Зтс 5 

Бақылау сұрақтары: 1көмір қышқыл газының үлесін анықтау 

  1. ЖАНУАРЛАР ҚОРА-ЖАЙЛАРЫНДА КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ.

Мал шаруашылығы ауасында шектк жіберілетін концентрациядан (ШЖК) асатын шамада зиянды газдар жиналуы ықтимал. Мұндай газдарға көмірқышқыл газын, аммиакты, күкіртті сутгін, көміртгі тотығын т.б. жатқызуға болады. Жануарлар ғимараттарында олар жануарларды тығыз орналастырудан, қатты әсіресе сұйық қиды қажетті тәртіпте шығармаудан, желдеткіштер жұмысы дұрыс өткізілмеуінен жинақталады.

Шектік жіберілетін нормалардан асып кетуі жағдайында малшаруашылығы ғимараттарында жануарлар өнімділігі мен ауруларға төзімділігі төмендейді.

Кеңінен қолданыс тауып келе жатқан әдістердің бірі көмірқышқыл газын зерттелетін ауаның белгілі бір көлемін қандай да бір сілтілі ерітіндісімен сіңірілуіне негізделген (күйдіргіш барий, күйдіргіш натр т.б.). Бұл жағдайда талдау нәтижелрі туралы көмір қышқыл газымен байланыс түзген сілті көлемі бойынша анықтайды.

Субботин-Нагорскидің титрометриялық әдісі.Бұл әдістің принципікүйдіргіш баридің Ва(ОН)2титрленген ерітіндісімен ауаның көлемінен көмірқышқыл газын сіңіру түрінде білінеді. Күйдіргіш барий, көмірқышқыл газын қарқынды сіңіріп, ВаСО3 түзеді.Күйдіргіш барий ерітіндісі титрінің азаюы бойынша алынған ауа көлемінде көмірқышқыл көлемі анықталады.

Гесс әдісі.Бұл әдіс Субботин-Нагорский әдісінен ерекшеленеді, бұл үшін зерттеуге ауаның аз көлемі алынады, мұнымен қатар, күңгіртенген баритті еретіндіні титрлеуді шөктірместен бірден өткізеді.

Анықтау барысы: калибрленген құтыша немесе көлемі 1 л колба алынады; оны Ричардсон шарының көмегімен 1 1/мин аралығында ауамен толтырады да шыны таяқшалармен жабылатын екі тесігі бар каучук тығынымен жабады. Шыны таяқшалардың біреуін ашып құтышаға 10 мл титрленген күйдіргіш барий ерітіндісі құйылады да қайтадан шыны таяқшамен жабады, ауасы бар баритті суды 10 мин бойы шайқап араластырады. Шайқап араластырған соң қайтадан шыны таяқшаны ашады да құтышаға1% индикатор – фенолфталеиннің 2 тамшысын қосады, күңгірттелген ерітіндіні қымыздық қышқылының титрленген ерітіндісімен қызыл түсі жойылғанға дейін титрлейді.

Е с е п:

  1. Ва(ОН)2 10 мл титрлеуге шығындалған қымыздық қышқылы мөлшері алынып тасталады.
  2. Алынған айырманы Ва(ОН)титріне көбейтеміз
  3. Алынған мән зерттелетін ауадағы СО2мөлшеріне мг сәйкеседі.
  4. Сосын мг мл ауыстыру үшін СО2 мөлшерін, 0,509 көбейтеміз (өйткені 1 мг СО2 0,509 мл көлемді қамтиды).
  5. Ауаның алынған көлемін0°С температура мен 760 мм сынап бағаны шамасына сәйкестіреміз, оған қатысты өрнек
  • ,

мұнда, V0 760 –нормалық шамаға келтірілген зерттелетін ауа көлемі;

V1–бөтелке көлемі;

10 – колбаға енгізілетін Ва(ОН)ерітіндісінің көлемі;

