Абай шығармаларындағы физикалық құбылыстардың көрінісі

(қазақ тілі мен әдебиеті және физика пәндерінің кіріктірілген жұмысы)

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады

Аңдатпа 

Жұмыс барасында Абай Құнанбайұлының шығармалары толық қарастырлып, талданды. Абай атамызды шығармалары арқылы басқа қырынан қарастыру, ол тек қана ақын, композитор, сыншы, философ қана емес, сонымен бірге нақты ғылыми көзқарастыры кең, физик болған деген жорамал жасалып дәлелденеді.

Аннотация 

Во время исследование темы мы рассмотрели многие произведение Абая Кунанбаева. В результате рассматривания сущность его творчество, мы знаем Абая не только как великого поэта, композитора, критика и философа, но также сделали предположение что его взгляды были основаны на точных наук, в том числе физике.

Аnnotation

We examined the topic of many works Abay during the study. As a result of examining the nature of his work is we know him not only as a great poet, composer, critic and philosopher, but also made the assumption that his views were based on the natural sciences, including physics.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аталған жұмыстың маңыздылығына баға бере отырып, Абай атамыздың жан – жақтылығы толығынан ашылмағанын байқадық. Абай атамызды шығармалары арқылы басқа қырынан қарастыру, ол тек қана ақын, композитор, сыншы, философ қана емес, сонымен бірге нақты ғылыми көзқарастыры кең, физик болған деген жорамал жасалып, дәлелденеді.

Ғылыми болжам: Егер Абай өмір сүрген заманда қазақ жерінде жалпы ағартушылық саласы мен мәдениеттің дамуы бір жолға қойылған болса, қазақ елінде алғаш нақты ғылымдардың негізін салушы, соның ішінде физика ғылымының негізін қалаушы тұлға Абай болар еді.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ даласында нақты ғылымдар туралы түсінік қалыптаспай тұрып-ақ, физика ғылымы туралы түсініктер болғандығын, оның Абай шығармаларында көрініс тапқандығын дәйектеу.

Зерттеудің мiндеттерi:

Жалпы ХІХ ғасырдағы физика ғылының дамуын зерделеу;

Абай шығармаларын зерттеу, физикалық көзқараста түсіндіру:

Абай және Абай заманындағы физика 

«Абай» атын естігенде, өзімнің қазақ болып дүние есігін ашқаныма мақтан тұтқандай, кеудемді қуаныш кернеп, елең ете қаламын. Абай атамыздың даналығы, дарындылығы, жан – жақтылығы, ғұлама ақындығы туралы талай адамдар, талай да ғалымдар зерттеу жүргізіп, ақындар өлеңдеріне қосып жырлаған, ой – пікірлеріне арқау болған деп ойлаймын. Бізде, оның шығармаларын жаңа, тың көз-қараста зерделеп көруге тырыстық.

Ұлы ғұлама Абай өмірдің барлық түйткілдеріне ой тербеген, өзектілік тұстарын көрсеткен. Абай – ақын, сыншы, философ, композитор, жазба әдебиеттің негізін қалаушы… Оның шабыттанған қылқаламынан туындаған тың дүниелердің барлығында шынайылылықтың, ақиқаттың, жаңашылдықтың иісі аңқып тұрғандай. Ол өз заманының рухы жағынан алғанда қараңғылыққа алғаш қарсы тұрған тұлға. Абайдың шығармышылық дәрежесінің жоғарылығы сондай, небір идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндігі зор болды. Неліктен ақын Абай болыс бола тұра, қараңғы қазақты, үкіметті сынға алып сынады? Неге тек гуманитарлық бағытты таңдап, нақты ғылымды қарастыруға ұмтылмады? Неліктен ол өз мүмкіндігін жоғары дәрежеде пайдаланбады, мүмкіндігін біле тұра неге нақты ғылымға бой ұрмады?

Бұл сұрақты дәйектеу мақсатында жалпы қазақ жерінде, Абай заманында, негізгі ғылымдар қандай дәрежеде болғандығын анықтап көрелік.

Абай өмір сүрген кезеңдегі жалпы физика ғылымының жағдайына шолу жасалық. Ол үшін бүкіл әлем бойынша ХІХ ғасырдағы физиканың жағдайын қарастыралық.  ХІХ ғасырдың басында жарықтың корпускулалық және толқындық теориясының арасындағы ұзақ жылдарға созылған бәсекестік аяқталып, жарықтың толқындық теориясының үстем алған кезеңі болатын, себебі бұл уақытта Т. Юнг пен О.Ж. Френель толқындық теория арқылы түсіндірілетін жарықтың интерференция және дифракция қасиетін ашқан болатын. Жарықтың бұл құбылыстары тек толқындық теорияға ғана тән, бұл қасиеттерді корпускулалық теория арқылы түсіндіру мүмкін емес. Бұл уақтты сонымен бірге ХVIII ғасырда ашылған жарық толқындарының көлдеңендігі дәлелдемесі (О.Ж. Френель, Т. Юнг, Д.Ф. Араго) жасалды [1]. Жарықты серпімді ортада көлдеңен толқын ретінде қарастыру арқылы, Френель жарық бір ортадан екінші бір ортаға өткенде сынған және шағылған жарық толқындарының интенсивтілігін анықтайтын сандық заңдылықты ашып, жарықтың қосарланып сынуы анықталды.

Физиканың ғылым ретінде әрі қарай дамуына Л. Гальвани мен А.Вольт ашқан электр тогына байланысты жаңалықтары маңызды роль атқарды. Тұрақты токтың қуатты көзі – гальваникалық батарейкалардың ашылуы – токтың әртүрлі әрекетін зерттеуге мүмкіндік берілді. 1831 жылы Фарадей электромагниттік индукция заңын ашты. Ұзақ уақытқа әсерлесу концепциясы арқылы бұл құбылысты түсіндіруде көптеген қиыншылықтарға тап болды. Фарадей (электромагниттік индукция заңын ашпай тұрып), электромагниттік өзара әсерлесу ортадағы делдал – электромагниттік өріс арқылы жүзеге асырылатындығы туралы жорамал жасады [2]. Бұл материяның басқа бір ерекше түрі – электромагниттік өрістің қасиеттері мен заңдылықтары туралы, жаңа бір ғылымның дамуына түрткі болды.

ХІХ ғасырдың басында Дж.Дальтон ғылымға заттың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшектері атомдар туралы түсінік енгізді. ХІХ ғасырдың І-ші жартысында қатты дене физикасы туралы ілімнің іргесі қаланды. ХVII –XVIII ғасырлар бойы және ХІХ ғасырдың басында қатты денелердің (металл, техникалық материалдар, минералдар және т.б.) макроскопиялық қасиеттері туралы мәліметтерді жинақтау және қатты денелердің сыртқы әсерлер ықпалынан өзгеруі туралы эмпириялық заңдылық тағайындалынды (электр және магниттік өрістер, қыздыру, механикалық күш) [1].

Физика және барлық жаратылыстану ғылымдары үшін табиғаттың барлық құбылыстарын байланыстыратын энергияның сақталу заңының ашылуы маңызды болды. ХІХ ғасырдың ортасында жылу мөлшері мен жұмыстың эквиватентілігі тәжрибе жүзінде дәлелденді, жылу дегеніміз қандай да бір гипотетикалық салмақсыз жылу – негізі ғана емес, энергияның ерекше бір түрі екендігін анықталды. ХІХ ғасырдың 40 –шы жылдары Ю.Р.Майер, Дж. Джоуль және Г.Гельмгольц бір – біріне тәуелсіз энергияның айналу және сақталу заңын ашты [3]. Энергияның сақталу заңы жылу құбылыстары теориясының (термодинамиканың) негізгі заңына айналып, термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталды. Бұл заң ашылмас бұрын С.Карно «Оттың қозғаушы күші және бұл күшті дамытуға қабілетті машиналар туралы ойлар» атты еңбегінде (1824) жылу теориясының келесі заңдылығы – термодинамиканың екінші бастамасына негіз болып табылды. Бұл заң Р.Клаузиус (1850) және У.Томсон (1851) жұмыстарында да тұжырымдалған. Термодинамика теориясын құруда Ж.Л.Гей-Люссак зерттеулері маңызды рол атқарды. Бұл негізде Клапейрон өзінің идеал газ күй теңдеуін тапты, бұл теңдеуді кейін Д.И.Менделеев жалпылады [4].

Термодинамикамен қатар, жылулық процесстердің молекулалық – кинетикалық теориясы даму үстінде болды. Осының негізінде жылулық процесстердің әлемнің механикалық бейнесі шеңберінде қарастырылуы жаңа типтегі физикалық шамалар арасындағы барлық байланыстар ықтималдылық сипатта болатындығы туралы, яғни статистикалық заңдылықтардың ашылуына түрткі болды [5].

ХІХ ғасырдың соңында физика ғылымының дамуы аяқталғандай болды. Барлық физикалық құбылыстарды эфир және молекулалар (атомдар) механикасына жатқызуға болатындай ой туындады. Эфир дегеніміз – электромагниттік толқындар қарастырылатын механикалық орта ретінде қарастырылды [4]. ХІХ ғасырдың ең бір ұлы физигі У.Томсон тек түсініксіз екі дәйекке көңіл аударуға тырысты. Оның біріншісі: эфирға қатысты Жер қозғалысын анықтау бойынша жасалған Майкельсон тәжрибесінің нәтижесінің теріс болуы, екіншісі, газ жылусыйымдылығының температураға тәуелділігін молекула –кинетикалық теорияның түсіндіре алмауы. Бірақта, осы дәйектер ХІХ ғасырдағы физика туралы негізгі көз қарастарды қайтадан қарастыру қажет екндігіне себепші болды. Осы сияқты кейін анықталған бір қатар деректерді түсіндіру үшін, салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың ашылуына қажеттілік туындады.

Жалпы физика ұғымын қарастыралық. Физика – табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды.

«Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді [2]. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М.В. Ломоносов болатын [1].

Физиканыңнегізгімақсаты – табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдыңтөртмезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуыЖердіңКүндіайналаэллипсбойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр.

Осындай құбылыстардың арасындағы тәуелділікті зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдарыашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары анықталды. Әлемнің физикалық бейнесін бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлем бейнесінің өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Физика ғылымының дамуы — әлемнің физикалық бейнесімен тығы байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу — физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі бейнесінің біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады. Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Абай шығармаларын оқып отырып, осы құбылыстар ап – айқын байқауға болады.

Абай өлеңдеріне физикалық талдау жүргізу 

Физикаға, табиғатқа Абай шығармашыллары тікелей байланыста. Табиғаттығы заңдылықтар мен құбылыстар оның шығармаларында кең, әрі ғылыми терең негізде көрініс тапқан. Абай табиғатты жан-жағынан әсем келбетте суреттейді. Табиғат пен физикалық құбылыстарды бір арнаға ұштастыра отыра жыл мезгілдерін сипаттайды.

Мысалы, «Қыс» өлеңінде:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау таңымас тірі жанды.

Үсті –басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды … – деген жолдарында:

«Ақ қырау»- кристалл мұздардың жұқа қабаты. Бұл кристаллдар әртүрлі пішінде болады. Бұл ауадағы су буының қатуы. Қырау болуы үшін міндетті түрде аздап болсың аяз болуы керек, сондықтан ауадағы ылғалдылық криссталданады.

«Басқан жері сықырлап» қар тек қана аязды күндері ғана сықырлап дыбыс береді. Сықырлау үндестігі ауа температурасына байланысты болады. Мысалы, аяз қатты болған сайын, сықырлап дыбыс шығару сарыны жоғарлай түседі. Кейбір адамдар, қар дыбысының сипатын қабылдауына қарай ауа температурасын бағамдай алады. Қар сықыры – қардың өте ұсақ кристаллдарының шығарған дыбысы. Әрбірі жеке–жеке өте кішкентай, соғылғанда адам құлағы қабылдамайтын дыбыс шығарады. Ал барлығы тұтасқанды дыбыс артады. Акустикалық зерттеулер нәтижесінен, қар дыбысының спектры екі 250…400 Гц және 1000…1600 Гц диапазондағы аса айқын емес, жазық максимум екендігі айқындалды. Көп жағдайда аз жиіліктегі максимум жоғары жиіліктегіден бернеше децибел артық. Ауа температурасы -60С жоғары болғанда, жоғары жиілікті максимум тегістеліп, мүлдем жоғалады. Аяз күшейгенде мұз кристаллдары қатайып, сынғыш келеді. Қадам басқан сайын мұй инелер сынып, дыбыстың акустикалық спектры жиілігі жоғары аймаққа ауысады. Ауа температурасы -80С -тан -200С -қа өзгергенде қар сықыры 1 децибелға артады [4].

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда…-деген жолдарында, боранның бұрқ – сарқ етіп қозғалуы, ауа массасының қысымы жоғары аймақтан, қысымы төмен аймаққа өтуі нәтижесінде пайда болады.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы…– деген жолдарында жылуөткізгіштік қасиет қарастырылады. Қабаттап киім кию, киім қабаты көбірек болған сайын ортасындағы ауа кеуек пайда болады. Өзімізге белгілі ауа жылуөткізгіштігі төмен орта болып табылады. Бұл жердегі тон мен шидем жылуөткізгіштігі төмен материалдарға жатады.

Көп күттіріп, тіршіліктің жаңа оянған «Жазғытұры» өлеңінде:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан-жануар адамзат анталаса,

Ата –анадай елжірер күннің көзі… – деген жолдарында:

«Қалмайды қыстың сызы, ата –анадай елжірер күннің көзі» көктемде Күн Жерге жақындайды, Күннің көзі Жер бетіне әртүрлі бұрышпен түседі. Күн өз сәулесін ата –анадай мейрлене төгеді. Жер жылынып, қар еріп, табиғат оянғандай болады. Қар астында жылынып (қар жылуөткізбейтін қабат болып табылады, қар мен жер арасында ауа қабаты бар), қыстың аязынан сақталған шөп, өсімдіктер жер жүзін құлпыртып жібереді.

Жайдарлы да шуақты, көңілді жақсы әсерге толқытатын «Жаз» өлеңінде:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап… – деген шумағы физикалық тіркестерге толы. Төрт-түлік малдың өзіне тән белгілерін, әрі қимылын шебер сипаттап тұр.

Қоңыр «Күз» өлеңі де халықтың көңілінен шығарлық:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан… – деген жолдарында күз айында бұлт сұр түске енеді, жалы бұлт судың өте ұсақ тамшыларынан (кристалдарынан, егер температура төмен болса) тұрады. Олардың өте ұсақ болатыны сонша, оларды тіпті тамшылар деп те атауға болмайды. Бірақ, олар жарықты шашыратындығын көреміз. Оларды алмаздармен салыстыра отыра, түсі осы ұсақ тамшылардың өлшеміне байланысты болатындығы (олардың агрегаттық күйлеріне де байланысты болады) шығады. Бұлт Күн сәулесімен жарықтанғанда ол шаңқай ақ түсті болады, бірақ бұлт Жер бетіне жақындау болса түсі сұр не қара болады. Мұндай бұлттарды қатпарлы бұлттар дейді, яғни атмосфераның төменгі қабатындағы бұлттар. Олар жер бетінен көтерілген тұманмен біртектес тұтас сұр түсті болып келеді. Әдетте олар барлық аспанды жабады, кейде жеке түйдек – түйдек бұлт болып көрінеді.

