Жоспары

  • I.Кіріспе
  • Тіс жұлу операциясы дегеніміз не?
  • II.Негізгі бөлім
  • 1. Жалпы салыстырмалы тіс жұлуға болмайтын жағдайлар
  • 2. Созылмалы аурулары бар науқастардың тістерін жұлу ерекшеліктері
  • III.Қорытынды
  • Тіс жұлу операциясы дегеніміз-тісті белгілі бір аспаптардың көмегімен тіс байламдарынан босатып,тіс ұяшығынан күштеп шығару.

Созылмалы аурулар бар науқастардың тістерін уақытша жұлуға болмайды.Ол қандай аурулар?

  • Қан аурулары
  • гемофилия,геморрагиялық диатез,анемия,лейкемия т.б
  • Жүрек қан тамыр жүйесініңаурулары
  • миокард инфаркті,декомпенсивті жүрек ақауы
  • Нерв жүйесі аурулары
  • эпилепсия,психоз

 

  • Қан аурулары кезінде тіс жұлғаннан кейін ұзақ уақытқа дейін тіс ұясынан қан ағуы мүмкін.Сондықтан бұл жағдайда тісті ауруханада алдын-ала дайындап және гематологпен бірге келісіп жұлған дұрыс болады.
  • Лейкемия ауруы кезінде ауызда жара,некроз болатындығын ескеріп,тіс жұлу операциясы кезінде оны қоршаған тіндерді мейлінше қорғау керек.

Жүрек-қан тамырлары бұзылыстарына байланысты болмайтын жағдайлар

  • Жалпы дәрігерлік дайындықтан соң тісті емханада немесе стационарда жұлуға болады.В.З. Скоробогатьконың мәлеметі бойынша,тіс жұлған соң кейбір созылмалы аурулардың асқынуы мүмкін.Мысалы,қан қысымы көтеріліп ,жалпы әлсіздік, тамыр соғуы жиілеп,төс қыры,жүрек тұсы сыздап ауырады.

З.М.Миканба жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастарды жете зерттеп,олардың тісін жұлуға толық қарсылық жоқ деп табады.

  • Ол ауруларды 3 топқа бөлді
  • 1 топ-тістерін емхана жағдайында жұлуға болатын науқастар.Төмендегідей аурулар түрімен амбулаториялық жағдайда жұлуға болады.Олар:
  • А)органикалық жүрек ақаулары
  • Ә)Кардиосклероз
  • Б)Гипертониялық аурулар I, II,III дәрежелері кризге түспеген жағдайы
  • В)Қан айналымының созылмалы жетіспеушілігі I және II дәрежелері
    Г)Органикалық жүрек ақауы мен ревматизмнің жедел фазасы
    Д)Үш ай бұрын болған миокард инфаркті,стенокардия мен жүрек демігуінің жиі қайта қозбағанында

Iiтоп-мүлдем тіс жұлуға болмайтын науқастарға келесі ауру түрлері жатады.

  • 1.Жедел миокард инфарктінің бірінші күндері
  • 2.Инфарктының асқынулары-жиі қайталайтын коллапс пен жүрек қарыншаларының жедел ағымды аневризмасы
  • 3.Гипертониялық криз жағдайында

IIIтопқа-науқастың тісін уақытша жұлуға болмайтын жағдайлар

  • Созылмалы коронар жетіспеушілігімен,стенокардияның жиі ұстамасымен,жүрек қарыншасының созылмалы аневризмімен жіне жеделдеу септикалық эндокардитпен ауырған науқастардыаурухананың терапевтік бөліміне жатқызып,тіс жұлар алдында оларға қажетті ем беріп, терапевтің кеңесінен кейін тісін жұлу қажет.
  • Жүрек-қан тамыр ауруларымен ауырған барлық науқастарды операция жасар алдында дәрі-дәрмектік және ішкі рухани сезімдік дайындық жүргізу қажет(перемедикация,тереңдетілген анестезия).Бұл жағдайда адреналин қосудың қажеті жоқ.Операция алдында науқастың қорқыныш сезімін жою үшін триоксазин,андаксин,ауру сезімін жоятын омнопон,промедол т.б. дәрілер тағайындау керек.
  • Операция алдында 20-30минут бұрын тері астына ауру сезімін басу үшін омнопон 1мл 1-2%,кешкісін бұлшық етке ұйқы шақыратын нембутал 0,1г ішуге,димедрол 2%-1 мл.
  • Жүрек-қан тамыр жүйесінің реакциясын төмендету үшін кейбір науқастарға жүрек гликозидтерін,тіндерде зат алмасу процесін қалпына келтіретін заттар.аритмияға қарсы дәрілер тағайындау қажет.Бұндай жағдайларда операцияны жасағанда балға мен қашау қолданудың қажеті жоқ.
  • Инфекциялық ауруларда организмді қорғау күштері әлсірейді,соны ескеріп,тиісті қажеттілік бодмаса тіс жұлуға болмайды.Нерв жүйесінің аурулары бар науқастардың(психоздар,эпилепсия,қояншық ауруы т.б.)тістерін жұларда міндетті түрде қажетті дәрігер маманның кеңесінен кейін жұлу керек.Маман дәрігермен кеңесіп,кішігірім дайындықтан соң олардың тістерін жұлуға болады.
You May Also Like

Қазақстан дағдарыс жағдайындағы отбасылық қаражатты реттеу, СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРАЖАТТЫ РЕТТЕУ Қазақстанда, кез келген елдерде сияқты экономикалық…

Жаһандану кезіндегі қоғамның рухани қауіпсіздігі, СӨЖ

CӨЖ  Тақырыбы:       Жаһандану кезіндегі қоғамның рухани қауіпсіздігі                                              Жоспар  І   КІРІСПЕ ІІ …

Микробиология пәнінің даму тарихы, микроорганизмдер. СӨЖ

ЖОСПАР: І КІРІСПЕ 1.Микробиология пәні және мiндеттерi ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1 Медициналық…

Протозойға және ішекқұртқа қарсы заттар, сөж

СӨЖ Тақырыбы: «Протозойға және ішекқұртқа қарсы заттар» 2- нұсқа 1-есеп. Протозойға қарсы…