В – зерттеу сәтіндегі барометр көрсеткіші;

– температураның 1°Сжоғарылауы кезінде ауаның кеңеюіне қатысты 0,003667 құрайтын коэффициент;

t – бақылау кезіндегі ауа температурасы;

Есепті жеңілдету үшін кестені пайдалануға болады (тіркеме № 4)

  1. Ал, СО2пайыздық мөлшерін келесі пропорцияда анықтаймыз:

V0 760 – 100

V–х, мұнда

х–көмірқышқыл газының бастапқы % шамасы

V– зерттелетін ауа көлеміндегі анықталған СО2мөлшері, мл

V0 760– нормалық шамаға келтірілген зерттелетін ауа көлемі.

Д.В. Прохоров әдісігигиеналық практикада ауадағы көмірқышқылының мөлшерін болжамды түрд анықтау үшін ұсынылына алады. Бұл әдістің принципі – ғимарат ауасы мен сыртқы атмосфера ауасын салыстырмалы зерттеу, атмосфералық ауадағы СО2мөлшері қала ауасында 0,04% және ауылдық жер ауасында 0,03% шамасында сақталады.

А н ы қ т а у   ә д і с і. Атмосфера ауасында СО2мөлшерін анықтайды. Шприцпен зерттелетін ауаны 10 см3көлемінде алып, ине арқылысілтіленген және боялған суы бар пробиркаға енгізеді. Поршенін көтерместен пробирканы ауадағы СО2сіңіру үшін шайқап араластырады. Бұл операцияны ерітінді түссізденгенше жалғастырады да шприцтегі ауа көлемін ескереді. Пробирканы ерітіндіден босатады, оны жаңа ерітіндімен толтырып тағы да осы жолы ғимарат ауасымен бейтараптандырады, осы арқылы көмірқышқыл газы концентрациясын анықтайды. Осыған орайатмосферадағыдан көрі көмірқышқыл газы ғимаратта көп болуына орай аммиакты бейтараптандыру үшін ерітінді аз шығындалады. Осы әдісті пайдалану кезіндегі міндетті шарт – пробиркаға градуирленген түтікшемен 10 мл аммиак ерітіндісін дәлме-дәл өлшеп алады.

Е с  е п. Ғимарат ауасында көмірқышқылы мөлшерін есептеу кезінде оның мөлшері пробиркадағы сілтілі ерітіндіні бейтараптау үшін жеткілікті мөлшерде көп екенін ескере отырып орындалады. Сәйкесінше, ашық атмосферадағы көмірқышқыл азының көлемін (0,03 немесе 0,04 %) шприц ішіндегі бірінші (ашық атмосфера) және екінші (ғимарат ауасы) жағдайда ауа көлеміне көбейтілуі керек.

Мы с а л. Пробиркадағы ерітіндіні түссіздендіру үшін сыртқы ауадан 50 үлес енгізу керек болды, ал ғимарат ауасын түссіздендіру үшін – 6 үлес қажет етілді. Зерттеу ауылдық жерде орындалған болса ауадағы көмірқышқылының концентрациясы мынаған тең болады:

0,03 х 50/6 = 0,2499, немесе жуықтап алатын болсақ 0,25%.

You May Also Like

Выготскийдің балалар ойыны туралы пікірі. Ойынның даму тарихы

Тақырыбы: Выготскийдің балалар ойыны туралы пікірі.                                Ойынның даму тарихы «Ойын» ұғымына түсініктеме…

«Тәуелсіздік толғауы» кешіне сценарии

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік толғауы» 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!…

Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру

 Жылжымалы құрамды қабылдау Сапардан паркке оралған соң,жүргізуші жолдаманы толтырып, оны кезекші механикке…

BRAIN элементтері

BRAIN ЭЛЕМЕНТТЕРІ Au-2,54 мкмоль\кг Th 2,44 мкмоль\кг Pb  16 мкмоль\кг Алтын- золото-…