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан…- тұман – аудадағы өте ұсақ су тамшыларының атмосферада жинақталуы. Кейде тамшылардың орнына мұз кристалдары тұман болып келеді. Тұман екі түрлі жағдайда, өзен –сулардың булануы, немесе су буының конденсациясы нәтижесінде пайда болады. Бұл жерде тұман түрінің адвективті тұман туралы айтылуда. Ол жылы дымқыл ауаның салқын құрлық үстінен немесе су бетінен өту нәтижесінде пайда болады. Оның қарқындылығы ауа арасындағы температура айырымына тәуелді. Бұл тұмандар бірнеше мың километр жерге дейін созылуы мүмкін. Ол күндіз жиі түседі. Пайда болу шартына байланысты тұманды екі түрге бөлуге болады. Салқындау тұманы – ауаның салқындауы шық нүктесінен төмен болғанда су буының конденсациялау нәтижесінде пайда болады. Булану тұмандары – құрлықтың дымқыл жердерінде және өзен – су беттеріндепайда болатын булану [5].

Жапырағынан айырылған ағаш қурай … – жолдарында ағаштар жапырақтарымен қоса, қажетсіз улы заттарданда тазарып, арылады. Егер жапырақтары қалып қойып, қыс айында оны қырау басса, бұтақтары ауырлық күшіне шыдамай сынып кетеді. Жапырақтар қалып қойса, ағаш шөлден қурап қалар еді, себебі жапырақтар ылғалды буландырып шығарып отырады, ал тамырлар қатып қалған топырақтан ешқандай ылғал ала алмайды.

Қаз тырна қатарланып, қайтса бермен … өлең жолдарында ауа райы, құбылыстар, ауысу периоды жайлы жазылған. Қатрлану құстардың реттеліп, топ болып ұшуына қатысты. Олар Жердің магнит өрісін компас ретінде пайдаланады.

Желсіз түнде жарық ай…жалпы жарық ай болған күндері жел болмайды, жел – Жер беіне қатысты ауаның көлдеңен қозғалысы. Желдің қозғаушы күші Күн көзі арқылы Жер бетіндегі қабаттардың бірдей жылынбауынан қысымның өзгеру салдарынан туындайды.

Сәулесі суда дірілдеп … –су бетіне түскен айдың жарығы, судағы толқындар әсерінен азадап діріл қақандай болып көрінеді. Су бетінде механикалық толқын туындайды. Сондықтан сәуле дірілдегендей болады.

Тасыған өзен күрілдеп – өзен тасығанда су сапырылып, өзінің аққыштық қасиетне байланысты бірнеше қабаттар пайда болады. Олар өзара әрекеттескенде күрілдеген дыбыс естіледі, ал ай жарық болған түндері әдетте түн желсіз болады, сондықтан тынған түнде дыбыс өте жақсы естіледі.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді –өзі – ағаш тербелмелі жүйе болып табылады. сондықтан жапырақтары ағашпен қоса тербеліске түседі.

Күзде ағаш жапырақтарының сарғайып, жерге түсуі, құстардың ұшып кетуі физикалық процесске жатады ғой. Аз сөзбен көп мағына беру Абай атамыздың қалам тартуындағы басты ерекшелік. Физика ғылымы әдеби шығармаларда жақсы ашылды, онда Абайдың өзі физикада ұлы ашуларды ашушы болар ма еді? Ойландыратын сұрақ, мүмкін өз заманындағы нақты ғылымдарға алғаш бет бұрған тұлға болар еді ме.

Осы қатарлы «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек » өлеңінде

Жылытқан тұла бойды ыстық  жүрек

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек… жолдары адам жүрегінің физикалық механизмінің белгісі, оның әрекеті де өзге мүшелермен байланыс жасап, бүкіл энергияны тұла бойға таратады. Неміс ақыны Гетеден аударған өлеңінің өзі бір физика деуге болады:

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы.

Сыбдырамас жапырақ,

Тыншығарсың сен-дағы

Сабыр қылсаң азырақ.

«Асау Терек» өлеңіндегі жолдар:

Асау Терек долданып, буырқанып,

Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.

Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу,

Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.

Қалың қайрат бойында, беті күліп

Момынсынған пішінмен ағады қу… дегені де судың физикалық қасиетін сипаттайды, көркемдегіш құралдар арқылы түп мағынаны береді. Қылып у-шу тіркесінің мағынасы үлкен жылдамдықпен бірнеше су толқының тоғысуының үлкен децибелде дыбыс шығаруы.

Ұлы ақынның өмір ағыны жайлы жазылған «Сағаттың шықылдығы емес ермек» өлеңіндегі осы жолдар механикалық физиканы іс жүзінде мысалға келтіреді. Уақытымыз белгілі, жылдамдығымыз бір күн болса, қашықтығымыз өмір жолы болмақ.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған…

Көңіл сазы, жүрек назы туралы жырланатын «Сап, сап, көңілім, сап. көңілім» өлеңіндегі:

Ағын судай екпіндеп,

Лайы жоқ суатым…

Әлі-ақ өзің тынасың,

Өртенесің, жанасың… жолдары физика ғылымындағы жану реакциясын кейіптеу арқылы көрсетеді.

Үлкен шабытпен жазылған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі физикалық ұғымдарға бай деу артық болмас.

Қансонарда бүркітші шығады аңға… қансонар – ең алғаш қар түскен соң аңға шығу мерзімі. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі… із – векторлық параллель көшіруді береді немесе траектория сызығын көрсетеді. Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл деген әдеби тіркестің табиғаттағы жарықтың шағылуына сәйкес келетінін байқауға болады.

Абайдың тек қара өлеңдерінде ғана емес, дастан жырларынан да қойылған мақсатты дәлелдейтін контекстерге қол жеткіздім. «Ескендір» поэмасындағы:

Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,

Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды…  жолдары ауырлық күшін, оның ішінде массаның тура пропорционалдығын ескереді.

…Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,

Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».

Сол күнде Аристотель жеке дара,

Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара:

Таразыны әпкел де, сүйекті сал,

Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!

Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,

Сүйек басы жоғары шығып қалды… Физика табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалады. Ал таразы күш моментінің шартын көрсетеді. Дененің массасын өлшеу үшін үшін қолданылатын иінді таразылардың жұмыс істеу принципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделеді. Таразымен өлшеу – таразының екі басын теңестіру, дененің массасын бағамдауды береді. «Масғұт» поэмасында

..Масғұтты ұры шапты қылышпенен,

Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.. деген жолдарынан қылыштың өзіндік физикалық қасиеттеріне назар аударуға тура келеді. Қылыш көбінесе алмаз бен темір кенінен жасалады да, олардың ұшы сүйірленіп, өткір келеді. Осы мысалда қысым ол күштің ауданға қатынасын беретіндігін ескеру жөн. Бірақ, Масғұт қылыштың өткір жүзінен сақтанып, аман-сау қалып отыр. Оның себебі, шапшаңдық – жылдамдықтың максималды күйі. ..Адам дертті болмай ма құса тартып,

Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түндік жатып… Тұщы ұйқы метафорасы тыныштық мағынаны сілтейді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Бұл – Ньютонның бірінші заңы, инерция құбылысы.

Қызыққа толы әрі аяқталмай кеткен «Әзім әңгімесінің» өзінде физикалық тіркестер кездеседі. Олардың ішінде:

Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем,

Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын.

..Өзі үлкен, өзі оңай, артық, өнер,

Аз жұмыспен көп алтын хасил етсе… деген жолдарда XIX ғасырдың өзінде кім болмасын, алайда Абай атамыздың химия ғылымы жайлы түсініктері бар екенін байқауға болады. Архимедтің Сиракуз патшаның тәжі алтын екендігін дәлелдеуі: Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді. Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана куанған ол «Эврика!» деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен. Бүгінде, Архимед заңдарын оқытуда толығымен қолданылады. Мыспен алтынның тығыздықтарының түрлі болуы. Олардың физикалық қасиетттерінің (беріктік, шектік) түрлі екендігін білдіреді. Мыс алтын бола алмайды, тек түсін өзгертіп жалтырағанымен, алтынынң тығыздығына ие болуы мүмкін емес. Алтынның тығыздығы 19000 кг/м3; мыстың тығыздығы 8900 кг/м3 айырмашылығы елеулі екендігін байқауға болады.

