Тақырыбы : «Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің қазақ тілінде қолданылуы»

Секциясы: қазақ :  ағылшын тілі

Мазмұны

1.Кіріспе……………………………………….…………………                      3

  1. Негізгі бөлім….…… …….……………………………………………..… 4

2.1. Кірме сөздерінің пайда болуы……….…………………………………….. 4

2.2.Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу  ……….…       5-6

  1. Эксперименттік бөлім

3.1. Ағылшын тілінің кірме сөздерінің адамдар арасында пайда болуының

cебебі.                                                                                                                      7

3.2. Оқушылар арасында  ағылшын тілінен кірме сөздерін пайдалануы        7-8

3.3. Жергілікті прессада көп қолданылатын кірме сөздерінің пайдалануын

анықтау. ……………………………………………………………………………..                         8

3.4. Кірме сөздер пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері              9

5.Қорытынды….……………………………………………….…………           10

  1. Ұсыныс ………………………………………………………………………………………….. 11

Аннотация

Бұл жаңа технологиялар  сондай-ақ күнделікті өмірде әлеуметтік өзгерістер тез дамып келе жатқан қарқынды дәуірде біздің күнделікті ауызекі сөйлеу әрекетімізде ағылшын тілінен енген кірме сөздерді зерттеуге арналған ғылыми жоба. Кірме сөздердің қаншалықты маңыздылығын  түсіну және біздің өмірімізде қандай рөл атқаратынын  зерттеу барысында  оқушылар келесі әдістерді пайдаланды: ақпарат жинау, талдау, болжау, сауалнама жүргізіп, қорытынды шығарды.

Данный научная  работа посвящена исследованию заимствованных  слов из  английского языка в нашу речь в эпоху новых технологий и быстрого  растущего темпа  общественных изменений в различных сферах деятельности, а также в быту. Чтобы понять насколько они важны и какова их роль в современной речи,  в  ходе исследования ученики использовали следующие методы:  сбор информации , анализирование, прогнозирование, провели анкетирование.

This scientific work is devoted to the researching of Borrowings from the english language into our speech at the time of new technologies and the rapidly growing pace of social changes in various fields as well as at household. To understand how important these Borrowings and what is their role in today’s speech, the students during their reserch used the following methods: gathering of information , analyzing, forecasting and making conclusion.

Зерттеудің мақсаты:  Қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің даму заманында, қоғамдық өміріміздің қарқынды өзгеруіне байланысты  адамдардың мәнерінде ағылшындық қаншалықты қалыптасқанын зерттеу.

     Міндеттері:

  • Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарға талдау жасау.
  • Ағылшын тілі пәнінен білімдерін тереңдету,молайту.
  • Кірме сөздерінің пайда болуын қарастыру.
  • Осы тақырыпқа байланысты әр салада қызмет ететін адамдар, оқушылар арасында сауалнама өткізу.
  • Жергілікті Қобда газетін зерттей отырып көп пайдаланатын кірме сөздердің пайда болуын анықтау.

Болжамы: Егер біз әбден біздің тілімізге еніп кеткен кірме сөздерінің күнделікті ауызекі  сөйлеуімізде мағынасын біліп және оларды орынды қолдана білсек,біздің сөздік  қорымыз баиды және қазіргі замандағы сөздер өзге тілді білу жаңаша ойлауға мүмкіндік береді.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Кірме сөздер туралы мәліметтер, деректер жинақтау.
  2. Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу.
  3. Жергілікті Қобда газетінің арқылы және тілшісі Анаргуль Егизбаевадан интервью алып кірме сөздерінің қаншалықты пайдаланудың тиімділігін анықтау.
  4. Оқушылармен, әр саладағы қызметкерлермен сауалнама жүргізу.

Ғылыми жобаның зерттеу әдістері:

1)теориялық [әдебиетті оқу және зерттеу]

2) социологиялық: [әңгіме, сауалнама]

3) статистикалық:[әдістерін көрсету]

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің мағынасын біліп, оларды орынды қолдану  керек.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі. Ағылшын тілі үш тұғырлы тілдің қатарына жататын тіл.

Ғылыми жұмыстың  практикалық қолдану салалары: Күнделікті тұрмыста, адамдардың, соның ішінде оқушылардың ауызекі әрекетінде қазіргі замаңына сай кірме сөздерінің күнделікті өмірде пайдаланудың маңызы зор.

