ПРАКТИКАДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ

Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет. Практикада студенттер көбіне жаңа ақпараттық, инновациялық, сандық технологияны қолданады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл – ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді; жан – жақты ізденушілігін арттырады. Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс – әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты – коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Информатика сабағында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану студенттердің білім беру үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жылдам ойлауға машықтандырады, ой-өрісі мен дүниетанымын дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, автоматтандыру пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык және математикалық формулалар, физикалык және математикалық шамалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі және т.б. жатқызуға болады. Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттердің шығармашылык, интеллектуалдык қабілеттерінің дамуына, өз білімдерін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – жаңа материалды баяндауда, үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы виртуальды практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, баяндалған материалды бекіту және т.б. мақсаттарда компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта информатика, математика, физика пәндерінен сабақ өткізуді әртүрлі әдістермен кіріктірілген сабақ ретінде жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс- тәсілдерінің тиімдісін таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Сабақта студенттердің өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді кеңінен қолдану өте қажет. Осы тұрғыда сабақты пәнаралық байланыс арқылы өткізу үлкен мәнге ие болады. Себебі, пәнаралық байланыстың міндеті – студенттің бір пәннен меңгерген білім іскерлігін, дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу, соған ойлау қабілетін салыстыру, өз бетінше жете білу. Осы орайда математиканы, физиканы информатика пәнімен байланыстыруға болады. Соның бір айғағы физика сабағында зертханалық жұмыстарды компьютер арқылы виртуальды лаборатория түрінде өткізіп, алынған нәтижелерді компьютерде арнайы бағдарламамен статистикалық талдап, нәтижесін график немесе диаграмма түрінде көрсетуге болады. Оқытудың әдіс – тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттерге терең білім беру үшін оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет, олардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын білуі абзал, ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Сонымен бірге ақпараттық технологияларды математика, физика, информатика сабақтарында жаңа тақырыпты өткенде, өзіндік жұмысты тексеру кездерінде, аралық және қорытынды бақылау сабақтарында қолдану өте тиімді. Сабақ кезінде слайд – фильмдерді, бейне-сабақтарды пайдалану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың көрнекілігін, тиімділігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді біріктіріп білім беру студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық сауатты болып өсулеріне ықпал етеді.

You May Also Like

Балалардың ойлау мен сөйлеу қабілетін ойындар арқылы дамыту

Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі.…

Таза-қала Таза-ауа

Жоба мақсаты: Тек Атырау қаласы емес сонымен қатар Қазақстан өніріндегі барлық  қала,…

Шоколад в нашей жизни

ОГЛАВЛЕНИЕ I. Введение. «Шоколад  в нашей жизни» II. Основная часть. 1. Теоретическая…

Ұялы робототехниканың тиімділіктері

Ұялы робототехниканың тиімділіктері «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің…