«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары.»

ПӘНІ БОЙЫНША  CӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

СӨЖ сабақ №1. 

            Тақырыбы: » Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері.» 

  1. Сабақтың жоспары:

1.Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері..

2.Сабақтың мақсаты: Мемлекет пен халық алдында Қазақстан Республикасының азаматтарының ҚРҚ Күштерінде өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындаудың мәнін оқыту.

  1. Қысқаша мәлімет:

 ҚРҚ Күштерінде өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындаудың мәнін оқыту. 

 1.Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері..

Әскери қызмет – мемлекет пен халық алдында Қазақстан республикасының   азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қазақстан   Республикасының басқа да әскерлері мен әскери  құрамаларында  өздерінің  қасіетті борышы  мен міндеттерін  орындауымен  байланысты мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштері жалпыға бірдей әскери міндеттілік   негізінде, шақыру бойынша, сондай – ақ  келісім – шарт бойынша,  жасақтаудың аумақтық   принциптерін  үйлестіріле отырып, белгіленген талаптарға сай келетің әскери қызметшілер мен жасақталады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеринде жасақтау принципі мен әскери    қызметтің сипатына қарай оның мынадай турлері  болады:

-сарбаздар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерізімді әскери қызметі;

-сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарындағы   келісім – шарт   бойынша  әскери қызмет;

-әскери – оқу  орындары курсанттарының (тындаушыларының) әскери қызметі;

-офицерлік құрамының әскери қызметі.

Әскери  қызметте  тұратың адамдар әскери қызметшілер болып табылады. Қазақстан    Республикасының Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне офицерлер, прапорщіктер   мен мичмандар, әскери – оқу орындарының курсанттары (тындаушылары); әскери қызметке   келісім – шарт бойынша кірген сержанттар, старшиналар, сарбаздар мен матростар (бұдан   әрі –келісім – шарт бойынша әскери қызмет өткеруші әскери қызметшілер); мерізімді әскери   қызмет өткеруші сержанттар, старшиналар, сарбаздар мен матростар (будан әрі – мерізімді   әскери қызметтің әскери қызметшілері) жатады.

Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес Қарулы Күштерде әскери қызметте   Қазақстан Республикасының  аумағында туратың және келісім –шарт жасасқан шетелдік    азаматтармен жоқ адамдар да бола алады.

Әрбір әскери қызметшіге тиісті әскери атақ бериледі. Әскери атақтар әскерлік және   кемелік болып бөлінеді.

Әскери қызметшілер алған біліміне (арнаулы даярлығына), біліктілігіне және жұмыс  тәжірібесіне сәйкес әскери бөлімдердің штаттарында көзделген әскери лауазымдарға  тағайындалады.

Әскери қызметшілердің әскери қызметте болуы Қазақстан Республикасының    зандарында әскери қызметшілердің тиісті санаттары үшін белгіленген қызмет мерізімдері   мен және шекті жаспен шектеледі. Әскери қызмет өткеру уақыты жалпы және үзіліссіз  еңбек стажына.

Сондай – ақ  мамандығы бойынша  жұмыс стажына есептеледі.

Әскери қызметтен босату қызметтің белгіленген мерізімі өткен соң және әскери қызметте болудың шекті  жасына жетуіне байланысты жүргізіледі.

Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының зандарында көзделінген    негіздер болған ретте әскери қызметтен мерізімнен бұдын босатылуы мүмкін.

Әскери қызметшілерді мерізімді әскери қызметтен мерізімнен бұрын босату үшін   мыналар негіз болып табылады:

-денсаулық күйі – әскери – дәрігерлік комиссияның қортындысының (қауылысының)   негізінде;

-отбасы  жағдайлары –олардын  отбасылық  жағдайның өзгеруне орай қызмет өткеру   мерізімін кейінге қалдыру құқығы туындаған жағдайда- әскери–комиссариаттардың отбасы   жағдайын зерделеуінің негізінде;

-отбасы қурамында шетелге тұрақты тұруға немесе Қазақстан Республикасынан тысқары   жерде тұрақты туратың отбасымен қосылуы үшін, Қазақстан Республикасының    қолданылып жүрген зандарына  сәйкес кетуіне құқық  беретің растама қужаттары болған   ретте кетуі;

-бас бостандығынан  айыруға сотталуы.

Әскери қызметті келісім–шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілерді мерізімінен  бурын босатуға мыналар негіз болып табылады:

–  белгіленген қызмет мерізімің  өткеруі: қызмет өткерген жылдары және зейнеткерлікке   шығуға құқық беретің  әскери  қызметте болудың шекті жасына жетуі;

– жасы – әскери қызметте болудың шекті жасына жеткен жағдайда;

-Денсаулық куйі аскери дарігегрлік комиссияның әскери қызметке жарамсыздығы немесе  шектеуі жарамдылығы туралы қорытындысының  (қауылысының) негізнде;

-штаттың  қысқаруы немесе қызметы пайдалану мумкін емес жагдайдағы ұйымдық іс-шарттары;

-келсім – шартары бузу.

-отбасы жагдайлары  немесе тізбесін Қазагыстан Респулкасының үкіметі айқындайтын   басқа дамаңызды себептер,

-қызметке  сайкес  келмеуі;

– әскери қызметің абыройыройына  нуқсан келтіретін термесі қылық  жасауын;

-соттың  заңдық  кушіне енген айптау үкімі.

Әскери  қызметшілер  Қазағыстан  Республикасың  заңдарында азаматар үшін белгіленген  жалпы қүқықтар мен  бостандықтарға  ие.

Мендері орындап,  жауапкершілікте болады. Әскери қызметтің ерекше сипатын   әскери  қызметшілер  үшін конституция қүқықтары мен бостандықтарына белгілі бір   қысқартулар  мен шектеулер көздейді,   сондай – ақ  қосымша құқықтарды,  лаүзымдық   және арнайы міндетерді,  жауапакершілігін айқындай,  олар заңдармен белгіненді.  Қазақстан Республикасның Қарулы Куштерінде әскери қызмет өткерші шетел азаматары мен азаматтағы жоқ адамдарды жалпы құқықтары міндетері мен жапкершілік Қазақстан   Республикасы  задарымен, халықаралық   шарттармен және осы Жарғымен  реттелді.

Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес әскери қызметшілердің  құқықтарына,  міндетері мен жапкершілік  мазмұны мен көлемі олардың әскері қызмет міндеттерін  (қызметшілік міндеттерін)  атқару   үстінде немесе одан  тыс екеніне  байланысты.

Әскеріи қызметшілердің әскери қызмет міндеттері (қызметік міндеттері) атқару  деп   мыналар ұрыс қыймылдарына қатысуы осы Жарғында, нұсқаулықтар мен тәлімделерде  белгленген лауазмдық міндеттерін орындау; жауынгерлік кезекшілк (жауынгерлік қызмет)  атқару; оқу – жаттығулар және  кеме жорықтарына қатысуы,  әскері бөлімнің аймағында.

Күн тәртібмен белгленген қызмет уақыты ішінде немесе бұл қызметің іс жоспарда  немесе  емденуде  болады; қызмет  өткеру,   емдеу орнына жүрүі немесе кері оралуы;    әскери  жиындар өткеруі; тұтқында (тұтынған өз еркімен берілу жағдайларына басқа), кепіл немесе ырықсыз шеттелші жағдайда болуы; хабарсыз болыу-әскери қызметшіні заңда  белгіленген тәртіпен хабарсыз жоғалған деп тағыны немесе қайтыс болды деп жариялағанға  дейин;  жеке  басын, өмірін,   денсаулығын, ар – намысы  мен  қадір – қасіеттін қорғану.

Органдарына  заңдылық пен құқық тәртіпен қамтасыз етуде көмек көрсету; сотын   әскери қызметшліктің қоғам мен мемлекеттің мүддесінде жасады  деп таныған өзге де іс – әрекеттері.

Өзін ерікті түрде ішкілікпен, есерткімен немесе уытшылдық мастану күйіне түсірген;   қылмыстық зандарда көзделген қоғамдық қауіпті іс – әрекеттерді жасаған; өзіне қол салған  немесе өзіне қол салуға әрекет жасаған әскери қызметшілер, егер аталған іс – әрекеттер   сырқаттық  күйінен немесе өзіне қол саларлық күйге жеткізуден туындамаған болса;   әскери   бөлімнің орналасқан жерінен тысқарыда демалыста, сейілде немесе демалыста болған   кезінде,  әскери бөлімнен орналасқан жерінен тасқарыда немесе әскери бөлімнен тыс жерде   белгіленген қызмет орнынан өз бетімен сыртта болған кезінде, тұтқында, кепіл немесе  ырықсыз шеттетілуі жағдайында болған реттерін, сот қоғам мен мемлекеттікң мүдделерінде   жасалған деп таныған өзге де іс-әрекеттерін қоспағанда, әскери қызмет міндеттерін  (қызметтік міндеттерін)  атқарушылар болып танылмайды.

Әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару үстінде әскери қызметшілер  мемлекеттік қызметтің өкілдері болып табылады  және мемлекеттің  қорғауында болады.

  3.Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары.

Әскери қызметшілердің құқықтары мен оларды іске асыру тәртібі әскери қызметтің   ерекшеліктері  ескеріле отырып Қазақстан Республикасының зандарымен айқындалады.

Ешкімнің әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Конституцясымен  және   басқа да  нормативтік актілермен кепілдік берілген құқықтарын шектеуге құқығы жоқ.

Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы қоғамның, мемлекеттік құқықтары    мен занды мүдделеріне, әскері қызметке, басқа әскери қызметшілер мен занды   азаматтардын құқықтарына залал келтірмеуге тиіс.

Мемлекет әскери қызметшілердің құқықтарының, бостандықтарының іске   асырылуына, сондай – ақ олардың әлеуметтік және  құқықтық  қорғалуына кепілдік береді,  оларға лайықты өмір сүру денгейін туғызу,  қызмет пен тұрмыс жағдайларын жақсарту   жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Әскері қызметшілердің қызметшілердің қамтамасыз  ету мен қорғау командірлерге (бастықтарға), әскері басқару органдарына, мемлекеттік   басқару органдары мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, соттар мен құқық    қорғау  органдарына жүктеледі.  Әскері ант қабылдағанға дейін әскері қызметші әскері   лауазымға тағайындалмайды, жауынгерлік такпсырмаларды орындауға ұрыс қимылдарына   қатысуға, жауынгерлік және қарауылдық қызмет атқаруға) тартылмайды; әскері    қызметшіге қару – жарақ  пен әскері техніка бектіліп берілмейді, оған гауптвахтада ұстау  арқылы қамау түріндегі тәртіплік жаза қолданылмайды. Әскері қызметшілердің    құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іскі асыру жөніндегі міндеттерін    атқармауына кінәлі командірлер (бастықтар) бұл үшін заңдарда және осы Жарғыда  белгіленген жауаптылықта болады. Әскері қызметшінің өзінің қызметтік жағдайына    қарамастан мыналарға құқығы бар: өзінің құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде   командірлердің (бастықтардың) өзінің құқықтарына, бостандықтарына нұқсан келтіретін,    ар – намысы жеке басының қадір – қасіетін қорлайтын заңсыз іс – әрекеттері болған  жағдайларда сот арқылы қорғалуға.  Ол   білікті  заң  көмегін  алуға  құқылы:

-шықққан  тегіне,  әлеуметік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,    тіліне,    дінге қатысына, сеніміне, түрғылықты жеріне қарамастан немесе өзге кез келген жағдайлар  бойынша тең құқықтарға. Аталған жәйттер бойынша кемсітуге тыйым салынады және ол  заңмен қүдаланады;

– өмір  сүрүге. Ешкімнің оның өмірін қіюға құқығы жоқ. Командірлер (бастықтар)  бағыныстыларының қызметтік іс – әрекетінің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге міндетті  және олар үшін заңдарда белгіленген  жауаптылықта болады;

-әскері қызмет шарттарымен және сіпатымен реттелетін жеке басының бостандығына.  Қамауға  алу  Қазақстан  Республикасы қарулы күштерінің тәртіплік жарғысына қатаң  сәйкестікте қолдалынады және оны командірлер (бастықтар) бағыныстылады әскері    тәртіпті өрескел бұзуға жол берген жағдайларда  ең ақырғы шара ретінде қолданады;

-жеке бастының қадір – қасіетіне қол суғылмауына. Ол заңдарен және осы Жарғымен    қорғалады. Әскері қызметшіге қатысты зорлық – зомбылыққа, азаптауға жол берген,    қатыгез немесе адамдық ар-намысы мен қадір-қасіетін қорлайтын әрекет жасаған немесе  жаза  қолданған адам заңдарда белгіленген жауаптылықты болады;

-мемлекеттің қорғауында болуға және жеке өміріне, жеке басы мен отбасының қүпіясына,    жеке салымдары мен жынақтарының  құпыясына, хат жасауна телефонмен сөйлескен   сөздерінде  почта, телеграф  және өзге де  хабарларына  қол сұғылмауына;

-өзің ұлты мен дініге қатысын айқындауға және мұны көрсетуге немесе көрсетпеуге;

– лауазымдық  міндеттерін орындау шеберінен тыс қарым-қатынас, тәрбіе беру, оқу және   шығармашылы тілін  тантуға;

-сөз бостандығына,  өзің пікіелер мен сенімдерін білдуруге, ақпаратарды, бұл ретте   мемлекетте  және  әскери  қупияні  жария  етпей еркін алуға және тартуға қол жеткезуге;

-саяси партиялармен касіптілік одақтарды қоспағанда, қоғамдық бірлестік ұйымдастуруға   және оларға мүше болуға;

-қызметтен тыс уақытта заңға сәйкес ұйымдастыратын саяси мақсаттарды көздемейтін   жаныстарға, минтинглерге демонстрацияларға шерулерге қатусуға. Қызмет уақтында   жыналыстар  мен басқа да қоғамдық шараларға қатысу осы жағдайда көзделген тәртіпен  жузеге асырлады;

-еркін жүріп – тұруға және тұрғылықты жерін еркінтаңдауға.  Бұл құқық әскери бөлімдердің     жауынгерлік әзірлігін қауттау, әскери қызметшінің қызмет орнына уақтылы келуін  қамтамасыз ету қажеттігі, әскери қызметші тұрған қызметтің түрі ескеріле отырып заңдарда   және осы Жарғында айқындалған тәртіппенжүзеге асырылады;

-ожан бостандығына, ол оның мемлекеттің алдындағы міндеттерін шектемеуге тиіс.   Командирлер (бастықтар) бағыныстыларының дінисезімін сыйлауға және оларды іске   асыруы үшін уақытты қарастыруға тиіс. Әскери қызметші діни рәсімдерге қатысуды қызмет   уақытынан  бос кезінде жеке адам ретінде жүзеге асырылады;

-әскери лауазымдарда әскери қызмет өткеру және кәсіби біліктілігіне, моралдық – іскерлік   қасиеті мен қызметтік іс – әрекетінің нәтижелеріне сәйкес қызмет бойынша  ілгерілеу арқалы  еңбек ету жағдайлдарына, еңбегі үшін қажетті  өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін және әскери қызметке мүдделілігін ынталандыратын сыйақы алуға;

-демалысқа.  Оған жұмыс уақытының заңмен белгіленген ұзақтығына,  демалыс және   мереке күндеріне, ақытөленетін жыл сайынғынегізгі және қосымша демалысқа кепілдік   беріледі. Әскери қызметшіні апта сайынғы қызметке уақтының белгіленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері  әскері қызмет міндеттерін  атқаруға тартқан жағдайда, оған аптаның басқа күндерінде демалыс беріледі;

-зандармен бергіленген нормалары бойынша және тәртіппен  мемлекет есебінен қызметтік   үй – жайлар мен қамтамасыз етілуге;

-занды сатып алған мулкіне, соның  ішінде мұрагерлік  құқығы бойынша меншік иесі   болуға;

-әскери  қызмет өткеру кезінде қаза табу (қайтыс болу), жарақаттану (кантузия алу) мертігу,   сырқаттану  жағдайына  міндетті мемлекеттік сақтандырылған;

-әскери – медициналық мекемелерде тегін медициналық қамтамасыз етілуге, сондай-ақ    санаториялық – курорттық емделуге;

-әскери оқу орындарында оқуға. Әскери қызметші, мерзімді әскери қызметтің әскери   қызметшілерін қоспағанда, әскери бөлім командирінің рұқсатымен кешкі немесе сырттай  оқу нысанындағы азаматтық жоғары немесе орта арнаулы  оқу орнында оқу алады;

-мемлекеттік істерді басқаруға қатысыуға,  сайлауға және сайлануға, мемлекеттік басқару  органдары мен жергілікті  өкілетті және атқарушы органдарға, соттарға әскери басқару    органдарында жүгінуне және республикалық рефередумға қатысуға;                                                                                                                                          -тиісті  лауазымға кандидатка қойылатын лауазымдық міндеттердің сипатымен ғана  байланысты талаптарға сай келген ретте әскері қызметке қол жеткізуге құқығы бар. Оған  лауазым иеленүге, қызмет бабында ілгерілеуге, кәсіби біліктілігіне және моралъдық –іскерлік  қасіеттеріне сәйкес кезекті әскери атақтар алуға кепілдік береді.

