СӨЖ

Пародонт ауруларын кешенді емдеуде қолданылатын хирургиялық әдістер.

žЖоспар:

žПародонт ауруларының хирургиялық емі.

žОперацияға көрсеткіші және кері көрсеткіші.

žОперация алды дайындықтар.

žГингивотомия

žГингивэктомия

žКюретаждау

žЛоскутты операция

žY-тәрізді және Лимберг бойынша (Z-тәрізді)

žЛимберг бойынша френулопластика  (Z-тәрізді).

žЭдлан-Мейхер вестибулопластикасы.

žКларк бойынша вестибулопластика.

žТуннельді вестибулопластика

Парадонт ауруларын хирургиялық емдеу 

žПарадонт ауруларының алдын алуда маңызды роль хирургиялық емдеуге беріледі. Көп жағдайда  оперативті  емдеу  арқылы ғана  қабыну  ошағын тоқтатып, альвелярлы  сүйектегі  деструктивті өзгерістердің алдын алуға болады.Жалпы, жергілікті,  физиотерапевтік емдер хирургиялық емдеуге қосымша ем болып табылады.Клиникалық және морфологиялық зерттеулерге қарағанда консервативті емнен кейін қызыл иектің сүйек ұлпасында, альвоелярлы өсіндісінде активті қабыну ошағы белгілері қалады. Олар тек оперативті ем нәтижесінде ғана жойылады. Парадонтты хирургиялық емдеудің бірнеше әдістері  бар.

žПарадонт зақымдануының біріншілік профилактикасында ауыз қуысы кіреберісінің коррекциясы, екіншілік профилактикасында кюретаж, лоскутты опернациялар қолданылады. Хирургиялық емдеу парадонт ұлпасында құралымдық және функцияналдық жағдайларының жақсаруына әкеледі.

žОперацияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер

žДиагноз қойылып аурудың ауырлық дәрежесі, таралуы белгілі болған соң сол ауруға жасалатын операция түрі таңдалады.Кюретаж, гингивоэктомия операция алды кезеңін, хирургиялық емдеу әдістерін таңдап, операциядан кейінгі кезең этаптарын сақтап жүргізледі.Парадонттың жеңіл сатысында кюретаж және оның модификациялары қолданылады.  Орташа және ауыр сатысында лоскутты операциялар  және оның модификациялары қолданылады.  Парадонтальды қалталарды жою және парадонттағы метоболиттік өзгерістерді қалпына келтіру үш гингивоэктомия ауру симптомдарын жою үшін, жасалатын операциялар реконструктивті операцияларға жатқызылады.Гингивотомия және гингивоэктомия ауру симптомдарын жою үшін, парадонтальды абссцестердің алдын алу үшін арналған лоскутты операциялардың модификациялары болып табылады.Парадонтта орналасқан шектеулі зақымданулар кезінде қысқа үзеңгіні кесу, аллопластикалық операциялар қолданылады.

žҚарсы көрсеткіштер: Жалпы, жергілікті, абсолютты, салыстырмалы болып бөлінеді.

žЖалпы қарсы көрсеткіштер: жүйелі остеопороз, онкологиялық патология, қан аурулары жатады

žСалыстырмалы қарсы көрсеткіштер: Жүректің ишемиялық ауруы

žЖергілікті: сүйек ұлпасының деструкциясы, тістің екінші сатылы қозғалғыштығы, ауыз қуысы гигиенасының сақталмауы жатады.

Диагностикасы

žОперацияға дайындап жатқан науқасты толық және дұрыс зерттеу жүргізу операция түрін, қарсы көрсеткіштерді, операцияға көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Операция алдында науқастан толық түрде медициналық, стоматологиялық анамнездерін, зиянды  әдесттерін, рентгенологиялық және парадонтты мұқият тексеру қажет.

žҚосымша микробиологиялық зерттеу әдісі қолданылады. Бұл зерттеусіз емдеуде оң нәтижеге жету мүмкін емес.

