Жоспар

  1. Интерфейс туралы жалпы түсінік.
  2. Пайдаланушы интерфейсі
  3. Интерфейс түрлері
  4. Пайдалану интерфейстерінің талаптары (ПИ).
  5. Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері
  6. Бағалау.
  7. Даму перспективасы
  8. Іске асыруды үйлестіру.

1.Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы)

1) программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы;

2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы;

3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы 

2.Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі (user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы.

Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады:

жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану;

объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор.

Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе – пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс. 

3.Интерфейс түрлері

3.1 Командалық жол (командная строка; command string) — 1) графиктік интерфейсі жоқ пайдаланушыға операциялық жүйенің командасын енгізуге қызмет ететін жол. Мыс., ms-dos жүйесі командалық жолда «шақыру» термині жиі пайдала нылады. Командалық жол тек команда емес, қосымша параметрлерді де енгізуге қолайлы. Графиктік операциялық жүйе негізінен командалық жолдың міндетін атқаратын арнайы диалогтық терезені немесе қосымша тақтаны пайдалануға береді; 2) операциялық жүйені шақырудан басталатын экранный жолы; 3) команда енгізілуге тиіс экрандағы меңзер тұрған жол. Егер бағдарлама командалық жолдың командалар интерфейсімен басқарылатын болса және пакеттік интерфейсті қолдаса, графикамен бірге командалық жолдың интерфейсінің шебер үйлесімі тұтынушыға өте қуатты мүмкіндіктерді ұсынады. Командалық жолдың интерфейсі мәзір негізінде бағдарламаның басқару жүйелеріне қарама-қайшы болады. Командалық интерфесінде шығарылған ақпаратты шығару форматы регламенттелмейді, әдетте бұл қарапайым мәтіндік шығару бағдарламасы, бірақ ол графикалық, дыбыстық және т.б. болуы мүмкін.  

3.2 Пайдаланушының графикалық интерфейсі

(ПГИ) (ағылшынша Graphical user interface, GUI; сленг. ГУИ) – Пайдаланушыға дисплейде графикалық сурет түрінде көрсетілген элементтердің (мәзір, пернелер, белгілер, тізімдер т.б.) алуан түрлілігі. Басшылық жолдың интерфейсіне қарағанда ПИ барлық экрандық объектілерге кіру мүмкіндігін береді (еңгізу құрылғылары арқылы – пернетақта, тышқан, джойстик және т.б). және олармен тығыз қатынаста болып, олармен айла-шарғы жасатқызады. Көбінесе ПИ – дегі элементтер интерфейсі метафоралар негізінде құралған және олардың белгілері мен ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Сондықтан қарапайым дайындықсыз пайдаланушының түсінуін оңайлатады.

Тарихы 60 –шы жылдарда Даг Энгельбартомның Стэнфорд зертханалық институтындағы жұмыстары нәтижесінде ПГИ (пайдаланушының графикалық интерфейсі) ойлап табылды. Одан кейін 70-шы жылдарда ПГИ концепциясы ғалымдардың шешуімен Xerox PARC зертханасында да қабылданды. 1973 жылы Xerox PARC зертханасында барлық жас ғалымдарды жинап, зерттеу еркіндігін берді. Нәтижесінде WIMP (Windows, Icons, Menus, Point-n-Click) графикалық интерфейс концепциясы жарық көреді. Осы концепция шеңберінде Alto компьютерлері дүниеге келеді.

1979 жылы Alto-ға ұқсас жұмыс істейтін PERQ станциясын ойлап табады. 1981 жылы Xerox PARC Alto-ның жалғасы Star-ды шығарады. ПГИ концепциясы Apple Computer корпорациясының өнімдерінде коммерциялы түрде іске асты десе болады. AmigaOS операциялық жүйесінде ПГИ өзінің көптапсырыстылығымен

1985 жылы қолданылды. Қазіргі таңда ПГИ нарықта қолданылып жүрген операциондық жүйелер мен қосымшалардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. ПГИ қолданатын жүйелер: : Mac OS, Solaris, GNU/Linux, Microsoft Windows, NeXTSTEP, OS/2, BeOS. ПГИ – дің көп қолданыста болуына қарамастан кейбір бағдарламалар ПГИ – ге аналог болып есептеледі. Операциондық жүйеге кіру алдыңдағы BIOS Setup баптауларын мысал ретінде келтірсе болады. ОЖ қажет етпейтін ПГИ – лер де баршылық.

