Кәсіпорындағы жоспарлау 

4.1. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру

Кәсіпорын жоспары жоспарлық жұмыс өнімі ретінде мақсаттарды қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмыстарды орындау көлемін, әдістерін, ретін және мерзімін және де оларды қажетті құралдармен қамтамасыз етуді қарастыратын алдын – ала өңделген шаралар жүйесін білдіреді. Бірақ мұнда осы мақсаттарға жетудің нақты техникалық тәсілдері реттелмейді. Сонымен қатар, жоспар өндірістің дамуының қажетті қарқыны мен пропорцияларын қамтамасыз етуі қажет.

Кәсіпорын қызметкерлері үшін жоспар әрекет етудегі басшылық болып саналады. Қазіргі заманғы кәсіпорын күрделі басқару жүйесін білдіретін болғандықтан, жоспар мақсаттарына жету кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейінгі барлық персоналдардың келісімінсіз мүмкін емес. Жоспар кәсіпкерлік пікірлерді негіздеу үшін, сонымен қатар алға қойылған мақсаттарға жету процесінде кәсіпорынды басқару үшін қолданылады.

Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік және басқа да функцияларды келісімді түрде жүзеге асрыу нәтижесі ретінде барынша жоғарғы пайда табу жолындағы әрекеттер бағдарламасын өңдеу.

Сонымен бірге, көптеген кәсіпорындар жоспарлауды диспропорцияларды жою, ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану, өндірістік процестің ырғақтылығын қамтамасыз ету, анықталмаушылықты болдырмау құралы ретінде, сондай – ақ кәсіпорын көзқарасы тұрғысынан жағымсыз факторларға әсер ету мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Өндірістік жоспарлау (өндірістік жоспар) шығарылатын бұйымдас мен қызметтер номенклатурасы бойынша кәсіпорынның қолда бар өндірістік қуаттары негізінде, сонымен қатар нарықтың сәйкес сегменті қабылдауға қабілетті өнім көлемін есепке ала отырып жүргізіледі. Қандай да бір өнім түріне деген нарық қажеттілігі неғұрлым көп болса, кәсіпорынның өндірістік потенциалы соғұрлым жоғары болуы қажет.

Кәсіпорынның жоспарлық органдарының құрамы мен ұйымдық құрылымы көптеген факторларға және өндірістің нақты жағдайларына, атап айтсақ, кәсіпорын мөлшеріне, өнім нарығының динамикалығына**, контрагенттердің тұрақтылығына, кәсіпорын бөлімшелерінің санына, құрамына және оларды ұйымдастыру формаларына, шығарылатын өнімнің сипаты мен ерекшеліктеріне және т.б. тәуелді болады.

Кәсіпорынның жоғарғы басшылығының негізгі функцияларына мыналар жатады: бірыңғай даму стратегиясын белгілеу немесе жоспарлау мақсаттарын негіздеу, оған жетудің негізгі жолдарын таңдау, жоспарларды өңдеу әдістері мен технологияларын анықтау.

Жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлардың орындалу барысын бақылау кәсіпорынның жоспарлау (жоспарлық – экономикалық) бөліміне жүктеледі. Оның функцияларына мыналар жатады:

  • кәсіпорын үшін міндетті жоспарлар құрылымын өңдеу және оларды кәсіпорынның басқару органдарына бекітуге беру;
  • кәсіпорын басшылығымен бекітілген жоспарларды құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау жұмысына қатысатын кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтерінде материалдарды және қажетті мәліметтерді дайындау;
  • кәсіпорын қызметінің маңызды бағыттары бойынша техникалық – экономикалық болжамдар құрастыру;
  • кәсіпорынның құрылымдық және функционалды бөлімшелері үшін нормативтік жоспарлық құжаттарды (жоспарлардың түрлері мен құрылымы) өңдеу;
  • кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарларын келісу;
  • кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық және функционалдық бөлімшелерінің жоспарларының орындалуын бақылау.

Өндіріс тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындағы жоспарлау жұмысын дұрыс ұйымдастыру маңызды мәнге ие.

