Зерттеудің мақсаты:
Тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақы­лауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайы, оларды өңдеп, кәдеге асы­рудың жолдарын анықтау.

Өзектілігі:

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, адам денсаулығы мен қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізаттар болып та табылады. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірге толық жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға өте көп қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Жинақтау,салыстыру, шығармашылық, қол жұмыстар, қорытынды жасау.

Зерттеудің жаңалығы:

Қалдықтардың екінші өмірінің  пайдасы, маңызы туралы біле отырып олдардың көптеген әсемдеуге, әдемілікке  қасиеттерінің барын ұғындым.  Қоқыстардың алуан түрлі өмірге пайдасы бар екендігіне көз жеткіздім.

Кіріспе
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін   табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады.  Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Ауылының адамдарынан  қоқыстан арылу үшін не істейтіндерін сұрастырдым.

Қатты қағаздар (ғылыми жобаға ізденуші өз суреттерін жасайтын болады)

Қалақпен жұмыс

Қалақтарымызды гуашьпен бояу

Дайын болған әсемдік бұйымдар
Зерттеудің нәтижелері:
Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Қалдықтардың арасынан түрлі қалдықтарға қарай отырып ,қатты қағаз,  қалақ  түрін  жинап, өңдеу арқылы  менде бірнеше нәтижеге жеттім. Біріншіден,қалдықтардың түрін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым. Екіншіден, қатты қағазбен жұмыс істеуді үйрендім.  Зерттеудің кезеңдері: Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен таныстым.  Екіншіден, мәліметтерді жинақтап,қоқыс қалдықтарыннан тұрмыстық заттар жасауға үйрендім.
Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдадым.

 

You May Also Like

Виртуалды мұражай моделін құру

ВИРТУАЛДЫ МҰРАЖАЙ МОДЕЛІН ҚҰРУ Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу – Қазақстандағы ұлттық…

Бюджеттен есеп айырысу есебі, дипломдық жұмыс

Жоспар: Кіріспе                                                                                                          Салық және салық салудың есебі 1.1 Салық туралы түсінік 1.2…

Қайта минералдану терапияның әдістері және заттары

Қайта минералдану терапияның әдістері және заттары Жоспары КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ РЕМИНЕРАЛДАНУ  ТЕРАПИЯНЫҢ…

Гистология және цитологияның қысқаша даму тарихы

ГИСТОЛОГИЯ МЕН ЦИТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ Гистология (грекше histes — ұлпа, logos…