Парадонтальды ауруларды анықтаудың диагностикалық реттілігі

ž1)  Медициналық, стоматологиялық  анамнез жинау

ž2)  Жалпы пародонтальды зерттеу жүргізу

ž3)  Қызыл иектегі қабыну процестерін анықтау

ž4)  Парадонтологиялық  зондтау

ž5)  Бактериологиялық зерттеу жүргізу

ž6)  Стоматологиялық  зерттеу жүргізу

ž7)  Тістің қозғалғыштық дәрежесін анықтау

ž8)   Оклюзияның бар жоғын анықтау

ž 9)    Периапикальды R-грамманың интерпретациялары

Операция алдындағы   дайындық

žОперация алдында парадонттағы қабыну процестерін мүмкіндігінше азайтып барып операция жасау керек.

ž   Операция алдындағы   дайындықты мынадай топтарға бөлуге болады:

žАуыз қуысы санациясы мен гигиенасын сақтау

žҚозғалмалы тістердің иммобилизациясы. Жарақатты болдырмау

žТістерді таңдаулы түрде жалтыратып және окклюзиялық жазықтықты тегістету.

žПародонттың деструктивті процесстер себебінен тістің тамыр нерв шоғырының жалаңаштануына күмәндәну себебінен оны ұлпасыздандыру.

žКөптеген тістерді жұлу кезінде иммодант протез қолдану

žЖалпы емдеу

žХирургиялық тәсілдерге  пародонтальды қалталардың кюретажы жатады, гингивотомия, гингивэктомия, лоскутты операция және  микроостеопластика. Соңғы жылдары төменгі тістердің орталық топтарының пародонтитінің локализденген формасында вестибуло-пластика операциясы қолданылады.

žГингивотомия

žГингивотомия – пародонталдық қалтаны тілу және оның кюретажы – көбіне оны пародонталдық абсцесс дамығанда қолданады. Операциядан соң патологиялық қалта қалады, оны биологиялық белсенді заттарды, биоматериалдарды енгізіп, емдік таңумен жабады. Бұл әдіс біржақты және тар пародонталдық қалталар және пародонталдық абсцестер кезінде қолданылады. Ол үшін қызылиек жиегінен 2-3 мм шегіне отырып, қалтаны тік немесе көлденең тілік жасай отырып ашады және осы тілік арқылы өтіп, қызылиек асты шөгінділерді, грануляциялық тінді, өскен эпителийді қырып тазалайды. Жарақат ошағын антисептиктермен жуып тілікті тігіспен жабады. Кейде тілікті қызылиек жиегінен бастап қалта түбіне дейін жасауға болады. Бір қабылдауда 1-3 тістер аймағындағы ғана қалталарды тазалауға болады.

žГингивэктомия

žГингивэктомиялау әдісі пародонталдық және «жалған» пародонталдық қалталарды жойып, ауыз гигиенасын жақсарту үшін қызылиектің бөлігін кесіп алып тастауды қарастырады. Бұл әдіс қызылиектің өсе қабынуы, қызылиек фиброматозы, қызылиектің ұлғаюымен қатар пайда болған пародонталдық қалталар кезінде қолданылады.

žГингивэктомиялау (қызылиекті кесіп алып тастау) әдісі екі түрге бөлінеді: жартылай гингивэктомиялау (частичная гингивэктомия) және толық гингивэктомиялау (тотальная гингивэктомия).

žЖартылай немесе қарапайым гингивэктомиялау әдісі көбінесе қызылиектің өсе қабынуы кезінде және пародонталдық қалталарды толық жою мүмкіндігі болмаған кезде, тек олардың тереңдігін азайту үшін қолданылады.

žОперацияны орындау тәсілі. Пародонт тіндерін уақытша жансыздандырып алғаннан кейін, қызылиектің жиек бөлігінен қалтаның 3 мм тереңдігіне дейін кесіп алады да оның қалған бөлігінде кюретаждау әдісін жүргізіп, жара бетін антисептиктер ертіндісімен өңдеп, бетіне емдік таңба қояды. Бұл әдіс көбінесе кіші және үлкен азу тістер аймағында қолданылады, ал алдыңғы тістер аймағында сирек қолданылады (тістердің түбірі ашылып, косметикалық ыңғайсыздық туындататын болғандықтан). Толық немесе радикалды гингивэктомиялау әдісі соңғы кезде қолданыс таба қойған жоқ.

žКюретаждау әдісі

žЖабық кюретаждау әдісі тереңдігі 3,5-4,0 мм пародонталдық қалталарда жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – пародонталдық қалтаны жою. Ол үшін қызылиек асты тіс тасын, грануляциялық тінді және қалтаның қызылиек жақ қабырғасының бетін қуалай өскен эпителийді алып тастап сорылуға ұшыраған цемент бетін тазалау керек. Осының нәтижесінде аққан қан ұйып, ірі талшықты тыртық тінге айналады, қалтаны жиырып, тазаланған қызылиектің беткей қабатының жаңадан құрылған түбір цементіне жақсы бекуін қамтамасыз етеді.

žКюретаждау әдісін жүргізген кезде төмендегі шарттарды сақтау қажет: операция жүргізілетін аймақты (бір қабылдауда 3-4 біртүбірлі тістер немесе 2 көптүбірлі тістер пародонтын) тиімділікпен уақытша жансыздандыру, өңделетін тіндерге аса көп зиян келтірмеу, асептика қағидаларын және ұйыған қанды сақтау, операциядан кейін ауызды дұрыс күтуді қамтамасыз ету.

žКюретаждау үшін зарарсыздандырылған және өткір аспаптар: иілген әртүрлі ілмек аспаптар, аршығыштар (эксковаторлар) кюреткалар, рашпилдер пайдаланылады.

žЖабық кюретаждау әдісінің бірден-бір кемшілігі – операция жүргізіліп жатқан аймақты анық көре алмау, осыған байланысты жыртылған жаралы беттердің пайда болуы. Бұл кемшіліктерді жою үшін Т.И.Лемецкая және б. (1981) ашық кюретаждау әдісін ұсынған .

žБұл әдіс тереңдігі 5мм-ден аспайтын пародонталдық қалталарда жүргізіледі.

žОрындалуы

žКюретаждау тәсілі. Уақытша жансыздандырудан кейін қызылиек асты тіс тасын және түбір бетіндегі өзгеріске ұшыраған цементті алып тастайды және бұл шараны ультрадыбыстық скалердің көмегімен аяқтайды. Тіс түбірлерінің беттерін белгілі реттілікпен (ерін-ұрт, жанасу және тіл-таңдай беттері) тазалайды. Қалтаға түскен қатты тіндер қалдықтарын антисептиктер ертіндісімен шприцпен жуып кетіреді. Осыдан кейін кюреткалардың немесе аршығыштың көмегімен грануляциялық тінді қырып алады. Ең соңғы және жауапты кезең – қалтаның қызылиек жақ қабырғасын өскен эпителийден тазалау (деэпителизация кармана). Ол үшін сол қолдың басбармағымен қызылиекті тіске жабыстырып және қатты қыса отырып, аршығышпен немесе кюреткамен оның тіске қараған бетін эпителий қабатынан қырып тазартады. Ол үшін аспаптың (кюретканың, аршығыштың) ойық бетін қызылиекке қаратып қалта түбіне дйін енгізеді де, өткір жиегін қалтаның қызылиек жақ қабырғасына тығыз жанастырып, онда өскен эпителий қабатын қырып шығарып отырады. Қырушы аспаптың қозғалысы содқол баспармағының астында үнемі бақылауда болады. Қалта толық тазартылғаннан кейін қызылиек тіске қайта жабыстырылып, бетіне қатаятын емдік таңба қойылады. Емдік таңба 5-7 күнге дейін күнара ауыстырылып тұруы қажет. Осы уақыт ішінде науқас жұмсақ және сұйық тағамдарды ғана қабылдап, тістерді мәсуекпен тазаламай, ауызды антисептиктер, ас тұзы немесе ас содасының 1-2% ертінділерімен шайып тұруы (ас қабылдағаннан кейін) керек. Қатаятын таңбалар қояр алдында қызылиек қалталарын сүңгілемейді және жуып-шаймайды. Себебі, мұндай әрекет қалта қабырғасындатыртық тінінің құрылуына кедергі келтіреді.

žАшық кюретаждау әдісін орындау тәсілі.

žАуызды антисептиктер ертіндісімен өңдеп, операция жүргізілетін аймақты уақытша жансыздандырғаннан кейін тісаралық қызылиек бүртіктерінің ұшы арқылы көлденең тілік жасалады, ұрт және тіл жақтан қызылиек қиығы өтпейтін аспаппен қалта түбне дейін сыдырылады. Ашылған тіс түбірлері беттерінен қызылиек асты шөгінділер, өзгеріске ұшыраған түбір цементі және грануляциялық тін алынған соң, қалтаға өскен эпителийді өткір қайшының көмегімен қырқып тазалайды. Алынбай қалған тіс шөгінділерінің қалдықтарын ультрадыбыстық скалермен алып, түбір беттерін финирлер, полирлер және рәзіңке тегістегіштердің көмегімен тегістейді. Қажет болса сүйек құрылуын қамтамасыз ететін заттар енгіп, қиықтарды орнына қайтарады, бөлінген қызылиек бүртіктерінің қиықтарын біріктіріп, тігіс салады. Жаралы аймақты қатаятын емдік таңбалармен 1-2 сөткеге жабады. Тігістік материалды 5-6 сөткеден кейін алып тастайды. Бұл операцияны бір қабылдауда 4-7 тістер аймағында жүргізуге болады. Кюретаждау әдісін қолдануға болатын пародонталдық қалтаның көрінісі суретте көрсетілген.

žОперация жасалған науқасқа ауыз гигиенасын сақтау, жұмсақ және сұйық тағамдар қабылдау туралы (5-7 тәулік) ақыл-кеңес береді және антигистаминдік дәрілер қажет болса бактерияларға қарсы дәрілік заттарды тағайындайды. Қызылиек сайы 7-10 күннен кейін ғана эпителий қабатымен жабылып, қалпына келе бастайды, ал коллаген талшықтарының жетілуі 20-21 күнге созылады (В.С.Иванов, 1989).

žПародонталдық қалталарға кюретаждау жүргізгеннен кейін туындауы мүмкін асқынулар:

žа) Операция жүргізілген аймақта қатты қабыну және домбығу белгілері, кейде аймақтық лимфа түйіндерінің қабынуы (лимфаденит) байқалуы мүмкін. Бұлардың себептері – асептика және кюретаждау ережелерінің бұзылуы. Мұндай жағдайда ауырсыздандыратын, қабынуды, домбығуды тоқтататын дәрілер, ауызды шаюға немесе бұлауға арналған антисептиктер ертінділерін, , шөптер тұнбаларын тағайындайды.

žб) Тіс шөгінділерін, патологиялық өзгеріске ұшыраған цемент пен дентиннің жоғарғы қабатын алғаннан кейін тістерде аса сезімталдық (гиперестезия) пайда болуы мүмкін. Бұл кезде құрамында фтор бар препараттармен тіс беттеріне бастырма (аппликация) қояды (натрий фторидінің 1-2% ертіндісі, фторлы гель) немесе арнаулы лактармен (сырлармен) жабады және науқасқа тістерін құрамында фтор бар, кальций препараттары бар қойыртпақтармен тазалауға кеңес береді. Аса сезімталдығы бар тістерді композиттік материалдың құрамындағы адгезивтермен де жабуға болады.

žЖабық және ашық кюретаждау әдістерін қолдануға қарсы көрсетілімдер: пародонталдық қалталардың қабырғаларының тым жұқалығы және сүйек қалталарының болуы.

žҚиықтап кесу немесе қиықтандыру операциялары(лоскутные операции)

žҚиықтап кесіп тазалау немесе қиықтау операциясының негізгі мақсаты: альвеола өсіндісінің қызылиегі мен сүйекқабын қиықтап кесіп, сылу арқылы пародонттағы патологиялық ошақтың бетін жақсылап ашып, өзгеріске ұшыраған тіндерден тазалап, пародонталдық қалтаны жою және сүйек тіндерін коррекциялау.

žҚиықтап кесіп тазалау немесе қиықтау операциясы жарақат аймағын жақсы көріп, хирургиялық емдеу шараларын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

žБарлық қиықтап кесі операцияларының негізін қалаушы деп Видман-Нейман-Цешинский ұсынған радикалдық операцияны санауға болады. Қазіргі кезде бұл операцияның көптеп түрлендірілген техникалық тәсілдері бар.

žҚиықтап кесу операциясының негізгі мақсаты (лоскутная операция) пародонталдық қалтаны жойып, бұзылған тірек тіндерді қалпына келтіру немесе жаңа дәнекер тінді құрылым бекітуші жүйені қалыптастырып, сүйекті тінінің коррекциялау.

žБұл операцияны қолданып емдеудің негізгі көрсетілімдері: тереңдігі 5 мм және одан да терең пародонтальдық қалталар, тістердің I,II,III дәрежелі қозғалмалылығы, альвеола сүйегінің түбірдің ½ бөлігінен артық деңгейде сорылып, сүйек қалталарының пайда болуы.

žПародонталдық қиықтар толық және жартылай ажыратылған болып екі түрге бөлінеді. Толық қиық жабынды эпителийден, дәнекер тіннен және сүйек қабынан (надкостница), ал ажыратылған қиық эпителийден және дәнекер тіннен тұрады. Сонымен қатар қиық қарапайым (простой) немесе тұрақтанатын (операция біткен соң орнына қайта қондырылады) және көшпелі (позиционный) немесе тұрақсыз (операция біткен соң басқа аймаққа көшіріледі) болып та бөлінеді.

žҚиықтау операциясын орындау тәсілі.

žОперацияға дайындау кезеңі жалпы хирургияда қабылданған қағида бойынша жүргізіледі. Операция жасаудан 30-40 минөт бұрын премедикациялау әдісін қолданады. Операция жасалынатын аймақ инъекциялық әдіспен уақытша жансыздандырылғаннан кейін ұрт және тіл жағынан 6-8 тістің аумағында қызылиек жиегіннен 1-2 мм шегіне отырып 30-45° бұрышпен көлденең тілік және екі тік тілік жасап (сүйек қалталарының тереңдігіне дейін), қызылиекті жартылай алып тастайды. Осыдан кейін қызылиек-сүйек қабынан тұратын қиықты альвеола өсіндісінің тіл және ұртжақ беттерінен сыдырады (қалталар түбінің деңгейіне дейін). Ол үшін металл қалақшаны (шпатель) немесе распаторды пайдаланады. Тістерді қызылиекасты шөгінділерден, бұзылған цементтен тазартып, қиықтардың ішкі беттерінен грануляциялық тінді, өскен эпителийді тақырлап алып тастайды (өткір қайшының көмегімен) және тістер түбірлерінің беттерін тегістейді. Сүйек қалталарын грануляциялық тіннен тазартып, альвеола өсіндісінің өткір қырларын мұқият тегістейді, операциялық жара аймағын антисептиктер ертіндісімен жуып тазалаған соң сүйек ақаулары мен сүйек қалталарын қиықтарды орындарына қойып, остеопластикалық материалдармен толтырады да бір-біріне тістер арасына көлденең тігіс салу арқылы бекітеді. Тік тіліктер де 2-3 тігіспен тігіледі. Тігістер 6-7 күннен кейін алынады. Қан ұйындысын, жараны екіншілік инфекциядан қалай сақтау жөнінде кеңес береді. Олар: аса ыстық және қатты тағамдар қабылдамау, ауызды ас қабылдағаннан кейін антисептиктер ертіндісімен шайып отыру, тістерін антисептиктер ертіндісімен суланған мақта анжымен тазалап отыру.

žПародонталдық қалталарды хирургиялық әдіспен емдеуді кез-келген жағдайда қолдана беруге болмайды. Оларды қолданудың жалпылай, жергілікті, абсолюттік және салыстырмалы қарсы көрсетілімдері бар.

žЖалпылай қарсы көрсетілімдер:ž

жүйелі остеопороз (белсенді кезеңі);

  • қан аурулары (гемофилия, лейкоз, анемия);
  • туберкулез (белсенді түрі);
  • онкологиялық аурулар;
  • ағзалар және жүйелер ауруарының декомпенсацияланған түрілері

(қант диабеті, бауыр, бүйрек, қантамыр-жүрек аурулары);

  • екіқабаттылық (жүктілік);
  • Салыстырмалы қарсы көрсеткіштері:
  • жедел жұқпалы аурулар;
  • қандағы гемоглобиннің аздығы;
  • жергілікті көрсеткіштер;
  • қалталардан іріңді жалқықтың бөлінуі;
  • ауыз гигиенасының нашарлығы;
  • түзетуге келмейтін тістем ауытқулары;
  • фиброздануға ұшыраған немесе өте жұқарған қызылиек.

Вестибулопластика

žВестибулопластика шеткерлі парадонт кезінде детруктивті өзгерістердің алдын алу үшін бекітілген қызыл иектің енін ұлғайту мақсатында жасалатын манипуляция. Негізгі көрсеткіш болып ие рецессиясының алдын алу мен аурудың үдеуін төмендету  саналады.

žБұл операцияны лоскутты операцияның алдында бірінші этапты операция ретінде жасау қажет

žВестибулопластика көп жағдайда ортопедиялық көрсеткіш бойынша протездерді бекіту үшін немесе ортопедиялық емдеудің алдында жүргізіледі.

žОперацияның ең басты кемшілігі операциядан кейінгі тыртықтың қалуында. Мұның алдын алу үшін операция алдында науқастан бұрын алған жарақаттары мен жасалған оперциялары туралы сұрастыру қажет. Бұл ерекшелік кей жағдайда вестибулопластика жасауға қарсы көрсеткіштер болуы да мүмкін. Бұл әдістердің кемшілігі операция жасалған жердің сезімталдығының төмендеуі болып табылады.

žЭдлан -Мейхер бойынша вестибулопластика

žОперация техникасы: Инфильтрациялық анестезиядан кейін скальпелмен шырышты қабатты жақ сүйекке паралелельді кесеміз. Шырышты иек шекарасынан 10-12мм аимақты ит тістен азу тіске дейінгі және 7-10 кіші азу тістер мен үлкен азу тістер аймағын кесеміз. Осыдан кейін шырыш асты ұлпалары сүйек қабығына дейін фронтальды 10мм,   бүйір жағынан 6-7мм ашамыз. Қалған бұлшықет және фиброзды ұлпаларды өте мұқият алып тастаймыз. Мұны алып тастамаған жағдайда ауру көбіне рецидив береді. Бөлініп алынған шырышты лоскутты сүйек үстіне және пайда болған кіреберіске тігеміз.

žҚалған жаралық дефектіге қорғаныш повязкасын жабамыз. Бұрынғы уақытта бұл мақсатта иодоформды турунда, кератопластикалық ерітіндіге малынған дәкелік тампондар қолданылған. Қазіргі уақытта бұл мақсатта “ Диплен-Бента  “ пленкасы лидокайн және хлоргексидин ерітінділері қолданылады.

žБіріншілік жаралық дефект аймығы 8-12см квадрат болады. Бұл әдісте

žжараның жазылу уақыты 12-14 күн шамасында болады.

žКларк  бойынша вестибулопластика

žБұл әдісті көп жағдайда жоғарғы жақ сүйекке операция жасау кезінде қолданады.

žОперация жасау техникасы: операция жасайтын аймақты жансыздандырғаннан кейін өтпелі қатпардан шырышты қабатқа тереңдетіп скальпелмен кесеміз. Кесілген тіліктен ерінге  10мм аймақты қайшымен шырышты қабаттан лоскут кесіп аламыз.

žШырыш асты қабатының ұлпалары Эдлан-Мейхер әдісі сияқты сүйек үстіне фронтальды 10мм көлемінде, көлденеңінен 6-7мм бағытта және жеке жекеленген бұлшықет талшықтарын кесіп алып тастаймыз. Шырышты лоскутты сұйек қабығына кетгутпен тігеміз. Бұл жағдайда альвелярлы өсіндіде көлемі үлкен жаралық дефект қалып қояды.Бұл дефекті жабу үшін  қорғаныш байламы қойылады.

žҚазіргі таңда бұл мақсатта диппенді пленка қолданылады.  Бұл әдісте жараның жазылу уақыты 14 күн, жаралық дефект 8-12см квадрат. Бұл операция  жоғарғы жақ сүйекке операция жасағанда тиімді болып табылады.

žТуннельді  вестибулопластика

žБұл  әдіс  мейілінше  қосымша жарақатты азайтып, операциядан кейінгі тыртықты мүмкіндігінше кішірейтуге негізделген.ф

žШырыш асты ұлпаларын, бұлшықет талшықтарын сүйек қабығынан тунель ішілік әдіспен бәліп алады. Сүйек қабығына жабысып қалып кеткен бұлшықеттер бар жоғын анықтау үшін визуальды және инструментальды зерттеу қажет.

žБөлініп  алынған шырышты лоскуттарды кесіліп алынған бұлшықет талшықтары тұсында шырышты қабат арқылы альвелярлы аймақтан 10-12мм сүйек қабығына тігеміз.

žШырышты қабатты сүйек қабығына бекітіп, вертикаыльды тілікті тігеміз. Горизантальды тілік аймағындағы шырышты қабатты иек аймағынан 5-8 мм аймағына тігеді. Қалған жара аймағына «Диплен-Дента» қорғаныш пленкасын саламыз.

žБұл әдісте жараның жазылуы 9-11тәулікті құрайды. Операциядан кейінгі кезеңде ауырсыну мүлдем аз. Бұл операция жоғарғы және төменгі жақ сүйекке операция жасау кезінде де қолданылады.

žТілшік пластикасының кең тараған 2 әдісі У тәрізді және Лимберг бойынша Z тәрізді.

Y тәрізді френулопластика:

žОперация техникасы: Инфильтрациялық ане стезиядан кейін байланған тілшікті скальпелмен кеседі. Тілшікті кескен соң шырышты қабаттағы дефект ромб тәрізді формаға айналады. Кесуге жақын аймақтың шырышты қабатын мобилизациялау мақсатында шетінен кесеміз, жұқа дейін распатормен  шырыш асты қабатын сүйек қабатына дейін апикальды бағытта ажыратамыз. Мобилизацияланған шырышты қабатты кетгутпен фиксациялап, сүйек үстінде пайда болған кіреберісті тұйінді тігіспен тігеміз. Жараны қабатымен тігеміз.

žžЛимберг бойынша френулопластика 

žОперация техникасы: Анестезия жасағаннан кейін тілшікті ортасынан вертикальды кесеміз. Бірінші кесілген жерден 65-85градуспен қарама қарсы жағынан қиғаш кесеміз.

žПайда болған үшбұрышты лоскутты ортаңғы кесіндісі горзантальды орналасатындай етіп бекітеміз.

ž

You May Also Like

Абрахам Маслоу, Зигмунд Фрейд, Эрик Эриксон , Карл Густав Юнг, СӨЖ

Тақырыбы: Абрахам Маслоу, Зигмунд Фрейд, Эрик Эриксон , Карл Густав Юнг Зигмунд…

Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра, СӨЖ

    Жоспар: 1Домбыраның тарихы 2Домбыраның түрлері 3Сипаттамасы 4Домбыраның дамуы 5Домбырада шетелдік шығармаларды…

Гипоталамо-гипофизарлы семіздіктің визуалды диагностикасы, СӨЖ

Гипоталамо-гипофизарлы семіздіктің визуалды диагностикасы. I.Кіріспе II.II. Негізгі бөлім:     1) Семіру жайлы…

Жаһандану кезіндегі қоғамның рухани қауіпсіздігі, СӨЖ

CӨЖ  Тақырыбы:       Жаһандану кезіндегі қоғамның рухани қауіпсіздігі                                              Жоспар  І   КІРІСПЕ ІІ …