ПГИ – дің төмендегі түрлерін айқындап өтсек болады:

  1. Қарапайым: ПГИ – дің өз жүйесімен қамтамасыздандырылатын типтік экрандық формалар және стандартты интерфейс элементтері;
  2. Шынайы-графикалық, екі қалыпты: өзіндік әдістермен немесе қосымша кітапханалармен іске асқан оригинал метафоралар мен стандартты емес интерфейс элементтері;
  3. Үш қалыпты: қазіргі кезде өте аз классификацияланған.

 

3.3 Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.

 

4.Пайдалану интерфейстерінің талаптары (ПИ).

ПИ-дің идентификациясының негізгі мүмкіндіктерінен белек ПИ-дің сыртқы пішіні мен іс-әрекеттерінің белгілі сипаттамасы талап етіледі. Төменде ПИ жасаушылары ескеретін сипаттамалары беріледі:

  • ПИ стилін тандау.
  • Қосымша үшін ПИ-дің платформасы мен басқа стандарттары.
  • Берілген платформада жұмыс жұргізетін, ПҚ-ны қолдаушымен сәйкестігі (мысалы қосымша X немесе Ү пакеті).
  • Экранның мазмұны (мысалы, мақсаттардың орындауына қажетті деректер мен функциялары).
  • Экранның іс-әрекеті (мысалы, экранда көрсетілген кездегі, баскарудың бірінші элементінің кіру фокусы).
  • Экранның сыртқы пішінінің сипаттамалары (мысалы, графиканы пайдалану, деректердің көрсетілуі, эстетикалық қасиеті).
  • Пайдаланушылар мен жүйенің өзара қатынастарының әдістері (мысалы, командаларға кіру, пернелердің комбинацияларын кұрудың тәсілдері және т.б.).
  • Пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндіктері, оның ішінде табуляция кұралдарының іс-әрекеті, табуляция пернесінің циклды жұмысы.
  • Жүйенің жағдайы мен қайта шақыру уақытының жауабына, пайдаланушының кері байланысы.
  • Пайдаланушының әр түрлі функцияларды бақылауы.
  • Терезенің орналасу және өзгеру операцияларының нәтижесін, сондай-ақ деректерді, жағдай мен контексті есте сақтау.
  • Қосымша үшін навигацияның мүмкіндіктері.
  • Навигация кезінде пайдаланушылық деректерін сақтау.
  • Навигация кезінде пайдаланушының аралық деректерін есте ұстау.
  • Интерактивті оқыту, өнімділікті қолдау және аныктамалық жүйе.
  • Қателерді болдырмау және қателерден кейінгі жүйені қалпына келтіру.
  • Түр-түсті, индикаторларды, графикті және т.б. стандартты түрде қолдану.
  • Физикалық кемістіктері бар пайдаланушыларға қолайлы тәсілдермен қамтамасыз ету.

5.Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері

Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру керек. Адамдар тез үйренеді, соған карай олардың психологиялық сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер ойындарын жасаушылар көп күштерін адам мен компьютер арасындағы интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі – интерфейс болып табылады. Түр-түс, дыбыс, графиканы пайдалану кездейсоқтық емес, саналы турде қабылдаған шешімі. Ойындар ішіне бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға қызығушылығын қолдайды; пайдаланушы ойынға үйренуіне карай, оның дәрежесі жоғарылап, ойын өзгереді, мысалы жылдамдығы өседі. Ойын жасаушылар ақпараттық және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін біліп, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып, шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек. Сонымен мұндай операциялардың негізінде жалпы принциптер жатқанын мақұлдауымыз керек. 

  1. Бағалау.

Жоғарыда қаралған стратегияны ұстанатын шығарушы, қалай керекті нәтижеге жететінін біледі?

Интерфейсті бағалауға мүмкіндік беретін бірнеше критерийлерді болжауға болады. Олардың бәрі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

  • операциялық жүйені игерудің және есте сақтаудың қарапайымдылығы;
  • жүйенің көмегімен шешілетін мақсаттардың тез орындалуы;
  • жүйенің эксплуатациясы кезінде субъективті қанағаттанушылық.

Нақты пайдаланушыға, берілген білім денгейіне жетудің, бақылау уақытын белгілеуге болады. Критерий, сондай-ак қажетті нәтижеге жеткізетін жаттығулар түрін көрсете алады.

Мұндай критерийге төмендегідей тұжырымдама беруге болады:

«Жүйемен бірінші рет екі күн өз бетімен жұмыс жасаған пайдаланушы, иерархиялық байланысты каталогтардағы дискіде сақтаған файлдармен жұмыс істеудің барлық командаларын игереді».

Біраз уақыт өткеннен кейін барлық жұмыс әдістерін сақтау – бұл жұмыс үзілісінен кейін, іс-әрекетін қайта көтеруге жеткілікті білім деңгейін көрсететін басқа критерий. Тапсырманың тез шешілуін жылдамдықпен дәлдікпен бағалауға болады. Жылдамдықты бағалаған кезде жүйенің тез жұмыс істеуі емес, қойылған мақсатқа жетуге қажетті уақыт ескерілетінін байқайық. Сондықтан да деректер енгізу жүйесіне пернетақтамен жұмыс жылдамдығы емес, мысалы былай көрсетуге болатын:

«Банк қызметкері бір сағатта қатесі бір пайыздан аспайтын жиырма есеп қағазын дайындауы керек» тәрізді бақылау саны маңызды.

Субъективті канағаттанушылық критериі пайдаланушылық жүйе және онымен жұмыс істеу ыңғайлығы жайында көзқарасын көрсетеді. Бұл критерийді саны бойынша бағалау киын, бірақ оны, мысалы, пайдаланушылар қосымша орнатқыштарға қарайтын жиіліктер көмегі арқылы көрсетуге болады. Барлық үш критерийді де пайдаланудың кез келген саласына жатқызуға болса да, нақты пайдалану үшін олардың біреуі ғана маңызды.

Авиакөлік басқару жүйесі сияқты жүйелер үшін маңызды факторларға дәлдік пен жылдамдық жатады.

Жанжақты пайдалануға арналған жүйелерінің негізгі талабына жұмыс алдындағы алдын-ала үйретудің болмауы жатады, өйткені мұндай сабақтарды ұйымдастырудың мүмкіндіктері жоқ.

Электрондық пошта сияқты жүйемен жұмыс жүргізгенде, пайдаланушылар өздерін күрделі емес жүйелермен жүмыс істегендей қолайлы сезінуі керек, ондай болмаған жағдайда олар одан мүлдем бас тартады. Әрбір критерийдің мәнін орнату – қиындықтардың тек бір бөлігі ғана; интерфейсті жасаушы алға қойылған мақсаттарға сай жүйенің нақгы өнімділігінің өлшемін білу керек. Бұл өлшемдерді жүргізу үшін бірнеше әдістер қолданылады.

Жүйелер автоматты түрде

  • нақты диалогты көшірмелерін құрып сақтай алады
  • тапсырмалардың әртүрлі кезеңдерін орындауға жұмсаған уақытын, қателерінің саны мен түрін жүйелік журналға енгізеді.

Жүйенің жұмысына қанағаттанғандықтарын білу үшін, пайдаланушыларға біраз сұрақтарға жауап беріп, анкета толтыру ұсынылады. Жүйенің жұмысын визуалды түрде бақылап ары қарай сараптау жасау үшін бейнетаспаға жазып алуға болады. Бұл тәсілдерді қолдану барысында, шынымен дұрыс нәтиже шыққанына және де кандай да болмасын сіз байқаған ауытқушылықтар сыртқы факторлармен анықталмай, жүйеге тән болуына сенімді болу киын. Жиі қолданылатын статистикалық тәсілдер, сыналған объектінің және өлшеу жүргізу тәсілдерінің табиғатын түсіндіруде қатал әдіс — амалдарды талап етеді. Дәл және нақты жауап беруге болатын анкета сұрақтарын тандаудың қиындықтары белгілі. Адамдар өздерін қадағалап немесе «сынақтан өткізіп» жатқанын біліп қойса, мінез-құлықтарын түбкілікті өзгертуі мүмкін.