Кіріспе

Басқа тілдерден келген кірме сөздер – табиғи және тұрақты үдеріс. Халықтар,елдер,мемлекеттер әрқашан бір-бірімен байланыста болғандықтан басқа тілдерден кірме сөздердің келуі заман талабы. Ақпараттық тасқынның күшеюі – ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық  туризм,  мәдениет байланыстары , ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпидалар, фестивальдер – осының барлығы ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің келуіне себеп болды. Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді.Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.                      Негізгі бөлім

«Who knows many languages, have many keys to one lock»

Walter                                                                2.1. Кірме сөздердің пайда болу себептері.

Бүгінгі күні жер шарынының төрттен бір бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді,ал миллиардтаған халық оны оқиды.Жаңа ақпараттық технологиялар халықаралық ғылыми конференцияларда айтылады,барлық баяндамалар ағылшын тілінде оқылады,халықаралық байланыс та ағылшын тілінде жүргізіледі.

Кірме сөздерінің пайда болу жолдары:

1.Заман талабына сай қажет сөздер

[ноутбук, органайзер, сканер]
  1. Екі ағылшын тілі сөзінен құрастырылған сөздер, [секонд-хэнд, видео-салон]

3.Біздің тілге келген кірме сөздер нақтылы заттардың аттарымен, жұмыс жүргізу тәртібімен қалыптасқан сөздер.

[фейс-контроль , пиллинг]
  1. Тілдің мағынасын көрнекті түсініктермен толықтыру [имидж, прайс-лист ,шоу]

5.Шетел сөздерінің мәртебесін жоғары бағалау [презентация, эксклюзив]

  1. Басқа елдін спецификалық ұлттық салтын бейнелейтін сөздер [сендвич-гамбургер, фишбургер, чикенбургер]

Кірме сөздерін бірнеше топқа бөлуге болады:

Тура аударылымдар.

Біздің тілде бұл сөздер өзгертілмей дәл солай айтылады.

Бүл сөздер:уик-энд – демалыс, мани – ақша.

Шата аударымдар. Бұл сөздерге спикер [to speak – сөйлеуші], [busy – беймаза, мазасыз]

Өз қалпында сақталған. Шетел тілінен пайда болған сөздер,бұл сөз-дердің фонетикалық,графикалық түрі сақталған.

Бұл сөздер меню, пароль, диск, вирус, клуб, эффект

Өзіндік ерекшеліктік.

Ағылшындардың ұлттық салтын бейнелейтін сөздер.

Бұл сөздердің ерекшелігі олардың синонимдері жоқ.

Мысалы: чипсы [chips], хот-дог [hot-dog], чизбургер [cheeseburger], кофе-брейк

Шетел тілі туындысының жүрнақтары. Бұл сөздердің лексикалық эквиваленттері бар, бірақ стилистика жағынан ерекшелігі көп.

Мысалы: о’кей [ок], вау [wow], супер

Құрамдары.  Екі ағылшын тілі сөзінен құрастырылған сөздер, мысалы: секонд-хэнд – пайдаланған киімдерді сататын дүкен; видео-салон-фильм көретін бөлме                                                                                                   Епкінділігі.  Бұл сөздерде кейбір дыбыстар өзгертіліп айтылады, мысалы: [crazy] –крейзи , есінен адасқан,  [brake-dance]-  брейк – данс.                                                                                                                                          2.2.Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу.                                                                                                              1. Білім беру саласында   [қосымша №1]

Соңғы жылдары білім беру саласы лексикасында көптеген шетел тілі сөздері пайдалануда. Мысалы: Тренинг, коучинг, мониториг, менторинг, лессон-стади, тьютор, дескриптор, консилиум.                                                                                         2.Саясат саласында                                                                                                                                           Мысалы: премьер-министр, вице-премьер, спикер, президент, миттинг, конг-ресс-холл                                                                                                                           3. Бұқаралық ақпарат саласында                                                                                                                             Бұл сфера ағылшын тілінен енген кірме сөздерімен өте жылдам толықтыры-лып келеді. Интернет кірме сөздерінін пайдалануының «рекордсмені»,әсіресе жарнама,болған жағдайларды мәліметтегенде т.б. Бұл сферада филологиялық білімі бар көп маман жұмыс істесе де,сол адамдар тілдің мәдениетін  сақтау керек сияқты. Мысалы:бит, баит, диск, курсор, флешка,флипчарт, чат, таймер, браузер, драйвер, сканнер, принтер, фотошоп, хакер.                                                                                                                4. Спорт саласында.    Бұрыннан үйреншікті сөздер де ағылшын тілінен келген екен.Бұл сөздер спортсмен, бодибилдинг, футбол, рефери, матч, гол, боулинг, дайвинг, скейтборд, сноуборд, байкер

