Тосқауыл қою: Шабуылдаушы соққыға жалаң тосқауыл қою,төзімділікке тосқауыл қою.

Ойын техникасы – жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.

Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).

Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер.

Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер шалғайлық, доптың ұшу бағыты, траектория және жылдамдық бойынша бөлінеді.

Шалғайлық бойынша допты әрі қарай берулер бөлінеді:

— тар – бр зона аралығында;

— орташа – бір зонадан келесіге;

— кең – зона арқылы.

Доптық ұшу бағыты бойынша әрі қарай берулер айрықшаланады:

— тігінен: торға параллель;

Ойыншы доппен кездесетін болжаулды орынға қадаммен немесе жүгіріспен жылжу. Соңғы өкшелі қадамда өкшелерді бр-біріне параллель иық деңгейі немесе келесі беру бағытына байланысты бірінің алдына бірі қою орынды болады.

Бастапқы жағдайда (БЖ) аяқтар тізедее бүгілген, қолдардың үлкен саусақтары қастардың деңгейінде орналасады. Сұқ және үлкен саусақтар үшбұрыш құрайды, одан ойыншы жақындаған допты бақылайды.

Қолдың саусақтары біріктірілген, сопақ қалпы бар, және тиімді қозғалыста өзінше ожау құрайды.

Доп таянғанда аяқ тізеден бүгіледі, және денені жоғары көтереді. Шамалыдан соң қол кіріседі – олар допқа ұшу бағытын береді, аяқ тез және жылдам бүгіледі, ал қол доптың ұшуын қамтамасыз етіп, жай бүгіледі.Қолдың саусақтары бүгілу жағдайын сақтайды, онда алақан әрі қарай берудің бағытына перпендикуляр болады.

Допты ұру кезнде, үлкен саусаққа доптың амортизациясы бойынша негізгі салмақ түседі, сұқ саусақ білезік буынының негізгі бөлігі, ортаңғы аз мөлшерде, аты жоқ саусақ пен кіші саусақ ұшу бағытын реттеп, допты бр жақты бағытта ұстап қалады.

Доп ұшқаннан кейін қолды белгілеу қозғалыспен қоса аяқталғаннан толық тоқтағанға дейін ұсынылады.

Егер доп ұшу кезінде айналмаса немесе аз айналса (сағат тілі бойынша) — әрі қарай беру, дұрыс.

  1. Тіреліп тұрып, артқа қарай лақтыру жағдайы.

Артқа қарай лақтыруды, бір аяқ екінші аяқтан алға қарай тұру жағдайында орындаған дұрыс. Қолдар білезіктермен бастан жоғарыдай етіп қойылады. Ұру қозғалысында бірінші аяқтар түзеледі және ойыншы бір уақытта дененің кеуде кеуде және бел бөліктерінде еңкейеді. Содан кейін жұмысқа қолдар қосылады: олар шынтақ буында ашып көтереді. Әрі қарй берудің ұшу бұрышы, бииіктігі және бағыты белде еңкею мөлшерімен реттеледі.

  1. Секіріп тұрып екі қолмен лақтыру – шабуыл, ұрыс үшін арналған секіру ретінде.

Ұшу барысында қолдар бастан жоғарыы шығарылады және де треліп тұрып лақтыру жағдайындағыдан гөрі биігірек, үлкен саусақтар бастың деңгейінде орналасады. Қарсы ұру қозғалысы қолдардың белсенді жұмысымен және дене мен аяқтың шамалы қозғалыстаымен сипатталады. Дененің жоғары нүктеге көтерілу жағдайында лақтыру аса тиімді болады.

  1. Алаңдату әрекеттерімен лақтыру.

Бұның мәнісі – дайындық фаза бір техникалық амалдан, ал негізгісі – басқадан тұрады. Мұндай лақтырудың мысалы ретінде «лақтырып жберу» болады.

Дайындық фазада ойыншы екпін, сермеу – тура шабуыл ұрысты орындауға тән барлық әрекеттерді орындайды. Бірақ қол сермеу жағдайында белгіленбейді.

Ойыншы ұшудың жоғары нүктесіне жетп, денесін торға перпендикуляр бұрып, бір уақытта «ұратын» қолын басының артына түсіреді де басқа қолын секіріп тұрып лақтыру үшін бастапқы жағдайға көтереді.

Артқа қарай лақтыру кезнде алаңдату осылай орындалады. Ойыншы барлық өзінің түрімен алдыға қарай лақтыратынын көрсетеді, бірақ соңғы сәтте ол доп басынының үстінде болуы үшін доптың астына жылдам тұрады да, артқа қарай лақтыру техникасымен байланысты барлық қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Лақтырулар.

Лақтыру түрлері келесімен анықталады:

— иықтың көлденең өсінің тор жазықтығына қарай орналасу;

— доптың орналасу деңгейінің ұратын білезігінің ждоппен жанасу сәтінде иықтардың көлденең өсі деңгейіне қарай.

Осыдан шыға отырып, лақтырулар тура, бі жақты, төмен және жоғары болып жіктеледі.