Лауазымында өсу және қызмет бабында ілгерілеу қызметтік әрекеті мен кәсіптік  даярлығының нәтіжелері бойынша жүзеге  асырылады.

Әскери қызметшілердің жекелеген құқықтарын іске асырылуы әскери қызметтің  ерекшеліктерімен  және сипатына байланысты шектеледі.  Әскери қызметшіге:

  • қандайда болмасын саяси партияны қолдауға;
  • ереуілдер, пикеттер және өзге де наразылық шараларын ұйымдастыруға және оларға    қатысуға;
  • командирлердің (бастықтардың) қызмет бабындағы және қызмет мүддесінде берілген бұйрықтарын (өкімдерін) талқылауға және сынауға;
  • дінге қандай да болсын қатыстылықты насихаттауға және діни бірлестіктер  құруға;
  • кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен айналысуға, сондай-ақ қызмет бабын пайдаланып жұмыстар орындауға,  қызметтер көрсетуге және осы үшін сыйақы алуға тыйым салынады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқару үстінде де, сондай–ақ қажет болғанда қызметтен тыс уақытта да қарауды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы   бар.

Әскери қызметшілердің қаруды сақтау ережлері мен қолдану тәртібі осы Жарғымен   және Қазақстан Республикасының басқада заң  актілерімен айқындалады.

Әскері қызметшілер ең ақырғы шара  ретінде:

-күзетилетін әскери және мемлекттік объектілерге,  сондай-ақ әскери бөлімдер мен  бөлімшлердің орналасқан жеріне, әскері бөлімдердің үйлері мен ғимараттарына, әскері   эшелондарға, машыналар, колонналарына жеке жекеленген көлік құралдары мен қаруларға    топтасқан немесе қарулы шабулды тойтару үшін;

-қаруға және әскери текхникаға зорлықпен ие болу әрекеттерінің жолын кесу үшін;

-әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғаларды олардың өмріне немесе денсаулығына   қатер төндіретін шабулдан қорғау үшін;

-қылмыс жасаған, не ауыр әрі қаупті қылмыс жасау үстінде қолға түскен, қарулы қарсылық    көрсеткен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру тұралы заңдың талаптарын орындаудан бас  тартқан қарулы адамды ұстау үшін жеке өзі немесе бөлімше құрамынан қару қолдангуға    құқығы бар.

Әскері қызметшілердің қаруды дабыл белгісін беру немесе комекке шақыру үшін,    сондай-ақ  адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін жануарға қарсы  қолдануға құқығы бар.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери қызметтің түрлері.

2.Әскери қызмет өткеру тәртібі.

3.Әскери қызметшілердің  құқықтары.

4.Мерзімді  шақыру бойынша қызмет түрлері.

5.Келісім шарт негізіндегі қызмет түрлері.

  1. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы.
  2. Қаруды қолданудың немесе пайдалану.
  3. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Әскери қызметтің түрлері мен танысу мен талдаулар жасау.

2.Әскери қызмет өткеру тәртібі туралы талдаулар жасау.

  1. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы деңгейіне талдау жасау.
  2. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
  3. Әскери қызмет өткеру тәртібі жайлы бейне т.б материалдар жинақтау
  4. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануын тақырыбын толықтыру.
  5. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі әскери қызмет өткеру тәртібі,әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын оқыту әдістемесі .

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және  Web сайттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.
  2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

СӨЖ сабақ №2.

                      Тақырыбы:» Әскери қызметшілердің жауапкершілігі.»

1.Жоспары:

1 Әскери қызметшілердің жауапкершілігі .

Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: ҚРҚ Күштерінде өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындаудағы жауапкершілігімен таныстыру.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметшілердің ҚРҚ Күштерінде өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындаудағы жауапкершілігі  қызметі тәртібін  үйрету.

  1. Әскери қызметшілердің жауапкершілігі

Қазақстан   Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметші қызметтік іс – әрекетінде   Қазақстан Республикасының Конституциясынын, заңдарын, әскері жарғылардыңталаптарын басшылыққа адал және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар   мен бірлестіктернің қызметіне қатысы    болмауға тиіс. Ол:

-Қазақстан Республикасының Конституциясын зандарын қатаң сақтауға және   әскери      жарғылардың талаптарын  орындауға;

-Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, алғырлықпен    Қазақстан Республикасының қорғауға, әскери боршын орындауға, әскери Қызметтің   қиындықтарын табындықтарын өткеруге;

-өз Отанының  патриоты болуға,  түрі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы    достықты нығайтуға

– алда,  тәртіпді, ержурек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастамашылық    жасауға;

– командирлеге (бастықтарға) сөзсіз бағынұға және оларды ұрыста қорғауға, әскери   бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;

-әскери кәсіптік білім – білікті ұдайы менгеруге,  өзінің машықтану мен әскері шеберлігін  жетілдіруге;

-өзіне сеніңп берілген қарумен техниканы білуіге және оларды қолдануға ұдайы әзірлікте   ұстауға,  әскері мүлкті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

-әскері баурластықты бағалауға, қасық  қанын аямай жолдастарын қауыптан құтқарұға  көмектесүге, оларға сөзімен де ісімен көмектесуге, әрқайсының ар-намысы мен абыройын  құрметтеуге,  өзіне  және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға   жол бермеуге, оларды  лайықсыз  іс – қылықтардан тежеуге;

-әскері әдептілік, мінез–құлық және әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және  барлық жерде өз қадір-қасиетін мен абыройын  біик тұтуға, нысанды киіммен, таза және  ұқыпты  киінуге;

-қырағы  болуға,  әскери  және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті;

Әскері  қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушы деген жоғары атаққа  лайықты болуға, Қарулы Күштердің абыройы мен жаунгерлік данқын, өзінің әскери білімі  мен өзінің әскери атағын қадірлеуге тиіс.

Әскери қызметші Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге,   халықтар достығын бағалай білуге, Қазағыстан Республиксында тұратын ұлттар мен  ұлыстардың арасында өзара қарым- қатынастар мен сыйластықты нығайтұға есептесуге  міндетті.

Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастарында олардың ұлттық сезімдері,  ғұрыптары мен дәстүрлері құрметтеуге тиіс.

Мемлекеттік тіл ретінде қазақ  тілі әскери қызметшілердің арасындағы қарым – қатынаста пайдаланылады және қолданылады. Қазақ тілін нашар білетін әскери қызметшілерге оны оқып – үйрену  ұйымдастырылады.

Әскери  қызметшілер бір – бірінің  құқықтарын,  бостандықтарын, ар – намысы    мен   абройын сылауға,  командирлер (бастықтар) мен жасы үлкендерге реттілік пен тәртіпті   ұстауда  жардемдесуге міндетті.

Әскери  қызметші өз міндеттерін атқаруына әсер ететін басынан өткен барлық  оқиғалар мен өзіне жасалған ескертулер туралы тікелей бастығына баяндауға міндетті.   Әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас  қағидалары әскери қызметшілердің   арасында  бұзылған жағдайда, ол дереу өзіне берілген қүқықтар мен міндеттер көлемінде   тәртіп  орнату үшін  шаралар қолданұға және сол сияқты тікелей бастығына, ал аса қажет    болған жағдайда аға бастыққа баяндау  тиіс.

Әскери қызметші әскери қызметтің қаупсіздігі талаптарын, ауру-сырқау мен   жарақаттардың алдын алу шараларын сақтауға, күнделікті дене даярлығы мен  машықтануын  арттыруға, ағзасын шындауға, зиянды әдеттерден (темекі шегу, ішкілік ішу және басқалар)   басқалар тартынуға тиіс. Әскери қызметшіге қызметтік міндетін атқару кезінде ішкілік  ішуге тыйым салынады .

Әскери қызметші  қызмет бабындағы  мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына  және оның  рұқсаты мен команда  бойынша  келесі  Жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.

Жеке басының  мәселелері бойынша да әскери қызметші тікелей бастығына, ал оның  әрекетсіздігі  жағдайында одан жоғары бастыққа  жүгінуге тиіс.

Ұсыныс, арыз және шығым түрінде жүгінген ретте әскери қызметші осы Жарғының 4 – тарауындағы ережелерді  бастыққа  алады.

Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрлануын немесе бүлінуін, ақша қаражатының   зансыз жұмсалуын, әскериларді жабдықтаудағы келенсіздіктерді, қару – жарақ пен әскери   техниканы ұстаудағы кемшіліктерді немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне  залал   келтіретің  басқа   да  фактілер  анықталға  ретте  бұл  туралы  команда  бойынша  баяндауға міндетті, сондай–ақ осы кемшіліктерді жою жөнінде  Қазақстан  Республикасының    Қорғаныс  министеріне дейін қоса алғанда, аға бастыққа жазбаша арыз жібере алады.

Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды  тұлғалар мен басқа да органдардың және қоғамдық бірлестіктердің зансыз іс-әрекеттеріне   мемлекеттік басқару органдарына,  құқық қорғау органдарына арыздана алады.

Әскери қызметші гуманитарлық құқық ережелерін білуге, соңың ішінде әскеи  қимылдар жүргізіздің,  ұрыс іс – қыймылдардын жүргізілен ауданда  қарсыалатын қарулы    күштерінің қүрамынан жаралғандармен, аурулармен,  кеме апатына ұшырған адамдармен  және азаматық түрғындармен, сондай-ақ әскери тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың   халқаралық   қағидаларын білуге және мүлтіксіз сақтаүға тиіс.

Әскери қызметші ұрыс қимылдарының барысында,  тіпті  өзінің әскери бөлімінен   (бөлімшесінен) қол үзіп толық қоршауда қалған кезде де тұтқынға түсұден бас тартып,   жауға табанды қарсылық көрсетуге міндетті. Ол ұрыста өзінің әскери боршын ақырына  дейін орындауға міндетті.

Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалып және қарысылық көрсетудің  барлық құралдары мен жолдарын тауысып немесе жарақаттануы не контузияға ұшырауы   салдарынан қауқарсыз күйде қалып, қарысыластын тұтқынына  түсетін  болса, ол өзін және  жолдастарын тұтқыннан босату және өз әскерлеріне оралу үшін кез келген мүмкіндікті   іздеуге  және пайдалануға тиіс.  Жау тұтқынына алынған әскери қызметшінің жауап алу   кезінде өзінің тегін,  атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған кунің және жеке нөмірін ғана  айтуға құқығы бар. Ол жауынгердің абыройын жоғары устауға, әскери және мемлекеттік   құпяны қастерлеп сақтауға, табындылық  пен ерлік танытуға, тұтқындағы басқа әскери  қызметшілерге көмектесуге, оларды душпанға жәрдемдесуден тежеуге, жаудың әскери   қызметшінің Қазақстан Республикасына нұқсан келтіру үшін пайдалану әрекетің тойтаруға  міндетті.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери қызметшінің лауазымдық міндеттері.

2.Әскери қызметшінің арнайы міндеттері.

3.Жауынгерлік абыройын сақтауы.

4.Әскери қызметшінің жалпы міндеттері.

  1. Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастары.
  2. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
  3. Әскери қызметшілердің жауапкершілігі. талдаулар жасау.
  4. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
  5. Әскери қызметшілердің жауапкершілігі. жайлы бейне т.б материалдар жинақтау
  6. Әскери қызметшілердің жауапкершілігі. тақырыбын толықтыру.
  7. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі әскери қызметкерлердің жауыпкершілігіноқыту әдістемесі

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және  Web сайттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.
  2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

СӨЖ сабақ №3.

                      Тақырыбы:» Әскери қызметшілердің бастамашылығы.»

1.Жоспары:

1.Бұйрық (өкім) оларды ,орындау және бақылау тәртібі.беру.

2.Әскери әдеп және әскери қызметшілердің мінез құлықы туралы,әскери сәлемдесу.

Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери бөлімдердегі бұйрық (өкім), оларды беру, орындау мен бақылау тәртібін оқыту. Әскери қызметшілердің мінез-құлқы және қоғамдық орындарда өздерін ұстау нормаларын түсіндіру. Әскери сәлемдесу тәртіптерін үйрету.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметшілердің мінез-құлқы және қоғамдық орындарда өздерін ұстау нормаларын түсіндіру. Әскери сәлемдесу тәртіптерін үйрету. 

1.Бұйрық (өкім) оларды орындау және бақылау тәртібі беру

Бұйрық – қызмет бабында қандай да бір іс-әрекетгі орындау немесе тоқтату туралы командирдің (бастыктың) талап етуі.

Бұйрық әскери қызметшілердің біріне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе техникалық құралдар аркылы берілуі мүмкін.

Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің жеке-дара басшылығы құқығында берілетін әскери басқарудың негізгі өкімгерлік қызметтік кұжаты (құқықтық акті) болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлімнің командирінен бастап одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.

Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.

Өкім – бағыныстыларға  командирдің  (бастықтың) тапсырмаларды жеткізу нысаны. Өкім жазбаша түрде немесе ауызша беріледі. Жазбаша өкім қызметтік құжат болып табылады. Штаб бастығы әскери бөлім командирінің атынан немесе гарнизонның әскери коменданты гарнизон бастығының атынан олардың нұсқауларын жазбаша өкім нысанында жеткізеді.

Командир (бастық) бұйрық (өкім) берер алдында ахуалды жан-жақты бағалауға және оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуын бақылауды жүзеге асьгруға міндетті. Ол берілген бұйрық (өкім) мен оның салдарлары үшін, бұйрықтың (өкімнің) зандарға сәйкестігі үшін, сондай-ақ билікті теріс пайдаланғаны және билікті немесе қызметтік өкілеттігін берілгсн бұйрықта (өкімде) асыра қолданғаны үшін және оны орындау жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапты болады. Бұйрық (өкім) қысқа әрі анық берілуге тиіс,
екіүдай түсінуге жол бермеуге және багыныстының күдігін тудырмауға тиіс.

Бұйрықтар бағыныстылық ретімен беріледі. Ерекше қажет болған ретте бастық бағьшыстыға оның тікелей бастығын жанай бұйрық бере алады. Мұндай жағдайда ол бұл туралы бағыныстының тікелей бастығына хабарлауға тиіс немесе бағыныстыға тікелей бастығына өзінің мәлімдеуін бұйырады.

Командирдің (бастықтың) бұйрық сөзсіз, дәл және мерзімінде орындалуға тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып: «Құп болады» – деп жауап береді де, содан кейін оны орындайды.

Берген бұйрықтың дұрыс түсінілгеніне көз жеткізу қажет болған ретте командир (бастық) оны қысқаша қайталауды талап ете алады, ал бұйрық алған әскери қызметші командирге (бастыққа) оны қайталауын өтіне алады.

Алынған бұйрыктың орындалғаны туралы әсксри қызметші бұйрық берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті. Бұйрықты орындаған соң ол аға командирге (бастыққа) бұл жөнінде шағымдана алады.

Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші басқа, қызметтік жағдайы бойьнша аға шенді бастықтан жаңа бұйрық алып, оны орындауға бірінші бұйрық кедергі жасайтын болса, ол бұл туралы екінші бұйрықты берген бастыққа баяңдайды және ол қуаттаған жағдайында соңғысын орындайды.

Жаңа бұйрық беруші бұл туралы бірінш бұйрық берген бастыққа хабарлауға міндетті.

Өзінің алдына қойылған тапсырманы сәтті орындау мақсатында әскери қызметші байыпты бастамашылық танытуға міндетті. 

4.Бақылау сұрақтары:

1.Бұйрық

  1. Өкім

3.Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез құлқы.

  1. Әскери сәлемдесуді әр түрлі жағдайда орындау тәртібі.
  2. Бұйрық, беру, орындау және бақылау тәртібі.
  3. Өкім шығару, орындау және бақылау тәртібі.
  4. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
  5. Әскери қызметшілердің бастамшылығы туралы талдаулар жасау.
  6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
  7. Әскери қызметшілердің бастамшылығы жайлы бейне т.б материалдар жинақтау
  8. Әскери қызметшілердің бастамшылығы тақырыбын толықтыру.
  9. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі әскери қызметкерлердің бастамшылығы оқыту әдістемесі

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және  Web сайттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.
  2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

СӨЖ сабақ №4.