фитнес, голкипер т.б.                                                                                                                                          5. Косметика терминдері:  лифтинг, скраб, пиллинг, мейк- ап, шампунь атаулары: хед енд шолдерс, вошендгоу, спонж.                                                                                                                              6. Күнделікті тұрмыста қолданылатын кірме сөздер:                                                                               Тұрмысқа қажет құрал жабдықтар [блендер, миксер, шейкер, термопот, сепаратор, тостер, сайдинг)                                                                      7. Кино, музыка.                                                            Айтылмыш шеңбер ағылшын тілдің  мықты бастауы    болып табылады, поп-мәдениет  арқылы ағылшын тілінен енген кірме сөздері  көбі  бөгетсіз  кірді.

Қазіргі кезде әнші жұлдыздардың көбі ағылшын тілінде ән айтады,киноларға түседі.Мысалы: Дима Биланның әні  Never-ever let me go , форевер, қазір сол сөзді жастар көп айтады [саундтрек, диджей, бойфренд, блокбастер, терминатор, камеди клаб, вестерн, киборг, хит, сингл, ремейк, трек, постер, т.б.]

  1. Экономика саласында. Бұл сфераға келесі сөздер келген инвестиция, маркетинг, дилер, брокер, дефолт, прайс-лист, менеджер, босс, шеф.  Жоғарыда айтылған сөздер бізге ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің диаграммасын құрастыруға мүмкіндік берді.

 

  1.   Эксперименттік бөлім.

3.1. Әр салада адамдардың арасында кірме сөздерінің келу себептерін анықтау.                                                                                                                                           Әр  салада адамдар  арасында кірме сөздерінің келу себептерін анықтау үшін сол адамдармен сауалнама жүргіздік. Зерттеу барысында адамдар кірме сөздерді жиі пайдаланатынына көз жеткіздік. Зерттеу барысында ең көп лексикалық қор бұқаралық ақпарат сферасынан – 26% , экономикада -11%,  саясат сферасынан – 10 %,  спорт cалада -7%  шығады.                                                                                                                                         3.2   Оқушылар арасында  ағылшын тілінен кірме сөздерін пайдалануы.   [қосымша № 2]                                                                                                                    Оқушылармен әңгімелескенде, арасында көп пайдаланатын сөздер шата аударымдар, шетел тілі туындысының жүрнақтары болып шықты. Шетел сөзі [ағылшын тілінен. wow ], О’КЕЙ [ағылшын тілінен. OK], бай [ағылшын тілінен bye] – бұл сөздер көп қолдануда,тіпті көбі бұл сөздер кірме сөздер деп ойламайды да. Оқушылардың кірме сөздерін күнделікті өмірде пайдалануының себебін анықтау мақсатында сауалнама құрастырдық.  Оқушылар кірме сөздерді пайдалатының анықтау үшін оларға парақшаларға сұрақтарды жазып тараттық. Сол сұрақтарға жауабын берген кезде, оқушылар тек қана «ия», «жоқ» жауабын бермей себебін де жазып отырды. Оқушылар кейбір сөздердің мағынасын түсіндіріп жазды. Соңғы сұрақ жастардың көзқарасын анықтауға байланысты болды. Барлық сұрақтарға жауап берген соң, оқушылар жиі пайдаланатын 10 кірме сөздерді жазды.                                                          

Қорытынды нәтижесі бойынша, әр баланың ойлау қабілеті мен көзқарасы әр түрлі.  Әр топқа талдау жасаған кезде мынадай ойға келдік.  Жоғарғы сынып оқушыларынан \7-9- сыныптар\ олардың келешек өмірінде ағылшын  тілінің маңызы туралы сауал қойғанда, олардың жауабы:                                                                                                                                      1.Мен шетелге саяхатқа барғым келеді – 42%                                                                                                             2.Бұл маған жақсы жұмыс табуға зор мүмкіндік береді – 18%                                                                                  3.Шетел азаматтарымен сөйлескім келеді – 10%                                                                                                         4.Үш тұғырлы тілді меңгеру керек – 9%                                                                                                                                    5. Мен шетелде оқығым келеді – 11%                                                                                                                                                        6. Ағылшын тілі – мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын пән- 100%

