Білім беруде АКТ қолдану заман талабы.

Бүгінгі күнгі әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне орта мектептерді көтерудің ең оңтайлы жолы -білім беруді толықтай ақпараттық комуникациялық құралдармен қамтамасыз ету болып отыр. Сонымен қатар осы аталған АКТ құралдарын барлық пән мұғалімдері сауатты игеріп қолдана білсе берілген білім жоғары деңгейге жететіне сенімдімін. Әрине қазіргі таңда ауыл мектептерінде компьютер саны және интернет сапасының жеткіліксіз болуы белгілі жайт.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылғы халыққа жолдауында сапалы білім беру туралы жақсы ұсыныстар айтты, оның ішінде мектеп санын көбейту және материалдық жағдайды жақсарту туралы айтылды.

Жолдаудан үзінді: САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

«Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз.

Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа.

Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырған жөн.

Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет» деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнін білу емес сонымен қатар ақпараттық құралдарды сауатты пайдалана алатын , жаңалаққа жаны құмар адам болуы керек .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекет саясатын анықтап, басты міндеттердің бірі болып отыр.Қазіргі кезде мектептегі оқу үрдісінде бірте -бірте сандық технолоияга айналып келетіні белгілі. Мысалға : күнделік кз, білім ленд т.б .

Мектептегі білім сұранысына жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін материалдық база толық болуы керек және осыларды пайдалана білі тек информатика пәні мұғалімдері емес басқа пәндердің мұғалімдері арасында да жақсы орын алуы керек екені белгілі.

Оқушы бойындағы құзіреттілікті дамыту дегеніміз ол АКТ меңгеру болып отыр .АКТ- қазіргі технология дамыған заманда ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату істерін компьютердің көмегімен  жасаса  математикалық және кибернетикалық тәсілдер дами түседі. Жасөспірім оқушы компьютерді үлкен адамдарға қарағанда тез игеріп басқара алады сондықтан биылғы оқу жылынан бастап 1 сыныптарға да цифрлы сауаттылық пәні қосылып отыр .

Оқушы ұстаздың ұсынған білімін бұрынғыдан кітаптан оқып қана қоймай оны интернеттен іздеп тауып оны оқып, зерттеп отырса өте сауатты оқушы шығар еді. Мысалға биология сабағында қомекенділер туралы тақырып болса осы туралы қызықты интернетте ютуб желісінде көптеген видеолар мәліметтер бар . оқушы осыны көріп тез ұғына алады деп ойлаймын. Өйткені қазақ халқында бар нақыл сөз бар  «мың рет естігенше бір рет көр» деген ғаламтордан көрген видеосы оның есінде тез сақталады деп санаймын.

Сонымен қатар информатика сабағында қазіргі заман талабына сай оқушы тек қана компьютер қолданушы емес алгоритм жазып үйренуші де бола алады. Алгоритм жазу дегеніміз осы пәнннің биік шыңына шыққан мен бірдей инновациялық технологиялар заманында біздер интернеттен қажетті сайттарды балаларға тауып беру арқылы сабақты жеңілдетеміз . «Час кода» сайты алғашқы алгоритмді жазуда ойын түрінде жақсы ұсынған өте керемет әсерлі оқушының жасына байланысты тапсырмасы да өзгеріп отырады.

Егер, мұғалім ақпараттық технологияны оқу үрдісінде жақсы қолданса , онда оқушылардың оқу -танымдық іс-әрекеті дұрыс қалыптасады. Атап айтқанда:

  • Оқушылардың оқу материалдарына ынтасы артады, қызығушылығы күшейеді.
  • Оқушы өз тапсырмасын тез тексере алады және бағасын көре алып, қатемен жұмыс жасайды.
  • Өз бетімен жұмыс жасау арқылы жеке тұлғаның даму ерекшеліктері қалыптасады.

Үйге берілген тапсырманы интернет көмегімен орындау оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.

Қорыта айтар болсақ, ақпараттық технология қазіргідей ғаламдастыру кезінде тұтынушылар сұранысына сай ақпараттар өзгеріп дамып отыр,  заман ағымына сәйкес жас ұрпақты да оқыту мұғалімнің басты міндеті болып отыр. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаты- АКТ сүйене отырып, сауатты азамат оқытып шығару.

You May Also Like

Мектеп өмірінде қолдануға бағытталған жылулық құбылыстарды зерттеу нәтижесі, ғылыми жоба слайд

Домбауыл кешені–өңіріміздің тарихы кешегі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Домбауыл кешені –өңіріміздің тарихы кешегі»       …

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы ұлттық мінез-құлық, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы ұлттық мінез-құлық» Орындаған: Берікқызы Аида…

Тұздың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Тұздың пайдасы мен зияны  Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын,…