Мыс былқылдап еріген кезінде шал,

..Былқылдаған бұрқылдап мыс шайқалды.. Балқу – қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы. Таза заттар балқуының басты сипаттамалары — балқу температурасы және балқу жылуы. Мыстың балқу температурасы   1083 °С-қа тең.

Көк бұзылып, жер жүзі болды топан..  Бұлт — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде жер бетіне түседі. Топан су —  жер асты суы деңгейінің күрт көтерілуінен немесе өзен-көлдер суының (әсіресе көктем — жаз айларында) арнасынан асып кетуінің салдарынан болатын табиғи құбылыс.

Қорытынды 

Абайды ұрпағы халқының кемеңгері, өз ұлтының ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық дамудың қиындығын дұрыс көрсете білген қайраткері ретінде таниды. Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің бастауы, қамқоры. Ұлы ақын қозғамаған тақырып не мәселе бар ма? Оның аз сөзбен көп мағына беруі, өмірлік тірі дүниелерге теңгеріп айтуы, айналадағы сан алуан құбылыстарды дәлме-дәл айтуы – оның ойшылдығының белгісі. Табиғатта орын алып жатқан физикалық құбылыстарды айқын келтіруі – шығармаға көрік береді.

Ұлы ақын туған халқының ұлттық сана-сезіміне сәуле жүгіртіп, қалың жұртымен бірге қамыға отырып, қалам тартпаған тақырыбы жоқ. Өз кезеңінің қоғамдық оқиғаларына терең үңілді. Абай халық тағдырымен ортақ күй кешті, мұңын мұңдады, жоғын жоқтады, асыл мұрасын биіктетті. «Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екендігі, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының болуы тегін емес» деп, көрнекті абайтанушы академик Зәки Ахметов айтқан болатын. Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы құбылыс, халқының жарық жұлдызы, ұлылықтың шыңы. Ақын өз өлеңдерінде замана тынысын, уақыт келбетін жан-жақты көрсетеді. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты әрі сан қырлы. Ақынның адамдық бойында ешбіреуінде кездеспейтін шығыстық қуат пен шынайы таланттың берік өлшемі, оған қоса осы құдіреттің жарқырап көрінер әсемдік  өнері бар болғандықтан, Абай-дана, Абай-дара.

Мектепте абай тану пәнін қосымша енгізуде осында өлеңдепді физикамен кірікітіре ортырып талдаса, оқушыларда тек Абайдың өлеңдерімен танысумен қатар, оларда физикалық түсініктері қалыптасар еді. Оқушылрда жалпы дүние танымның қарапайым алғы шарттары абай өлеңдері арқылы қалыптасып, түініктері молаяды. Және же қазіргі  орасша қоғамда өсіп келе жатқан жас өспірімдер, Абай өлеңлері мен оның шығармаларын оқуды тілін түсіне алмайы, кейбір тіркестердің мағынасын жатық ажырата алмай жатады. Ал оларды қарапайым физикалық терминдер арқылы, дүние танымдылық көз қарарс арқылы түсіндетірн болсақ. Оқушылардың тілге, қазақ тілін меңгеруге де оңтайлы болар еді.

Осы жұмыстың ьағы бір бағыты егер, Абай атамысздң өлеңдерін мемлекеттік тілде емес оқитын оқушыларға жаттатыруда қарапайым физикалық терминдар арқылы түсініктеме беріп отырса, мағынасын түсінген оқушылар да тез жаттығып кетер еді.

You May Also Like

Әлемдегі абакус пен есепшот, ғылыми жоба

«Әлемдегі абакус пен есепшот»   Мазмұны: Кіріспе………………………………………………………………………………………8 I тарау Негізгі бөлім 1.1 …

MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері, ғылыми жоба

Бағыты:  Жаратылыстану-математика Секциясы:  Информатика Тақырыбы:  MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері Аннотация …

Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы, ғылыми жоба

Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы. Мазмұны І. Жетекшінің пікірі         ІІ.…

1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты, ғылыми жоба

Тақырыбы: «1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты» Пікір 1916 жылғы…