«MITSUBISHI PAJERO SPORT» АВТОКӨЛІГІ АЛДЫҢҒЫ ЖЕТЕКШІ БЕЛДІГІНІҢ БАСТЫ БЕРІЛІСІ МЕН ДИФФЕРЕНЦИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ.

 Mitsubishi Pajero Sport  автокөлігінің жетекші белдігі, ішінде басты беріліс, дифференциал және жартылай остер жинағы бар картерден тұрады. Оның ерекшелігі доңғалақ күпшектеріне жартылай ось шестернялары арқылы берілетін айналу сәті өзгермелі бұрыш арқылы жүзеге асады. Сондықтан әрбір жартылай ось бөлшектелген болып келеді. Жартылай осьтің  екі бөлшегінің  арасына бұрыштық жылдамдықтары тең карданды шарнир орнатылады. Ол сопақ жырашық (канавка) болып келетін екі фасонды айырдан  және бір орталықты  және   жетекші  шариктерден тұрады. Орталық шаригінің бұрғылау орны болады, және ол саусаққа орнатылып, айыр  саңылауы арқылы өтіп жатқан шпилькамен тоқтатылады. Жетекші айыр (вилки) айналған кезде шариктер арқылы негізгі күш жетекке беріледі. Олар өзінің жырашықтарында еркін аунаған кезде, айырмен шариктер арасындағы бұрыш осы әрбір сәтке теңдей бөлінеді, яғни 40˚ бұрышқа бұрылған басқарылатын доңғалақтарға айналу сәтінің біркелкі берілуін қамтамасыз етеді. Жетек  айырының  білігі бұрылыс цапфасының  ішімен өтіп, дөңгелек күпшегіне  шпилькалармен жалғанған  фланец шлиціне өзінің шлицаларымен кіреді. Күпшек екі роликті конусты подшипниктер  арқылы бұрылу цапфасына орнатылған. Бұрылу цапфасы  күпшегімен бірге, роликті конусты ішпекпен  шкворень  тікенегінің (шипы) алмалы – салмалы тұрқысында орнатылады. Тікенектер жартылай ось қаптамасының сфералық чашкасына пісірілген. Рычагтың бұрылу цапфасы  автокөліктің рульдік басқару тартымдарына жалғанады.

Дифференциал тұрқы бұрандамен 1 жалғанған екі бөліктен тұрады 2, 10. Ол белдік картеріне екі конусты роликті ішпектермен орнатылған. Дифференциалдың тұрқы мен дифференциал ішпектерінің ішкі сақиналарының арасына реттегіш сақина орнатылған. Тұрқында сателлиттердің 6 екі осі орнатылған, на оған сателлиттер  5, екі жартыості тістегеріштері 4, 7 тірек тығырықтарымен 3, 8 еркін орнатылған. Сателлиттер жартыості тістегеріштер тұрақты байланыста болады. Жартыості тістегеріштердің шлицалы саңылауына жартыостің шлицалы ұштары кіргізіледі.

Дифференциал.    Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар  кіші радиуспен, ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы артық болуы керек.

Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың тозуына, автомобильді

басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты берілістен берілген бұралу моментін жарты остарға аралық  доңғалақ  дифференциал арқылы  жеткізіледі.

    Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.

Конусты симмериялы дифференциал  басты беріліске орнатылған тістегерішті механизм.

Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын  шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар  арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі.

Ось аралық конусты дифференциал  жоғары өткіштегі доңғалақ формуласы 6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына: флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина, сателлиттер,

артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады.

Жетекші белдік қатты, іші қуысталған балка, үш негізгі элементтен: екі

жартылай осьтің жеңінен, ортаңғы – картерден, онда орналасқан басты беріліс пен дифференциалдан тұрады. Балканың екі шетіне болат түтікті жартылай остің құндағы  престеліп бекітілген, оған дөңгелек күпшегі орнатылады.

Белдікті дайындау әдісі бойынша құйма  немесе штампалы – пісіріліп жасалады.

Автомобильдер мен автобустарда  көбінесе екі жартыдан   штампалы – пісіріліп жасалған артқы белдіктің балкасы орнатылған.

Дифференциал қорабы жабық қақпақтағы  конусты аунақшалы  ішпекте  айналып тұрады, гайканың  көмегімен реттеледі. Дифференциал табағының ортасына шабақ (крестовина) орнатылып, оның ұштығына сателлиттер  отырғызылады.  Олардың жарты осьтерінің тісті дөңгелегі  мен  сателлиттерінің арасындағы үйкелісті азайту үшін тірек шайбалары  қойылады.

Басты берілістің жұмыс істеуі кезінде, жетектегі  тісті  дөңгелектен  дифференциал қорабына  бұрылу күші  беріліп, одан кейін крестовина мен сателлиттерге жеткізіледі.

Сателлиттер жартылай осьтің тісті дөңгелегімен бірігіп, жартылай осьтарды  айналдырады.

Жоғары үйкелістегі дифференциалдың құрылысы және жұмыс істеу принципі. Жоғары үйкелістегі дифференциал Mitsubishi Pajero Sport  автокөлігіне орнатылып, роликті конусты подшипниктерге тірелетін екі чашкадан  тұрады. Олар жетекші белдіктің картерінде орналасады. Сол жақ чашкаға бұрғылап тесілген екі қатар радиалды саңылауы бар сеператор  қатты бекітілген. Олар шахматты ретпен әр қатарда  орнатылған. Оның саңылауында легірленген болаттан жасалған сухарьлар орнатылған. Сухарлар тұрқының арасында орнатылған  және  ішкі  және сыртқы жұлдызшаларымен  араласып, өзара байланыста болуы мүмкін. Сухарлар құлап немесе бұралып кетпеуі үшін тоқтатқыш сақиналармен ұстатылады.

Сеператор дифференциалдың тұрқымен бірге басты берілістің жетекші шестернясына мықтап бекітіледі, ал жұлдызшалар ішкі шлицтерімен бірге жартылай остармен  жалғасады.

Жұлдызшаның ішкі жағында  біркелкі алты жұдырықша дөңесі орналасқан, ал ішкі жұлдызшаның сыртқы жағында жұдырықшаның екі қатары орналасқан.

Әр қатарда алты жұдырықшадан шахмат ретімен орналасады. Сухарлар жұмыс жағдайында жұлдызшалардың сыртқы және ішкі жұдырықшаларымен түйіседі.

      Дифференциал келесідей жұмыс істейді. Автокөліктің түзу тік жолмен қозғалыс кезіндегі доңғалақтарының айналу жиілігі тең, дифференциалдың тетіктері басты берілістің жетекші шестернясымен бірбүтін болып айналады. Басты берілістің жетекші шестернясының айналу сәті сеператорға беріледі, одан жұдырықшалар арасына сыналанған сухарьлар арқылы жұлдызшаға және жартылай осьқа беріледі. Бұл жағдайда доңғалақтар арасына ол теңдей таратылады. Бұрылыс кезінде немесе тегіс емес жолмен жүргенде, доңғалақтардың біреуі біреуінен жылдам айналған сәтте, дифференциал жұлдызшалары да әр түрлі жиілікте айналады. Қалып келе жатқан доңғалақпен жалғасқан жұлдызша, ақырын айналып өзінің жұдырықшаларымен сухарьларды жұлдызшалардың екінші жағына итеріп, оның жылдамдығын жоғарылатады. Бұл кезде сухарьлар жұдырықшалармен тайғанақтап тұрады.        Жұдырықшалардың беткі жазықтықтарында үйкелу күші пайда болады. Олардың бағыты артта қалған және алға шығу жұлдызшаларының жұдырықшаларында әр түрлі: артта қалған тең әсер ететін үйкеліс күші айналу жағына, ал алға шығу жұлдызшасында – айналудың кері бағытына қарай

бағытталған. Үйкеліс күші жұлдызшалардың айналу осьінің, айналу сәтін біркелкі ету үшін, артта қалған жұлдызшада жоғарылатады, ал алға шығу жұдырықшасында төмендетіледі. Артта қалған доңғалаққа берілген сәт, алға шығу доңғалағына берілен сәттен жоғары болады.

Жоғары үйкелістегі жұдырықшалы дифференциалдар автокөліктердің жолдың тайғанақ бөлігімен өткен кезде ыңғайлы болып келеді. Оның үстіне олар тістегерішті дифференциалдардан қымбат болып келеді.

   Жарты остер дифференциалдан берілген бұрылу моментін жетекші дөңгелектерге жеткізу үшін орнатылады. Әрбір жарты ось ішкі ұштарындағы шлица арқылы дифференциалға орнатылған  жартылай осьтік  тістегерішпен

жалғастырылған. Сырқы жағымен фланц арқылы дөңгелек күпшегіне болт арқылы бекітіледі. Бұралу моменті  жатылай осьтан жетекші доңғалаққа ішпекті түйін арқылы беріледі. Осыған байланысты жарты осьтар екі негізгі түрге : жартылай түсірілген жарты осьтар, толық түсірілген жарты осьтар болып бөлінеді.

Жартылай түсірілген жарты   остер  дегеніміз – құндақтың ішіне орнатылған тірек шарикті ішпекке орнатылып, бұралу моментін жеткізуімен бірге бұратылу мен қисаю моментін де қабылдайды.

Толық түсірілген жарты остер дегеніміз – бұратылу мен қисаю  моментінен арылып, тек  бұрылу моментін жеткізеді. Мұндай остер доңғалақ күпшегі құндаққа  орнатылып, екі кеңінен қойылған роликті ішпекке  бекітіліп, қисаю моментін құндақ қабылдап,  жарты остер бұралу моментін  ғана жеткізеді.

Басты беріліс берілген бұрылу моментін көбейтіп, оны дефференциал арқылы автомобильдің жартылай осьтеріне жеткізу үшін қолданылады. Құрылысы жағынан  басты беріліс тісті және иірек  ( зубчатый, червячный) редуктордан тұрады.

Автомобильдерде көбінесе тісті басты беріліс қолданылады және сыңар берілісті, қос берілісті болып бөлінеді. Олардың беріліс саны айналу жылдамдығына, қозғалтқыштың қуатына, автомобильді пайдалануға және салмағына байланысты болады.

Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк автомобильдерде 6,5 – 9,0 , ал жеңіл автомобильдерде 3,5 – 5,5 аралығында болады.

Сыңар басты беріліс иректелген бір жұпты конусты тісті дөңгелектен тұрады.

Мұндай берілісте бұрылу моменті  карданды берілістен конусты жетекші тістегерішке, одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм  (дифференциал) мен жартылай осьтар арқылы автомобильдің жетекші доңғалағына беріледі.

Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің осьтері  қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің карданды беріліспен жалғасуы  шанақтың еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді, жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.

Қосарлы басты беріліс құрылысы бойынша бір картерде – орталықты немесе жекелеп бөлектелген болады. Ол екі жекеленген механизмнен: артқы белдікке орнатылған сыңарлы конусты тісті берілістен, цилиндрлі тісті берілістен – дөңгелек редукторынан тұрады.

Қосарлы орталық беріліс   конусты және цилиндрлі тістегеріштер жұбынан тұрады.

Бұралу моменті жетекші конусты тістегеріштерден бір білікке орнатылған жетекші доңғалаққа, одан цилиндрлі тістегерішке беріледі. Қос берілістер механикалық төзімділігі және беріліс санын көбейтуге мүмкіндігі, сыңар беріліске қарағанда жоғары болады.

  Бұрыштық жылдамдықтары тең карданды шарнир. Карданды берілістер жұмыс істеу міндетіне байланысты олардың біліктерінің бұрылу бұрышы  өзгеріп тұрады, бұрыштарының бұрылуы үлкен болса, соншалықты жұмыс істеуі күрдерлі  болады.

Өте күрделі жағдайда алдыңғы басқарушы жетекті белдікті автомобильдер жұмыс істейді. Олардың карданды берілістері  бұрылу бұрыштары өзгеруі ұзындығы мен айналуына байланысты болады. Мұндай берілістерде бұрыштық жылдамдықтары тең шарнирлі карданды берілістер  қолданылады, олар бұрылу моментін жеткізіп, жетектегі біліктің бірқалыпты айналуын және басқарушы дөңгелектің бұрылуын қамтамасыз етеді.

Мұндай карданды берілістер шарикті және жұдырықшалы болып келеді.

Кеңінен тараған түрі – бөлгіш  ойықты шарикті шарнирлі берілістер.

Бұл беріліске:  1, 5 — біліктер; 2, 4 — жұдырықтар;    3 — шариктер;
6 — орталықтандыратын шарик; 7, 8 — бекіткіш түйреуіштері жатады.

  Шарикті карданды шарнирлі беріліс. Жетекші біліктің айналу моментін бір ашадан екіншісіне жұмыстық шариктер арқылы беріледі. Бөлгіш ойықтарда тәуелсіз бұрыштық қозғалыстағы ашаларды, шариктердің жазықтықта орналасуы тең бұрышта болып, екі біліктің тең бұрыштық жылдамдықта айналуын қамтамасыз етеді.

Шарикті шарнирлі берілістермен бірге жұдырықшалы шарнирлі тең бұрыштық жылдамдықтағы берілістер де қолданылады.

  Жұдырықшалы карданды шарнирлі беріліс. Диск жұдырықшаның ойығына орналасып, жетекші ашадан жетектегі ашаға бұрылу моментін жеткізеді. Тік бағыттағы жазықтықта ашалар жұдырықшаны  айналады, ал түзу жазықтықта жұдырықша мен бірге дискіде айналып тұрады.

Жұдырықшалы шарнирлі берілістердің біреуі теңсіздікте айналады, ал екіншісі айналысын теңестіреді.  Сол арқылы жетекші мен жетектегі біліктерді тең бұрыштық жылдамдықта айналдырады.

Mitsubishi Pajero Sport  автомобилінің алдыңғы жетекші белдігінің доңғалақ күпшегі. 

бұру жұдырығының жалпы көрнісі; 

1 – Цапфа;
2 – бұру жұдырығының тұрқы;
3 – кергіш төлке;
4 – шүберен;
5 – төсем;
6 – шарнир тең бұрыштық жылдамдық;
7 – шарлы тірек;
А мен Б – бақыланатын өлшем, А=Б

пластикалық ендірмелерімен шүберендер жиынтығы, қысқыш төлкелермен және төлкелерді қатайтуға арналған кілтпен;

You May Also Like

Азықтарды қанша уақытқа сақтауға болады?

Етті сырлы ыдысқа салып, бетін жауып тоңазытқышта, сақтаса балғын күйінде тұрады. Ет…

Формулярлық жүйенің дәрілік заттарды қолданудың тиімділігін арттырудағы рөлі.

Жоспар: Формулярлық жүйе деген не? Формулярлық жүйе компоненттері Формулярлық жүйе функциялары Дәрілік…

Информатика пәнінен емтихан сұрақтары

Емтихан сұрақтары Логика негіздеріне, логикалық байланыстарға, ақиқаттық кестесіне түсініктеме беріңіз    …

Педиатриядағы шұғыл жағдайлар. Емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру, дәріс

Пәнің  аталуы «Балалар ауруы»   Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі» Дәрістің…