. Сабағы төрт қырлы күрең күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сабақты.Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым, тамыз айларында гүлдейді.Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостақанша жапырақшасы күлгін түсті.

Қара және ақ жалбыз

Қазақстанда оның екі түрі кездеседі. Қара жалбыз және ақ жалбыз. Ол еріндігүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Биіктігі 80-100см, сабағы төрт қырлы, жапырағы ұзынша жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері қара түсті, иректелген жай жапырақ.

Жалбыздың емдік қасиеттері

Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Оның екі қасығын аралас- тырып, күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бауыр жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына, сары майға араластырып жоғар- ғыдай ретпен қабылдаса, демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазар- тады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып дем- деп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал  аяғының шуашы болса, адамдар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал соңғы кезде жалбыз түнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басға дәрілік шөптереге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, ірінді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын танып тастаса, тез жазылады.

Жалбыз қосылған шайдың пайдасы

Жалбыз қосылган шай жүрек аурымен ауыратындарға, тамақтан уланғанда, асқазан бауыр ауруымен ауырғанда,жүйке жүйесі бүзылғандарға өте пайдалы.Бас ауырғанда, қатты ашуланғанда ішу керек.Жалбызды 1стаканға 2-3 салса жеткілікті.Жалбыз қосылған шай адам ағзасын тазалайды.Жалбызды қосылған шайды тек 6 жаска толмаған балаларға  ішуге болмайды.Қазір осы жалбыздан жасалған құрғақ дәрі шайлар кез келген дәріханаларында  қол жетімді бағада сатылады.

Жалбыз қосылған тәттіні жасау

Керекті заттар:

Жұмыртқа ақуызы ½

Кептірілген жалбыз 1ш/қ

Қант ұнтағы 250гр

Лимон 2 ш/қ

Дайындалуы:
бірінші орташа тостақанды алып, үстіне елеуішпен қант ұнтағын саламыз. Одан кейін бөлек ыдысқа  жұмыртқаның ақуызын, лимон шырынын, кептірілген жалбызды салып, араластырамыз. Бұл қоспаны үлкен тостақандағы қант ұнтағына салып илейміз. Осы иленген коспамызды жайып, өзімізге ұнаған калыпта бөліп кептіріп қоямыз. Жалбыздан жасалған тәтті кәмпитіміз дайын!

Қорытынды

Мен жалбызды зерттей келе, оның майды ыдырататын қасиетіне сүйене отырып, толық адамдарға салмақ тастайтын жалбыздан дәрі-дәрмек жасалса деген  ұсынысым бар. Ол дәріні дәріханаларда қол жетімді бағада сатылса екен деймін.

¢Мен жалбызды үй жағдайында өсіріп көрмекші болдым. Анам маған жалбыздың өскінін әкеліп берді. Жалбызды суға салып тамырлатып, сосын қауашақтағы топыраққа салып өсірдім.

2-15 қыркүйек  аралығында жалбызым жақсы жайқалып өсе бастады. Бойыда сәл көтерілді.

15-25 қыркүйек аралығыңда  жалбызымның   жапырақтары  көбейіп, әдемі гүлге айналды. Бұл кезде терезеге күн саулесі жақсы түсетін. Жалбызым жайқалып өсе бастады.

30 қыркүйектен әрі қарай күн қүрт өзгеріп, бұлттанып, күн көрінбей жаңбырлы болды.

Осы кезде жалбызға күн көзінің жетпеуі әсер етті. Жапырағы ағарып, солып қалғандай болды.

5 қазаннан бастап күн қайта шыға бастады. Жалбыз өзіне керек күн сәулесін алып қайта жайқалып, хош иіс бере бастады. Мен осы аралықта жалбыздың күн сәулесін жақсы көретінін білдім. Тікелей күннің түсіуін қадағалап отырдым.

6 қазаннан бастап пәтерімізге жылу бере бастады. Жалбыз терезенің алдында тұрып, жылы пештің лебінен жапырақтарының ұштары қарая бастады. Сондықтан қыста терезе алдында тұрмауы керек. Қыста жалбызымды үстел үстіне қоямын.

You May Also Like

Абай шығармашылығындағы сын

«…Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ,барды ертегіден термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі…

Білім беруде АКТ қолдану заман талабы, ғылыми жоба

Білім беруде АКТ қолдану заман талабы. Бүгінгі күнгі әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің…

Жеті киелі сан, ғылыми жоба

Жоспар:  Кіріспе Негізгі бөлімі * Жеті киелі сан * Киелі сандардың математикада…

Велосипед–адам күшімен қозғалатын көлік түрі, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ  Кіріспе   …………………………………………………………………………………………………3 Негізгі бөлім Велосипед туралы мәліметтерге шолу жасау Велосипедтің шығу…