Ең үздік ғылыми жоба «Махмет Теміровтың шығармашылығы» Орындаған: Сарсен Диас

                                                    Мазмұны:  Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..3

  1. Махмет Теміровтың өмірі мен шығармашылық жолы.

1.1. Махмет Теміровтың өмірі мен шығармашылық жолы……………………………..7

1.2.Махмет Теміровтың шығармаларындағы Отанға деген

сүйіспеншілік тақырыбын зерттеу……………………………………………………………….9

  1. Махмет Теміровтың шығармаларының идеялық-тақырыптық және

жанрлық ерекшеліктері.

2.1. «Арман мен азап» шығармасынан үзінділерді талдау………………………….10

2.2.«Нұра» поэмасына жанрлық талдау…………………………………………………….12

2.3. Нұра тақырыбының дамуы………………………………………………………………..13

2.4.«Үш арысым» балладасына тақырыптық талдау………………………………….14

Қорытынды……………………………………………………………………………………………..17

Кіріспе

Қазіргі уақытта адамзат баласын өз халқының мәдениетімен, туған өлкесінің тарихымен байланысын орнату басты қажеттілік екені бәріне белгілі.

Бұл жұмыс менің Отандастырымның  креативтік мүмкіндіктерінің дамуына, өз ойларын жеткізуде тіл байлықтарын дамытуға және әдеби өнерге деген көзқарастарын дамытуда маңызды.

Жерлес жазушымыздың кітаптары бізді қоршаған табиғаттың сұлулығын паш етеді. Махмет Теміров өз туған өлкесі туралы шығармалары арқылы белсенді кітапқұмар оқырмандарының білімге деген құштарлығын, жаңалыққа деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық ойын шыңдайды. Бұл мәселені жеткілікті білу менің жұмысымның жаңашылдығын қамтамасыз етеді. Әдеби-өлкетануды зерттеушілерге тақырып бойынша игере алмаған, шығармада кездестірмеген мәліметтерін береді. Әдеби-өлкетану мәліметтері бізді мәдениетімізбен және туған өлке тарихымен байланыстырып қана қоймай, жазушы шығармашылығының кей сәттерінің жарқырай көрінуіне және қазақ әдебиетінің даму барысын тереңірек түсінуге көмегін көрсетеді.

Әдеби-өлкетанудың мектептегі, білім берудегі және тәрбиедегі мақсаты: оқушылардыңқоршаған ортадағы адамдарға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.Орта мектептің түлектері жерлесіміздің көркем шығармаларын білмеулері мүмкін емес. Ол шығармалар тақырыпта қарастырылғаннан да ауқымды, оқушылар осы арқылы туған өлкесіне қатысты ұлы суреткерлердің шығармашылығымен танысатын болады. Өлкетану ұзақ жылдар бойы үлкен ғылымдардың көлеңкесіндеқалып келді. Оның рөлін жете бағаламау, тіпті, 1980 жылдардың соңына дейін жалғасып келді, өлкетану тек тоқсаныншы жылдардың аяғында ғана әдебиет пен өнердегі құбылыстарды объективті, идеологиялық түрде игеру мүмкін болған кезде өз бағасын алды. Жазушы шығармасы біздің өлкемізбен тығыз байланыста екенін атап өткен жөн. Әдеби өлкетану жұмыстарындағы түр мен әдіс орта мектептерде әр түрлі. Мен осы тақырыпта белгілі бір зерттеу жұмыстарымен айналыстым. Ең тиімді әдіс – жазушының туған жеріне барып, оның жүрген жерімен жүріп, оның қолданған заттарын өз қолыңмен ұстап көру. Міне, мен де осындай мақсатпен Махмет Теміров тұрған Нұра ауданындағы Көбетей ауылына барып қайттым. Бұл сапар маған жақсы әсер қалдыру үшін мен тек қана қоятын сұрақтарымды ғана емес, өзімді де жазушы шығармаларын терең сезіммен оқуға дайындауым қажет болатын. Мен не үшін Махмет Теміровтің отбасына бардым? Ақынның көркем әдебиеті, шығармашылық шабыты мен оның тұрған жерінің арасында көзге көрінбес бір нәзік, әрі күрделі байланыс бар. Д.С.Лихачёвтың тұжырымдап кеткеніндей: «Әдебиетті туған жерін білмей тұрып оқу – шығарманың қай тілде жазылғанын білмей тұрып оқумен бірдей.  Поэзия да, әдебиет те өздігінен өнбейді: олар өзінің туған жерінде өнеді және оны сол туған жерімен байланыстыруға болады» деп айтқан екен [1]. Жергілікті және әлемдік жеке және жалпыадамзаттық классикалық туындыларда көркем әдебиет бір-бірінен бөлек ажыратылады, гармониялық тұтастықта болады, рухани құндылықтарға және мәдени идеалдарға шынайы және нақты  түрлерге қанық болады. Әдебиет пен мәдениет арасындағы ерекше байланыс әдеби өлкетануға байланысты.

Ғылыми жобаның мақсаты:

Біздің нұралық жерлесіміз Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Махмет Теміровтің «Арман мен азап» естелік жинағындағы «Алғы сөз орнына» және «Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» бөлімдерінен алынған үзінділердің, сондай-ақ «Қуан, қазақ, азаттық алғаныңа» атты өлең жинағынан алынған «Үш арысым» балладасының және «Нұра» поэмасының идеялық мазмұнын және көркемдік түрлерін зерттеу,орыс тіліне аудару.

          Зерттеудің міндеттері:

  • Махмет Теміровтің шығармаларының бағыттарын анықтау;
  • шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын, құрылымы мен негізгі сөздік үлгілерінің дамуын қарастыру;
  • жазушының ортағасырлық оқиғаларды тарихи деңгейден философиялық және адамгершілік аспектіге аударуының көркемдік шеберліктерін ашу;
  • Махмет Теміровтың шығармаларындағы Отанға деген сүйіспеншілікті таныту.

Жұмыстың өзектілігі:Өлкетану әдебиетіне оқушылардың қызығушылығын ояту, рухани құндылықтарға жол ашу және қазақ тілін өзге ұлттарға насихаттау, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Зерттеу объектісі:Махмет Теміровтің шығармалары: «Арман мен азап» естеліктерінің үзінділері, «Үш арысым» балладасы, «Нұра» поэмасы.

«Арман мен азап» естелік жинағындағы «Алғы сөз орнына», «Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер»  үзінділерінің сондай-ақ «Қуан, қазақ, азаттық алғаныңа» атты өлең жинағынан алынған «Үш арысым» балладасы және «Нұра» поэмасы.

           Гипотеза:

Егер біз Махмет Теміров шығармаларын мазмұны мен формасын үйлестіре зерттесек, жазушының әдеби әлемінің өзіндік ерекшелігін ашып, терең түсініп, бағалай алсақ, сонда ғана Отан патриоттарын тәрбиелейміз.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру – керек әдебиетті, тақырыпты таңдау, мақсат-міндеттерін анықтау.
  2. Сөздік жұмыс: әртүрлі сөздіктермен және әдеби терминдермен жұмыс.
  3. Қалыптастыру – туған өлкенің көркем әдеби және тарихи бастауларын меңгеру, алған ақпараттың нәтижесін сараптау.
  4. Қорытынды – көркем шығарма мәтінін зерттеудің қорытындысын жазу және пікірлесу.

Эксперимент әдісі:

Автор Махмет Теміров шығармаларының мәтінін аудару, талдау жасау.

Күтілетін нәтиже:

Мен Махмет Темиров шығармаларын зерттеу және аудару арқылыбұл жобам жастарға туған өлке тарихын тереңірек білуге, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағынұралық-интеллегент қазақтарының қоғамдағы рөлі жайлы жақсы білуге және туған жерімізге олар сияқты үлес қосатын, Отанын сүйетін азамат  болып қалыптасуларына ықпал етеді деген нәтиже күтемін.

  1. Махмет Теміровтың өмірі мен шығармашылық жолы.
    • Махмет Теміровтың өмірі мен шығармашылық жолы.

1923 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау ауылында туған. 1940 жылы Қарағандыдағы мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетіне түсіп, оны аяқтаған соң 1947 жылы Алматыдағы шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетіне оқуға түскен.
1941 жылы студенттер арасында ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) деген Кеңес өкіметіне қарсы жасырын ұйым құрушылардың бірі болған. Бұл ұйым сол кезде де, кейін де азаттықты аңсаған саналы жастар арасынан үлкен

қолдау тапқан.
1944-1946 жылдары Теміртау қаласындағы СК зауытында жұмыс істеген. 1956 жылдан бастап мектепте ұстаздық қызмет атқарған.
Қаламгердің 1996 жылы «Қилы кезеңдер» атты өлеңдер жинағы, 1998 жылы «Арман мен азап», 2002 жылы «Қуан, қазақ, азаттық алғаныңа» атты жыр жинақтары жарық көрген. 2008 жылы«Нұра ақындары» атты жинаққа өлеңдері енген.

5 жасында байларды тәркілей бастаған кезде әкесі көшіпҰлыкөл, Қарағандыны бетке алып, осы Балықшы өңіріне келіпті. Малды ортаққа алған соң әйгілі колхоздастыру әуелі малға, сонан соң жанға қырғын әкелді. Жаңаарқадан аштыққа ұшырағандар келе бастайды.1932 жылы Балықшыға дейін аштықтан қырылған  халықты көзбен көреді. Жолшыбай көмілмей жер үстінде қалған қарға, құзғынға жем болғаны ақынның өміріне мөр салғандай болады. 1941-1946 жылдары соғыста қан кешкен кездер болды. Азапты күндерді бірге кешкен Бүркіт Ысқақов екеуінің жұбы жазылмай, бірге өсіп,өмірдің ащысы мен тәттісін бірге бөліскені аян. Екеуі Қарағанды мұғалімдер институтына бірге түседі. 1946 жылы университеттің 3 курсына алады. Келесі жылы оқуларын бітіріп,журналдарда жұмыс істейді. Қырқыншы жылдардың орта шенінде бір топ жастар ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырды. Соның ішінде кейін белгілі ақын, ғалым болған

Бүркіт Ысқақовпен бірге жас өрім Махмет те болды.
1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде Шойынбаев, Айдарова және Якуниндердің «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік–лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаласы жарияланды. Мақалада Ермұқан Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген кітабы қатты сыналған. Бұл мақаланы оқыған Махмет: «Қазақстанның келешегі зор жас ғалымдарының бірі Е.Бекмахановқа күйе жағу не деген сұмдық, өскенін өшіргісі келіп тұратын күншілдікті бұл қазақ қашан қояды?…»- деп ызаға булығып,ашына айыптаған болатын.  Міне, осындай үгіті мен өткір пікірі үшін  ақын жерлесімізге 1951 жылдың 18 қаңтарында  «халық жауы» деген

айып тағылып, қамауға алынған.

