«Рухани мұра» атты  ақындар мектебінің жобасы 

АННОТАЦИЯ

Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаhандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тілдің баянды болуы үшін патриоттық тәрбие идеяларын санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.

Сондықтан да, бүгінгі студент – ертеңгі маман, әр болашақ педагогтың негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру деп  ойлаймын. Педагог өз мамандығын жетік білумен қатар рухани құндылықтармен де қарулану керек. Мен де болашақ дене тәрбиесінің мұғалімі ретінде балаларға салауатты өмірді насихаттап, дене тәрбиесінің технологияларымен қаруландырумен қатар,  поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі айтыс өнерін насихаттағым келеді.

Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер – айтыс.    Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Балаларды ақындыққа баулып, әрі қарай шыңдауда «Рухани мұра» деген атпен ақындар мектебін ашқым келеді. Өйткені, өзім айтыста көріп жүргендей  мектеп жастағы балалар арасында суырыпсалма, жас ақындар Маңғыстауда аз деген тұжырымға келіп отырмын.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

  • Жалпы қазақ халқының, соның Маңғыстау өңірінің шешендік өнерін меңгерту;
  • Айтыс өнерінің ерекшеліктерін ұғындыру;
  • Айтыскер ақындардың өмір жолымен таныстыру;
  • Жас ақындарға немесе талантты жастарға өлең жазуда бағыт-бағдар беру;
  • «Рухани мұра» ақындар мектебінің жобасын көрсету.

Ғылыми жобаның  негізгі мақсаты: оқушыларға қазіргі шешендіктің ойлау жүйесі мен сөйлеу стиліндегі ерекшеліктерін аңғартып, сөйлеу шеберліктерінен үйренуге ұмтылдыру,  шешендік сөздердің құрылымдық ерекшеліктерін  таныту. Шешендік өнерді түсіндіре отырып, ақындық өнерге ұмтылдыру. Айтыс өнерінің қыр-сырын меңгерту. Оқушылардың талантын ашу, дарынды оқушыны анықтау, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Ғылыми жобаның  міндеттері:

  1. Шешендік сөз елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаларға байланысты айтқан тапқыр сөздері екенін ұғындыру;

2.Шешендік сөздердің айтылатын орындарына, тақырыбына, айтылу мақсатына қарай жіктеп көрсету;

  1. Аты аңызға айналған шешендердің өмір жолымен таныстыру;
  2. Шешендік сөздерді талдау, насихаттау;
  3. Бойында ақындық қабілеті студенттерді жүйелі, нақты сөйлеуге үйрету;
  4. Айтыс өнерінің қыр-сырын, өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;
  5. Мектепаралық, үйірме аралық айтыстан сайыс ұйымдастыру. 

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

Тақырыбымды ашу барысында дода айтыстарға және өзімнің қатысып жүрген айтыстарыма шолу жасалды. Өзіндік тұжырым жасала отырып, салыстыру әдісі де қолданылды.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: 

Бұл жұмыстың соңымыздан өсіп келе жас буынның  есінде сақталатынына және осындай мектептен тәлім алуға ұмтылатынына сенімдімін.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: 

Тақырып негізінде жинақталған материалдар қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде қосымша қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады. Мектептерде немесе колледждерде үйірме ашуға болады.

КІРІСПЕ

«Талай да талай ер өтті, Халқының қамын жеп өтті.» демекші, Маңғыстау өңірі – найза ұстаған батырлар мен отауызды, орақ тілді би-шешендердің және тақтақ ақын-жыраулардың мекені. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ бүгінгі жас ұрпақ өр өлкенің тарихында қандай тұлғалардың болғанын жетік білмейді.  Ә. Тәжібаев: «Жырау – сөз жоқ, ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес». Елбасымыз “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр» деген болатын. Сондықтан жыраулардың бай мұраларын қазіргі жастардың пайдаланатын тәлімдік құралы етіп, оларды елін, жерін сүюге, құрметтеуге баулып, адамгершілік қағидаларының басты ұстанымы екендігін жастар санасына сіңіру қажет.

Ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу тұрғысынан жыраулар мұрасы өз мәнділігін жоғалтпақ емес, құнын да жоймайды.
Сөз өнері – мәңгілік  мектеп, оны жас ұрпақ бойына сіңіре білу ұстаздың міндеті.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1.Би-шешендердің өмір тарихымен таныстырамыз, жырларын жаттатамыз, ұйқастарын салыстыртамыз, буын – бунақтарын үйретеміз, әуендерге тоқталамыз;                                                                                  2.«Суырыпсалмалық – адам бойына берілетін қасиет» – біз суырыпсалмалыққа емес, баланың ойының дұрыс қалыптаса және сөзін дұрыс саптай білуіне, сөздік қорын молайтуға,  сөздің сапасы мен өлшеп сөйлеу деген сияқты қырларын үйретеміз;
3.«Айтыс – даланың еркін өнері» – қазақ тілі ұмытылмаса, ұлттық рухымыз жоғалмаса айтыс ешқашан жойылмайды деп ойлаймын.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ: 

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевқа арналған айтыстарда жыр алыбынан рухтанып,  шабытым шалқып, бірнеше жетістіктерге жеттім.  Атап айтсам, 2019 жылы Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Жыр алыбы-Жамбыл» жас ақындар айтысында Бас жүлдемен және Алматы облыстық Білім басқармасы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық айтысында 3 дәрежелі дипломды иелендім. Талдықорған қаласында мектеп оқушылары арасындағы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық айтысында  Ү.Кәрібаев атындағы арнайы жүлдемен марапатталсам,  Маңғыстау облыстық  ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының Ж.Жабаевтың  175 жылдығына арналған кешінде өнер көрсеткенім үшін алғыс хат алдым.          Импровизаторлық дарын ақынға немесе айтыскерлерге  тумысынан берілетін табиғат сыйы болғанымен, маңайындағы айтыскерлерден үйрену, талмай іздену арқылы айтысқа төселу – ақын үшін шыңдалу сатысы  деген мақсатты алға қойып, үнемі сабақтан бос кезде шығармашылықпен айналысып, айтыс өнерінің аламан бәйгелеріне қатысып келемін. Атап өтсем, Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай «Алты Алаштың-Үркері» атты  жас ақындар айтысына қатысқаным үшін  алғыс хатпен, «Yessenov University»  аймақтық жастар айтысында «Адайдың бес жүйрігі» Абыл Тілеуұлының  номинациясымен марапатталдым. 2020 жылы Республикалық «Ақберен» байқауының «Ақындар айтысы» облыстық кезеңінде 1 дәрежелі диплом, Маңғыстау облысының Дін істер Басқармасының «Ел  тәуелсіздігінің 30 жылдығы» аясында өткен «Салтым-атамдай, дәстүрім  – анамдай» атты жас ақындар айтысында Алғыс хат табысталды. 2021 жылы да сол айтыс өнерін ұйымдастырушылардың байқауларынан қалмай,  Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Mangystau Nauryz Fest-2021» жастар фестивалінің аясында өткен «Тарихқа тағзым» облыстық жас ақындар айтысында     І орын,  Индер аудандық білім, денешынықтыру  және  спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен  Бұқар жыраудың 350 және Шал ақынның 270 жылдығына орай  оқушы ақындар арасында «Елім дейтін ұланбыз» тақырыбымен өткізілген аймақтық айтыста 2 дәрежелі диплом бұйырды. Мұнайлы ауданында өткен «Туған жерім – тал бесігім»  атты әуесқой ақындармен кездесіп, тәжірибе жинақтасам,   «Қазақ ойшылдарынан қалған асыл мұра» атты жас ақындар айтысына қатысып, айтысты  көрген  қауымның  ықыласына бөлендім, ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа ие болдым.

  1. Қорытынды

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сөз құдыретінен тарихтың терең қойнауына саяхат жасап, өткен бабалар ғұмырына қанығып, туған түбектің асыл сөз әлемімен, көркем әдебиет арқылы  киелі Маңғыстау өлкесінің ақын – жырауларының шығармашылығымен таныстырып, білімін толықтыру, ұлттық құндылығымыз айтысты  сақтап қалу үшін өткенді саралап, бүгінгіні бағалау мақсатында «Рухани мұра» атты жасөспірімдердің ақындық мектебінің   жобасы ұсынылды.  Жалпы айтқанда айтыстың болашағы бар. Оған кәміл сенемін.

You May Also Like

Қазақ анимация тілі, ғылыми жоба

                         …

Сарытаған жеріндегі марганец кен рудасының орналасу белдеулері, ғылыми жоба

Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  Ұрпаққа аманат: Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар Жоспар Ғаламдық…

Талдықорған қаласындағы сулардың құрамында нитраттардың мөлшері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Талдықорған қаласындағы сулардың құрамында нитраттардың мөлшері Аннотация Жобаның тақырыбы Жобаның мақсаты…