Жоспар

1 Ағзалық заттар

2 Бейағзалық заттар

Ағзалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Қантты, майды, крахмалды, т.б. заттарды тағам ретінде қолданды, өсімдіктерден әртүрлі бояулар алып пайдаланды. Кейбір заттарды ашытып, спирт және сірке қышқылын өндірді. XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің басты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді

Ағзалық заттар

Нәруыздар – көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі органикалық заттар. Нәруыздар 45°–80°С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.

Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен майқышқылынан тұрады.

¡Көмірсулар – майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристалды) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары – глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.

Нәруыздар, майлар және көмірсулар – жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді.

Бейағзалық заттар

Бейағзалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді.

¡     Жасушаның бейағзалық заттары – су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма – қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Ондағы қажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртқа шығарылады. Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасуша аралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді. Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus – ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді:

1. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);

2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

ДНҚ – жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды.

РНҚ – жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.
Қорытынды

1Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.

2.Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кереді.

3.Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.

4.Бейорганикалық заттар 100 мыңнан асса, органикалық заттар өте көп, 18млн –дай болады

You May Also Like

«Mitsubishi pajero sport» автокөлігі алдыңғы жетекші белдігінің басты берілісі мен дифференциалының қызмет, құрылысы және принципі

«MITSUBISHI PAJERO SPORT» АВТОКӨЛІГІ АЛДЫҢҒЫ ЖЕТЕКШІ БЕЛДІГІНІҢ БАСТЫ БЕРІЛІСІ МЕН ДИФФЕРЕНЦИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ,…

Дүниеге көзқарас туралы ақпарат

Кіріспе Философияны зерттеуге кіріскен уақыттан бастап, көп адамдарда бұл пән туралы өзіндік…

Адам экологиясы, қолданбалы курс

Қолданбалы курс Адам экологиясы Түсінік хат Бүгінгі таңда білім беру саласын жеке…

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқаулық

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы …