«Тауарлы мұнайдың сапасы мен салмағын автоматты өлшеу»

Мұнай өнеркәсібінде құбырөткізгішке өнеркәсіптен резервуарсыз мұнайды беру үшін КОРМАС мұнайды есептеу станциясы автоматика комбинатының шығарылуымен қолданады. Бұл жүйелер құбырөткізгіш арқылы мұнайгаз қоспасы және таза мұнай өтетін көлемі және салмақты шығынын, ылғалқұрамын, тұздың құрамын және тығыздықты өлшеу үшін арналған.

Есептеу станциясы технологиялық бөліктен, сапа түйінінен, электронды блоктан, берілген мәліметтерге дабыл қағу және беру блогынан, сандық беру блогынан және турбопоршенді құрылғыдан тұрады.

Технологиялық бөлік үш өлшеу желісін құрайды: жұмыстық, қосымша, бақылау, онда ысырмалар, сүзгілер, қысым құлау бергіштері, дроссельді құрылғылар және турбинді шығынөлшегіштер болады. Айырғыш қондырғысында сулымұнай эмульсия немесе тұзсызданған мұнай табиғи газ бөлінетін айырғыш блогына түседі.  Мұнай жинағыш бөлігіне сусызданған мұнай құйылады және одан тауарлы мұнайдың резервуарына бағытталады.

Апатты қорғау және бақылау жүйесі берілген мәннен параметрі ауытқыған кезде сигнализация қамтамасыз етіледі.  Жану процесі термореттегішпен реттеледі. Қысым және температура реттегіші және жану процесінің бақылау жүйесінің клапаны деэмульсационды блоктың сыртқы құбыр өткізгішінде жөнделген. Бақылау өлшеу аспаптары бөлек панельдерде жиналған.

Жергілікті автоматика блогы бақылау, сигнализация және басқару электрлік схемасы жөнделген бөлек шкаф түрінде орындалған.қондырғы өнімділігі 46×10 м³/c.

Мұнай дайындау процесінің экономикалық тиімділігі олардың автоматтандыруымен және телемеханикаландыруымен байланысты. Автоматтандыру өңделген мұнайдың мөлшерін көбейтуге жабдықтың және аппаратураның жұмысын үзіліссіз бақылау арқасында оның сапасын жақсартуға технологиялық режимінің барлық ақауларын және бұзылуын жоюға әкеледі. Содан басқа автоматтандыру жөндеу алдын жоғарылату мүмкіндігін береді.

Үлкен үнемнің қол жеткізу перспективасы мұнай дайындау процесін автоматты басқару операциясымен және бөлек түйіндерді автоматтандырудан мұнай дайындау бойынша жинақты қарастырылады. Жүзеге асыруға болатын дабылды құрылға атқарушы механизм автоматты реттегіш бақылау – өлшеу аспаптарының қондырғысы қарастырылады және

пайдалану қызметкерінің тұрақсыз қатысуымен технологиялық процестің параметрлерін автоматты реттеу. Процеспен сипатталатын параметрлерді дистанционды және жергілікті бақылау. Қалыптыдан параметрдің ауытқуы және технологиялық жабдықтың жағдайын дабылдау. Резервті жабдықты автоматты енгізу және аптты қорғау. УПН жұмысын басқару және бақылау дистанционды басқару басқышы кілттер автоматты реттегіштер параметрді тіркеу және бақылау аспаптары дайын тұрған аспап қалқанымен жүзеге асырылады. Қалқанға шығарылған ақпарат көлемі барлық аппаратта технолгиялық процесс жүрісін оператор толық қарап отыру қажет және қажетті жағдайда қондырғының жұмыс режимін дистанционды өзгерту қажет.

Мұнай дайындау кешендерімен автоматты басқару жуйесін жобалау кезінде негізгі бағыттар келесі болып саналады:

1 . Мұнайдың 2 фазасын алу үшін жүйеде қысымды ұстау.

  1. Тіркеумен олардың қарым – қатынасын реттеумен тұрақты мұнайдың, судың, деэмульгатордың басқа реагенттің және шикізат мөлшерін реттеу және өлшеу.
  2. Олардың шекті мағынасын апатты дабылмен аралық сыйымдылықта ректификационды колоннада электрогидраторда бу қазандарында бөлгіш фаз деңгейін және сұйық деңгейін реттеу.
  3. Резервте автоматты қайта қосқышпен сораптың берілуін реттеу.
  4. Дайындалған мұнайда судың құрамын сулануын анықтау.
  5. УПН технологиялық жабдықтың дистанционды жіберу мүмкіндігі.

Тікелей әсер ету реттегіштері – бұл сезімтал элементті реттеуші органның затворын ауыстыра отырып, өзге энергия көзін қажет етпейтін реттегіштер.

Бұл реттегіштер құрылысы бойынша қарапйым, бірақ реттеуші органныңзатворын қондыру үшін күші аз болып келеді.Олар сезімталсыз және реттеуші органмен дистанционды басқаруын жүзеге асырмайды.

Тікелей әсер ететін барлық реттегіштер пропорционалды және интегралды қарапайым заңдарын жүзеге асырады.Реттеудің күрделі заңын жүзеге асыруы құрылғыларға байланысты қиыншылықтармен шектеледі.

Тікелей әсер ету реттегіштерінде өлшеуіш,күшейткіш  және орындауыш элементтерінің функциялары бір сезімтал элементте жиналған.

Реттегіштердің сезімтал элементі ретінде қатты және жіңішке мембрана, гармонды мембраналар және қалтқылар қолданылады.

Тікелей әсер ететін реттегіштер шектеулі қолданылып, қатта обьектілерде қысым,шығын,деңгей және температураның дәлдігі бар тұрақты автоматты реттеу қолданылады.

Тікелей әсер ететін температура реттегіші су,май және сұйық,газдардың температурасын тұрақтандыру үшін арналған. Температураның пропорционалды реттегіші екі негізгі бөліктен тұрады – термометриялық жүйе және реттеуші клапан.

Реттеуіштің термометриялық жүйесі өз алдына темобаллон, қосқыш каппиляр және сильфоннан тұратын булы манометрлі термометрден тұрады.

Реттегіште затвордың орналасуына байланысы ажыратылатын қайтымды немесе тікелей клапандары болады.

Тікелей клапан – орташа температурасын қыздыратынымен, қайтымды клапан – салқындатылатынымен реттеу үшін арналған. Сондықтан тікелей клапан жоғарылан кезде, ал ал қайтымды клапан бақыланатын орташа температурасы төмендеген кезде жабылады. Реттегіштерді жөндеу диопазонының шегінде әрбір температураны қалпына келтіруге болады.

Тікелей әсер ететін статикалақ реттегіштер  + 20 С – тан  +180 С – қа дейінгі шектеулікте он градусты аралықта шығарылады.

Тікелей әсер ететін температура реттегішінің негізі ерекшеліктері – температураның төменгі дәлдікте ұсталуы, өлшемнің аз шектеулігі.

You May Also Like

Flowers in the attics or in the sheds…

Қазақстандық сән әлемдік тендецияларының негізінде

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандық сән әлемдік тендецияларының негізінде. АТАУ: Q-SAN     QAZAKH SAN БАҒЫТЫ:   Қазақ…

Байланғыш материалдардың технологиясы тест тапсырмалары

Байланғыш материалдардың технологиясы Түсіпхан А. $$$ 1 Глинозем алу үшін қолданылатын шикізат:…

Жстд бар балалардың сөздік қорын дамыту

 Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалармен жұмыс барысында басты назарға мына бағыттар…