Тура лақтырулар:

Ойыншы иықтарының көлденең өсі лақтыру сәтінде тор жаөызтығына параллель екені тура лақтыруды анықтайды.

Бір жақты лақтырулар.

Ойыншы иықтарының көлденең өсі жағдайы тор жазықтығына лақтыру сәтінде перпендикуляр немесе шамалы перпендикуляр екені бр жақты лақтырууды анықтайды.

Төмен лақтырулар.

Төмен лаққтыру сәтінде ұратын қол білезігі допты беріп отырған ойыншы иықтарының көлденең өсінен төмен болған доппен жанасады.

Жоғары лақтыру.

Жоғары лақтыру барысында ұратын қол білезігі допты беретін ойыншы иықтарының көлденең өсінен жоғарыда болған доппен жанасады.

Лақтыруды орындай техникасы

  1. Тура төмен лақтыру:

Ойыншы бетімен торға қарап орналасады. Аяқтары иық жалпақтығында. Ұратын қолға қарсы аяқ алдыға қарай тұрады. Ұратын қол сермеу жағдайында артқа қарай болады, басқа қол допты лақтыру кезінде (бастан 1 м жоғарыда) дене ауырлығы оң аяққа түседі, сол аяқ браз бүгіліп, босайды, және ұшымен алаңның үстіне иық екіншісінентөмен қарай болу есебімен кеуде оңға қарай қисаяды.

Қол сермеуге қарай қозғалады, жанына қарай-төмен түсріледі. Ұру үшін алға қарай жылжығанда оынң жамбасы алға шығады.

Дененің төменгі жақ бөлігі түзелгенде кеуде солдан-оңға қарай түзеледі де, торға қарай бұрылады. Ұратын қол түзелген доғал бойынша жоғары-алға жылжиды. Ұшу кезнде алда тұрған аяқ ұратын иықпен бірге түзу сызықты құрайды.

Қолдың қозғалысы біртіндеп жиілейді және допқа тигенше жылдамдығыы тездетіледі. Ұру күшті кеудені қуатты қолдың қозғалысымен бірге иықты көтерумен өседі.

Әрі қарай беру әдісінің техникасы

Бастапқы жағдай – аяқ иықтың бойымен бірдей, параллель немесе екіншісімен алға (келесі әрі қарай берудің бағытына байланысты) тізеден бүгілген. Қол түзелген және алға-төмен бағытталған, шынтақ жақындасқан, саусақтар біршама байланысқан. Кеуде аздап алға бұрылған әдісті жүзеге асыра отырып, ойыншы әрі қарай беру кезнде доп алдында тұратындай етіп тұрады.

Доп саусаққа жақындап иықпен қабылданады. Түзу қол қозғалысымен алға-жоғары иық буынымен ғана жүзеге асырылады. Кеуде түзеліп, аяқ бүгіледі.

Допқа ілесетін қимыл-қозғалысты аяқ және кеуденің бүгілуімен, қолдың алға-жоғары жылжуы, доптың соңынан кеудені түзеп, аяқты бүгіп түзеледі. Бұл амалдың техникасы ойыншыға доптың ұшу жылдамдығымен және оынң траекториясының биіктігіне байланысты. Доп белдік деңгейінен төмен баяу ұшқанда, ойыншы нық тұрғанда, оны төменнен қолдың алға-жоғары түзелген қозғалысымен қабылдайды.

Кейде допты оның бір жағынан ұшып бара жатқан кезнде ұстауға тура келеді. Бұл жағдайда ойынша доп жаққа бұрылады, біріккен қол келе жатқан допты қағып алады. Кеуде доптан басқа жаққа бұрылады, сол кезде бір иық доп ұшқан жаққа қарай көтеріліп, екнші иық түседі. (егер қолдар допқа қарай бағытта ашық болмаса, ол сол жаққа бағытталады).

Шабуыл ұрыс.

Шабуыл ұрыстар иықтың көлденең өсі бойынша, әрі қарай беру сипатына, бағыты бойынша және ұрғаннан кейін доптың ұшу жылдамдығы, атака сипаты бойынша бөлінеді.

Ұрысты иықтың көлденең өсі орналасуы бойынша бөлінеді:

түзу – иықтың көлденең өсі ұрыс кезінде тордың жазықтығына параллель;

бір жақты – иықтың көлденең өс ұрыс кезінде тордың жазықтығына перпндикуляр немесе үшкір бұрышта болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Түстер психологиясы

Түстер психологиясы Түстерді қабылдау психологиясы — адамның түстерді теңестіру-ұқсату арқылы қабылдап, атау қабілеті.…

Дәріс. МҚӨ жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру

№14 Дәріс. МҚӨ жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру. Құбырдың ішкі құрлысын бағалау, құбырды…

Кәсіпорындағы жоспарлау 

Кәсіпорындағы жоспарлау  4.1. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру Кәсіпорын жоспары жоспарлық жұмыс өнімі…

Психики человека

Оглавление Введение…………… ГЛАВА 1. Формализация оценки потенциала психики человека…………. 1.1. Инфорационная модель…