Сапалы су-адам денсаулығының басты кепілі.

Мақсаты:Судын адам өміріндегі ең қажаетті жағдайлардың бірі екенің, ескеріп,таза ауыз суды сақтау жолдарын іздестіру  Еріген су табиғаттың жасаған ерекше қасиетті таза су екенін зерттеу.Еріген судың құрамын зерттей отырып, өз білімімді кеңейту

Міндеттері:

Білу : Еріген судың құндылығын білу.

Меңгеру : Еріген судың басқа сулардан, ерекшелігін анықтау.

Тәрбиелілігі: Табиғаттың берген байлығын  құрметтеп,құндай білуге тәрбиелеу.

Болжамы:   Егерде мен еріген судың құнды екенің дәлелдеп, халыққа ішуге пайда екенің көрсетсем. Еріген судың құрамы адам денсаулығына көп пайдасы бар, және адам организмін сауықтыруға көмегі бар екенің аңықтау.

Өзектілігі:Күнделікті  құбырмен келетін су қандай? Ал оны бірден пайдалана аламыз ба?Осы сұрақтар мені ойландырады, сондықтан  суды тазалау тәсілдерін іздедім. Еріген су жарыққа шығып, минералды сулардын онына қолданылуын көрсету

Ұсыныс

Адам ағзасына және денсаулығына көп әсері бар су, еріген су, сондықтан болашақта өз денсаулығын ауру-сырқаудан сақтауға мен осы еріген суды ішуге ұсынар едім.

Андатпа.

Еріген судын пайдалылығы баршаға мәлім. Су ағзадағы барлық тіршілік процестердің ажыралмайтын элементі және оның тазалығы сол процестердің сапасына әсер етеді. Үнемі таза еріген суды пайдаланатын адамдардын жасы ұзақ, денсаулығы мықты, иммунитеті жоғары болып қана қоймай, тән сұлулығына да әсері бар екенің білдім. Мұздан еру барысында пайда болған су жоғары физиологиялық белсенділігі бар екені анықталды.

                                                      Кіріспе

Табиғатта су үш түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Су –тіршілік көзі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.Су- табиғаттағы ең көп таралған зат болсада  бүгінгі өмірде ауыз су ғаламдық мәселе болып отыр. Су жер шарының 2/3 бөлігін алып жатқаны мен, ауыз су қоры өте аз. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Қазіргі таңда ауыз су мәселесі тек қана біздің еліміздің проблемалық жағдайы емес, барлық әлем проблемасы болып табылады Адамдар мен жануарлардын организміне еніп, су онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Халық санының өсуіне орай күнделікті жұмсалатын ауыз судың  мөлшеріде артуда. Сондықтан табиғатты қорғау, әсіресе су байлықтарын қорғау- мемлекеттік үлкен маңызды мәселенің бірі болып саналады.        Сусыз бір күнде өмір сүре алмасымыз аңық. Судың бүкіл жер бетінде жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызыметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор. Судың еркін қолданылуы ысырапшылықпен қолдану кесірінен экологиялық апаттардың кездесуі аз емес. Оған әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Арал теңізінің суалғандығы айқын дәлел. Жер бетіндегі тіршілік үшін экологиялық таза судын алатын орны ерекше.Ауыз су тазалығы және оның сапасының сақталуына әрқайсымыздың қаншалықты қатысымыз бар екенің әр адам білу қажет. Табиғат тепе –теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып- үйрену, танып білу  әрбір адамның жоғары саналы экологиялық мәдениетті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды.Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Сондықтан сусыз өмір жоқ.Халық арасында «Суда отырып та шөлдеп өлуге болады», деген нақыл сөз бар. Судың адам өміріндегі жалпы әлемдік деңгейдегі алар орны ерекше. Адам денсаулығына пайдалы  тұзды минералдардың 80 пайызы ауыз су арқылы ағзаға келеді. Зат алмасудың күрделі процесіндеауыз су басты роль атқарады. Ауыз судың қатысумен организмде физикалық және химиялық реакциялар жүреді. Су өте ғажап минерал десек қателеспейміз. Сапалы су- адам денсаулығының басты кепілі. Сондықтан  мұзды катырып еріген су табиғатттын бізге берген керемет таңғажайып құбылысы.

Негізгі бөлім

2.1.Еріген судын құрамы

 Еріген судың құрамыЕріген су  табиғатта   пайда болған су. Ол өте таза, ең жоғары жасалған және оның құрамы өте жеңіл, хлор, тұз, зиянды заттар сақтамаған таза  мөлдір су. Еріген су ол көбіне мұзды күйінде  табиғатта болады. Егерде адам денсаулығы мықты, сау және сұлу да энергиялы күшті болу үшін еріген суды ішу керек. Оның ерекшелігінің қасиеті осында. Еріген судың құрамында биологиялық  процесс адам организімін қалпына келтіріп  өзі жасартады.Біз бірінші жай сумен еріген судың ерекшелігін салыстырайық, жай су адам организіміне өте ауыр араласып, қиын алмасу жүреді. Ал еріген су адам организіміне жеңіл, жұмсақ сіңеді. Өйткені  оның құрамындағы заттар адам организіміне сәйкес. Ол үшін суреттегі сулардың түрлерін қарайық. « жүз рет айтқанша, бір рет көрген артық» деген сөз бар. Суретте бөтелкедегі және су құбырынан келген су, еріген су  түрлерін салыстырайық. Біз білеміз адам  организімі 80 % судан тұратынын. Бұл адам органындағы су еріген су. Сондықтан бізге мынадай сұрақтар туады. Қандай су адам организміне пайдалы болады? Адам организміндегі  су еріген суға жақын болғандықтан бізге еріген суды ішуге пайдалы. Еріген су  ол өте жоғары саплы су.Құрамында мүлдем зиянды заттар жоқ. Хлоридалар, тұздар және қоспалар жоқ, ласталмаған таза су.Ол мұздан  еруінен пайда болғандықтан, ол алдын- ала қатыру керектігі талапетіледі.     Еріген су мұз күйінде болған да сапасы артады.

.2Еріген судың денсаулыққа  пайдасы.

Мұздың еру барысында пайда болған су жоғары физиологиялық  белсенділігі бар екені анықталады: өсімдіктердің өсуін  жылдамдатады, әр түрлі ағзалардың тіршілік әрекетіне ықпал етеді, әсіресе қысқы ұйқыдан кейін. Ауыл тұрғындарының байқағандары, қар ери бастағаннан бастап, үй жануарлары еріген суды іше бастайды. Еріген су жиналған жерлерде егін де жақсы шығады.Егерде сіз әдемі, сұлу болғыныз келсе еріген суды ішініз.  Еріген судын ғажайып қасиеттері бар. Ол адам денесіндегі биологиялық процестерді тез өрбітіп , организмдегі клеткаларды тез қалпына келтіріп, оларды жақсартады.   Осындай  халық кағидаларын білгеннен  кейін  мен  тәжірибелер жасап  еріген судын пайдалы екенің білдім.

1-тәжірибе: Мысалы бір түрлі гүлді алып үш ыдысқа отырғыздым оларды үштүрлі сумен суғарып отырдым. Біріншісін  крандағы  сумен, екіншісін бутулкадағы минералды сумен , үшіншісін еріген сумен суғарып отырдым.  Сол кезде ең жақсы өскен еріген сумен суарған гүл болды.   Бұдан еріген судын өсімдікке де жақсы әсері бар екенің байқадым .

Еріген судың пайдалылығы баршаға мәлім. Су ағзадағы барлық тіршілік процесстердің ажыралмайтын элементі, және оның тазалығы сол процесстердің сапасына әсер етеді. Үнемі таза еріген суды  пайдаланатын адамдардың, мысалы тау тұрғындарының, өмір  жасы әлде қайда ұзақ болады

Қазіргі заманда әрбір адам суды қатыруға барынша мүмкінділігі бар.  Ертеде тоңазытқыш болмағанның өзінде ата бабаларымыз мұзды көбірек жинап қамыстын астына сақтап ішуге пайдаланған. Апа әжелеріміз  еріген суды шаштарын жууға қолданған себебі мұздын суы шашты жұмсартып өсуіне қолайлы екенің білген . Менің отбасым бірнеше жыл бойы ішуге еріген суды қолданып келеді.Осакаровкаға келгенде біз судын өте нашар екенің байқадық.  Бұл жердін суы ащы және тұзды . Шайға суды қайнатқанда шәйнектің ішіне қалын накин тұрғаның көресін, Бұндай су адам организміне өте зиян. 2-тәжірибе

Менің жасаған тәжірибелерім арқылы  еріген су тазартылған су екенің байқадым. Еріген суды қайнатқаннан кейін шәйнектің ішіне накип тұрмайды таза болды.   Сондықтан мен сіздерге ұсынарем сіздер еріген суды ішуге қолданған жөн.Оны дайындау  қиын емес ең бастысы адам денсаулығына  пайдалы.Таза еріген судың биологиялық белсенділігі бойынша көптеген зерттеулер. Жүргізілген. Донецк медициналық институтының қызметкеріөз зертеулерінде еріген суды көптеген ауруларға пайдасы бар екенің дәлелдеп көрсетті. Мысалы: атеросклероз ауруға, иголяфия жасауға, тұмау ауруларына , бронхит, пневмония дертін жеңілдетеді. Еріген су адам ағзасының инфексияларға қарсы тұруына көмек жасайды.

2.3   Еріген судын басқа сулардан айырмашылығы.

3-тәжірибе .Сол үшін мен мына  тәжірибемді  жасап адам организміне қалай әсер еткендігін көріп байқадым.

Ол үшін мен мұздатқышқа суды  эмал кастрюлге  қатырып қойдым . Мұз ерісе су болатыны бәрімізге аян. Ыдыстын ернеуіндегі қатып тұрған мұз мөлдір және таза бұл ең жеңіл су. Түрлі қоспалардан тұратын ауыр судын қатуы ұзағырақ болады да , мұзды ортасына қарай жинайды. Бұндай суды мұздың түсіне қарап ажыратуға болады, ол ақшыл көбіктенген түсте  болып қатады.Еріту кезінде таза мұзды бөліп алу керек. Ол үшін қатқан мұз кесегінің ортасына ыстық суды құймау керек. Еріген суды өзгеріске ұшыраған кристалдық құрылымы жадында тұрған кезінде бірден ішу керек. Мұздын еру барысында пайда болған су жоғары физиологиялық белсенділігі бар екені аңықталады. Адам экологиясы Украин институтының  директоры профессорМ.Л.Куриктің мәліметтері бойынша таза еріген су адам ағзасын сауықтырады, иммунитетті жоғарлатады деген.

3-ші су крандағы су. Бұл судың түрін көріп тұрсындар құрамы таза емес екендігі, оның микроптары сумен араласып көзге көрінбейді. 2-су бутулкадағы минералды су бұл судын құрамы да таза емес екенің көруге болады. Ал 3-ші  мұздан еріген су бұл судағы таза су еріп ондағы микроптар мұз құрамында қалады біз ол қалған мұзды ерітпей алып тастаймызда бойынан шыққыан таза суды ішуге болады. Ол организмді тазалауға көп көмегі бар.

 Қорытынды.

