СӨЖ

Тақырыбы: «Протозойға және ішекқұртқа қарсы заттар»

2- нұсқа

1-есеп. Протозойға қарсы заттар

Үшкүндік және төрткүндік безгектің алыстағы рецидивін алдын алу үшін қолданатын препарат.  Плазмодияның барлық жыныстық түрін белсенділік  көрсетеді.  Басқа безгекке қарсы препараттармен бірге беруге болмайды.Эритроциттердің  глюкоза -6- фосфат дегидрогеназа туа біткен жетіспеушілігі бар адамдарға беруге болмайды.

А. Препаратты  атаныз.

Примахин

В. Әсер ету механизмін атаныз.

Әсер ету механизмі: Малярияға қарсы әсері толық анықталмаған.

Фармакокинетикасы: Асқазан ішек жолдарында толық сіңіріледі. Қандағы нақты қосылымы 2-3 сағатқа жетеді. Көптеген тіндерде таралады. 4-аминохинолиндерге қарағанда эритроциттерде жиналмайды. Бауырда метаболизденеді. Препараттың 60% белсенді метаболитке айналады – карбоксипримахин. Ол примахиннің әсерін ұзартады. Бүйрекпен бөлінеді. Примахиннің жартылай бөлінуі 4-8 сағат, белсенді мебатолиттің 22-30сағ.

С. Фолий қышқылының  антогонисті  заттарымен біріктіріп беруге болмайды. Примахинді басқа препараттармен үйлестіруге болмайды.

Д. Осы препаратқы барлық көрсеткішті атаныз.

Құрылымы бойынша (8-аминохинолин) және малярияға қарсы ерекшелігі бойынша басқа хинолондардан айырмашылығы бар синтетикалық препарат. Примахин бауырда орналасқан плазмодиялардың тіндік түрлеріне белсенді әсер ететін бір ғана препарат. Ол P.vivax шақырылған малярияның радикалды еміне және редицивіне қарсы қасиетке ие.

Белсенділік спектрі: P.vivax пен P.ovale тіндік түрі, Р.falcifarum-ның жыныстық түрлері.

Көрсеткіші : Малярияға қарсы

Кері реакция: Асқазан ішек жолдары: іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу.

Гематологиялық реакциялар: гемолитикалық анемия, метгемоглобинемия, лейкопения.

Кері көрсеткіштері: Примахинге гиперсезімталдылық. Қан жасаудың ауыр патологиясы. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылысы. 3 жасқа дейін. Жүктілік. Жедел инфекциялар (маляриядан басқа).

Ескерту: Примахин плацента арқылы өтеді. Жүктілік кезінде көрсетілмейді, себебі ұрықта гемолитикалық анемияға әкеледі.

2-есеп. Ішекқұрт қарсы заттар

Науқас 69 жаста, бауырдың созылмалы ауруы бар. Оған тениаринхоз диагнозы қойылған.

А. Оптимальды препарат таңданыз

Празиквантел

В. Әсер ету механизмін  түсіндірініз.

Бильтрицидтің® әсер ету механизмі паразиттердің жасушалық жарғақшаларының кальций иондары үшін өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты, бұл паразиттердің бұлшықеттерінің жиырылуын туғызып, олардың қабықшасын әріқарай вакуолизациялайды және дезинтеграциялайды. Екіншілік әсер глюкозаның кері қармалуының тежелуі, гликоген деңгейінің азаюы және лактаттың босатылуының көтермеленуі болып табылады. Празиквантелдің әсері тек трематодтар мен цистодтарға арнайы таралады; препарат нематодтарға, соның ішінде филярийлерге әсер етпейді.

С. Осы жағдайға қосымша қандай зат қолданылады?

Хлорохиннің бір мезгілде қолданылуы қандағы празиквантел концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бильтрицидтің® және бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендететін, дәрілік затты метаболиздейтін препараттардың (Цитохром Р 450), мысалы, цимитидиннің бір мезгілде қолданылуы қан плазмасындағы празиквантел концентрациясының жоғарылауын туғызуы мүмкін.

Бильтрицидтің® және бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендететін, дәрілік затты метаболиздейтін препараттардың (Цитохром Р 450), мысалы, эпилепсияға қарсы препараттардың, дексаметазонның бір мезгілде қолданылуының салдарынан қан плазмасындағы празиквантел концентрациясының төмендеуі болуы мүмкін. Р450 цитохромының рифампицин сияқты күшті индукторларымен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс.

Рецептер жазыныз

  1. Безгектік плазмодияның тек эртроцитарлы түріне әсер ететің заттар

Rp.: Sol. Chingamini 5 % 5 ml 
        D. t. d. N. 2 in ampull. 
        S. По 2,5 мл  бұлшықетке тәулігіне 2 рет 6 сағаттан сон 9 жасар      балаға

  1. Ішектен тыс амебиазде қолданылатын зат
Rp.: Sol. Emetini hydrochloridi 1% 1,0
D. t. d. N 10 in amp.
S.
  1. Энтеробиозды емдеу үшін зат

Rp.: Tab. Combantriui (Pyrantelii embonatis) 0,25 N. 3
D.S.  күніне 2 таблеткадан жақсылап шайнап, сумен ішу керек.

  1. 4. Ішектік және ішектен тыс таспа гельминттермен трематодозда қолданылатын зат.

Rp.: Tab. Praziquanteli 0.6 N 100

D.S. 3 таблеткадан күніне 3 реттен

You May Also Like

Миокард инфаркты кезіндегі ЭКГ, СӨЖ

Ж О С П А Р žКІРІСПЕ БӨЛІМ žІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ž2.1. Миокард…

3D модельдеу және анимация, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: 3D модельдеу және анимация Жоспар Кіріспе бөлім. Негізгі бөлім. 1.3D…

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық Жоспар: 1.Тұрақты…

Есептеу техникасы, СӨЖ

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім а) Есептеу техникасының тарихы ә) Есептеу техникасының кезеңдері…