Жоспарды бірнеше сатыда өңдейді. Бірінші саты – кәсіпорынның өткен кезеңдегі жұмысын талдау және осының негізінде озат тәжірибені, қолданылмаған резервтерді, жоспарлық жылда жоюды қажет ететін өндірістегі «тар орындарды» анықтау. Талдау нәтижесінде барлық қажетті нормалар мен нормативтердің мөлшерін белгілейді. Сондай – ақ, талдау нәтижесінде өндіріс тиімділігін арттыру шараларының кешенін анықтайды.

Екінші саты – өндіріс тиімділігін арттыру бойынша өңделген  нормалар мен нормативтер және шаралар негізінде; жоспарланушы жылға бекітілген негізгі көрсеткіштер бойынша алдын – ала мәліметтер негізінде; жоспарланушы жылға перспективтік тұрғыдан бекітілген көрсеткіштер негізінде жоспар жобасын құрастыру.

Жоспар жобасында натуралды және ақшалай түрдегі өнім өндірісі бойынша тек негізгі бөлімдер мен көрсеткіштер; жұмысшылар саны мен жалақы қорына деген қажеттілік; еңбек өнімділігінің, пайда мен рентабельділіктің өсу қарқыны және мөлшерлері; құрылыс – монтаждау жұмыстарының көлемі; күрделі құрылыс тізімі анықталады. Барлық жоспарлық есептеулер түсініктеме жазбамен жалғасады.

Үшінші саты жоғарыдағы ұйымдарда жоспар жобаларын қарастырғаннан кейін және бцифрларын бекіткеннен соң басталады. Үшінші сатыда кәсіпорын өндірістік – шаруашылық қызметтің кәсіпорын басшылығымен бекітілген кеңейтілген жоспарын құрастырады. Осы жоспар негізінде цехтарға жоспарлық тапсырмалар белгіленеді.

Жоспардың жүру сатыларын және оны есептеудің еңбек сыйымдылығын ескере отырып, жоспарды шамамен өткен*жылдың ортасында құрастыра бастайды.

4.2. Ағымдық және жедел жоспарлау

Ағымдық жоспарлау – бұл, ең алдымен мақсаттарға жетуді жоспарлау. Сауатты тәсілде ол мақсатты бас жоспар және стратегиялық жоспарлау негізінде құрылады және стратегиялық жоспарлау нәтижесінде қабылданған концепцияға, потенциал құрылымына және басқару жүйесіне тәуелді болады. Сондықтан бағдарламалар мен шараларды ағымдық жоспарлау мүмкіндігінше үйлесімді жүзеге асуы қажет.

Ағымдық жоспарлаудың мақсаты – кәсіпорынның уақыт ағымындағы, сондай – ақ кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері бойынша үздіксіз, ырғақты, реттелген жұмысын қамтамасыз ету.

Ағымдық жоспарлаудың ең кең таралған түрі кәсіпорынның жылдық жоспары болып табылады.

Бұрын кәсіпорынның жылдық жоспарын өңдеудің негізі кәсіпорынның қолда бар өндірістік ресурстары (технологиялық, шикізат) бойынша құрылатын өнім өндіру жоспары болды. Қазіргі уақытта жылдық жоспар өнімді өткізу болжамдары негізінде, сонымен бірге нарықтың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерін талдау негізінде өңделеді.

Сонымен қатар, жылдық жоспарды өңдеу барысында негізге алынатын мәліметтер қатарына кәсіпорын қызметінің өткен кезеңдегі нәтижелері, бұрынғы жоспарларды орындау көрсеткіштері, өнімге деген нақты сұраныс жатады. Көптеген кәсіпорындарда мұндай ақпараттарды жинаумен және өңдеумен ақпараттық – аналитикалық бөлімдер айналысады.

Жылдық жоспар – кәсіпорынның жоспарлау қызметінің аса формальданған түрі. Оны өңдеу өңдеу мерзімдеріне, бөлімшелерге жеткізу тәртібіне, сондай – ақ құрылымы мен нақты көрсеткіштеріне қатысты белгілі бір қатаң тәртіптерге бағынады.

Кәсіпорынның жылдық жоспары жоспарланушы жыл басталғанға дейін (тәртіп бойынша, өткен жылдың қараша немесе желтоқсан айларында) жоспарлау – экономика бөлімімен құрылады. Жоспарлау – экономика бөлімі жоспарлау кезеңі келгенше жоспардың міндетті бөлімдерін құрылымдық бөлімшелерге жеткізеді және жоспардың орындалу барысына бақылау жүргізеді.

Кәсіпорынның жылдық жоспары барлық көрсеткіштердің маусымдық бөлінуінен тұрады.

Ірі кәсіпорындарда жылдық жоспар кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің (цехтардың, филиалдардың) алдын – ала есептеулері негізінде құрылады. Орташа және шағын кәсіпорындарда жылдық жоспар бүкіл кәсіпорын масштабында құрылады, ал бұдан соң әрбір бөлімше бойынша жылдық және маусымдық жоспарлар құрылады. Көптеген кәсіпорындарда жылдық жоспарларды құрастырмай маусымдық жоспарлармен шектеледі.

Жекелеген бөлімшелердің жоспарлары бүкіл кәсіпорынның жылдық жоспарына толықтай сәйкес келуі қажет.

Кәсіпорынның номиналды, нақты қуаты негізінде есептелген өнім өндірісінің жоспарланған көлемі сәйкес өнім түріне деген нарық қажеттіліктерімен салыстырылады. Нәтижесінде нарықта өткізілуі мүмкін өнім көлемінің қажетті және жеткілікті өсімшесі анықталады.

Жекелеген бөлімшелер мен учаскелердің өндірісін жоспарлаудағы маңызды сұрақтардың бірі – осы бөлімшелердің өндіріс көлемінің өлшеуішін таңдау. Мұндай өлшеуіштер натуралды (тонна, кубометр) және құндық көрсеткіштер болуы мүмкін.

Жекелеген бөлімшелердің өндіріс жоспарлары тапсырмаларды айларға бөліп маусымға құрастырылады. Бөлімшелердің жоспарлары сомасы бойынша кәсіпорын жоспарынан эксперименттік жұмыстар, өзара қызметтер мөлшеріне, өз мұқтаждықтары үшін жұмыс көлеміне ерекшеленуі мүмкін.

Мұнай – газ өндіру басқармасындағы өнім өндіру және өткізу жоспарын орындаудың және оның барлық бөлімшелерінің ұйлесімді жұмысын қамтамасыз етудің негізгі шарты жедел бақылау болып саналады.

Инженерлік – техникалық қызметтер мұнай және газ өндіру операторларының жұмысына тәулік бойы жедел басшылық етеді және өндіріс процесінің барысын бақылайды. Инженерлік – техникалық қызмет көмегімен ұңғы жұмысына бақылау жүргізілетін арнайы құжаттама жүргізеді.

Аудандық инженерлік – техникалық қызметтер сменасының бастығы ұңғылар бойынша қажетті мәліметтерді смена журналына тіркеп отырады. Мұнда ұңғылар бойынша дебиттер, жұмыс тәртібінің бұзылуы, тұрып қалу себептері мен оның ұзақтығы көрсетіледі.

Кәсіпорынның әрбір бөлімшесімен өнімді ырғақты шығару негізінде кәсіпорынның бірыңғай өндірістік стратегиясы жатыр. Ырғақсыз жұмыс жасайтын кәсіпорындар өздерінің өндірістік қуаттарын толық пайдаланбайды. Бұл өндірістік тұрып қалулардан, жабдықтың қандай да бір уақыт аралығында толық жүктелмеуі немесе артығымен жүктелуінен, жұмыс орындарының қысқаруынан немесе шамадан тыс жұмыстардан көрініс табады.

Ал кесте бойынша жұмыс, керісінше, кәсіпорынның қалыпты өндірістік – шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді және ішкі резервтерді пайдалануға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастырады.

Жедел – өндірістік жоспарлаудың мазмұны мыналардан көрінеді:

  • прогрессивтік күнтізбелік – жоспарлық нормативтерді өңдеу;
  • өндіріс процесінде еңбек заттарының уақыт ағымындағы және кеңістіктегі қозғалысының жоспар – кестелерін өңдеу;
  • өңделген жоспар – кестелерді цехтарға, учаскелерге және жұмыс орындарына жеткізу;
  • берілген жоспар – кестелердің орындалуын бақылау;
  • цехтардың, учаскелер мен жұмыс орындарының жұмысын ағымдық үйлестіру.

Жедел – өндірістік жоспарлау процесінде жоспарланушы уақыт кезеңдеріне тапсырмалар өңделіп, барлық бөлімшелер назарына жеткізіледі, яғни олардың қызметін күнтізбелік жоспарлау жүзеге асады. Сонымен қатар, жоспардың орындалу барысы жүйелі түрде бақыланады, бастапқы жоспардан ауытқулар ескеріледі және өндірісті жедел реттеу жүргізіледі.

Жедел – өндірістік жоспарлаудың екі түрі бар: цех аралық және цех ішіндегі.

Цех аралық жоспарлау мыналардан тұрады:

  • жалпы кәсіпорынның көлемі, номенклатурасы және мерзімі бойынша өндірістік бағдарламаларын өңдеу;
  • цехтардың өндірістік бағдарламаларды орындауын жоспарлау, реттеу және бақылау;
  • негізгі цехтардың өзара жұмысын және олардың көмекші цехтармен, кәсіпорынның басқа да бөлімшелерімен байланысын үйлестіру.

Цех ішіндегі жоспарлау мыналарды қамтамасыз етеді:

  • учаскелер мен жекелеген жұмыс орындары үшін өндірістік бағдарламаларды және жоспар – кестелерді өңдеу;
  • бір айға және одан да қысқа уақыт мерзіміне жоспарлық тапсырмаларды құрастыру;
  • жоспарлық тапсырмалардың орындалуын бақылау;
  • байланысты учаскелер мен жұмыс орындарының жұмысын үйлестіру;
  • көмекші қызметтердің негізгі өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын реттеу.

Жедел – өндірістік жоспарлаудың бөлінбес бөлігі жедел диспетчерлеу және тапсырмаларды орындау барысында өндірісті реттеу болып табылады. Диспетчерлік  реттеу процесінде төмендегілер жүзеге асады:

  • өндірістің жоспар – кестелерінің орындалуын үздіксіз бақылау;
  • кәсіпорынның байланысты бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
  • белгіленген жұмыс тәртібінен ауытқу салдарынан орын алатын зардаптарды жою.

Диспетчерлік аппараттың негізгі міндеті – жоспардың орындалуын бақылау. Аталған міндетті шешу үшін жедел бағдарлама немесе күнтізбелік жоспар – кесте түріндегі жоспарлық тапсырманы қолданады. Диспетчер өз жұмысын жүргізетін негізгі құжат – бұл дайын өнім шығару бойынша сменды – тәуліктік тапсырма. Кәсіпорындағы диспетчерлеу жоспарлау жүйесінің соңғы элементі ретінде өндірістің ырғақтылығын қамтамасыз етеді.

Негізгі түсініктер 

  1. Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік және басқа да функцияларды келісімді түрде жүзеге асрыу нәтижесі ретінде барынша жоғарғы пайда табу жолындағы әрекеттер бағдарламасын өңдеу.
  2. Ағымдық жоспарлаубұл, ең алдымен мақсаттарға жетуді жоспарлау. Сауатты тәсілде ол мақсатты бас жоспар және стратегиялық жоспарлау негізінде құрылады және стратегиялық жоспарлау нәтижесінде қабылданған концепцияға, потенциал құрылымына және басқару жүйесіне тәуелді болады.
  3. Жедел – өндірістік жоспарлау процесінде жоспарланушы уақыт кезеңдеріне тапсырмалар өңделіп, барлық бөлімшелер назарына жеткізіледі, яғни олардың қызметін күнтізбелік жоспарлау жүзеге асады.
You May Also Like

Аталар мұрасы-халық қазынасы, Баяндама

Аталар мұрасы-халық қазынасы Баяндама Баяндаманың тақырыбы:  Аталар мұрасы-халық қазынасы. Аталардан қалған ұлағатты…

Формулярлық жүйенің дәрілік заттарды қолданудың тиімділігін арттырудағы рөлі.

Жоспар: Формулярлық жүйе деген не? Формулярлық жүйе компоненттері Формулярлық жүйе функциялары Дәрілік…

Жануарлардың қора-жайларында көмірқышқыл газы мөлшерін анықтау

Зтс 5  Бақылау сұрақтары: 1көмір қышқыл газының үлесін анықтау  ЖАНУАРЛАР ҚОРА-ЖАЙЛАРЫНДА КӨМІРҚЫШҚЫЛ…

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасау

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс…