СӨЖ

Тақырыбы: Көру төмендеуінің және соқырлықтың негізгі себептері

Жоспар

1) Кіріспе

2) Негізгі бөлім

Көру төмендеуіне алып келетін аурулар

Көру нервісінің аурулары

Көздің ішкі қысымын реттейтін жүйенің патологиясы

3)  Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі кезде көрудің төмендеуіне көптеген жағдайлар алып келеді. Соның ішінде ең жиі кездесетіндер – көру нервісінің аурулары мен көздің ішкі қысымын реттейтін жүйенің патологиясы. Бұдан басқа да себептер алып келеді.Мысалы, көздің жарақаттары, тағы да басқа факторлар алып келеді.

  • Көру нервісінің аурулары
  • Ретробульбарлық неврит
  • Көру нерв дискісіндегі іркілу процестері
  • Көру нервтерінің семулері
  • Көру нервісінің аурулары

Ретробульбарлық неврит

Аурудың алғашқы кезеңінде көру нерв дискісінде ешқандай белгілер болмайды. Соңғы кезеңінде көру жітілігі әртүрлі дәрежеде төмендеуі, көру кеңестігінің шеткі шегінің тарылуы байқалады. Дискілік буда зақымданғандықтан көру кеңестігінде көбіне орталық дақ (скотома)байқалады.

Ретробульбарлық неврит ағымына қарай

Жедел  невритке кұбылыстың қарқынды басталуы, көз түбінің әсіресе көзді қозғағанда ауруы, көру жітілігінің жылдам төмендеуі тән болады.

Созылмалы невритке барлық өзгерістердің жайлап дамуымен. Көру қабілетінің біртіндеп төмендеуі тән болады.

Көру нерв дискісіндегі іркілу процестері

Көру нерв дискісінде іркілу процестері кезінде тор қабықтың  артериялары тарылған, веналары кеңіген, түсі ұызғылт-сұр болады. Егер іркілу ұзақ мерзімге сақталса нерв талшықтарының қысылып сығылуынан көздің көру қабілеті төмендейді.

Тор қабықтың артерияларының тарылуы мен қан құйылуы

Көру нервтерінің семулері

Көру нервісінің семулерінің барлық түрлерінде көру жітілігі төмендейді. Алдымен көру нерв дискісінің қызаруы және оның шегінің комескіленуі пайда болады.Көру нервісінің жай семуі жұлын мерезі мен удемелі параличкте жиі кездеседі. Әдетте ол көру кеңестігінің центрлес тарылуымен, көрудің төмендеуімен сипатталады. Қарашықтың рефракторлы қозғалмауы, олардың формасының дұрыс болмауы, яғни Аграйл-Робертсон белгісінің оң болуы осы ауруға тән болады.Ақыр соңында ауру соқырлыққа алып келеді.

Көздің ішкі қысымын реттейтін жүйенің патологиясы

  Глаукома – көздің ішкі қысымының тұрақты түрде көтерілуімен, көру жітілігінің төмендеуімен және көру нерв дискісінде экскавацияның пайда болуымен сипатталады.

Глаукома түрлері

  1. Іштен туған
  2. біріншілік
  3. екіншілік

Іштен туған глаукома

Нәрестелердің көздерінің өте ауыр патологиясы. Ол басқк көз ауруларына карағанда ерте соқырлыққа жиі соқтырады.Себептерінің бірі алдыңғы камераның бұрышындағы эмбриональдық мезодермалық тканнің толығымен сорылмауы.Бұл ткан сұйықтықтың трабекула мен Шлеммов каналына өтуіне бөгет болады.

Клиникасы

– Алдымен жас ағу;

– Қасаң қабық пен көз алмасының ұлғаюы;

– Қасаң қабықтың мөлдірлігінің жойылуы;

-Лимб кеңейеді, оның шеті көмескіленеді;

-Көздің ішкі қысымы жоғарлайды;

– Көз алмасының іркілулік қызаруы, Кобра медуза белгілері пайда болады.

Біріншілік глаукома

Бұл жазылмайтын соқырлықтың өте жиі себептерінің бірі. Көбінесе үлкен жастағыларда кездеседі. 2 түрге бөлінеді.

Ашық және жабық бұрышты глаукома болып бөлінеді.

Біріншілік глаукома

Ашық бұрышты

Субьективті белгілері:  Белгісіз пайда болады

Көру қабілеті білінерліктей дәрежеде төмендемей пайда болады

Көз толып тұрған сияқты сезіну

Көрудің тұмандауы

Жарық көзіне қарағанда қызылды- жасылды кемпір қосақтанып көрінуі

Обьективті белгілері:  Ішкі қысымы жоғарлаған көздерде алдыңғы кірпіктік артериялардың  басы кобра жыланның басы сияқты кеңееді де кобра белгісі пайда болады.

Жабық бұрышты

Субьективті белгілері:  Көзге көрінбеген әртүрлі себептерден пайда болады

бастың ауруына,

Көрудің тұмандауы

Қасаң қабықтың ісінуіне

Обьективті белгілері:      Алдыңғы кірпіктік артериялар кеңеиді,

Алдыңғы камера сайаз,

қарашық кеңіген

Һарашықтың кеңуі көздің кушті көтерілген қысым әсерінен қарашықты тарылтатын бұлшықеттің салдануынан пайда болады.

Екіншілік глаукома

Бұл басқа аурулардың салдары ретінде дамиды. Осы глаукоманың барлық түрінде де көздің қысымының көтерілуінің тікелей себебі- көзден сұйықтықтың ағып шығуының бұзылуы болады. Ақыр соңында соқырлыққа алып келеді.

Емі

Консервативтік

Гипотензиялық емдеу

Бета- адреноблокаторлар тимолол, 0,25 күніне 1-2 рет тамызады.

Симпатикотроптық  адреналин, фетанол

Хирургиялық

Иридоэктомия- нұрлы қабықтың бір бөлігін кесіп алу;

Жыланкөз жасайтын оперциялар т.б.

Қорытынды

Қазіргі кезде көрудің төмендеуіне көптеген жағдайлар алып келеді. Соның ішінде ең жиі кездесетіндер – көру нервісінің аурулары мен көздің ішкі қысымын реттейтін жүйенің патологиясы.

You May Also Like

Пародонт ауруларын кешенді емдеуде қолданылатын хирургиялық әдістер, СӨЖ

СӨЖ Пародонт ауруларын кешенді емдеуде қолданылатын хирургиялық әдістер. žЖоспар: žПародонт ауруларының хирургиялық…

Ұңғымаларды бұрғылау, СӨЖ

СӨЖ  Тақырыбы: Ұңғымаларды бұрғылау Ұңғымаларды бұрғылау Бұрғылау — цилиндр пішінді тау —…

Гистологияның даму тарихы, СӨЖ

Тақырыбы:Гистологияның даму тарихы. Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім 1. Гистология цитология…

Биологиялық ресурстарды сақтау. ҚР биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану. СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Биологиялық ресурстарды сақтау. ҚР биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану. Биологиялық ресурстар —…