ҚАЗАҚСТАН ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРАЖАТТЫ РЕТТЕУ

Қазақстанда, кез келген елдерде сияқты экономикалық дағдарыс өзгерістер еңгізді. Қаржылық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласты. Әлемдік экономиканың құлдырауы барлық дерлік шикізаттарға деген сұраныстың, соның салдарынан олардың бағаларының күрт төмендеуіне алып келді. Отандық және шетелдік ғылыми, көпшілік басылымдарда ғалымдардың, саясаткерлердің ғаламдық дағдарыстың себептері, салдары, одан шығу жолдары туралы түсініктер, пікірлер көптеп айтылуда. Ғалым-экономистердің осы тұрғыдағы көзқарастарын тұжырымдай келе әлемдік дағдарыстың негізгі себептерін атап айтуға болады:

  • Әлемдік экономиканың, әсіресе – қаржының, ғаламдануы.
  • Мұнай бағасының өзіндік ерекше қалыптасуы және оның бүкіл қаржы сферасына әсер етуі. Бағақалыптасуының «классикалық» тәртіптенауытқуы.
  • Банктердіңжәнетрансконтиненталдыкорпорациялардыңшексізүлкейіпкетуінарықтыққатынастардыңқозғаушыкүші – бәсекелестіктібасыптастауы.
  • Халықаралыққаржылықинституттарқызметтеріндегітығырыққатаяну.
  • Ұлттықбанктердіңжұмысынреттеужәнебақылауісіндегікемшіліктер.

Қазақстандағы дағдарыс 1991 жыладан басталды, бірақ жоғарыда айтылғандай ең көп өзгерістер енгізген 2007-2010 жылдар аралығы. Оларды түгелімен атап шығу мүмкін емес,сондықтан осы жылдардағы қоғамға қатты әсер еткен жағдайлар:

  • 2007 жылы ипотекалық кредиттеуге дағдарыс орнады. 21 тамызда отын өнімдері 7 %-ға өсті. Астық өнімдерінің сарқылуы туралы баспасөз органдары шу шығаруда, нан, өсімдік майына,сүт өнімдеріне, тұзға бағалар өсті.Екінші ретті тұрғын үйлерді сату нарығы 10%-ға төмендеді.
  • 2008 жылы инфляцияның ең жоғарғы нүктесі 20,1% анықталды. 18 қыркүйекте доллардың құны 119,65 теңге болды. 31 желтоқсан доллар құны 120,77 теңгеге жетті.
  • 2009 жылы доллар 149,42 теңге болды. 1 –ші сәуірге Қазақстанда 642 өндіріс орындарының жұмысы тоқталды. Жұмыссыздық дәрежесі 7%-ға ұлғайды.Almaty LG electronics компаниясы жұмысын тоқтатты. 22 маусымда Карим Массимов айтуы бойынша мемлекеттік қызметтердің штаттары қысқаруда.30 маусымда вагонжөндеуші депоның 2000 жұмыскерлері отырып ереуілдеуге шықты.15 шілдеде ҚУАТ компаниясының жұмыскерлері Достық көшесін жауып тастады, олардың жалақысының берілмеуіне 2 жыл болды. Оңтүстік Қазақстанда бензин бағасы күрт жоғарылауда
  • 2010 жылы 5 наурыз ҚАЗМҰНАЙГАЗ компаниясының 10000 жұмыскерлері жалақының қысқаруына байланысты ереуілге шықты

Статистикалық мәліметтерді қорыта келсек,баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ.Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешу де, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, ең өзекті мәселе болып тұрған,ол доллардың шарықтауынан туындаған қымбатшылық салдарынан қазақстандық отбасылар күйреп жатыр. Мамандардың сөзінше, жоқшылықты көтере алмаған азаматтардың психикасы тез бұзылып, ашушаң болып кеткен.Осы  дағдарыс салдарынан жанұяда күнде жанжал,тіпті ер азаматтардың араққа әуестігі де көбейген. дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.Осыған байланысты Елбасымыз былай мәлімдеді:

«Тағы да айтқым келеді, біздің қазақстандық экономикада айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық дағдарыс – сыртқы фактор. Бірінші жағымсыз фактор – мұнайдың екі есе арзандауы: маусымда – жүзден жоғары (мұнай баррелінің бағасы – Авт.), қазір – 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар – металл, тыңайтқыштар және тағы да басқалардың бағасы төмендеп жатыр. Екінші маңызды фактор – экономикалық дағдарыс, Ресей рублінің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінде 43 миллион жұмыссыз бар, 850 миллионнан астам адам аштықта. Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі – 11,5 пайыз. Жалпы әлемдік жағдай, ал біз сол әлемнің бөлшегіміз және бұл бізге әсер етпей қоймайды. Міне, біз әсерін сезіп отырмыз»

Оның айтуынша, осы себепті «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды. «Көп іс жағымсыз тенденцияларды жұмсарту үшін жасалды. «Нұрлы жол» бағдарламасы – қиын жағдайдағы өсудің бастауы. Мен осы жылы қиындықтар болатынын айтқанмын. Бүгін кеңес тәртібінде отырыс өткіземіз, ұсыныстары бар әркімге сөз беремін, үкімет бүгін не қабылдауы керектігін айтсын», – деді Назарбаев

Кез келген дағдарыс толқыныс тудыруы мүмкін. Барлық елдерде орын алған толқулар мен көтерілістер, артында қарайлайтыны жоқ, жоғалтатыны аз, әрі сенгіш, әрі қайраты тасып жүрген жастар арқылы жасалады. Ашынып кетсе, барша халық талап етері сөзсіз. Осындай ұшынайын деп тұрған жараның ұшығына тимей үйлестіріп отыратын әлемде түрлі технологиялар түзілген. Осының бір пұшпағын көп елдердің басқару тәсіліне айналған несие беріп «жіпсіз байлап» алады. Несие алған адам мойнына бұғалық түскен асаудай жуасып сала беретіні ақиқат. Оның бар есі-дерті «мойындағы кредитті қалай жабам?» – деген сұраққа ауып, жұмысынан айырылып қалмауға тырысады. Одан айырылса, үйден, машинадан, оған дейінгі жиған-тергенінен айырылатыны аян. Жоғалтар нәрсесі болғандықтан,олар бетегеден биік, жусаннан аласа өмір кешуге мәжбүр.

Әр жанұяның отбасылық қаражаты болады.Ол қаражатқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік,депозиттер,тұрмыстық техника,отбасылық кәсіп жатады. Бұл жерден отбасылық қаражатты қалай реттеу деген сұрақ туындайды. Біріншіден, ең алғашқы қажеттіліктер:азық-түлік,дәрі-дәрімек,білім алу,киім-кешектерге үнемдемеген жөн.Екіншіден,көп қажеттілікті тудырмайтын тауарларды сатып алуды шегеру. Мысалы еліміздегі отбасылардың көбінді кем дегенде бір автокөлік бар, ары кетсе әр отбасы мүшесінде болады, ол дегеніміз 3-4 көлік. Бұдан егер әр  отбасыда осыншама көлік болса, көлік кептелістері де көбееді, қоршаған орта ауасы ластанады. Оған қоса, автокөліктердің көбісі несиеге алынады.Яғни,халық несие алу ережелерін білмей,өз құқықтарын толық түсінбей жатып,бир я одан да көп несие алуға асығады,сонда халық несиеге өмір сүреді десек қателеспейміз. Қазіргі таңда шаңырағын жаңа құрған көптеген  отбасылардың капиталы аз болып,дағдарыс кезінде шығынға ұшырап қалады.Бұл Қазақстан халқының қаржылық сауатсыздығының төмен,не мүлдем жоқтығынан туындайды. Қаржылық сауатсыздық дегеніміз не ? Тұрғындар банк ақшаны тегін беріп жатқандай, таласып-тармасып алатынды шығарды. Тіпті пайыздық үстемеақыға назар да аудармайды. Бастысы, сұраған ақшаны қолға берсе болғаны. Кейбір адамдар бір банктен алған қарызын жабу үшін – екінші банктен, оны жабу үшін келесісінен қарыз алатынды шығарған. Ертеңгі күнді ескермей алып алып, төлеуге келгенде опық жейтінін көбі ойламайды да. Экономистер мұны Қазақстан халқының қаржылық сауатты­лығы­ның төмендігінен деп отыр. Мысалы, құқық қорғаушылардан көмек сұрай келген азаматтардың басындағы мына бір жағдайлар көпке сабақ болса игі: бір азамат бизнесін жандандыру үшін пәтерін кепілдікке қойып, 50 мың АҚШ дол­ларын алған, бірнеше жыл үздіксіз төлеген екен. Банкке барса, қалған қарызы – 57 мың доллар. Екінші жағдай – 2007 жылы доллармен 34 мыңның несиесін алған адам, доллардың құны өсіп кетіп, ақыр соңында негізгі қарызының үстінен тағы 110 мың АҚШ ақшасын артық төлеген. Мұндай жағдайларды тізе берсе, өте көп.[ http://www.nur.kz/236333.html]