Адам-компьютер интерфейсі, пайдаланушыға байланысы бар есептеу жүйесінің аспектілерді құрайды. Бұл есептеу жүйесінің табысты жұмысын камтамасыз ететін маңызды фактор, өйткені интерфейстің эргономикалық (физикалық және психологиялық) сипаттамалары пайдаланушылық өнімділігіне белгілі әсерін тигізеді.

Стресстік жағдайларды төмендету үшін, жүйе пайдаланушының физикалық жағдайына, және де максаттарын түсінуіне сәйкес болуы керек; бұл талап жүйелерде көптеген пайдаланушылар жұмыс істегендіктен күрделіне түседі, және де жеке пайдаланушылық талаптары оның жүйемен танысу барысында өзгеріп отырады. Талаптардың кешенді түрде ескеру, пайдаланушыға ыңгайлы жүйелерді кұрауға әкелетін, интерфейсті жобалау стратегиясын құруға мүмкіншілік береді.

  1. Даму перспективасы

«Пайдаланушыны және оның мақсатын түсіну» нұсқауларын орындаудан, беру оңай. Жүйені жасаушы және аналитик өз жұмысын қолданудың барлық саласын жақсы біледі деп және потенциалды пайдаланушының психологиялық қажетін терең түсіне алады деп күтуге болмайды. Негізгі типтік принциптерінің бірі, аналитиктің болашақ пайдаланушыларға сұрак жүргізу арқылы дерек алуында болады. Керек сұрақтарды жинаудың пайдалы әдісі – өзін жүйемен жұмыс істейтін пайдаланушының орнына қою. Бірақ интерфейстің қолайлылығын бағалаудың бірден бір әдісі – ол іс жүзінде, пайдаланушы дұрыс жұмыс жағдайында, жүйемен қалай қарым-қатынас жасайтынын көріп білу.

Интерфейсті жобалау процесі, бірнеше кезеңнен тұратын: Сараптау – жасап шығару – компоновка – іске асыру – сызықтық процессінің өңдеу программасының дәстүрлі көзқарасына қайшы келеді.

  1. Іске асыруды үйлестіру.

Интерфейстік тәжірибелі үлгілерін өңдеуге әкелетін, олармен пайдаланушылар жұмыс істейтін және де олардың реакциясына қарай керекті өнім пайда болғанша өзгеріп отыратын, интерактивті әдіс-амал керек. Бұл дегеніміз – интерфейстің элементтерін үйлестірудің икемді әдісті қолдану. Бейімделу әдістерін интерфейстің шеңберінде қарау керек. Негізгі принциптер интерфейсті жасау негізін құраса да, олар пайдаланушылардың бәрін қанағаттандыра алмайды. Орташа пайдаланушыға есептелген интерфейстің жасалын шығуы – бұл ең кіші ортақ бөлгішті іздеу сияқгы болады.

Тура солай, пайдаланушыларды жасап шығаруға тарту, оның абсолютті қолданғыштығына кепілдік бермейді. Максаттарының жағдайы өзгермесе де, пайдаланушылардың сұранысы, өздері сияқты өзгеріп отырады. Дұрыс жобаланған интерфейс, мысалы, компьютер ойынындағыдай, әртүрлі пайдаланушылардың қажеттілігіне және де бір пайдаланушының жұмысының әртүрлі кезеңіне қарай бұрылып отыруы қажет.

Адам – компьютер интерфейсінің бейімделу проблемасы – соңғы кездегі ізденістердің негізгі бағыты

You May Also Like

Микробиология пәнінің даму тарихы, микроорганизмдер. СӨЖ

ЖОСПАР: І КІРІСПЕ 1.Микробиология пәні және мiндеттерi ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1 Медициналық…

СӨЖ Созылмалы аурулары бар науқастардың тістерін жұлу ерекшеліктері

Жоспары I.Кіріспе Тіс жұлу операциясы дегеніміз не? II.Негізгі бөлім 1. Жалпы салыстырмалы…

Көру төмендеуінің және соқырлықтың негізгі себептері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Көру төмендеуінің және соқырлықтың негізгі себептері Жоспар 1) Кіріспе 2)…

Ақпаратты жинау әдістері мен тәсілдері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:Ақпаратты жинау әдістері мен тәсілдері ЖОСПАР І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім А)Ақпаратты жинау…