Оқушыларының кірме сөздерді пайдалану себебі,бұл сөздер өз ойын нақты жеткізуге көмектеседі.  Кірме сөздер көп салалы сөйлем құбылыстарын суреттеу қажеттілігінде жаңадан шыққан заттар мен құбылыстарын қазақ тілінде пайдаланғанда нақтылау мағынасын жеткізу үшін пайдаланады.  Кірме сөздерді пайдалануға қарсы болғандар, бұл сөздерді айтқан адамдар сөздің мағынасын түсінбейді дейді. Сондықтан оқушыларға кейбір сөздер олардың түсінігі бойынша нені білдіретіні жөнінде ұсыныс айтылды. Мысалы: блокбастер, мейк-ап, клипмейкер, ланч (түскі ас), репост( қайта жіберу),  лайк (ұнату), постер (жарға ілетін сурет), мерчендайзер (сатушы),серфинг,  дайджест ( мәлімет), круиз (cаяхат), брифинг( тілшілер арасында прессконференция ), фейс-контроль (тексерістен өту), хелпер (көмекші), роуминг (басқа желіде), дресс-код (киім стилі). 21 оқушы қатысып,көбі сөздердің мағынасын дұрыс түсініп тұр. Қатысқандардың 15% дайджест және дресс-код ( киім стилі) деген сөздерді білмейді. Брифинг(журналистерге арналған прессконференция), мерчендайзер (сатушы) дегенсөздердіешкімтүсіндіреалмады.
Зерттеу барысында көп пайдаланбайтын, таныс емес кірме сөздердің мағынасын оқушылар білмейді екен.

3.3  Жергілікті прессада көп қолданылатын кірме сөздерінің пайдалануын  анықтау.                                                                                                                                 

Тілші Анаргуль апамен кездесіп, прессада кірме сөздерінің пайдалану туралы  әңгімелестік. Жергілікті прессада кірме сөздерді  көп пайдаланатынын  анықтадық. Анаргуль апайға мынандай сұрақ қойған кезде «Сіз өз мақалаларыңызды жазғанда ағылшын тілінен келген кірме сөздерді пайдаланасыз ба?»  Тілшінің айтуы бойынша : Ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл.  Шамамен бұл тілде  жер бетінде миллиардан астам адам сөйлей алады.  Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер – Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар, ондаған мемлекеттердің ресми тілі. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың, ақпараттардың 33% – ы ағылшын тілінен аударылады. Соңғы 10-15 жыл бедерінде англицизмдер қазақ тіліне қарқынды əрі үлкен көлемде енген.  Ол кірме сөздер ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай жəне жиі қолданылатын сөздерге айналды. Мысалы, кастинг, шоу, видео клип, компьютер, интернет, онлайн деген сөздер бүкіл əлемге таралып, əр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр. Анаргуль апай жергілікті прессадағы кірме сөздер пайдалануы туралы көп мәлімет беріп, архивтен  ескі тираждардан барлық газеттердің номерлерин бізбен бірге қарап, қай мақалаларында көбінесе қолданып жазғанын бізге ұсыныстарын берді. Осындай әдіспен соңшама кірме сөздерінің бар болғанын анықтадық.  Көп пайдаланатын кірме сөздерінің тізіміне жататын келесі сөздер: партнер – partner (серіктес) , позитивті – positive ( жағымды), интеллектуалдық-inteligent (ақылды) , модернизированный- modern (қазіргі замаңғы), креативтік- creative(шығармашылық), компетентность-competence (біліктілік), коучинг – couch (тәжірибелермен бөлісу), менторинг – mentor (тәлімгер), шоппинг – shopping( дүкенге бару), финишировали- finish (аяқтау),  реформа –reform (түзету) , девольвация – devolve( түсу),  пин-код – code, смарт-карта – smart (тапқыр), онлайн – online, флешмоб – flesh mob (көпшілікпен билеу), корпоративтік кештер – corporative (жалпы) , меморандум -memory, кросс -cross, медиа-холдинг – hold, гаджет – gadget , менеджер –manage( басқару), корпорация – corporation(бірлестік), коллоборативтік – coloborative

( топтық), спикер- speak (сөйлеу), коммуникативтік – communicate (сөйлесу)  , эксклюзивтік- exclusive, (ерекше), рейтинг –  rate ( деңгей), скрининг – screan(экранға шығару). Сонымен қатар, біз Қобда газетінің әр саладағы мақалаларды зерттеп отырып  кірме сөздер үнемі қолданылады деп көз жеткіздік.

3.4.Ағылшын тілінен енген кірме сөздерді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Ағылшын тілі ең көп тараған тіл және үш тұғырлы тілдерінің бірі болғандықтан кірме сөздер пайдаланудың өзіндік артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар. Біріншіден ағылшын тілінен енген кірме сөздер сөздік қорын кеңейтеді, екінші жағынан өз тіліміздің әдеби көркемдік мағынасын жояды. Қазіргі жағдай туралы көптеген филологтар мен лингвистардың ойынша, ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көптігі сонша,өз тіліміздің қасиеті жойылып барады. Күнделікті өмірде қазіргі жастар ағылшын тілінен енген кірме сөздерін жиі пайдаланады. Жастарға өз ойын, сезімін ағылшын тілінен енген  кірме сөздер арқылы білдіру оңайырақ көрінеді. Еліміздің көп-теген қалаларында халықтың көп баратын орындары, мәселен шаштараз, дәмхана, дүкендер атаулары ағылшын тілінде тұрады. Көпшілікке түсініксіз бұл атаулардан гөрі өз тіліміздегі атаулар болса,тілге деген құрметін көрсе-тереді.
Мысалы теледидар бағдарламасында, жарнамада:

  1. шаштараз« Beauty», кафетерий «Candy », «VIP-зал», медициналық орталық «On Clinic», дүкендер «Second-hand»,  тіс емханасы «Denta», балаларға арналған  орталығы «BabyLand»,
    2.  чартерлық рейстар, «Микс-трэвел», кинотеатр «Синема», спутник теледидары«Триколор».
    Дегенмен дүниежүзілік ТВ каналдар ағылшын тілінде атала береді «Cartoons Network», «Discovery channel», «Fashion»; бағдарламалар атаулары ток-шоу, анимэ, «Комеди Клаб», «Скетч-шоу»  Ал егер  адамадар белгілі бір сөзді қате түсінсе, бұл көптеген  түсінбеушілік жағдаяттарға әкелу мүмкін.    .

Қорытынды:

Қорытынды жасай келе ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл.  Шамамен бұл тілде  жер бетінде миллиардан астам адам сөйлей алады.  Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер – Ұлыбритания мен АҚШ- тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар, ондаған мемлекеттердің ресми тілі. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың, ақпараттардың 33% – ы ағылшын тілінен аударылса,  15 % – француз тілінен, ал 1 % – ғана неміс тілінен аударылады. Ағылшын тілін білетін адам, жер жүзінде бір миллиард адаммен еркін коммуникацияға түсе алады деген сөз. Ағылшын тілін білген адам, болмаса кадрдың еңбек нарығындағы бағасы өседі. Бүгінде елімізде жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Көп тілді меңгерген жастар көп тіл білу адамның мінезіне де, карьерасына да, өміріне де оң әсер ететін айтып жатады. Өзге тілді білу жаңаша ойлауға және бұрынғы қалыптасқан пікірлерінді  одан әрі дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Жаңашылдыққа, объективті ойлауға жетелейді. Яғни, ағылшын т.б тілдерді білсең өзінді еркін сезініп, әлем бойынша кез келген  адаммен қарым – қатынасқа түсе алатынынды байқайсың.

Біздің Елбасымыз «Қазақстан -2050»  стратегиясында былай айтады. Қа-зіргі әлемінде осы “Үш тұғырлы тілді меңгеру»- біздің еліміздің әрбір азама-тына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Сол  үш  тілдердің  біреу – ағылшын тілі.  Дегенмен, Қобда тұрғындары, соның ішінде оқушылар, ағыл-шын сөздерін күнделікті өмірде қолданады, өйткені кейбір ағылшын сөздері біздің ауызекі тілімізге әбден еніп кеткен. Ең маңыздысы – айтылған сөздердің мағынасын біліп, оларды орынды қолдану керек.

Шет тілін білмеген адам өзін еркін, бостандықта жүргенін сезіне алмайды»

А.П. Чехов

  1.     Ұсыныс:
  • Қазіргі заманда ағылшын тілінің маңызы зор болғандықтан , барлық адамдар  тілімізге  енген кірме  сөздерінің мағынасын  түсініп, орынды   пайдаланса;
  • Біздің ауданымызда тұратын адамдар арасында көп пайдаланатын кірме сөздерінің мағынасымен бірге жинағын шығарылса;
You May Also Like

Функция қасиеттерінің ерекшелігі, ғылыми жоба

Секция: Математика Ғылыми жобаның тақырыбы: «Функция қасиеттерінің ерекшелігі» «Функция қасиеттерінің ерекшелігі» тақырыбындағы…

Ұлттың рухани көсемі, ғылыми жоба

                                                          КІРІСПЕ ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар…

Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі, ғылыми жоба

Бағыты: Психология Тақырыбы: «Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі» Мазмұны  Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..4 Солақай балаларға…

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы»

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы» Орындаған: Арын Ақбота, Имашева Дильназ Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………………