СӨЖ

Тақырыбы:”Өмір мен өлім туралы философиялық ілім және қазіргі замандағы танатология”

  • Жоспар

I Мазмұны:   

II Кіріспе

1.Философиялық танатологияға тоқталу:

  1. Философиядағы өлім мен өмір туралы түсініктер;

В. Әр түрлі халықтардағы өлім мен өмір философиясы;

– Египеттіктер

– Қытай

– Еврейлер

  1. Медициналық танатологияға тоқталу:
  2. Өлім себептеріне байланысты жіктелуі;

В. Клиникалық өлім;

Г. Кенет өлімнің клиникалық негізгі критерилері;

Д. Өлім фактісін диагностикалау;

Е. Дәрігерлік алғашқы көмек;

 III.Қорытынды

  1. Қолданылған әдебиеттер
  • Кіріспе

Казіргі замандағы танатология- ғылыми және гуманитарлық пәндердің “қызу” нүктелерінің бірі болып табылады. Өлім мен өмір тақырыбына деген қызығылушықтың бірнеше себебі бар:

Казіргі глобальді цивилизациялық кризистің ықпалынан адамзаттың жойылуына әкелуі;

Әлемдегі жалпы болып жатқан жағдайлардан кейінгі өмір мен өлімге деген көзқарастың түбегейлі өзгеруі;

1,5 млрд планета тұрғындары кедейлікте өмір сүрсе, 1 млрд сол белгіге жақындап қалған, 1,5 млрд тұрғын медициналық көмекке зәру, млрд адам жазып оқи алмайды, 700 млн адам жұмыссыздар саны тіркелген, 200 млн бала балалық шақтан жұмыс істеуге мәжбүр. Жер шарының әрбір түкпірінде миллиондаған адам расизм, терроризм, ксенофобия, агрессивті национализмнен жапа шегуде. Осының барлығы адам өмірінің құнсыздануына, өміріне деген және басқа адамға деген сүйіспеншілік, мейірімнің жойылуына әкелуде. Терроризм, себепсіз зорлық-зомбылық пен өлтірудің санының өсуі, өзін- өзі өлтіру-  XX-XXI ғасырдағы адамзаттың глобальді патологиясы болып табылады.

  • Кіріспе
    (жалғасы)
  • Сонымен қоса Батыс елдеріндегі 60 жылдары философия, этика, биология, медицина ғылымдарымен қайшылықта тұратын кешенді дисциплина биоэтика пайда болды. Ол өмір мен өлім мәселесіне өзіндік реакция болып табылады. Мүшелер мен тіндерді ауыстырып салу, гендік инженерия, экстракорпоральді ұрықтандыру және тагы басқалар. Әрбір адам өмірінде ерте ме кешпе өзінің жекедара тіршілік етуінің соңы туралы сұрақ қоятыны белгілі. Адам- өзінің осы дүниеден кететіндігі туралы ойланып, түсінетін жалғыз тіршілік иесі. Өлімнен құтыла алмастық адаммен әдеттегі жағдай сияқты қабылданбайды, ол өте күшті эмоциялық сілкініс тудырып, адамның ішкі дүниесіне тереңнен әсер етеді. Бұл сұрақтың жауабын іздеумен мифология, әр түрлі діндік бағыттар, өнер туындылары және көптеген философтар айналысты және айналысуда.Өлім мен өмір – адамзаттың рухани мәдениетінің барлық бөлімдерінде жауабы табылмайтын мәселе болып табылады. Ол туралы пайғамбарлар, философтар, моролистер, өнер және әдебиеттанушылар, педагоктар және медиктер айналысады.
  • Танатология (греч. thanatos — өлім)өлім туралы ғылым болып табылады. Ол өз кезегінде 2 бағытқа бөлінеді.

Медициналық танатология;

Философиялық танатология;

   Медициналық танатология ол патанатомия (өлім себебін зерттеу) және реаниматология (адамды тірілту әрекеттерін олардың заңдылықтарымен салдарын зерттеу) ғылымдарына сүйене отырып дамиды.

Философиялық танатология ол кешенді пән болып табылады. Ол екі бағытта дамиды. Платон философиясы әсерінен және өлім идеялары ретінде.

  • Философиядағы өлім мен өмір туралы ұғымдар
  • Өлім мен өмір көптеген философтардың еңбектерінде көрінеді. Өзінің өмірінің мәні өлім туралы ойламаған адам жоқ шығар. Бұл ойлар тіптен балалр мен жасөспірімдерді де толғандыратыны өлең шумақтардан, драмалар, трагедиялар, хаттар мен күнделіктер арқылы көз жеткізуге болады. Шопенгауэр «өлім жасанды гений, өмір сүру деген өлімге дайындық» деп жазған. Көп уақыт бойы адамзат өмір сүру туралы негативті ойда болды. Өмір –қасірет (Будда, Шопенгауэр.); өмір – ұйқы (Веда, Платон, Лабрюйер, Паскаль); өмір- зұлымдықтың тұңғиығы (жизнь – бездна зла) (ежелгі египет жазбаларында “Разговор человека со своим духом”). “Адам өмірі құнсыз» (Человеческая жизнь жалка) (Сенека); “ Өмір- ақымақтың әңгімесі, идиотпен айтылған, ашумен айқайға толы, бірақ мағынасынан айырылған» (Жизнь – это повесть глупца, рассказанная идиотом, полная шума и ярости, но лишенная смысла) (Шекспир); “Адам өмірі- тұрақты иллюзия» (Паскаль); «Адамзаттың барлық өмірі өтірікке терең батырылған» (Ницше);
  • Шынына келгенде әрбір адамның өмірі драма мен трагедиядан тұрады, себебі қаншалықты бақытты және сәтті болғанымен соңы бір, яғни өлім. Эклиазист авторы былай деген «Кім тірілер арасында болса, оған әлі де үміт бар, себебі тірі ит өлген арыстаннан артығырақ». Жүз жыл бұрын грек оқымыстысы Эпикур бұл сұрақты былай шешкісі келген «саған өлімнің еш қатысы жоқ деп үйрет, біз өмір сүргенде- өлім жоқ, ал өлім келгенде- біз тіршілік етпейміз»;
  • Міне осылай өлім туралы ойлана бастағанда, біз түсіне бастаймыз, өлім жалғыз ұғым оның алдында барлығы теңеледі. Бай кедеймен, таза мен кірлер, сүйетіндер мен сүйіспеншілігі болмағандар.Адамның ақылдылығы өмір мен өлім туралы тыныш қатынасы делінген. Махатма Ганди «Біз білмейміз- қайсысы жақсы өмір ме, әлде өлім бе? Сондықтан біз өмірмен аса тамсанбауымыз керек, өліммен ойымызды күштемеуіміз керек, біз екеуіне де бірдей қарауымыз керек»;
  • Әр елдегі өлім мен өмір философиясы
  • Өлім тақырыбы философтардың жазбасы бойынша әр елде бұл тақырып әр түрлі сипатталады. Өлім алдындағы қорқыныш кейбір елдерде атымен жоқ. Өлім алдындағы қорқыныш адам табиғатына енгізілген, ол адамның психикалық деңгейінде орналасқан.
  • Қытай
  • Ежелгі Қытайда өлім терең мағынаға ие емес, егер адам өлсе, ешқандай трагедия жоқ. Ол бәрібір тірі, адамның арасында қалады. Бірақ ұйқылы қалыпта. Адам тірілерден шартты түрде ғана кетеді. Әлем “тірі өліктермен” толтырылған. Олар басқа жағдайға ауысты бірақ ана өмірге кеткен жоқ. Сондықтан олардың мәдениеттерінде өлім символы- жер болып табылды. Қартайған ата- анасына жер дайындау- сүйіспеншілігін көрсетті.
  • Египеттіктер
  • Ана өмір мен осы өмірді бөлген жоқ. Олар ана өмірдеде осылай өмір сүреді деп есептеді. Бальзамдау, мумификациялау, үлкен қабірлер дайындау, барлығы бір мақсатта өлместіктің символы ретінде қалыптасты. Ежелгі хандықтың эпохасында египеттіктер өлген адамның жаны жұлдыздармен жалғасады деп есептеді. Әрбір түнде жан қайтадан денеге оралу үшін жұлдызды тастап кетеді деді. Египетте өлілер кітабы- құлшылықтар жиынтықтары, магиялық әуендер, мифологиялық жазбалардан тұрды. Бұл жазбалардың мағынасы қайшы- олар 2 күшті религиялық әдет- ғұрыптар арасында (Күн құдайының жрецтері мен Озиристің артынан ерушілер) болды. Сонымен ежелгі қытай мен египет мәліметтерінде өлім мен өмір теңеседі. Арасында аздаған шекара болғанымен 2 өмірде тең.
  • Еврейлер
  • Ежелгі еврейлер өлім фактісін реалистік түрде қабылдады.Олар өмірдің аяқталатының түсінді. Олар адамның 2 жағы бар деді. Өлген соң бір жағы жер астына түседі деді, мұңлы қараңғылықта өмір сүре бастайды дейді. Яхва шашылған сүйектерді киіп, өлгендерді ана өмірге тірілтеді делінді. Кобалистік традицияда жан ұшып жүреді, басқаға қонады деп түсінді. Адам жаны жануарға, ағаш жапырақтарына, тасқа да қонуы мүмкін. Ол адаммен және құдаймен тікелей байланыста болады. Иудейлер өздерін ана өмірде бақыт, әділеттілік болады деп жұбатты. Бірақ жалпы алғанда олардың концепциясында пессимизм басым.
  • Өлім себептеріне байланысты жіктелуі

