СӨЖ

Тақырыбы: Еңбек шартының түрлері және еңбек қатынастарының жалпы түсінігі.Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері және қызметкерлердің еңбек құқығын қорғау.

Жоспар:

1.Еңбек қатынасы.

2.Еңбек шарты- еңбек құқығының негізгі институты.

3.Еңбек шартының мазмұны.

4.Қызметкердің құқықтары мен міндеттері.

5.Қызметкердің еңбек құқығын қорғау.

Кіріспе

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек.Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық,рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.

Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс берушы мен қызметкер арасындагы қатынастар

Еңбек қатынастардың туындау негіздері

1.Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында Еңбек Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негізініде туындайды.

2.Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасау алдында.

Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі нысанына еңбек шартын жасасу жатады,өйткені тек еңбек шартын жасасу арқылы ғана адам ұйымның еңбек ұжымына кіре алады.Еңбек шартын жасасқан күннен бастап қызметкерге барлық еңбек заңнамасы және сол ұйымды қабылданған локальдық нормалар қолданылады.

Еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институтарының

бірі болып табылады. Еңбек шарты– бұл қызметкер мен

жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім,бұған

сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға,еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді,ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясына сәйкес жұмыс беруге,заңнамалық актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндетті.

Еңбек құқығы ғылымы еңбек шартын өзара байланыстыру үшін үш түрлі мағынада қарастырады:

1.Еңбек шарты азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру құралы.

2.Еңбек шарты еңбектік құқықтық қатынастардың пайда болу негізі болып табылады.

3.Азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады.

Еңбек шартын жасауға қойылатын шектеулер

1.Медициналық  қорытынды негізінде адамның денсаулық бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға.

2.Соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен.

3.Білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұсатты ұсынбаған,Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен.

Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі 

1.Қызметкердің жұмысты белгілі бір біліктілік, мамандық,кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы.

2.Міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы.

3.Қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі болып табылады.

Еңбек шартының мазмұны – еңбек нарығында оның тараптарының қызметкер мен жұмыс берушінің екі жақты келісіміне байланысты құрылады.

Еңбек шартының мазмұны:

1.Еңбек міндеті.

2.Жеке еңбек шартының мерзімі.

3.Еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күні.

4.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі.

4.Еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары.

5.Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері.

6.Қызметкердің құқықтары мен міндеттері.

7.Тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.

Еңбек шартының мерзімі:

Еңбек шартында қызметкердің сынақ мерзімі

   Кей жағдайларда еңбек шартында қызметкердің жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап қойылуы мүмкін.Сынақ мерзімінің ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс.Жұмысқа қабылдану кезінде конкурс бойынша тиісті лауазымға қабылданатын адамдарға,мүгедектерге,орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кірген адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді.

Еңбек шартының жарамсыздығы

Еңбек кодексінде еңбек шартының жарамсыз деп танылуы:

Алдау,күш көрсету кезінде.

Жалған еңбек шартын жасау.

Еңбек заңнамасында қараған шарттарды                      сақтамаған кезде.

14 жасқа толмаған адамдар мен ата-анаcының, қамқоршысының,асырап алушысының келісімінсіз.

16 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалған кезде сот оны жарамсыз деп таниды.

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы

  • Оның қолданылу мерзімі туралы.
  • Орындалуын бақылау тәртібі туралы.
  • Шарт талаптарының орындалмағаны үшін жауапкершілігі туралы.
  • Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережелерді қамтиды.

Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі мен аясы

1.Ұжымдық шарт тараптар белгілейтін мерзімге жасалады.

2.Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе,ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындалуы үшін міндетті болады.

3.Ұйымның меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай сақталады.

4.Тараптардың өкілдері қызметкерлерді ұжымдық шартпен таныстырып,оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға міндетті.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

  • Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есптеледі.
  • Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделіу мүмкін
  • Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына қырық сағаттан аспауы тиіс.
    Құқықтары Міндеттері
1 Жұмыс берушіден еңбек шартын ұжымдық шарттың, талаптарын орындауды талап етуге Еңбек міндеттерін еңбек шартына ұжымдық шартқа жұмыс  актілеріне сәйкес орындауға
2 Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға Еңбек тәртібін сақтауға
3 Бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға Жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау
4 Тынығуға оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына Жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге тиіс
5 Кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне
6 Бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға
7 Еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына сотқа жүгінуге

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде 308-бабында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде талаптар белгіленеді,онда қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді ,рәсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс.

Қорытынды

Қазақстан Республикасында еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық,ең алдымен,әрбір адамның өзінің жұмыс күшін өзі дербес жұмсауынан,мүдделеріне,кәсіби дайындығына,өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін таңдау құқығынан көрініс табады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Оспанов Қ.И “Құқық негіздері” Алматы-2007 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі . 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулер.)//adilet .zan.kz.
  3. www.yandex.kz “Еңбек кодексі”.
You May Also Like

Қазақстан дағдарыс жағдайындағы отбасылық қаражатты реттеу, СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРАЖАТТЫ РЕТТЕУ Қазақстанда, кез келген елдерде сияқты экономикалық…

Биологиялық ресурстарды сақтау. ҚР биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану. СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Биологиялық ресурстарды сақтау. ҚР биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану. Биологиялық ресурстар —…

ҚР қонақжайлылық сферасының даму ерекшелігі, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: ҚР қонақжайлылық сферасының даму ерекшелігі Мазмұны Кіріспе  1    Қонақжайлылық  индустриясында…

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Жоспары: Кіріспе. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану…