Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны –  жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық – бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.   Жұмыссыздық – бұл жұмыс  күшіне деген   сұраныс пен оның ұсынысының  арасындағы  айырмашылықтан туындайтын  нәтиже.  Экономикада  жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған жұмыссыздардан құралады.

Жұмыссыздықтың түрлері:

Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі кезде олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденуімен ауысуын айтамыз.

Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы:

Құрылымдық жұмыссыздық – өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады; ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

Циклдық жұмыссыздық – өндірістің құлдырауынан туындайды.

Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай өзінің   абыройын да жоғалтады. Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді: инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмысспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

Қазақстанда  экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын  жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек  нарығында  ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады.  Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа  орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба  алмағандықтан өзінің  біліктілігін  жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

You May Also Like

Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту

Тақырыбы: Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім…

Арқан балық қосылған сәбіз сорпасы

Қажетті өнімдер: Өнімдер4-6порцияға арналған. – 500 г сәбіз; – 1 ас қасын,…

Адам өмірін өзгерткен 3 ғылыми жаңалық

Адам өмірін өзгерткен 3 ғылыми жаңалық. Адамзат тарихы – бұл әлемді технологиялық…

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың ойын іс-әрекетін дамыту және көріп қабылдауын дамытуда қолданылатын көрнекіліктер

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың ойын іс-әрекетін дамыту және көріп қабылдауын дамытуда қолданылатын…