Тақырыбы:Әскери сәлемдесулер.

1.Жоспары:

1.Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау.

2.Әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау тәсіледері. 

2.Сабақтың мақсаты: Әскери сәлемдесуді қарусыз орныңда тұрып және қозғалыста орындау cтуденттердің саптық дағдысын қалыптастыру.

3.Қысқаша мәтіні: Студенттердің саптық дағдысын қалыптастыру.

Әскери сәлемдесуді қарусыз орныңда тұрып және қозғалыста орындау

Әскери сәлемдесу нык және көрнекті орындалады.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс орныңда бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық кальшты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған карау керек.

Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп түратындай, ал шынтақ иық денгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды кыска жолмен бас киімде ұстау керек. Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз калады.

Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жаныңан өтіп бара жатқанда басты тік үотау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастықка (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге коюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа                            бүру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған карау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және колмен қозғалыс жасауды жалғастьгру керек.

Бас киіммен болған кезде аяқты жерге коюмен бір уақьгтта басты бүру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жаныңда ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге коюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.

Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің колы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бүрумен орындайды.

Әскери сәлемдесуді қарумен орныңда саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретге карабиннің «иыққа» күйін коспағанда, қарудьщ күйі өзгермейді және кол бас киімге апарылмайды.

Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.

Қарумен «аркаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жаныңдағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастықка (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге коюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бүру және бос колымен қозғалысты токтату керек; «аркаға» күйіндегі қарумен одан басқа колды бас киімге апару керек.

1.Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау.

Бөлімше командирі бастықтың орнында тұруы және әскери қызметшілердің келе жатқан бастыққа қарсы қозғалысы кезіндегі әскери сәлемдесу тәртібін көрсетеді.

Бөлімше командирі әскери сәлемдесу тәртібін түсіндіре отырып, студенттердің саптан тысқары жерде қарумен әскери сәлемдесу қарусыз күйіндегідей орындалатынына назарларын аударуы, автомат «Арқаға» күйінде оң қол бас киімге апарылады, ал автоматтың «Белдікке» және «Кеудеге» күйінде – студенттер бастарын бұрады.

Саптан тысқары қозғалыста «Белдікке» немесе «Кеудеге» күйінде автоматпен әскери сәлемдесу, бастыққа дейін 5-6 адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бірдестен басты бастық жаққа бұрып,  қолдардың еркін қозғалысын тоттатқан жөн. Бастықтан өткеннен кейін басты тік ұстап, қолдардың қозғалысын жалғастыруға болады.

Автоматтың «Арқаға» күйінде бастыққа 5-6 адым қалған кезде бірдестен аяқты жерге қоюмен басты тиісті жаққа бұрып, оң қолды бас  киімде ұстайды және сол қолды жамбаста қимылсыз ұстап тұрады. Бастықтан өткеннен кейін басты тік ұстап, оң қолды түсіреді және қолдармен қозғалысты жалғастырады.

Барлық тәсілдерді көрсетіп, түсіндіргеннен бөлімше командирі қарумен әскери мәлемдесуді жаттықтыруға кіріседі.

Әр тәсілді жеке қарастырғаннан кейін, бөлімше командирі алдын-ала бөлімшені біреу бойынша лекке тұрғызып бөлімше құрамында жаттығу жүргізеді және осыған орай, әрқайсысын өзінің жанынан өткізіп қимылдарын тексереді. Жаттығу уақытында студенттер мен бастықтың күйі ауысып тұрады. Бастапқыда студент өз орнында тұрады, ал бастық қозғалыста болады, кейін керісінше жалғасады. Осындай реттілікпен бөлімше командирі жаттықтыруды студенттердің қарумен әскери сәлемдесу дұрыстылығына көзі жетпейінше жалғастыра береді.

2.Әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау тәсілдері.

Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

«Он жақтан (сол жақтан, мандайшептен) қарсы алу үшін, карауыл-ҒА» командасы бойынша «аяқка» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

бірінші тәсіл – карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта түсына, көздеу планқасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында окжатарда, ал бас бармақ – көздеу планқасының астында) ұстау керек, сол қолдын біяегі – қарубау денгейінде болу керек.

екінші тәсіл – оң қолды құндақтың мойныңа ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ күндақ мойныңың алдында киғаш жататындай етіп ұстау керек .

Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бүру және оның соныңан басын бүра отырып, бастықты көз киығымен шығарып салу керек. Карабин «карауылға» күйінен «аяқка» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.

Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяқка үш тәсілмен алу керек:

бірінші тәсіл – оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;

екінші тәсіл – карабинді дүмі табанның сырткы жағына тиіп тұратындай етіп, он аяқка ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;

үшінші тәсіл – сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап кою керек.

«Қарауылға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орныңда олар сапта болған кезде жүргізіледі.

«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, карауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «карауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметінілер саптық кальгпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бүрып, оны көз киығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен кол гранатааткыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.

4.Бақылау сұрақтары:

  1. 1. Әскери сәлемдесуді қарусыз бір орында тұрып орындау.
  2. Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау.

3 Әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау.

  1. Әскери сәлемдесуді қарусыз қозғалыста орындау.
  2. Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау
  3. Саптан тысқары қозғалыста «Белдікке» автоматпен әскери сәлемдесу
  4. Саптан тысқары қозғалыста қаруды «Кеудеге» күйінде әскери сәлемдесу

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

  1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай.Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау,әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау тәсіледерін меңгеру.
  2. Студенттерді бағалау.
  3. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау.

2.Әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау тәсіледері.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау,әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау тәсіледерін меңгеру дағдылану.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және  Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі  2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

 СӨЖ сабақ №5.

Тақырыбы:Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялауға (тексеруге) келген адамдарға таныстырудың тәртібі.

Әскери антты қабылдамаған, даярлықтың тиісті бағдарламасын игермеген жаңадан келген толықтырушыларды, Қылмыстық кодексте көзделген іс – әрекеттердің белгісі бар теріс әрекет жасаған және осы бойынша тергеу жүргізіліп жатқан, ауру және осы уақытта өзінің моральдық – психологиялық жай – күйі бойынша қарауылдық қызметті атқара алмайтын әскери қызметшілерді, сондай – ақ оларды тәртіптік жазасын өтеу үшін қарауылға тағайындауға болмайды.

Әскери бөлімдер штабтарының бастықтары гарнизондық немесе ішкі қарауылдардың  нарядқа түсерінен үш күн бұрын, қарауыл тағайындалатын бөлімшелердің командирлеріне қарауыл жеке құрамы зерделеу үшін постылардың орналасу сызбасын, постылар табелін және қарауыл бастықтарына арналған нұсқаулықтарды тапсыруға міндетті. Зерделеуден кейін аталған құжаттар әскери бөлім штабына қайтарылады.

Қарауылға барар алдындағы түнде әскери қызметшілер ешқандай қызметті атқармаулары немесе оқу сабақтары мен жұмыстарға тартылмауы керек.

Нарядқа түсетін күні, күн тәртібінде көрсетілген сағаттарда қарауыл жеке құрамына қызметін атқаруға әзірленуі үшін кемінде 3 сағат, ал қарауылға бір тәуліктен кейін баратын кезде – кемінде 4 сағат, оның ішінде демалуы үшін кемінде 1 сағат уақыт берілуі керек.

Ротадан тағайындалатын қарауыл жеке құрамын даярлауды рота командирі, батальоннан тағайындалған қарауылды –  батальон командирі жеке өзі, ал әскери бөлімнен тағайындалған қарауылды бөлім  командирінің бір орынбасары ұйымдастырады.

Қарауылда қызмет атқаруға даярлық үш кезең бойынша жүргізіледі:

бірінші –  нарядқа түсерден екі – үш күн бұрын постылардың     табеліне сәйкес қарауыл жеке құрамын іріктеу мен бөлу жүзеге асырылады;

екінші –  нарядқа  түсер күннің алдыңғы күні, күн тәртібінде көрсетілген  сағатта қарауыл жеке құрамымен жарғылардың ережелерін, күзетілетін объектілерді макетте көрсетіп нақтылай отырып, постылардың табелін, постылардағы сақшылардың ерекше міндеттері мен іс – қимыл нұсқаларын, сондай – ақ қаруды пайдалану кезіндегі тиісті нұсқаулар мен  қауіпсіздік талаптарын зерделеу жөніндегі оқу сабақтары жүргізіледі. Қарауылға бір тәуліктен кейін түсетін болса, бұл сабақтар кезекшілікке түсетін күні сабақтардың алтыншы сағаты орнына өткізіледі.

үшінші –  қарауылға түсетін күні постылардағы сақшылардың іс – қимылын бірнеше рет қайталап, пысықтау жөніндегі практикалық сабақтар жүргізіледі.

Техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісін даярлау гарнизон бастығы  ай сайын ұйымдастыратын оқу сабақтарында және қарауылдың жұмысқа тарату алдындағы практикалық сабақтары барысында жүзеге асырылады.

Жеке құрам қарауыл қызметін бір – екі күннен кейін қайта өткерген жағдайда, қарауылдарды даярлау  бірінші және  екінші кезеңіндегі шараларды жүргізу уақытын қарауылды даярлау сапалылығы еш төмендемейтіндей есеппен әскери бөлім командирі белгілейді.

4.Бақылау сұрақтары:

  1. Жеке құрам қарауыл қызметі
  2. Дабыл берілген жағдайға арналған құжаттамада нелер көрсетілері.
  3. Қарауылға барар алдындағы түнде әскери қызметшілер міндеті.
  4. Қарауылдар саны.

5.Объектіде кемінде бес және одан көп пост болғанда, қарауыл бастығы болып кімдер тағайындалады.

  1. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Қарауылдық қызметтің ережелері.

  1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.
  2. Студенттерді бағалау.
  3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,қарауылдар нарядтар,қарауылды ауыстыру,сақшыларды ауыстыру.Қарауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды тексеру.Патрульдің міндеттерін оқыту туралы.

  1. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,қарауылдар нарядтар,қарауылды ауыстыру,сақшыларды ауыстыру.Қарауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды тексеру.Патрульдің міндеттерін оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және  Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

  1. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.
You May Also Like

Эндодонтиялық практикада коффердамды қолдану, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Эндодонтиялық практикада коффердамды қолдану Жоспары: Эндодонттық практикада коффердамды қолдану принциптері;…

Өмір мен өлім туралы философиялық ілім және қазіргі замандағы танатология, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:”Өмір мен өлім туралы философиялық ілім және қазіргі замандағы танатология” Жоспар…

Анатомиялық  препараттардан мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының ерекшеліктерін оқу, СӨЖ

Тақырыбы: “Анатомиялық  препараттардан мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының ерекшеліктерін оқу”…

Жүктілікті көтере алмаушылық. Бедеу неке, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:  «Жүктілікті көтере алмаушылық. Бедеу неке». Жүктілікті көтере алмаушылық – өте…