Ж О С П А Р
КІРІСПЕ БӨЛІМ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Миокард инфарктысы туралы түсінік
2.2. Әсер ету факторлары
2.3Жіктелулері
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ
Анықтамасы
Миокард инфаркты- жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозына байланысты QRS кешенінің патологиялық өзгерістері.
Жүрек бұлшықетінің зақымдалу синдромы
Ишемия
Зақымдалу
Некроз
Суб Э П И кардиальды
ишемия және зақымдалу
Есте сақтау үшін:
ST элевациясы – суб ЭПИ зақымдалуы,
Суб ЭПИ ишемия – керісінше (теріс Т)
Миокард инфарктының жіктелуі
Ірі ошақты МИ (ІОМИ)
Ұсақ ошақты МИ (ҰОМИ)
Трансмуралды МИ (ТММИ)
Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері
1.Инфаркт миокардісінің гастриттік түрі – гастриттің шаншу белгілерімен сипатталатын түрі. Айқын ауру сезімімен көрініс береді. Бұл кезде сол қарыншаның миокардының төменгі бөліктері зақымдалады, диафрагмаға бекіген бөлігі.
- Инфаркт миокардының демікпелі түрі – бронхиалды демікпе белгілеріне өте ұқсас келеді. Құрғақ жөтелмен, кеудеде дискомфорт белгілермен сипатталады.
3.Инфаркт миокардының ауыру сезімінсіз түрі – ұйқының бұзылуымен, көңіл-күйдің бұзылуымен, көп мөлшерде тер бөлінуімен көрініс береді.
ЭКГ ӨМИ толығымен қоюға негізделмейді
Диагнозға керек мағлұматтар:
Клиникалық ағым, белгілері
Биохимия
ЭКГ
Өткір миокард инфартының сатылары
Өткір – 24 сағат
Жедел – 1-2 тәулік
Жеделдеу – 4-6 апта
Тыртықтану 1 жыл
Миокардтың зақымдануы: зақымдалған аймақтағы белсенділену және реполяризация кезіндегі электрліқозғалыс күші векторы зақымдалған аймақтан сыртқа қарай бағытталады (ST интервалының изолиниядан ауытқуы).
Эпикардиалды зақымдану: жедел окклюзияға ұшыраған коронарлы артерия тармақтарының таралу аймағындағы ST сегментінің көтерілуі.
Эндокардиалды зақымдану: ST сегментінің депрессиялануы
Миокард ишемиясы: диффузды ST депрессиясы, көбіне Т тісшесінің инверсиясымен бірге жүреді. Көбіне бұл өзгерістер, субэндокардиалды зақымдануларды көрсетеді және aVR әкетулерінде ST көтерілуіне реципрокты болып табылады. Ишемия белгілері болып симметриялы үшкір төбелі теріс Т тісшелері болуы мүмкін.
Реципрокты өзгерістер: жүректің қарама қарсы жағында байқалатын (эпикардиалды зақымдану кезінде), сонымен қатар қарыншалар қабырғаларының артынан көрінетін (субэндокардиалды зақымдану кезінде) біріншілік электрлік феноменнің “айнадағы көрінісі”.
МИ ЭКГ-диагностикалық алгоритмі
1 қадам: ST сегментінің ығысуына тән миокардтың зақымдалуын анықтаңыз.
2 қадам: миокардтың зақымдану аймағының орналасу орнын анықтаймыз, қай шықпада зақымдану белгілері байқалады.
3 қадам: QRS кешенінің морфологиясын талдай отыра, миокард инфарктінің ЭКГ-лік белгілерін анықта.
4 қадам: қарыншалық кешендердің патологиялық «инфаркты» өзгерістерінен тұратын шықпадағы ST сегментінің орналасуын бағалау арқылы МИ мерзімін анықтаңыз.
5 қадам: Барлық мәліметтерді жинақтай отыра, біртұтас қорытынды береміз.
Сол қарыншаның артқы қабырғасының зақымдалуы. III, aVF V1-2 тіркемелерде ST сегментінің көтерілуі СҚ артқы қабырғаларының зақымдалуын көрсетеді, бірақ ЭКГ-нің V7-9 қосымша тіркемелерінде ол жақсы көрінеді (НЭБ, Слопак).
Оң жақ қарыншаның зақымдалуын V4 тіркемеге оң жақтан симметриялы қойылатын V4R тіркемеде ST сегментінің 1мм артық көтерілуі көрсетеді.
GUSTO зерттеулерінде миокард зақымдалуының орналасуы
ST сегментінің көтерілуімен көрінетін СҚ инфаркті немесе зақымданған қабырғасы | Тән тіркемелер |
Алдыңғы | V4, I, aVL |
Апикальді | V4 |
Бүйір | V5-6, aVL |
Астыңғы, артқы | II, aVF, III |
ЗАҚЫМДАНУДЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАДА ОРНАЛАСУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
Жедел сол жақтық алдыңғы төменгі коронарлы артерияның окклюзиясы алдыңғы әкетулерде I, aVL, V3 -V4 өзгерістер сериясымен көрінеді.
Жиі болатын ерте өзгерістер:
А. Жеделдеу өзгерістер: бұрынғы иілімін жоғалтқан ST сегментінің көтерілуі, көбіне –биік үшкірленген Т тісшесімен қосарланады.
А. Патологиялық Q тісшесінің (инфаркт) дамуы: 30% науқастарда патологиялық Q тісшесі ЭКГ-да симптомдар пайда болғаннан кейін алғашқы сағаттарда пайда болады.
Б. ST сегментінің көтерілу айқындылығының төмендеуі: Т тісшесінің инверсиясы әдетте аурудың екінші тәулігінде байқалады.
В. Толық дамыған инфарктің көрінісі: патологиялық Q тісшесі, ST сегменті изоэлектрлі сызыққа жақындайды және дөңестеніп жоғары қарайды, т тісшесі инвертирленеді.
Г. R тісшесінің жоғалуы мүмкін.
Миокард инфаркті -асқынулары
– жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі)
– кардиогенді шок
– қарыншалық және қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы
– өткізгіштің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы)
– жедел СҚ-аневризмасы
– миокардтың ішкі және сыртқы жыртылуы, томпанадасы.)
– асептикалық перикардит
– тромбоэмболиялары.
Қорытынды
Бүгінгі таңда миокард инфарктісі кең тарап отыр және осы ауру көп адамның кенеттен өліп кетуінің себепкеріне айналып барады. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан өліп кетушілердің саны барған сайын өсіп отыр.Миокард инфаркті– мүгедектікке және өлімге алып келетін себептердін бірі болып табылады.
Миокард инфаркті ауруының-соңғы жылдары өршуі байқалуда, әсіресе жас және орта жас буындарда кездеседі.
Миокард инфаркті-ауруханалық өлімшілдігі төмендегенімен, бұл аурудан осы уақытқа дейін жалпы өлімділік жоғары болып отыр. Өлімділік жағдайдың көбісі ауруханаға дейін орын алады.