Ғылыми жобаның мақсаты: Абайдың тау тұлғасына үңіле отырып, оны тереңірек танып білу.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Ұлы Абайдың
өлеңдерін, қара сөздерін және поэмаларын толығымен зерттеу.
Абай Құнанбаев:Жастықтың оты жалындап!
Жастықтың оты жалындап,
 Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Уайым аз, үміт көп,
Ет ауырмас бейнетке.
Бүгін-ертең жетем деп,
Көңілге алған дәулетке.

Абай Құнанбаевтың қара сөзі.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстықәурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел
бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал
бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзібір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Зерттеу жаңашылдығы:Ұлы Абайдың есімінің маңызы неде?

Қазаққа белгілі тұлғалардың бірі-Абай Құнанбайұлы. Абайдың азан щақырып қойған есімі-Ибраһим. «Ибраһим» дін кітаптарынан алынған пайғамбар есімі. Ол «халықтардың әкесі», «Аллаға бойсұнушы» деген мағынаны білдіреді. Абай туардын алдында әкесі Құнанбай түс көрді. Құнанбайдың түсіне XXIII ғасырда өмір сүрген Тобықты руынан шыққан, қазақтың кемеңгері биі «Әнет баба» кіріп, «Ибраһим» деп қана пайғамбар есімін атап, аян беріп, ғайып болыпты. Осыдан кейін әкесі оның азан шақырып қойған есімін «Ибраһим» деп атады. Ал кейбір деректерде былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен «Ыбырайым» демей, нәресте дүниеге келген үйдің өзгешелігіне бейімделіп, арабшасына жақындатып, «Ибраһим» деп атады. Елге, халыққа белгілі еткен «Абай» есімін Абай құнанбайұлына кейбір деректерде анассы Ұлжан еркелетіп қойса, ал кейбір деректерде әжесі Зере «Ибраһим» деген есімге тілі келмей, оны «ойлы болсын» деп, «абайлағыш» болсын деп, «Абай» деп атаған.
Абайдың поэмасы: «Масғұт«, «Ескендір«, «Әзім«.
Алғашқы тексеретініміз — «Масғұт» поэ-масы. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын  Масғұттың ғана жайы.

Ескендір поэмасыАбайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.
Поэма
Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.
«
Бұладам көз сүйегі», — деді ханға.
Тоя
ма адама көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзге қүм қүйылганда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

You May Also Like

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі, ғылыми жоба

Аңдатпа Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның сәби шағынан бастап…

Құрманың пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Құрманың пайдасы МАЗМҰНЫ І. Кіріспе ……………………………………………………………………………………1 ІІ. Негізгі бөлім 1 Құрма…

Саумалдың пайдасы және емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Саумалдың пайдасы және емдік қасиеттері»     СЕКЦИЯСЫ:      Биология…

Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстардың көрінісі, ғылыми жоба

Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстардың көрінісі (қазақ тілі мен әдебиеті және физика пәндерінің кіріктірілген жұмысы)…