Клиникалық –мүшедегі жүрек қызметі мен демнің жоқтығына қарамастан, реанимация тәсілінің көмегімен белгілі уақытқа өмірлік жүйелерді сақтауға мүмкіндік беретін, өлімнің соңғы кезеңі.

Биологиялық – клеткадағы және дене талшықтарындағы физиологиялық процесінің қайтарылмас тоқталуы

Физиологиялық (патологиялық)- қартаюдың табиғи жолын жылдамдататын әртүрлі факторлардың септігінен қартаю.

Зорлықпен – қоршаған ортаның әртүрлі фактор әрекеттерінің арқасында өлу (өлтірілген, өзіне-өзі қол салған, жазатайым жағдайларда).

Өзінің өлімімен – әртүрлі аурулардың арқасында, нәрестенің шала туылуының барысында.

Аналық өлім – акушерлік қан ағу, ішкі ағзалардың зақымдануы, туу кезінде, дерттің асқындану барысында.

Нәресте өлімі – перинаталды жағдайда, дем алу мүшелерінің науқастануы, мүгедектікке әкеп соғатын өсудің туа біткен ақаулықтарына байланысты, ең басты себеп ананың нашар денсаулығы.

Кенет өлімнің клиникалық негізгі критерилері.

Кенеттен есінен тану, тартылу синдромының дамуы.

Тыныстың тоқтауы немесе агоналды тыныс алу белгілері (минутына 6–ға дейін болатын сирек және қорылды тыныс).

Ірі тамыр соғыстарының (сан, ұйқы артериялары), жүрек тондарының және артериялық қысымның жоғалуы.

Көз қарашығының кеңейуі.

Тері түсінің өзгеруі (көкшілденіп бозаруы).

ЭКГ-да тиісті механизміне сәйкес қарыншалардың фибрилляциясы немесе асистолиясы анықталады. Жүректің кенеттен тоқтауы кезінде жүректің сыртқы жарылуы синусты ырғақтың өте қысқаша тіркелуі мүмкін.

Ақтық күй-өмір мен өлім арасындағы хал, өмірдің ең соңғы стадиясы. Бұл стадия мынандай кезеңдерден (фазалардан) тұрады:

  1. жанталастың алды (предагональное состояние),

II.ақтық үзіліс (терминальная пауза)

III.клиникалық өлім.

I.Агония алды жағдай: есі бұзылған, пульсі анықталмайды, жүрек тондары әлсіреген, қан қысымы прогрессивті төмендеу үстінде, тынысы жиі және беткейлік, тітіркендіргіштерге реакциясы жылдам төмендеген

II.Терминальді үзіліс: есі, рефлекстері, пульсі және тынысы анықталмайды, қан қысымы нолге жақын

III.Агония: есі шатасқан бірақ эпизодты түрдеқысқа уақытқа қалпына келеді. Қыртыс функциясы тежелген, қыртысасты орталықтардың қызметі активті, жүрек соғуының кейбір жиілеуі және қан қысымының аздап жоғарылауы, тынысы сирек және терең барлық тыныс алу бұлшықеттерінің қатысуымен. Кезеңнің аяқталуы тыныс алу жиілігі мен қан қысымының төмендеуімен көрінеді.

  • «Клиникалық өлім»
  • «Клиникалық өлім» ол тыныс пен қанайналымының тоқтауымен сипатталады. Қанайналымының кенеттен тоқтауы деп жүректің тек механикалық тоқтауы ғана емес, сонымен қатар қанайналымының қажетті минималды деңгейін қамтамасыз ете алмайтын жүрек жұмысын айтады. Жансақтаулық шараларының тиімділігі қанайналымының тоқтауының алғашқы белгілерінің пайда болуына байланысты болады. Егер жансақтау шаралар алғашқы минутта жүргізілсе, онда оның тиімділігінің пайдасы 60-70% дейін артады, ал егер алғашқы 3 минутта болса – онда тиімділігі айқын төмендейді. Жүректің алғашқы тоқтауы кезінде адамның есі 10 секундтан соң жоғалады, ал спонтанды тыныс алудың тоқтауы  60 секундтан аспайды.
  • Агония – жанталас. Клиникалық өлімнің алдындағы ақтық күйдің бір кезеңі. Өлу прцесінің ақтық үзіліс деп аталатын сәті, жанталас кезеңіне ауысады. Бұл кезең организмнің өмір үшін соңғы күрес сәті («сөнбек шырақтың түтіні»-дым угасающего факела»). Жанталас кезеңі бірнеше минуттан 20-30 минутқа, одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Жанталастағы адам демігіп, тынысы жиі-жиі үзіліп, оның қан тамыры мен жүрегінің соғуы өте әлсіреп, еміс-еміс қана белгі береді.
  • Биологиялық өлім-өлімінің дамуының ең соңғы кезеңі. Бұл кезең ми тіндеріндегі қайтымсыз (необратимый) өзгерістерден басталып, организм тіршілігінің қайтымсыз тоқталуымен аяқталады.
  • Өлім фактісін диагностикалау

Пульстің сан және ұйқы артерияларында болмауы;

Жүрек соғуының 1-2 минут болмауы;

Терінің жарықпен қарағанда қызғылт түсінің болмауы;

“мылқау” электрокардиограмма;

Қозғалыссыз кеуде сарайы және құрсақ қабырғасы;

vАускультацияда тыныс алу шуларының болмауы;

Есін жоғалту;

Тітіркендіргіштерге иіс сезу рефлексінің болмауы (мүсәтір спиртіне);

Жарыққа қарашық рефлекстерінің болмауы;

“мылқау” электроэнцефалограмма;

Мәйіттік құбылыстар- өлімнің биологиялық кезеңінен кейін дамитын биохимиялық және физикалық процестер. Олар ерте (жылдам) және кеш (баяу) дамитын болып бөлінеді.

Ерте дамитын топқа: өліктің тобырсуы, салқындауы, таңбалары, сіресуі, өзін-өзі ерітуі жатса

Ал кеш дамитын топқа -өліктің шіруі, қақталуы, өлік балауызы және торфтық илену жатады.

  • Өліктің сууы – өлікте жылдам дамитын құбылыстардың бірі. Бұл құбылыс өлімнің биологиялық кезеңінде, мәйітте зат алмасу тоқтағаннан басталып, дененің температурасы айналасындағы температурмен теңелгенше созылады. Әдетте, өлік жалаңаш жерлерінен бастап суиды. Дененің температурасын өлікті соймай тұрып, ішкі мүшелеріне электротермометрдің үшкір сезгіш жүйесін сұғып анықтаған жөн. Осы мәліметке сүйеніп, өлу мерзімін анықтауға болады.
  • Өліктік таңбалар. Терінің және шел майының қан тамырларына (капиллярға, ірі немесе ұсақ веналарға) қан жиылуынан пайда болатын, күлгін немесе қызғылт-көкшіл түсті теңбіл дақтар. Өліктік таңбалар әдетте мәйіттің төменгі жақ бетінен табылады. Олардың түсі қанның түсіне сәйкес өзгеруі мүмкін (мысалы қанға әсер ететін заттармен уланғанда). Оның дамуы төмен іркілу (гипостаз), іркілу (стаз) және қан сіңу (имбибиция) болып 3 сатыға бөлінеді. Төмен іркілу сатысы 1,5-2 сағаттан кейін басталады, 6-10 (8-12) сағатқа созылады. Бұл кездегі таңбалар басқанда жойылып, өліктің жатқан қалпының өзгеруіне қарай олар да ығысады. Іркілу сатысындағы таңбалар 8-12 сағаттан 24-36 сағатқа дейінгі аралықта дамиды. Олар басқанда бозарғанмен, жойылмайды. Қан сіңу сатысындағы таңбалар басқанда түсін өзгертпейді, өз қалпында қалады. Өліктік таңбалардың сот медициналық маңызы- олардың биологиялық өлімнің күдік тудырмайтын белгісі, өліктің жатқан қалпын анықтау, қанның түсіне қарап, қандай затпен уланғанды жорамалдау белгілері болғандықта
  • Өліктің сіресуі. Бұлшықеттердің өлгенне кейін жиырылып, қатайып, дененің өлгендегі қалпын сақтайтын, жылдам дамитын өліктік құбылыстардың бірі. Бұл құбылыс өлгеннен кейін 2-4 сағатта басталып, 8-10 сағатта бүкіл бұлшықеттерді қамтып, 1-ші тәуліктің соңында толық дамиды. Ол біртіндеп азайып, 3-7 тәулікте толық тарқайды. Өліктің сіресуі өлгендіктің абсолютт белгісіне жатады. Оның негізінде өлу мерзімен, денесінің өлген мезгілдегі сыртқы қалпын, оны кейін өзгеруін анықтауға болады.
  • Өліктің шіруі – микроорганизмдердің тіршілк әрекетінде түзілген заттардың әсерінен мәйіт белоктарының ыдырау процесі. Өліктің шіруінің алғашқы белгісі- оң жақ мықынның жасыл түске боялып, көгеруінен басталады (өлгеннен кейін 2-3 тәулікте). Шіру біртіндеп барлық тіндердің ыдырауымен аяқталады.
  • Өліктің тобарсуы- жылдам дамитын өліктік құбылыстардың бірі. Әдетте терінің зақымдалған жерлері жылдам тобарсиды. Өліктің тобарсуы 6-12 сағаттың ішінде байқала бастайды, ол терінің жеңіл зақымдарын жақсы «айқындағыш» болып есептеледі.
  • Жарғақ кейіпті таңбалар. Өлгеннен кейін пайда болатын сызаттар немесе қарылған жолақтар. Терінің жарғақ кейіпті таңба түскен жері кебірсіп, сары немесе сарғыш –қоңыр түсті болады. Оларды тіршілікте түскен сызаттардан айыра білу керек.
  • Дәрігерлік алғашқы көмек.

Прекардиялық аймаққа жұдырықпен соққы беру.

Өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізілетін жүректің тура емес массажы.

Электрлік дефибрилляция.

  • Шұғыл емнің қағидалары.

Аз қажетті мөлшердегі қанайналымы мен тынысты сақтау үшін қажетті реанимациялық шаралар.

Жүректің синустық ырғағын қалыптастыру.

Жансақтаудан кейінгі синдромды емдеу.

КҚБ кезінде, ЭКГ-ға түсірудің қажеттігіне қарамай, жансақтау  шараларды қолма-қол тез бастау қажет. Шұғыл емдік шаралардың тиімділігі уақыт пен техникалық сауаттылығына тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті  кез-келген қасында тұрған адам жасай  беруі тиіс. Осындай кездегі өте қажетті шаралардың реттілігі «АВС» ережесі түрінде кеңінен белгілі:

Aire way open (открыть воздуху дорогу – ауаға жол ашу) – тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру;

Breath bor vinetim (дыхание для жертвы – ессіз адам үшін тыныстану) -өкпенің желденуін қалыптастыру;

Circulation on his blood (циркуляция крови – қанның айналуы) – қанайналымын қалыптастыру.

  • Есінің бұзылу дәрежесін анықтау
  • Көз қарашықтарының жарыққа әсерін анықтау
  • Қан айналымын анықтау
  • Тыныс алуын анықтау
  • Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
  • Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады. Ол үшін осы жолдарды тазалауды неғұрлым ертерек жүргізген абзал және оны жасағанда адамның басын барынша шалқайтып, көмейді жауып тұрған тілдің түбін алдыға қарай ығыстырып, ауа өтетін тыныс жолын ашу керек.
  • Тыныс алу жолдарын ашу
  • Өкпенің желденуін қалыптастыру.
  • Ол үшін «Ауыздан ауызға» және «Ауыздан танауға» жасанды тыныс алдыру өте тиімді болып саналады. Осы шараларды әрбір 5 секунд сайын қайталап отырады. Осы шаралардың тиімділігін науқас адамның кеуде құрсағының қозғалысынан байқауға болады.
  • Қанайналымын қалыптастыру.
  • Тамыр соғысының жоғалуы кезінде қанайналымын тиімді ету мақсатында жүректің тура емес массажын қолдану керек. Осы шараны өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізеді. Жасанды тыныстандыру минутына 12-16 рет жиілікте, жүректің массажы минутына 80-90-100 жиілікте жасалуы тиіс. Егер екі жансақтаушы бірге жұмыс істесе ЖТ:ЖМ қатынасы 1:5 қатынасына тең болуы тиіс. Ал егер бір жансақтаушы жұмыс істесе, онда ЖТ:ЖМ қатынасы 2-3:10-15 қатынасына тең болуы керек.
  • ЖҮРЕККЕ МАССАЖ ЖАСАУ
  • Алақандарды бір біріне қосып кеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.
  • Егер массажды сіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып екі рет жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.
  • Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.
  • Кенеттен өлім кезінде жүргізілетін шаралар
  • Кенеттен өлім кезіндегі жансақтау шараларды жалпы 3 сатыға бөледі:
  • І саты – жасанды тыныстандыру мен жүректің тура емес массажын және алғашқы дефибрилляцияның бірнеше разрядын қолма-қол жүргізілуі қажет;
  • ІІ саты – орталық көктамырды катетрлеу немесе көк тамырға енгізу арқылы дәрілерді егу;
  • ІІІ саты – жүрек ырғағының бұзылыстарын, гемодинамикалық өзгерістерді және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті анықтау және оны реттеу қажет.
  • Орындау техникасын бұзғанда кездесетін асқыныстар
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • Егер ажал біз қашып құтыла алатын дұшпан сияқты болса,онда қорқақтардың осы амалын қолдануын кеңес етер едім.Бірақ одан құтылып кету мүмкін емес.,мейілі жылпос болсын, не адал болсын, бәрбір қашқан жанға кім болуына қарамастан ол бәрбір қуып жетеді. Демек қанша мықты болсын сондада құтыла алмайсың. Ендеше оған кеудемізді тосып,онымен жекпе жекке шығуға үйренейік және оның бас козерін алу үшін кәдімгі жолға тікелей қарама қарсы жолды тандайық.
  • Ажалдың бізді қай жерде күтіп тұрғаны белгісіз: сондықтан біз оны кез келген жерден күтеміз. Ажал туралы ойлау бостандық туралы ойлау.Өлімнен тайсылмайтын адам құлдық болмыстан азат. Өлімге сақадай сай тұру бізді кез келген бағынушылық пен зорлықтан құтқарады.Өмірін жоғалтуды жауыздық деп білмейтін адам үшін өмірде жауыздық деген болмайды. Тұтқынңа түскен бейшара Македон патшаның салтанатты арба соңынан жүргізбеуін өтініп жазған хатын жеткізген елшіге Павел Эмилии «Осы өтінішті өзіне жасасын» депті.Шынында да өзіне табиңаттан бірдеңе дарымаса жалғыз ептілікпен не болмаса ұмтылыспен кез келген істе жоғары жетістікке қол жеткізе алмайсың. Мишель де Монтель мінезі меланхолик, бірақ қиялшыл. Және оның қиялында ажал белгілері бар.
  • Өлімнен кейін өмір бар ма?
  • Адам өлім атты қорқынышты межеге неғұрлым жақындаған сайын өзіне өзі “Бұдан соң мені не күтіп тұр ” деген сауал қояр хақ. Ертеректе АҚШ та энцефалит ауруымен Сэнди атты бес жасар қыз ауруханаға түседі. Дәрігердің жанұшыра арпаласқанына қарамастан, ол клиникалық өлім құшағында қалып қояды. Бірақ бақытына қарай өмірге қайта оралады. Кейін бала көрген түсін баяндайды. Ол О дүниеге барған екен барған екен де, ол жақтан өзіне туыс болып келетін Билли атты қызды көрген.Және өзінжақсы көрген Глен атты көрші қартпен кездеседі.Қыздың білуінше оның еш уақытта әпкесі болған емес,  Глен ақсақал аман аһесен болған.Шындығында да әке шешесінің қызы уланып өлген, бірақ ол жөнінде Сэндиге айтқан емес. Ал Глен қарт Сэнди ауруханаға түскен күннің ертесіңде жүрек ауруынан қайтыс болған. Осыған ұқсас өлімдер жер бетінде кездеседі.
  • Платонның Сократ атты диалогында мынандай жолдар бар:Егер өлім дегеніміз түс көрмейтін ұйқы болса, онда ол ғажап жетістік болар еді…Өйткені бұл ғұмырың сол бір ғана түнге тұрмайды.
  • Р. Моудидидің Өмірдің соңғы өмірі атты кітабына орай теолог: Өмір құпия, Өлімнен кейінгі өмірде құпия. Егер де біз Жаратушының түпкі ойын білетін болсақ сенімімізді жоғалтар едік деген.
  • 1. Негізгі әдебиеттер тізімі
  • 1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
  • 2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.
  • 3. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.
  • 4. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.
  • 5. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.
  • 6. Ақназаров Х.З. Фиолософия тарихынан дәріскер курсы. – Алматы, 1992.
  • 7. Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992.
  • 8. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
  • 9. Жамабаев С.’’ Өлгеннен кейін бізді не күтіп тұр?’’ Денсаулық№1 Алматы 2005
  • 10.Өтеков Д.’’ Өлімнен кейін өмір бар ма?’’ Денсаулық№4 Алматы 2008
  • 11.Мишель де Монтень француз ойшылы (xviғ) аударған Абакир А.

“Адам және ажал туралы”

Денсаулық №5  Алматы 2005

You May Also Like

Клиника бөлімшелеріндегі емдік қорғаныс режимі, СӨЖ

СОӨЖ Тақырыбы: Клиника бөлімшелеріндегі емдік қорғаныс режимі Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Емдік…

Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер, СӨЖ

СӨЖ                                                                                                                                                                     Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер. Кіріспе. ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын  қамтыған жыраулар…

Желілік қауіпсіздік, СӨЖ

СӨЖ №5. Желілік қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік ұғымына түсініктеме беріңіз. Сыртқы және ішкі…

Көру төмендеуінің және соқырлықтың негізгі себептері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Көру төмендеуінің және соқырлықтың негізгі себептері Жоспар 1) Кіріспе 2)…