Алтай ҚОЖАХМЕТОВ, экономика ғылымының кандидаты осы проблемаға байланысты өзінің пікірін білдірді:

– Халық банкке еріккеннен бармайды. Ақша қажет болған соң, барар жері, басар тауы таусылған соң жүгінетіні анық. Бізде халықтың қаржылық сауаты өте төмен. Мұны банктар пайдаланып, ашықтан-ашық алдап отыр. Барған адамға дайын келісім­шарт­қа қол қойдырта салады. Төрт-бес бет келі­сімшартты кім сол жерде оқып жатады, оқы­ғанның өзінде түсінетіндер аз. Ал шар­т­­пен келіспейтін бірен-саран адам табылса, «несиені бермей қоямыз» деп қор­қы­тады. Ал қалай төлейтіні, өтеудің қандай жол­дары бар екенін түсіндірмейді. Мыса­лы, аннуитет деген бар, халық оны білмей қол қоя салады. Сосын ай сайын 100 мың теңге төлесе, соның үш пайызы, яғни 3 мың теңгесі ғана негізгі қарызды жабады, ал қалған 97 мыңы – банктің пайдасы. На­ғыз алдау ғой бұл. Кейбір зерттеулер бойынша, несие алған адамдардың 40 пайызы шартты дұрыс түсінбегендіктен ал­д­а­нып қалады екен.

Қайрат БОДАУХАН экономика ғылымдарының кандидаты

– Қазақ халқын жалпы «кеңқолтық» деп айтамыз ғой. Кез келген іс-әрекеттеріміз еркін. Нарықтық экономиканың заңдылықтарына әлі үйренген жоқпыз. Бірінші – біздің менталитетіміз, екінші – экономикалық сауатымыз, үшінші – біздің үлкен-үлкен державалардың ортасындағы жағдайымыз түрлі экономикалық кедергілерге ұрындырып отырғаны рас. Халықтың нарыққа деген, экономикалық үнемшілдікке деген көзқарасы әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Әрине, бұл мінез жастар арасында қалыптасып келеді, дегенмен, экономикалық әлемдік дағдарыстар біздің халық үшін біраз ойланатын кезеңдерді тудырды деп есептеймін.

– Осы күні қарыз адамдардың, несие алушылардың да қатары көбейді.Бұл бізде тапқанын алдын-ала есептей алмайтын қаржылық сауаттылықтың төмендігін көрсете ме, әлде халықтың тапқаны жұмсайтын шығынына жетпей жатқанын байқата ма?

– Халықтың сатып алу дәрежесі деген бар. Жалпы, халықтың сатып алу қабілеті төмендер едім. Әсіресе, әлеуметтік сала қызметкерлері. Тұтынушылар, мұғалімдер, дәрігерлер – бұлар халықтың негізгі тобын құрайды. Әр мемлекеттерде экономикалық дамудың негізгі экономикалық көрсеткіші және халықтың әл-ауқатының негізгі көрсеткіші ретінде дәрігерлердің, тұтынушылардың, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы және зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы деңгейімен есептеледі. Бұл деңгеймен есептегенде, біздің жағдай өте төмен. Ал халық жақсы өмір сүруге ұмтылады. «Менде ақша жоқ» деп айтып отырғымыз келмейтін де мінезіміз бар. Ұлды үйлендіру, қызды ұзату, шілдехана, сүндет той жасау міндет. Бұл қалыптасқан менталитетті ешкім бұза алмайды. Сондықтан да, кез келген жолмен той жасау керек. Оның ең бірінші жолы – банктен несие алу. Ал, банк жүйесі бізде әлі жетілді деп айта алмаймын. Халықтың осы жағдайын пайдалана отырып, банктер жасырын түрде өзінің пайыз мөлшерін ұлғайтады. Сондықтан несиенің былығына бату біздің халықтың қаржылық сауатсыздығы деп айтуға келмейді, ол, біріншіден– халықтың менталитеті. Екінші жағынан, біздің экономикадағы, әлеуметтік саладағы үлкен кемшіліктеріміз. Оның барлығы айналып келгенде бір-ақ нәрсеге тіреледі. Халық қаржыға мұқтаж, әйтпесе біздің азаматтардың экономикалық сауаттылығы төмен деп айта алмаймыз.

– Әлемдік экономикалық дағдарыс әлемдік алпауыттардың белгілі бір дәрежедегі саяси көзқарастарымен тікелей байланысты. Алпауыт елдер белгілі бір дәрежеде өз ықпалын жасағысы келеді. Яғни, бұл – әлемдік алпауыттардың арасындағы кикілжің. Олардың өз үстемдігін орнату құралы. Сондықтан бұл мәселе аяқ астынан немесе кездейсоқ пайда болды деуге болмайды. Қанша жылдар бойғы текетірес өз шегіне жетті. Және бұл үрдіс бүгін-ертең реттеледі дей алмаймын.

– Қалай ойлайсыз, экономикалық дағдарыс адамгершіліктің құнсыздануына апара ма?

– Теңгенің құнсыздануға әлеуметтік-рухани дағдарысқа апаруы мүмкін емес деп ойлаймын. Біз 20 жылдың ішінде мемлекет ретінде қалыптастық, өз тәуелсіздігіміздің туын тіктік. Әсіресе, жастар арасында отансүйгіштік мінез қалыптасып келеді. Үлкен деңгейге жетпесе де, халықтың рухани көзқарасы қалыптасып қалды. Елбасының «Ұлттық тәуелсіздігіміз ең бірінші орында. Тәуелсіздігімізге қауіп төнбесін» дегені бар. Бұл сөздің өзі де –идеология. Сондықтан, бүгінгі қаржылық қиыншылық рухани ашаршылыққа апара қоймайды. Дегенмен, халықты белгілі бір деңгейде үнемшілдікке тәрбиелейді. Кез келген экономикалық қиыншылық кез келген отбасының, кез келген адамның жеке тағдырына әсерін тигізетіні анық. Бірақ бұл халықтың рухни өміріне кері әсерін тигізбейді.

Осынау дағдадарыс жағдайында проблемалардың алдын алуға мектеп қабырғасынан бастап экономика пәнін оқытуын ұсынсақ болады,сонда болашақта халықтың,көптеген отбасылардың қаржылық сауаттылығының жоғарлауына әсерін тигізеді.Яғни,жанұялар отбасы қаражатын тиімді әрі ұтымды пайдаланып,несие алмау мүмкіндігі жоғарлайды.Алса да әр отбасы өз құқығын біліп,банктердің алдауына түспейді.

You May Also Like

Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жақтығын ерекшеліктерін анықтау, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:  Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жақтығын ерекшеліктерін анықтау. Жоспар…

Мінез түрлері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Мінез түрлері. Мінез жөнінде түсінік Мінез-жеке адамның өзіне тән құқық…

Жастық ерекшелілтер бойынша бас сүйектерінің дамуы, СӨЖ

Жоспар І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Бас суйектердің жалпы ерекшеліктері Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері.Жаңа…

Қазақстанның экологиялық мәселелері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:Қазақстанның экологиялық мәселелері Жоспары: Кіріспе  Негізгі бөлім 1.Қазақстандағы радияциялық жағдай Қазақстанның…