Әлеуметтік желінің тұтқыны

Әлеуметтік желі, ұялы телефон зиянды екенін еңбектеген баладан, қартайған қарияға дейін біледі. Әлеуметтік желінің тұтқыны ол – бізбіз. Мына сұм жалған өмірде әлеуметтік желімен, ұялы телефонмен қалай достастық екен? Қызық… Ал сол достық бізді өмірімізді жаулауда. Жай бір ойын ойнаймыз деп  бес күндік жалған өмірін , балалық шағын бақытты өткізе алмаған жандар да бар. Бұл ащы болса да шыңдық. Кім білсін бұл Құдайдың бізге салған қиындықтарының бірі шығар, ал оны кейбірі бақыт деп түсінеді.Бұл қиындықты артта қалдырып,ешбір пайдасы жоқ қоқысты лақтырып, өмірді өзімізге арнауымыз керек.Осы қоқыстан құтылу үшін халқымыз барлық жағдайды жасауда.Әлеуметтік  желі ол ойыншық емес келіп ойнай салатын, әлеуметтік желі тамақ емес, келіп жей салатын әлеуметтік желі, ол біздің қас жауымыз өмірді қиындататын.

Бір де Жүсіп Баласағұн атамыз былай деген екен: «Кімде-кім  халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім».Әлеуметтік желі десе осы халықтың ойы екіге бөлінеді . Бірі қолдаса , бірі зиян деп шырылдайды.   Н.Ә. Назарбаев президентіміз 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіреміз деген жолдауын жолдаған болатын . Сол мақсатымызға жету үшін күні- түні телефонды құшақтай бергенше, елімізді көркейтуге атсалысуымыз керек ол әрбір минутымызды бағалауымызға деген бірден бір жол. Өмірдің өзі сынақтан тұрады.Біз жастар Қасым ханның қасқа жолымен, Есім ханның ескі жолымен жүріп келе жатқан дарынды болашақ жастар телефонға тәуелді болмауымыз керек.Адам денсаулығы мықты ,рухты ,білімді болғысы келсе ізденіп, талпынып кітап оқуы керекпіз. Ал құр телефонын құшақтап білімсіз надан, қараңғы болғысы келмесе болашаққа нық қадам басуымыз  керек.Бұл тек менің ойым, ал адамдар менің ойымды әртүрлі түсінеді.

Арамызға біреу келіп, атой салса, барлығымыз оның артынан ермей, Құдай берген санамызбен ойланып, оң бауырымыздан оңтайлы шешім шығарғанымыз жөн болар деп ойлаймын.

You May Also Like

Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз, эссе

Елбасымыз «Тарих толқынында»  кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің  тұңғыш абызы деп атады.…

Жазушы болу арманым эссе

Жазушы болу арманым Мен …. кәзір мен … сыныпта оқимын .Менің алға…

Сенімділік –достық, сенімділіктің – белгісі. эссе

Ұстаздық еткен жалықпас, эссе

Ұстаздық еткен жалықпас «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп хакім Абай атамыз айтқандай,…