1951 жылдың 14-15 маусымында ЕСЕП партиясындағы  Бүркіт Ысқақов, Рамазан, Айтбай Нарешевтермен бірге  Қазақ КСР Жоғарғы соты РСФСР қылмысты істер кодексінің 11 тармағымен 25 жылға сотталып, қосымша 5 жылға азаматтық құқығынан айрылды. ЕСЕП партиясындағы  арманы – қазақ елінің басқалармен терезесі тең, адамдарының бақытты болуы еді. Сол бір елін сүйгені үшін халқының ар –намысын, қасіретті халін жеңілдетуді армандағаны үшін «халық жауы» атанды. Махмет Темірұлы әкеден жалғыз еді. Өзіне кесілген әділетсіз жазаны ол Сібірде өткерді, ауыр жұмыстар атқарды. Сібірдің сықырлаған сары аязында, адам төзгісіз жұмыстан талай азамат құрбан болды. Қаһарлы Сталин өлгеннен кейінгі «жылымық» жылдар жас жігіттің тағдырын

күрт өзгертті. [1]

1956 жылдың тамызында лагерден босатылды. Еліне аман-есен оралған соң Махмет Темірұлы 1956 жылдан былай қарай зейнеткерлікке шыққанша Нұра ауданының Көбетей ауылындағы орта мектепте ағылшын, неміс тілдерінен дәріс берді. Әлі де аңдуда болғанМахмет Темірұлы 1987 жылы шығармашылық еңбегін кеш бастады. Кейін де толық ақталып, қолына қалам алып жазуға отырған Махмет Темірұлы ештеңеден құр қалмады. Оның жүрегін толқытқан ойлары,аңыз-толғау мысалдары,поэмалары мен дастандары аудандық, облыстық газеттерде,Қазақстан жазушыларының әдеби-көркем, қоғамдық саяси, аймақтық «Сарыарқа» журналында жарияланды. 1996 жылы «Қилы кезеңдер» –дастандары мен поэмалары,1998 жылы «Арман мен азап»- естелігі,  2000 жылы«Қуан, қазақ, азаттық алғаныңа» атты үш бірдей кітабы және өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 2006 жылы Махмет Темірұлы Қазақстан

Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.

Сібірдегі жан түршігерлік лагерь хикаясын ол өзінің «Арман мен азап» деген естелігінде баяндайды. Мұнда  біз бір ғана ақын  тағдыры емес, бүкіл қазақ елінің тағдырын, сол кезде опат болған бар халықтың тағдырын айнымай танимыз. Жалпы ақынның көп еңбегі сол азапты жылдарға арналған. Сонымен бірге халық тағдыры да, ақынның поэзиясынан берік орын алған. Әсіресе, 1932 жылғы ашаршылық, халық басына түскен нәубет ақынды қатты толғандырды. Қазақ еліндегі бұл қасірет, мешін жылы болған еді. Осы бір тарихта қалған күйзеліске ол «Мешкей мешін» деген поэмасын арнады.
Ақын поэзиясының әлемі әр түрлі тақырыптарды қозғайды, оларға мән беріп, өзінің ой-пікірін қосады. Мысалы «Аққуды атқан- азалы» поэмасында Махмет Темірұлы шынайы махаббат пен достықты жырласа, «Жандар батыр» деген дастанында халық жанашыры Жандар ертедегі эпостардың бас кейіпкерлері тәрізді өзінің батылдық қасиетін бейнелеп, қалың жұрттың құрметіне бөленген.  Сонымен бірге «Аққуды атпас болар», «Тілеймін бақыт халқыма», «Кенейханның қайғысы» деген көлемді толғаулары жұртшылыққа кеңінен таныс.
Махмет Темірұлының лирикаға толы өлеңдері де баршылық. Олар: «Ауыл таңы», «Аққулы көлде», «Көбетей тойы», «Баянды бақыт қонсын қазағыма», «Көңіл күйлері». Өлеңдері тілге жеңіл, терең ойлы, тебіреніске толы шындықпен үндескен. Поэмаларында, толғауларында, лирикалық өлеңдерінде ақын халық поэзиясының жақсы үлгілерін дамыта түседі, ойлы сөздер, көркем  теңеулер қолданады.Талай өлеңдері мен поэмаларын қарша боратып, жазушының өзі көпшіліктің көкейкесті арманымен сабақтасып жататыны бір ғанибет.Махмет Темірұлының оқытқан қаншама оқушылары қазір әр түрлі салаларда жемісті қызмет атқарып жүр, ал ұстаздық кәсібімен айналысыпжүрген мұғалімдері де баршылық. Бұл да болса ұлағатты ұстаздың еңбегінің  мәуелі жемісі.

Махмет Темірұлы нұралықтарға, жалпы жыр сүйер қауымға кейінгі жылдар ішінде белгілі ақын ретінде танылды.2014 жылдың желтоқсан айында қайтыс болды. Өзі өлсе де артына өшпестей мол мұра қалдырып кеткен ақынның жырлары мен туындылары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасары сөзсіз.[2]

Қосымша №1

  • Махмет Теміровтың шығармаларындағы Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбын зерттеу.

Сұлбалық (cхемалық) талдау әдістері.

  1. «Арман мен азап» шығармасының «Алғы сөз орнына», «Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» деген бөлімінен үзінділері.
  2. «Нұра» поэмасы
  3. «Үш арысым» балладасы

    Аударма жұмыстары (қазақшадан орысшаға)

Сұлба 1.

  1. Махмет Теміровтың шығармаларының идеялық-тақырыптық және жанрлық ерекшеліктері.

2.1. «Арман мен азап» естелік жинағындағы «Алғы сөз орнына» және «Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» бөлімдерінен алынған үзінділердің талдауы.

Тақырыптық талдау.«Алғы сөз орнына»деген бөлімінен үзінді. «Бұл ел өміріндегі қаралы оқиғалардың ең ауырларының бірі – кейіннен қуғын-сүргін жылы болып аталған 1937 жылдың күз айларының бірінде болған жағдай еді». [4, 3 б]

Маңызды тақырып: репрессия тақырыбы, естелік тақырыбы. Ішкі ой, қоғамға шақыру: «Біз жазықсыз атылған және жала жабылған ақын-жазушылар алдында кешірім өтінуге міндеттіміз».

Өлмейтін өнердің тақырыптағы рөлі – «қолжазбалар жанбайды».Қосымша № 2. Себебі, ақынның шығармашылығын өртеп жіберсе де, ол туралы естеліктер ешқашан жанып кетпейді.

Мен«Арман мен азап» шығармасынан «Алғы сөз орнына» деген бөлімінен алынған үзіндіні орысшаға аудардым.[6,7]

(Перевод   глав из книги  Махмета  Темирова«Мечты и мытарства»)

Предисловие

«…В памяти каждого человека есть незабываемые отметины памяти,отметины лихолетья.Я –один из тех,кто на себе до  сих пор испытывает его незабываемые дни. Время не властно над памятью,перед  моим  взором прошедшее  предстает как вчерашний день.

В то время учился в интернате,когда  директор объявил обобщешкольном собрании.На собрании он нам рассказал о врагах народа: СакенеСейфуллине,БеймбетеМайлине, Ильясе Джансугурове.  Мы были ошарашены, этих писателей мы любили, хотя удивлению нашему не было предела,но мы поверили,что они  действительно враги народа.

Было решено: после собрания собрать книги этих писателей и сжечь–уничтожить.Ночью раздался душераздирающий крик. «Сакен сгорел!»,-крича,бился в истерике БуркитИскаков:

-Уничтожить бы тех, кто  уничтожил этих писателей. Сакен не причинил вреда народу. Все это дело рук его завистников.

Позже он будет один из тех,кто организует партию ЕСЕП (елін  сүйген  ерлер партиясы).Буркит Искаков- поэт,ученый проповедовал тактику алашординце. «Если бы у власти стояли не Советы,то не было бы ни голода,ни репрессий»,-утверждал Буркит.

В  1951 году они, члены партии Есеп  будут репрессированы. Многие друзья отвернутся от Махмета Темирова и Буркита Искакова,дадут против них  ложные показания. Когда мы освободились из лагеря, Буркит снова подружился с ними.

Он мне позже скажет: «Махмет, если встретишь друзей,которые давали против тебя показанияне таи на них обиду. Забудь. Общайся как раньше. Втом,что мы оказались в заключении не их вина. Если бы они не выступили против нас, то и они оказались бы в заключении. Виноваты время,ситуация. Они вынуждены были пойти на такой шаг.

«Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» деген бөлімінен үзінді.

«Қазаққа келген қырғын»апат-аштық 1932 жылдан бастап 1934 жылдың егіні піскен мезгіліне дейін созылды. 1934 жылдың егіні піскенге дейінгі жаз айларында аштықтан бұралып, тышқан аулап қана нәр алып жүргендерді өз көзіммен көргенмін».[4, 20 б]. Қосымша № 3

1932-1934 жылдар аралығындағы қазақ ұлтының жойылуына алып келетін тақырып түр-символ арқылы берілді.

Символ түрі: өлі жандар, көмусіз мәйіттер.

Иесіз қалған  киіз үйлер- өлі, игерілмеген жерлер.

Өлі жандар жанарында интерьер кейіптеу болып бейнеленген: кілемдер, түлкі терісінен жасалған малақайлар, қасқыр терісінен жасалған ішік.

Жағымсыз иіс – өлім символы болып есептелген.Сұлба  2.

«Арман мен азап» шығармасының «Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» деген бөлімінен үзіндіні орысшаға аудардым.[6,7]

Безлюдные дома. Мертвые, не преданные земле.

«…Лихая година 1932 года,принесшая в казахскую степь голод,продлилась до 1934 года. В 1934 до того момента,как поспела пшеница,был свидетелем,как люди вылавливали мышей, утоляя ими свой голод.

Решив навестить своих родныхпоматеринской линии,отправился к сопкамАмантау. Представители  Советской власти насильно пересилили многие аулы с этих мест в сторону Нуры. Во время переселения многие погибли. Это место издревле считалось местом рода  мамбет.  Само  названиеАмантау(гора спасения) говорит о том,что здесь никогда не бывало джута.

Напоив коня у родникового ключа, заснул. Ветер донес до меня неприятный запах.Проснулся. Солнце только что всходило. Встал, снова донесся до меня неприятный запах. Среди кустов  травы я обнаружил двух мертвых людей. Тела распухли,издавали зловоние,разлагались. Это были молодая женщина и джигит.На груди у женщины лежал мертвый младенец.Закрыл их лица.

Назавтра,когда я подъезжал к реке Сарысу,вдали показались 3-4 юрты.Было безлюдно безжизненно. Вот ближняя юрта, я открыл дверь,поздоровался,наполовину убранная  постель, в центре висели ковры, на коврах:лисий малахай,  волчья дубленка. Мне никто не ответил.На постели лежали два человека.Лица их закрыты одеялами.На мои приветствия  они не реагировали.  Они были мертвы. Да это же дом моего нагаши,моего дяди! Я подошел к ним,

открыл одеяло,в нос ударило зловоние,отпрянул,снова подошел. Да,это  были мой дядя и его жена. Сомнений не было.Потерял  сознание. Очнувшись,начал искать его единственного сына Есета,но его не было. Видно и его не было уже в живых.