Қазіргі заманда әрбір  адам суды қатыруға барынша мүмкіндігілігі бар.  Ертетеде  тоңазытқыш  болмағанның  өзінде  ата  бабаларымыз  мұзды көбірек жинап  қамыстын астына  сақтап ішуге пайдаланған.Апа әжелеріміз   еріген  шаштарын жууға қолданған, себебі мұздын  суы, шашты  жұмсартып  өсуіне қолайлы екенің  білген.  Осындай халық  қағидаларын  білгеннен  кейін  мен тәжірбилер жасап еріген судын пайдалы екенін білдім.  Мысалы  бір түрлі гүлді алып  үш ыдысқа  отырғыздым,  оларды үш түрлі сумен суарып  отырдым.Біріншісін крандагы сумен, екіншісін  бутылкадағы минералды сумен, үшіншісін  еріген сумен суғарып отырдым. Бұдан  еріген судын өсімдік  те жақсы  өскен,  еріген сумен  суарған гүл болады.  Менің отбасым  бірнеше жыл бойы  ішуге  еріген суды қолданып  келеді. Осакаровкаға  келгенде  біз судын нашар екенің байқадық . Бұл жердін суы  ащы және тұзды . Шайға суды қайнатқанда  кейін шәйнектің  ішіне  қалың накип  тұрғының  көресін , Бұндай  су адам  организіміне  өте зиян. Менің  жасағам тәжірибелерім арқылы  еріген су  тазартылған су екенің  байқадым . Еріген  суды қайнатқаннан  кейін шәйнектін  ішіне накип  тұрмайды таза болады.    Сондықтан  мен сіздерге  ұсынарем сіздер еріген суды ішуге қолдаған жөн. Оны дайындау  қиын емес  ең бастысы  адам денсаулығына пайдалы. Еріген  суды эмал ыдысқа   суды құйып  мұздатқышқа  саламыз.   Суға кішкене мұз тұрғаннан  кейін оны бұзып   қатырған дұрыс . Су әбден  қатқасын  оны алып ерігенше бөлме жылуына  ұстап  содан кейін  ішкен жөн . Бұл  дайын суды 5 сағат көлемінде  ғана пайдалану керек.Сонымен қатар еріген суды бет әжімін кетіруге де пайдалануға болады, күнде жатар алдында бетті еріген сумен сүртіп отыру керек сонда адам бетіндегі әжім азаяды.Осындай қасиеттері мен еріген суды мен  «Сапалы су-адам денсаулығының басты кепілі.» деп айтар еді.

ТІРШІЛІКТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ СУ ДЕГЕН.

ДЕНСАУЛЫҚПЕН,ӨМІРГЕ ДӘРУ БЕРГЕН.

ТАБИҒАТТА СУ МЕН ӨСІП ӨНЕДІ.

АЯЛАЙЫҚ СУ АТАУЫҢ КИЕЛІ.

РЕЦЕНЗИЯ

Болашағымыз- жастардың қолында. Олай болса жас ерекшелігіне қарамай әр бір оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға, материалдарды жинақтай білуге, білмегенің қызығушылықпен ізденуге баулу ұстаз парызы.

Баланың алған тақырыбы мен баяндамасы бастауыш сынып оқушысының деңгейіне лайықты. Оқушының ізденіп, өз бетімен жұмыс істегенің жинақтаған жұмыстарынан көруге болады.

Келешекте  еріген судың пайдасын нақты көріп ,ондағы   қызметкерлермен сұхбатасып, зерттеу жұмысын нығайтуға пікір білдіремін. Оқушының ғылыми еңбегі-  еріген судың емдік сапалы қасиетін нақты санамалап ашып көрсеткен. Өз деңгейінен жоғары деп бағалар едім. Халқымыздың денсаулығына бірден- бір пайдалы  қызықты ізденіс жұмыс.

You May Also Like

Лимон жемісінің таңғажайып әлемі, ғылыми жоба

 Аңдатпа  Оқушының «Лимон жемісінің таңғажайып әлемі» атты ғылыми жобасы лимон жемісінің өзіндік…

Неліктен шай ыстық суда қайнатылады, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Неліктен шай ыстық суда қайнатылады«  Секция: Бағыты:  «Неліктен шай ыстық…

Рухани мұра, ғылыми жоба

«Рухани мұра» атты  ақындар мектебінің жобасы  АННОТАЦИЯ Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін…

Періштенің көйлегі – иткөйлек, ғылыми жоба

«Періштенің көйлегі» атты ғылыми зерттеу жұмысына  Пікір -иткөйлек туралы мол мәліметтер,тың ақпараттар…