Модуль 1. Энергожүйе туралы түсінік 

№8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ҮШФАЗАЛЫҚ СИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ U-ТӘРІЗДІ СИПАТТАМАСЫН ШЕШУ

Жұмыстың мақсаты: Синхронды қозғалтқышты іске қосып, жұмыс режимі кезінде жүктеме тоғының Iя қозу тоғына If тәуелділігін көрсететін U-тәрізді сипаттаманы және оны тәжірибелік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасын зерделеу 

Тәжірибені орындау тәртібі:

Үшфазалық синхронды қозғалтқыштың жұмыс режимі кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен шешудің принциптік схемасына сипаттама

G1 қорек көзі- сұлбаны өндірістік жиіліктің синусоидты қорек көзімен қоректендіреді.

G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырумен қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу орамының  реттелмейтін  кернеуі мен  якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.

G6 синхронды генераторы тораппен (G1 көзімен)  А17 синхрондағыш және А2 үш фазалы трансформатор, А6 ажыратқыш және электр торабының кедергісін модельдейтін А14 сызықты реактор арқылы байланысқан.

G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.

Р2 өлшегіші көмегімен сыналатын G6 генератордың активті және реактивті қуаттары бақыланады.

Р4 өлшегіші көмегімен G6 генератор жағындағы және электр торабы жағындағы олардың кернеуі мен жиіліктері бақыланады.

Р6 көрсеткіші көмегімен G6 синхронды генератор жүктемесінің бұрышы бақыланады. 

Үшфазалық синхронды қозғалтқыштың жұмыс режимі кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы шешуді нұсқауы

  • Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке (5-ші бет) және 9-ші суреттегі блогтарды принциптік сұлбаға сәйкес жалғаймыз.
  • G6 синхронды генераторды желіге дәлдік синхрондану әдісімен параллель жұмысқа қосу тәсілімен жүзеге асырамыз.
  • G2 тұрақты тоқ машинасының қорек көзі арқылы, G6 генераторға Р2 өлшеуіштің ваттметр көрсеткішін үш еселеп анықталатын қажетті 30 Вт активті қуатты орнатып, эксперимент соңына дейін тұрақты ұстаймыз.
  • G3 синхронды машинаның қоздырғышы арқылы G6 қозғалтқыштың If қозу тоғын (2 А-ден асырмай) өзгертіп, амперметрден алынған If мен Iя тоқтардың мәндерін 9-шы кестеге түсіреміз.

Кесте 9

If, А 0                 2
Iя, А                    
  • G6 синхронды қозғалтқыш асинхронды жұмыс режиміне ауысса, оның активті қуаты G2 қорек көзін сағат тіліне қарсы өзгерту арқылы синхронды қозғалтқыштың жұмыс режиміне қайта қолпына келгенше түсіреміз.

 

  • 9-шы кестедегі мәндерді пайдаланып, синхронды қозғалтқыштың жұмыс режиміндегі U-тәрізді сипаттаманының Iя=f(If) тәуелділік графигін тұрғызамыз.

Синхронды қозғалтқыштың жұмыс режиміндегі U-тәрізді сипаттамасы

Орындаған тәжірибеге тұжырым

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары

  1. G2 қорек көзі не үшін қолданылады?
  2. G3 қоздырғышы қандай қызмет атқарады?
  3. А14 сызықтық реакторы қандай қызмет атқарады?
  4. Үш фазалық синхронды қозғалтқышты желіге қалай қосады?
  5. Бұл экспериметте тұрақты тоқ қозғалтқышы қай қоздырғышпен жұмыс жасайды?
  6. Жүктеме бұрышын көрсеткішті жұмысқа қалай дайындайды?
  7. Синхронды қозғалтқыш асинхронды режим жұмысына ауысқан кезде не істеу керек?
  8. Қозғалтқыш желіден қалай дұрыс ажыратады?
  9. СҚ бұрыштық сипаттамасын қалай алады?
  10. СҚ бұрыштық сипаттамасы нені көрсетеді?
  11. СҚ-тың U-тәрізді сипаттамасын алу тәжірибесін түсіндіріңіз.
  12. Бұрыштық жүктеме кезіндегі СҚ якорь реакциясының сипаты қандай?
  13. Неліктен U-тәрізді сипаттамасының нүктесі, СҚ-тың активті жүктемесін өсірген кезде минималды тоқ қозу тоғының үлкен мәні аймағына ауысады?

Қолданылған әдебиеттер

  1. Иванов-Смоленский, А. В. Электрические машины, часть 1, 2 / А. В. Иванов-Смоленский. – М. : Издательский дом МЭИ, – 525 с.
  2. Қалыков, Б.Р. Электр машиналары / Б.Р. Қалақов, Ш.Өмірзақов, М.И. Сылкин. – Алматы, 2006. – 200 бет.
  3. Гольдберг, О.Д. Электромеханика : учебник для студ. высш. учеб. Заведений / О.Д.Гольдберг, С.П. Халемская ; под ред. О.Д.Гольдберга. – М. : Издательский центр «Академия», 2007. -512 с.
  4. Вольдек, А.И. Электрические машины. Введение в электромеханику. Машины постоянного тока и трансформаторы : Учебник для вузов. – СПб. : Питер, 2008. – 320 с.
  5. Крицштейн, А.М. Электрические машины : Лабораторный практикум / А.М. Крицштейн. – Ульяновск : УлГТУ, 2004. – 73 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Костенко, П.М. Электрические машины, часть 2 / П.М. Костенко, Л.М. Пиотровский . – Ленинград: Энергия, 1973. – 638 с.
  2. Вольдек, А.И. Электрические машины, 2-ое издание / А.И. Вольдек –Ленинград : «Энергия», 1974. – 824 с.
  3. Лотоцкий, К.В. Электрические машины и основы электропривод / К.В. Лотоцкий. – М. : Колос, 1964. – 485 с.
  4. Китаев, Е.В. Электрические машины, часть 1, 2 / В.Е. Китаев, Ю.М. Корхов, В.К. Свирин. – М. : Высшая школа, 1978. – 181 с.
You May Also Like

Қaзaқ публицистикaсының тapихы

Қaзaқ публицистикaсының тapихы сонaу ХІХ ғaсыpдың екінші жapтысынaн – Шоқaн, Ыбыpaй, Aбaй…

Құлпынай қосылған чизкейк

Қажетті өнімдер: Өнімдер 12 порцияға арналған. Бисквит: – 3 жұмыртқа; – 1…

Машиналардың негізгі жөнсіздіктері және олардың сыртқы белгілері

МАШИНАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЖӨНСІЗДІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІ Қолдану үрдісінде машиналардың жұмысында белгілі…

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп  гигиенасы(тек жауаптары): І, ІІ- нұсқа жауаптары

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп  гигиенасы(тек жауаптары): Iнұсқа 1).Жүре пайда болған рефлекстер:…