Безлюдная степь. Итак,еще с детства я стал свидетелем трагедии голодного лихолетья.

2.2. «Нұра» поэмасына жанрлықталдау.

«Нұра» поэмасы. Жанрдың жан-жақтылығы.[5, 28]Кесте № 1.

«Нұра» поэмасында балладаның белгілері кіріктірілген.

  1. Баллада – поэма сияқты лиро-эпостық жанр.
  2. Балладада ырғақ, өлшем, ұйқас (рифм) бар.
  3. Балладаның құрылымы: байланысу, қимыл-әрекеттің басталуы:

«Нұраның әсем сұлу жағасында,

Жайқалған құрақ талдың арасынада,

Дем алып, көңілденіп жұрт отырды.

Шаттығы симай тасып шарасына…»

шығармадағы іс-әрекеттің дамуы мен шиеленісуі:

«Ертеде Нұра деген қыз болыпты…»,

кульминациясы: «…Кеудесін қуанышпен достық жеңді…

Шашырап енді жеке жүрмейік,-деп, келісіп нықтап айтты бұл жайытты…».

  1. Өткір драмалық сюжеттің басталуы (Нұраның Ертіске деген махаббатының сюжеті): «Қосылды осылай көп екі ғашық…».[7]
  2. Аңыз бен әңгімеге негіз.
  3. Лингвистикалық талдау:Кесте № 2.

Теңеу әдістері:

Нұра өзенін ару қыз деп бейнеледі. Ертіс өзенін ақ Ертіс жігіт ретінде бейнелеген. Тіл байлығы эпитеттер арқылы көрсетілген:

«Әсем сұлу жағасын …»,«…Жарқын жүзбен … Алтын жүзбен нұры жетіп».

          Кейіптеу: «… ақ желмен, бұлтпен сырласады…, Қуаңдап сарғайған кез жердің  жүзі».

          Гипербола: «Ақ Ертіс араларын толтырып тұр, қарасаң бір шетіне көзің жетпес».

          Ассонанс әдістері – жағасында, арасында, шарасына, суында, «а»  әріпінің өлең сөздерінде қайталануы. Бұл әдіс өлеңдегі сөздің интонация-музыка мәнін экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімінің әсерлілігін арттырады.[8]

          Аллитерация әдістері- қаз, мәз, жаз; әңгімесін, дауысын, ертегісін…

Өлеңнің маңызды тақырыптарын ұйқас құрамындағы дауыссыздардың қайталануы арқылы жеткізеді.

           Риторикалық сұрақтар, риторикалық қаратпа сөздер: «Бауырым, барасың,- деп, неге тулап?! »

          Ұйқасты талдау:

Көз жасы жылағанда өзен болды а

Елдің де, арудың даөңі солды  а

Ойлады: «Қаңғып, безіп кетейін», – деп  б

Анықтап білмесе де барар жолды а – қара өлең ұйқасы.

Метафора:

Ақ Ертіс жас жігіт боп ажарланып,

Екі бет қарағанда от боп жатып. [9]

Қосымша № 4

2.3. Нұра тақырыбының дамуы.

Махмет Теміровөзінің күнделігінде: «…Сәкен Сейфуллиннің «Нұра»поэмасы маған әсер берді,сол әсердің лебімен менің «Нұра туралы аңыз» – поэмасы оқырмандардың назарына жарық көрді», деп жазған (Назым Махметтің сөзінен).

МенНұра тақырыбын жалпы зерттегенде «Нұрлы Нұра» әнін кездестірдім. Әнді тыңдай отырып оның шығу тарихына қызықтым. Тарихын білу мақсатында әннің авторы жерлесіміз Шахарбаев Аманкелдімен сөйлестім. Ол кісі бұл әнді жазуға Сәкен Сейфуллиннің «Нұра» поэмасы және Махмет Теміровтың «Нұра туралы аңыз» поэмалары әсер еткенін айтты.Қосымша № 5

«Нұра туралы аңыз» поэмасының орысша аудармасы [6,7]

Поэма-легенда «Нура»  (Вольный перевод)

Эта быль до нас  дошла.

В давние времена жила девушка

По имени Нура

Рядом проживал жигит по имени Иртыш

И была в него Нура безрассудно влюблена.

Через тучку посылала весточку  сама.

Что так любит и не может без него она

Пролетала стая птиц как облачная нить.

Говорила: «Передайте,не могу я без него прожить».

Посылала письма через Шидерту:

«Где он? Я найти его все не могу!»

Слала вести, но ответа нет и нет.

Кроме Иртыша, джигита лучше нет.

Тронулась сама она тогда

В путь,куда звала ее звезда

Возмутилась вся ее родня:

«Где же гордость,где же честь,ее краса?»

Кундузда,Есенгельды и Кокпекты

Думали о ней:

« Не оставим мы ее- мы с ней»

Белоликий красавец- джигит

Наконец ответил на ее призыв.

Повернул свой стан и смотрит на нее

Видно,наконец, и он влюблен в нее

Никому не разлучить влюбленных двух

Словно в сказке засияло все вокруг

От любви их вся округа зацвела

И теперь навечно вместе:

С Иртышом –Нура.

2.4. «Үш арысым» балладасына тақырыптық талдау

«Үш арысым» балладасының хроникалық құжаттылығы.

Өлеңнің басты тақырыбы: Нұра өлкеміздің ұлы кемеңгер арыстарын еске алып, ардақтау. Абдолла Асылбековке, Кәрім Мыңбаевқа, Сәйділ Талжановқа арналды. [4, 79 б]

Теңеу әдістері:

«Жастары ақ сазандай өскен бұла.

…Нұраның бой жеткенде қызы қандай,

Көз тартып, түзу өскен өрім талдай.»

«Үш арысым» балладасындағы  нақты бейнелер.

Асылбеков Абдолла(1896–1937)

Ақмола уезі (қазіргі Қарағанды облысының, Нұра ауданы) №1 ауылда туған. Орыс мектебінде оқыған.

Ақпан революциясынан кейін С.Сейфуллинмен бірге Ақмолада Совет өкіметін орнатысып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырады. Колчактар оны тұтқынға алып, «Анненковтың азап вагондарында» азаптайды.

1919 жылы түрмеден қашып шығады.Азамат соғысы жылдарында ол Қиыр Шығыстағы Приморск армиясының полк комиссары болады. 1921 жылы Қазақстанға қайтып келеді. Ақмола губерниялық партия комитетінде жұмыс істейді. 1922-1925 жылдары ол РК(б)П қазақ облыстық комитетінің хатшысы және білім бөлімінің меңгерушісі болады.

1926 жылы Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясына оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін жауапты қызмет атқарады.

Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланып тұрды.

Шығармалары: «Біздің де күніміз туды» Повесть. Орынбор,1921ж.[10,12]

Талжанов Сәйділ (1906–1972жж.)

6 қыркүйекте қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Захаровка селосында туған. Филология ғылымдарының докторы (1972ж.).

ҚазПИ-ді бітірген (1934ж.). Қазақ КСР Оқу министрлігінде, Ауыл шаруашылығы институтында (1934–1937жж.), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (1956-1958 жж.), Қазақ КСР Ғылым академиясында (1958-1972 жж.) қызмет істеді.

Алғашқы әңгімелері 1927 жылы жарияланды. «Ұстаның үйі» (1957ж.), «Сейфолланың Сәкені» (1959ж.), «Адам туралы аңыз» (1965ж.) повестері жарық көрген. «Көркем аударманың түйінді мәселелері туралы» кандидаттық диссертация қорғап (1961ж.), аударма мәселесі туралы құнды-құнды еңбектер жазды.А.С.Пушкин, М.Горький, В.Г.Белинский, Ф.М.Достоевскийдің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударды. Алматы қаласындағы көшелердің  біріне есімі берілген.Шығармалары: «Степной сокол», 1967 ж., «Ұлтай кегі», 1968ж., «Орыс ойшылдары», 1971ж.«Аударма және қазақ тілінің мәселелері» 1975 ж.,«Өткен күндер сөйлейді» 1979ж. [12,13]

Кәрім Мыңбаев (1906-1948)

            1906 жылы15 тамызда қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келген. 1948 жылы 30 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болды.1944 жылы Кәрім Мыңбаевқоғамқайраткері, ғалым, биология ғылымыныңдокторы атағын алды.

Қазақстан Академиясыныңкорроспендентмүшесі (1946 ж.).

Орта Азия мақта-ирригация институтынбітірген (1932 ж.). 1932-36 жылдарыҚазақауылшаруашылықинститутындажәне Алматы станциясында ғылыми-педагогикалық жұмыстарда болды. 1936-42 жылдары бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Ленинград) аспирант, академик Н.И. Вавиловтың жетекшілігімен кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, сол институттың каучукты өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

1942-44 жылдары ҚазКСР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Бүкілодақтық ауылшаруашылығы академиясы Шығыс бөлімшесінің (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесінің Төралқасының төрағасы болды, Қазақ ауылшаруашылық институтында өсімдіктер селекциясы және генетикасы кафедрасын, ҚазМУ-де дарвинизм кафедрасын басқарды. Сондай-ақ оның басшылығымен Алматы облысы, Жамбыл ауданында тәжірибе танабы мен Ақмола облысындағы Шортанды ауыл шаруашылық тәжірибе станция ұйымдастырылды. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.[12,13]

Қосымша № 4

«Үш арысым» балладасының орысша аудармасы [14]

Гордость Нуры

Благодатна испокон твоя земля Нура

Хвалим мы, щедра ты к нам всегда

Берега –отдохновение души,

Мы как рыбы-нету лучше твоих вод  для нас среды

И поэт прекрасный и мудрец

Духом  сильный человек-творец

Могут вырастать  лишь из среды

Где мечтаньям есть  полет

Где духовность ценят, видя ее взлет

Девушки-нуринки,вырастая хороши

Словно как осинки –взгляд не отвести

А джигиты-воспитанья им не занимать

Уваженье к младшим,старикам-почет

Этикет изыскан-нам не передать

Жизнь,посвятивших родине,земле

Кровью,заплативших много их в стране

С  гордостью и грустью

Вспомнить мы  должны

Трех  великих граждан, сыновей Нуры

Абдолла,Карим, Сайдиль на благо края своего вы были рождены

Отняла вас смерть на взлете:были молоды

Преклоню я тело,в пояс поклонюсь,

Вам три великана,сыновья Нуры.

 Қорытынды

Махмет Теміровтың кітаптарында сол сұрапыл тарихи оқиғалардың қайталанатыны жайлы айтылған. Жазушы шығармалары осындай қайталануларға әрдайым дайын болу керектігіне, ерлік пен табандылыққа үндейді.

Махмет Теміровтың шығармаларындағы тұнып тұрған тарихи оптимизм оның  кітабының әр парағы мен жолдарында гуманистік проза арқылы қолдау тауып отырады.

Махмет Теміров шығармаларының көркемдік шеберлігі оның шығармаларын талдау кезінде барлық жағынан да көрінеді. Шығарма құрылымының көркемдігі және көңіл-күйге жақсы әсер ететін бөлімдері қайран қалдырады. Көркем теңеулер мен метафоралар – шығарма тілінің басты құралы.

Жазушы шығармасының негізгі  тақырыбы  – тарихи естеліктер. Екі ғасырды басынан өткізген автор өз өлкесінің патриоты Қазақстанның ауыр тарихи кезеңдерін бейнелеуші, репрессия жылдары, ұлтты тамырымен жоймақшы болған 30жылдар, соғыс жылдары, тың және тыңайған жерлердің игерілуі, елдің тәуелсіздік алуы, қазақ халқының маңдайына біткен арыстарына өз есімдерінің қайтарылуы, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты арқасынада келешекке сеніммен қарау.

Менің жұмысымның жаңашылығы: бұрын жазушы шығармаларының үзіндісі орыс тіліне аударылмауында. Махмет Теміров шығармалары арқылы орыс тілді халықтарға қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын таныту. Оның барлық шығармалары туған өлке тарихымен, Нұра тарихымен тығыз байланысты. Ол қандай жүйенің ықпалында болса да, сол үшін жазаланса да өзінің Отанына деген сүйіспеншілігін және туған еліне деген пікірін өзгерткен емес. Сондықтан, мен Махмет Теміров шығармаларын оқу – өз Отанын сүйетін патриоттарды дайындайды деп есептеймін. Махмет Теміров сияқты өз бірлігіміз бен тәуелсіздігімізді, күшімізді Қазақстанның жаһанданған әлемдегі рөлін күшейтуге жұмсаймыз.

Жазушы шығармаларын оқу оқырманның биік әдеби деңгейін қажет ететіні сөзсіз. Ой тереңдігі, кейіпкерлік, символика – бұлардың барлығы ақыл мен рухтың жұмысын қажет етеді, рухани құндылықтарға жол ашады. Болашақта мен де Нұра тақырыбына үлес қосып, поэма жазамын деп үміттенемін, өз өлкеме, өз Отаныма деген сүйіспеншілігімді көрсетуге тырысамын.

Қосымшалар

№ 1

жолдасы Бүркіт Ысқақовпен              

Мектепте мұғалім

Жазушылар одағында

Жазушының үйі

Бөлмесі

Махмет Темирұлының отбасы: балалары және жұбайы Мараш

Немересі Назым Махметтен сұхбат алу

Сұлба 1. Махмет Теміровтың шығармаларындағы Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбын зерттеу.

«Нұра туралы аңыз»                                          

поэмасы «Иесіз үйлер, көмусіз

қалған мәйіттер»

 деген бөлімінен үзінді

«Үш арысым» балладасы

«Алғы сөз орнына»

деген бөлімінен үзінді«қолжазбалар жанбайды»

Қосымша № 3

Ашаршылық жылдары

  Сұлба  2.

Сұлбалық (cхемалық)  талдау әдістері.       

«Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» деген бөлімінен үзінді:

Иесіз қалған  киіз үйлер

– өлі, игерілмеген жерлер.

 ,                        Өлі жандар жанарында интерьер кейіптеу  болып бейнеленген:

кілемдер, түлкі терісінен жасалған малақайлар,

қасқыр терісінен жасалған ішік.

Символ түрі: өлі жандар

көмусіз қалған мәйіттер

Жағымсыз иіс – өлім символы болып есептелген.

  Қосымша № 4

    Ертіс өзені

Нұра өзені

Кесте № 1

«Нұра» поэмасының жанрын талдау 

Байланысу  қимыл-әрекеттің басталуы Өткір драмалық сюжеттің басталуы (Нұраның Ертіске деген махаббатының сюжеті) Іс-әрекеттің дамуы мен шиеленісуі Кульминация
«Нұра әсем сұлу жасанда,

Жайқалған құрақ арасынада,

Дем алып көңілденіп жұрт отырды.

Шаттығы симай тасып шарасына…»

«Қосылды осылай көп екі ғашық…» «Ертеде Нұра деген қыз болыпты…»

 

«…Кеудесін қуанышпен достық жеңді…

Шашырап енді жеке жүрмейік,-деп,

келісіп нықтап айтты бұл жайытты…»

Кесте № 2

«Нұра» поэмасы

Лингвистикалық талдау

Теңеу әдістері:

Эпитеттер «Әсем сұлу жағасын …»,«…Жарқын жүзбен … Алтын жүзбен нұры жетіп».
Кейіптеу «… ақ желмен, бұлтпен сырласады…, Қуаңдап сарғайған кез жердің  жүзі».
Гипербола «Ақ Ертіс араларын толтырып тұр, қарасаң бір шетіне көзің жетпес».
Ассонанс жағасында, арасында, шарасына, суында, «а»  әріпінің өлең сөздерінде қайталануы. Бұл әдіс өлеңдегі сөздің интонация-музыка мәнін экспрессивтік – эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімінің әсерлілігін арттырады
Аллитерация қаз, мәз, жаз; әңгімесін, дауысын, ертегісін...

Өлеңнің маңызды тақырыптарын ұйқас құрамындағы дауыссыздардың қайталануы арқылы жеткізеді.

 

Риторикалық сұрақтар, риторикалық қаратпа сөздер Бауырым, тарасың,- деп, неге тулап ?! »

 

Метафора

 

Ақ Ертіс жас жігіт боп ажарласып

Екі бет қырғанда от боп жатып.

Ұйқасты талдау

 

Көз жасы жылағанда өзен болды а

Елдің де, арудың да өңі солды  а

Ойлады: «Қанғып, безіп кетейін – деп » б

Анықтап белмесе де барар жолды а – қара өлең ұйқасы.

 

Қосымша № 5

Шахарбаев Аманкелді

Қосымша № 6

Абдолла АсылбековТалжанов Сәйділ

Кәрім Мыңбаев

Глоcсарий 1.

Геноцид – [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] – халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.

Репрессия – [лат. repressio – басып-жаншу] – бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.

Глоcсарий 2.

 Ассонанс – (французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.

Баллада({{lang-la| ballo, прованс. balada — билеймін; нем. allade, фр. ballade, итал. ballata — би әні) — өнер жанры;

  • 1) әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;
  • 2) музыкада: аталған шағын лирикалық өлеңгенегізделіп жазылған би әні. Баллада жанр ретінде орта ғасырдаБатысЕуропа өнеріндеқалыптасты.

 Гипербола — күшейту деген мағынаны білдіреді.

 Ұйқас-   Өлеңді өлең ететін ырғақпен катар ұйқас екені белгілі; ал ұ й қа с, яки р и ф м а (грекше гһуіһтоз — өлшемдес, мөлшерлес) — клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар, дәлірек айтқанда,өл е ң т а р –м а қ т а р ы н д ағ ы с ө з а я қ т а р ы н ы ң ү н д е с т і г і, ө з а р а ұ қ- с а с, д ы б ы с т а с е с т і л у і. Ұйқас — өлеңнін, сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнін, сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.

Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

Поэма (грек. роіета — туынды, шығарма деген мағынада)— оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау келеді.

Риторикалық сұрау (лепті сұрау) — ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.

Теңеуэпитет – затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

түсті (алтын күз);әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу.

Аңдатпа

           Зерттеу жұмысында «Махмет Теміровтыңшығармаларының идеялық-тақырыптық және жанрлық ерекшеліктері («Арман мен азап» естелік жинағындағы «Алғы сөз орнына», «Иесіз үйлер, көмусіз қалған мәйіттер» бөлімдерінен алынған үзінділері, «Үш арысым» балладасы, «Нұра» поэмасы)» деген тақырыптар талқыланды. Осы жобада Махмет Теміров шығармалары талданды және аудармалары жасалынды. Тақырыпты таңдаған себебі нұралық жерлесіміздің шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, дамыту.

Автор «Махмет Теміров шығармасының мәтінін аудару нәтижесі» әдісі қолданылды.

Өзіндік зерттеудің нәтижесі: Әдебиеттің аналитикалық талдаулары

Махмет Теміровтың шығармаларын аудару сараптамасымен ешбір ғалым айналыспағандығын көрсетеді, сондықтан ғылыми жұмыс жаңашылдығымен ерекшеленеді. Көркем шығарма мәтінін, құрылымын, автор позициясының құбылысын, көркем бейнелер тудыруда  бейнелік-мәнерлеу құралдарын, шығармадағы пейзаждардың рөлін анықтауда талдаудың, өзіндік зерттеудің деңгейі жоғары.

Ғылыми жобаның қорытындысын мектеп мұғалімдері туған өлке тарихын оқытуда, шығармашылық сабақтарында, сыныптан тыс іс-шараларында, тәжірибелерінде  қолдануларына болады.

Аннотация

В проекте по творчеству Махмета Темирова исследуется идейно-тематическое единство его произведений,жанровое своеобразие лирических произведений: поэмы «Нура», баллады «Гордость края»,мемуары «Мечты и мытарства»(главы:«Предисловие», «Безлюдные дома,мертвые, непреданные земле»).Проведены переводы данных произведений на русский язык,проанализированы и выявлены выразительные средства языка.

Неоценима роль литературного краеведения в деле патриотического воспитания подрастающего поколения.

Задачи данного исследовательского проекта: пропагандировать творчество Махмета Темирова.Познакомить через переводы  произведений с его творчеством. Развивать интерес к литературному краеведению, укреплять межнациональные связи жителей нашего края.

Annotation

Thisresearch about  Mahmet Temirov’ works and his literary creativity explores the ideological and thematic unity of his works, genre originality lyrical works: the poem «The legend about Nura», ballad»Pride edge»,chapters from memoir «Dreams and tribulations». (Chapters: »Preface», «Deserted houses, dead nondevotee earth»). The main aim of the research is through learning literary and local history to encourage the patriotic education of the young generation.

The objectives of the research project: to promote creativity of MahmetTemirov as poet of our country, to find out and researchthe important theme of his works – love for the Motherland.Research carried out works on the Kazakh language, analyzed and identified expressive means of language of the poet and these works were translated into Russian language.

Reader can meet through translations of his creativity and develop an interest in local history literary, strengthen national links among citizens of our country.

You May Also Like

Ит жақсысы-тазы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Ит жақсысы-тазы Бағыты: биология МАЗМҰНЫ Кіріспе Тазы иттерді зерттеудің маңыздылығы мен…

Қыздың көркі-ұзын шаш, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қыздың көркі-ұзын шаш» Ғылыми жетекшісі:  Еуразия Гуманитарлық институтының «Қазақ және орыс …

Абай шығармашылығындағы сын

«…Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ,барды ертегіден термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі…

Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің Тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері мен жетістіктері, ғылыми жоба

Тақырыбы:                 «Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің Тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері мен жетістіктері» «Қазақстандағы ұйғыр…