Тақырыбы: «Отбасылық бюджет»

                                   Мазмұны:

  • Кіріпе                                                                                               3
  • Мақсаттар мен міндеттер                                                             3
  • Отбасылық бюджетті жоспарлау үшін не қажет?  4
  • Отбасылық бюджетті есептеу мыналар арқылы    4-6
  1. Формула
  2. Кесте
  • Әлеуметтік сауална                                                                          7
  • Қосымша                                                                                      7-10
  • Пайдалы кеңестер 11
  • Қорытынды                               12
  • Пайдаланылған әдебиет                              13

Кіріспе:

Екі оқушы пікір таластырды. Бірінші бала отбасындағы бюджетке балалардың араласпағаны дұрыс, ол ата-ананың ісі десе, келесі оқушы керісінше бала үйдің кіріс-шығысынан хабардар болуы керек деп ойлайды.

Қай оқушынікі дұрыс? Бюджет құрастыра білу қажет бола ма? Бұл қанша уақыт алады және құрастыру қиын ба? Жоба дәл осы сұрақтар туралы болмақ.

Отбасылық бюджет – әрбір отбасының негізгі құрылымының бірі болып табылады. Отбасылық бюджетті игере алмау көп жағдайда отбасы мүшелерін өзара түсініспеушілікке алып келеді. Сол сияқты отбасылық бюджет жас отбасылардың ұрыс-керісінің басты себепкері болып отыр және жастар қаражатты дұрыс қолдану мәдениетін білмейді.

Қаржылық жоспарлау алға қойған мақсаттарға жетуге, күтпеген жағдаяттарға дайын болуға көмектеседі. Егер сізде қаржыны жіктеуде қиындықтар болмаса, демек, сіз ертенгі күнге алаңдамайсыз, әрі сенімдісіз.

                            Мақсаттар мен міндеттер:

  1. Тұрмыстық өмірде қаржыны басқаруды жүйелеу;
  2. Қысқа уақыт аралығында отбасылық бюджетті жоспарлау мен бақылауды үйрену;
  3. Формуланың құрылуы немесе отбасылық бюджетті есептеудің өзге тәсілі.
  4. Бюджетті құру мен жүргізуде түрлі кеңестер ойлап табу;
  5. «Ақшаны қалай үнемді жұмсауға болады?» сұрағына жауап табу.

Отбасылық бюджетті жоспарлауға не қажет болады?

  • Өткен уақыттағы(кем дегенде соңғы айдағы) қаражат табу көздері туралы ақпарат. Отбасылық бюджет құру үшін қаражат көлемі керек болады.
  • Алдағы уақыттағы шығындар (шамамен) туралы ақпарат. Мұнда демалысқа жоспарланған ақша немесе жақындарымызға алатын сыйлықтар, салық төлемдері, несиелер және т.б. жатады. Отбасылық бюджетті ұйымдастыруды органайзерлер мен күнтізбелер көмегімен жүргізу өте қолайлы.
  • Мезгілдік есеп жүргізу. Көптеген дүкендер мереке қарсаңында тауарлар бағасын өсіреді. Осы факторларды есепке ала отырып, алдын ала сатылымдар жасап, қаржыны үнемдеуге болады.

Отбасылық бюджетті есептеу формуласы

Қаржылық жоспарлау жұмысын жеңілдету үшін келесідей есептеу формулаларын ұсынамыз:

ОБ = Т (Үт+ Жш+ Гш) + Тм(Аш + АТ + Мш) + К (ӘК+ ЕК + БК) + Р

  • Үт – үйдің төлемақысы,
  • Гш – гигиеналық құрал – жабдықтардың шығыны,
  • Жш –жолақы шығыны,
  • Аш –азық – түлік шығыны,
  • Мш –мейрамхана шығыны,
  • АТ – асханада тамақтану,
  • ӘК — әйелдер киімі,
  • ЕК – ерлер киімі,
  • БК — балалар киімі,
  • Р – резерв.

Жалпы   отбасының бюджетін зерттеу барысында біз қарапайым формуланы алдық:

Жалпы формула    ОБ= К+Ш+Р1

Кіріс     К= Е + Ж+ Бк

Шығыс   Ш= Мш + Ж + К + Д

Ш – Шығыстар

К –  Кіріс

Р1- Келесі айға арналған резерв

Е – Еңбекақы

Ж – Жәрдемақы

Бк- Басқа кірістер

Мш – Міндетті шығыстар

К – Киім

Д – демалыс

 

Отбасылық бюджет бланкасы

                                 Кіріс бөлімі Факт Шығын бөлімі Факт
Жоспарланған бөлімі (теңге)   Жоспарланған бөлімі (теңге)  
Ата – ананың еңбекақысы Әке Коммуналдық шығындар  
Ана
Балалар жәрдемақысы Төлемге тиісті шығындар  
Зейнетақы Балабақша  
Шәкіртақы   Баспанаға  
Басқа кірістер   Мобильдік байланыс  
Өткен айдан қалған ақша   Несие  
  Азық түлік  
  Көлік  
  Киім  
  Демалыс, көңіл көтеру  
  Жоспарланбаған шығындар  
  Келесі айға қалған ақша қоры  
Жалпы кіріс   Жалпы шығын  

Әлеуметтік сауалнама

Сауалнама 15 отбасы арасында жүргізілді. Тақырыпты зерттеу барысында біздерді келесі сұрақтар қызықтырды:

  1. Зерттеліп отырған отбасылардың орташа бағаммен кірісі мен шығысы қандай?
  2. Қандай салаға көп шығын шығады?
  3. Әрбір отбасы отбасылық бюджетті есептей ме?
  4. Қарыз бен несие алатын отбасылар көп пе?
  5. Зерттелген отбасылардың әлеуметтік статустары қандай?

Пайдалы кеңестер

Өкінішке орай көптеген отбасылар ақшаны үнемдемейді. Жалақыны алып тез жойып тастайды. Ал сосын ай бойы үнемдеуге тура келеді. Осындай жағдайға түспес үшін біз сізге ақшаңызды үнемдеуге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз:

  • Дүкенге бармастан бұрын қажетті тауарлар тізімін жасаңыз және сол тізімді қатаң сақтаңыз.
  • Жоспарланбаған затты сатып алмас үшін өзіңізбен тауарға қажет нақты сома алыңыз.
  • Жиі акциялар мен жаппай сатылымдарға барыңыз бұл үнемдеудің тамаша тәсілі, бірақ тауар құны дүке0ндегіден арзан екеніне көз жеткізіңіз.
  • Коммуналдық төлемдерге, несиелерге және т.б. қажетті соманы жалақы алысымен бөлек «себетке» салыңыз.
  • Мобильдік байланыстан қажетсіз опцияларды сөндіру немесе тарифті ауыстыру арқылы айтарлықтай үнемдеуге болады.
  • Қысқы мезгіл дайындығына қажетті шекер, тұз, дәмдеуіштер және сірке суын қыста көтерме бағамен алған тиімді.(жазда тауарлар құны 30% көтеріледі)
  • Алғаш көргенде қымбат көрінсе де сапалы тауар алуға тырысыңыз, себебі бұл да үнемдеу жолы. Мысалы қымбат аяқ киімді 2-3 жыл кие аласыз, ал арзан аяқ киімді кейде мезгіліне бірнеше рет ауыстыруға тура келеді.
  • Жинақтағыш (копилка) бастаңыз, артық қалған тиындарды салып отырыңыз. «Қиын күндерде» тіпті нан алуға ақша болмай қалғанда жинақтағыштың көмегі тиеді.
  • Әр айлық жалақыдан аз мөлшерде ақша алып қалуды әдетке айналдырыңыз. Бір жыл ішінде күтпеген шығындарға қолданатын немесе өсім беретін банктік қорға салатын қомақты қаржы жинауға болады.
  • Шылым мен алкогольден бас тартыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен қаржылық жағдайыңызды жақсартады.

Біздің кеңестеріміз сізге «ақшаны қалай дұрыс үнемдеуге болады?» деген сұрағыңызға жауап бере алдық деп үміттенеміз. Өзіңнің денсаулығыңнан басқа кез келген заттан үнемдеуге болады. 

Қорытынды

Үнемдеуді жоспарлаған адамға өте көп тиімді кеңестер бар. Ең бастысы бұл кеңестерді қолдана бастау керек. Сонда сіз нәтижесін көресіз.

Біз есейдік, жақын арада ата-анамыздан бөлек кетеміз, демек қаржыны дұрыс қолдануды өз міндетімізге аламыз деген сөз.Үнемдеуді жақсырақ білу үшін біз осы проектті даярладық және өзіңіз үшін жаңа ақпарат алсаңыз өте жақсы болар еді. Мен 10-сынып оқушысы және осы жобаның авторы отбасылық бюджеттің не екенін нақты ұғындым. Өздеріңіз көріп отырғандай, қаржыны үнемдеу және отбасылық бюджетті жоспарлау айтарлықтай қиын емес.

You May Also Like

Б. Майлин шығармашылығы, ғылыми жоба

Б. Майлин шығармашылығын заманауи зерттеу жолдары, жаңа көзқарастар. Жоба авторы: Сабырқұл  Арайлым…

Неліктен шай ыстық суда қайнатылады, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Неліктен шай ыстық суда қайнатылады«  Секция: Бағыты:  «Неліктен шай ыстық…

Асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Негізгі бөлім.. 5 Пісте түрлері 5 1.1 Асқабақ және оның пістесі 5…

Менің өмірімдегі ағылшын тілінің рөлі, ғылыми жоба

Тақырыбы:                 «Менің өмірімдегі ағылшын тілінің рөлі» Бағыты:                       Ағылшын тілі Аnnotation The aim…