Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы 
НҰСҚАУЛЫҚ

1 тарау. Жалпы ережелер

  1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Су кодексінің  (әрі қарай – Кодекс) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзулар туралы»  кодексі  (әрі қарай – ҚР ӘҚБтК), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 6 ақпандағы N 144 қаулысымен  бекітілген «Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрі жүргізу ережесі» (әрі қарай – Ереже) негізінде әзірленді.
  2. Нұсқаулық су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (әрі қарай – уәкілетті орган) лауазымды тұлғаларымен су қорын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды (әрі қарай – мемлекеттік бақылау) жүзеге асыру кезінде заңнаманы қолдануды нақтылайды.
  3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырғанда уәкілетті органның басты мәселесі болып:
    1) өздерінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асыратын барлық министрліктердің, агенттіктердің, ведомстволардың өзара әрекет етуін және олардың қызметтерін үйлестіруді;
    2) шаруашылық және өзге қызметтердің әсерінен сулардың жай-күйі мен өзгеруіне бақылауды, сондай-ақ су қорғау шараларының орындалуына тексерісті;
    3) су қорын пайдалану және оның есебін жүргізудің белгіленген тәртібін;
    4) суларды қорғау жөніндегі міндеттемелердің орындалуын;
    5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алу және оларды жоюды;
    6) Барлық заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақталуына бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
  4. Су ресурстарын пайдаланумен, мемлекеттік су кадастры мен су қорына мониторинг жүргізумен байланысты сұлбалар мен жобаларды әзірлеу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
    1) жобаланған объектілердің орналасатын орындарын және долбарланған шешімдерді келісімдеуге қатысады;
    2) су пайдаланушылармен ұсынылатын деректердің мемлекеттік су кадастрына, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау сұлбасына, су қорының нақты жай-күйіне сәйкестігін анықтайды;
    3) тексерулердің және су қорына мониторинг жүргізгенде пайдаланылатын өлшеу аспаптарын аттестациялаудың уақыт аралығы мен мерзімдерін сақтауын тексереді.
  5. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру өкілдіктері берілген және сонымен қатар олар лауазымы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар (әрі қарай – мемлекеттік инспектор) болып табылады.
    Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік инспекторлар белгіленген тәртіптегі сәйкесті қызметтік куәлікпен, кеуделік белгімен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

  1. Мемлекеттік бақылау жүргізуші мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, бірлесіп атқару және үйлестіру мақсатында Ереженің 5 тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық органдары алабтың сәйкесті су шаруашылық басқармаларымен бірлесіп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап уәкілетті органға су заңнамасының жеке және заңды тұлғалармен сақталуын тексеру жүргізудің жылдық жоспарын сәйкесті су шаруашылық басқармасына (жоспарлы тексерулер) келісімдеуге тапсырады. Қажет болған кездерде тексеру жүргізудің жоспарлары түзетіледі.
    Жылдық тексерудің келісілген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейін.
  2. Жоспардан тыс тексерулерді өткізуге:
    1) су қорғау заңнамасын бұзу жайлары;
    2) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы;
    3) алабтық кеңестердің ұсыныстары;
    4) жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, жүгінулері және мәлімдемелері негіз болады.
    Беймәлім жүгінулер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.
  3. Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленбеген тексерудің өзге түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
  4. Су қорғау шараларын сақтау және әзірлеу мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекет етуді ұйымдастыру мақсаттарында, уәкілетті орган:
    1) оларды алабтық кеңестердің жұмысына қатысуға тартады;
    2) алабтық кеңестердің отырыстарында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарайды.
  5. Су ресурстарын қорғау саласындағы жер қойнауына, сондай-ақ стратегиялық және экологиялық қауіпті объектілерге мемлекеттік бақылау Табиғат қорғауға бақылау комитетімен жүзеге асырылады.
  6. Заңды және жеке тұлғаларға тексеру белгілеу Ереженің 7 тармағына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу туралы нұсқаманың нысаны (тексеру белгілеу туралы акт) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген.
    Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру алдында, уәкілетті органмен Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру белгілеу туралы акт (осы Нұсқаулыққа 2 қосымша) жасалады.
  7. Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу туралы нұсқама және Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру белгілеу туралы акт Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде немесе оның аумақтық органдарында (әрі қарай – құқықтық статистика органы) тіркеледі.
    Тексеру жүргізу туралы нұсқама және Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Тексеру белгілеу туралы акт тексеру жүргізуші лауазымды тұлғамен заңды тұлғаның (филиалының немесе өкілдігінің) басшысына немесе өзге лауазымды тұлғасына, жеке кәсіпкерге немесе жеке тұлғаға қызметтік куәлікті көрсете отыра табыс етіледі.
  8. Тексеру, тек ғана су заңнамасының сақталуына тексеру туралы нұсқамада немесе тексеруді белгілеу актісінде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жүргізіледі.
  9. Су заңнамасының сақталуына, Тексеру жүргізу туралы бір нұсқаманың немесе Тексеруді белгілеу актінің негізінде тек ғана бір тексеру жүргізуге болады.
  10. Тексерудің ұзақтығы бір айдан аспауы керек. Арнайы зерттеулерді (сынақтарды), көлемі үлкен тексерулер қосылған сараптамаларды жүргізу қажеттігімен байланысты ерекше жағдайларда, уәкілетті органның басшысымен немесе оны ауыстырушы тұлғамен тексеруді жүргізудің мерзімдері ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауы керек.
  11. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы уақыт аралығына немесе белгіленбеген уақытқа тексерудің мерзімін тоқтата тұру актісін жасау негізінде, құқықтық статистика органын ескерту арқылы тоқтата тұрылуы мүмкін.
    Белгіленбеген уақытқа тоқтата тұрған тексеру уәкілетті органмен тексеруді қайта жандандыру туралы актіні жасау жолымен құқықтық статистика органдарын ескерту арқылы қайта жандандырылады. Тексеру жүргізудің мерзімінің барысы қайта жандандырылған күннен бастап жалғастырылады.
  12. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 17 маусымдағы N 572 қаулысымен  бекітілген Мемлекеттік органдармен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
  13. Заңды және жеке тұлғаларды тексеру уәкілетті органмен міндетті түрде су заңнамасының сақталуын тексеру актісін (әрі қарай – Тексеру актісі) жасаумен жүргізіледі, оның нысаны осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген.
  14. Тексеру актісі тексерілуші шаруашылық субъектісі өкілінің қатысуымен жасалуы тиіс.
    Тексеру актісінің кіріспесінде тексерілуші объектінің негізгі сипаттамалары, шаруашылық әрекетінің түрі, рұқсаттық, нормалау және басқа да құжаттарының болуы, бөлінген лимит көлемі, алынған және қашыртқылған сарқынды суларының көлемі, су қорғау шараларының болуы және олардың орындалу барысы, суды айналмалы және қайта пайдалану жүйесінің болуы және оның көлемі және басқа да қажетті деректер көрсетілуі қажет.
    Жоғарыда аталған деректер көрсетілгеннен кейін, Тексеру актісінде анықталған су заңнамасының және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқа нормативті актілерді бұзушылықтар, тармақтар бойынша көрсетіледі. Анықталған құқықбұзушылықтарды көрсету барысында сәйкесті заңнамалық және нормативтік құжаттардың баптарына, тармақтарына міндетті түрде сілтеме жасалынуы тиіс.

3 тарау. Су заңнамасын бұзушылықты жою жөніндегі шараларды қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту мен құжаттарды ресімдеу

  1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік инспектор су заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау мен жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.
  2. Тексеру барысында су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, мемлекеттік инспектор Тексеру актісінің негізінде мемлекеттік инспектор (оған берілген құқықтар шегінде) бұзушылықтың ауырлығына байланысты бұзушыға бір немесе бір уақытта бірнеше әсер ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды:
    1)  Кодекстің 51-бабының  1-тармағының 3-тармақшасының негізінде Су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғаудың ережелерін анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі нұсқаманы (әрі қарай – Нұсқама) (осы Нұсқаулыққа 4-қосымша) шығарады;
    2) ҚР ӘҚБтК-нің  635  және  636-баптарына  сәйкес Әкімшілік құқықбұзулар туралы хаттаманы (әрі қарай – Хаттама) (осы Нұсқаулыққа 5-қосымша) толтырады;
    3) Ереженің негізінде және ҚР ӘҚБтК-нің  561 ,  650  және  651-баптарына  сәйкес Әкімшілік жаза тартқызу туралы қаулы (әрі қарай – Қаулы) (осы Нұсқаулыққа 6-қосымша) шығарады;
    4) Қазақстан Республикасы Су  кодексінің 51 ,  138 – 140 -баптарына және Қазақстан Республикасының Азаматтық-процессуалды  кодексіне  сәйкес кінәлі тұлғаларға су заңнамасын бұзумен келтірілген залалдың орынын ерікті түрде толтыруға сот арқылы талап қояды;
    5)  Кодекстің 51-бабы  негізінде су пайдаланушылар өз еркімен су алғанда, су объектілерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда су пайдаланушылардың шаруашылық қызметтерін тоқтата тұру, сонымен қатар белгіленген талаптарды бұзумен жүргізілетін сарқынды суларды су объектілеріне қашыртқылауды шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы, су объектілерінің жай-күйіне кері әсер ететін өндіріс объектілерінің цехтары мен кәсіпорындарының қызметін тоқтату туралы сот органдарына ұсыныс береді;
    6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің  281 бабының негізінде су заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды жібереді.
  3. Бір тұлғамен екі немесе одан көп әкімшілік құқықбұзу жасалса, әр әкімшілік құқықбұзуға жаза дара беріледі.
  4. Хаттаманың «Құқықбұзушының тұлғасы туралы деректер» атты қатарында құқық бұзушының лауазымы мен жұмыс орны, азаматтығы жоқ тұлғалар және шет елдік тұлғалар үшін туған жылы мен жері, мекен-жайы, жеке тұлғаны растайтын немесе оны алмастыратын құжат.
    Су заңнамасының бұзылғаны жайы қайда, қашан, қалай және қандай әрекетпен және/немесе әрекетсіздікпен айқындалғаны түсінікті түрде баяндалуы тиіс.
  5. Қаулы әрбір құқықбұзушыға жекелеген түрде (заңды, лауазымды және жеке тұлғаға) қабылданып, 3 данадан толтырылады, оның бір данасы жеке тұлғаға және заңды тұлғаның заңды өкіліне бірден тапсырылады. Көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде оларға қаулы көшірмесі жіберіледі.
  6. Су пайдаланушылармен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы су заңнамасын және басқа да нормативті құқықтық актілерді бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және басқа да әрекеттерді шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына мәлімдеме белгіленген тәртіпте беріледі.
  7. Тексерулерді сапалы ұйымдастыру және бақылау үшін бланкілердің (осы Нұсқаулыққа 1-6 қосымшалар) қатаң есептеу жүйесі енгізілуі қажет. Қатаң есептегі бланкілер берілгенге дейін нөмірленіп, арнайы журналда тіркеледі.
    Уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары бланктерді уақытылы дайындау мен алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды сақтау мен нақты пайдалануына бақылау жасайды.
    Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын құқықбұзушыларға нұсқамаларды, хаттамаларды, актілерді есепке алу журналдары аумақтық органның басшысының бұйрығымен белгіленген жауапты тұлғада сақталады және жіптелуі, нөмірленуі және мөрмен бекітілуі керек.
  8. Кодекс пен Ережеге сәйкес қандай да бір лауазымды тұлғаның немесе органның мемлекеттік бақылау процесіне араласуына жол берілмейді. Мемлекеттік инспектордың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс және оның шешіміне бағыныштылығына байланысты немесе сотқа шағымдануға болады
You May Also Like

Приёмы развития ораторского искусства для эффективности публичных выступлений

«Приёмы развития ораторского искусства для эффективности публичных выступлений» Автор: Иманалыулы Динмухаммед Оглавление…

Корреляция теориясының элементтері

Корреляция теориясының элементтері Жоспар: Статистикалық және корреляциялық байланыстар. Сызықты регрессия теңдеуі. Регрессия…

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері   Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.…

Тауарлы мұнайдың сапасы мен салмағын автоматты өлшеу

«Тауарлы мұнайдың сапасы мен салмағын автоматты өлшеу» Мұнай өнеркәсібінде құбырөткізгішке өнеркәсіптен резервуарсыз…