Өтке тас байланғанда майлы ет, балық, тауық етті, консервідегі» майлы тағамдар. малдың ішкі ағзаларын (Бауыр, бүйрек, өкпе, миы) тұтынбаған дұрыс. Көкеністерден шалғам, тұрып, пияз, сарымсақ, саумалдық пен қымыздықтың сіңірілуі қиын болғандықтан бұлар ауруды асқындыруы мүмкін.

Рацион №1
Бірінші таңғы ас: 15о гр. қарақұмықпен қуырылған ұннан жасалған ботқа және лимонмен шай.
Екінші таңғы ас: 1оо гр. үккіштен өткен сәбізге өсімдік майын араластырып жейді.
Түскі ас: қырыққабаттан сорпа, бидай жармасынан ботқа, итмұрыннан қайнатпа.
Қырыққабаттан борщ дайындау үшін 400 мл. су, 40 гр бидай кебегі, 50 гр. қызылша, 20 гр. тамыр-сабақтар, 10 гр. пиязды дайындап алады. Қазандағы қайнап тұрған суға кебекті салып 15 минуттай қайнатады да сүзгіден өткізеді. Сүзгіден өткен қайнатпаға туралған қырыққабатты салып, қызылша мен тамыр-сабақ, пиязды қосады. Тағы 5-10 минут қайнатуды піскенше жалғастырады.
Бидай жармасынан ботқаға керектілер: 50 гр. бидай жармасы, 75 мл. су, 25 гр. кептірілген өрік, 10 гр. сары май, қант. Жарманы суға салып пісуге жақындағанда өрік, қант, майды қосып, бұқтырады. Бұлармен бірге итмұрын қайнатпасын дайындап ішеді.
Кешкі ас: Ірімшіктен пудинг, лимонмен шай.
Ірімшіктен дайындалған асқа керектілер: 120 гр. майсыз ірімшік, 10 гр. ұнтақ жарма, 20 мл. сүт, 1о гр. қатты ірімшік, 1/2 жұмыртқа, 5 гр. сары май мен 30 гр. қаймақ. Жарманы сүтке жібітеді (10 минут), ірімшікті майдалап езеді, қатты ірімшікп үккіштен өткізеді, жұмыртқаның сарысын жібіткен жармаға араластырады. Дайын массаны майланған табаға салып, бетіне ірімшікті себеді де пешке пісіреді. Піскен соң бетіне қаймақ жағады. Ұйқы алдында 10 мл. итмұрын қайнатпасын ішеді.
Рацион №2

Бірінші таңғы ас: 200 гр. сұлы жармасынан ботқа және лимонмен шай.
Екінші танғы ас: 50 гр. суға бұктірілген қара өрік.
Түскі ас: щи, қайнатылған ет қызылшамен, балғын алма.
Щи дайындау үшін қажеттілер: 400 мл. су, 40 гр. бидай кебегі, 50 гр. брюссель қырыққабаты, 30 гр. картоп, 15 гр. сәбіз бен пияз, ақжелкек.
Алдымен суға бидай кебегін салып, 15 минуттай қайнаған соң, електен өткізеді. Қайнатпаға туралған қырыққабат, картоп, сәбіз, пиязды салады да 5-10 минуттай тағы қайнатады. Дайын болған соң, ұсақталып туралған көк шөптерді салып, ішеді.
Тұстен кейін: 1оо гр. көкөністерден жеңіл салат пен 1о гр. итмұрын қайнатпасы. Алма мен сәбізден салат дайындап жеуге де болады. Екеуін үккіштен өткізіп, қаймақпен араластырады.
Кешкі ас: қарақұмық ботқасы ірімшікпен және шай.
Қажеттілер: 6о гр. қарақұмық, 150 мл. сүт, 30 гр. ірімшік, 1/з жұмыртқа, 10 гр. сары май, 10 гр. кептірілген нан.
Қарақұмықты сүтке салып қайнатып, ботқа дайындайды. Аздап салқындаған соң жұмыртқа

мен ірімшікті қосып, жақсылап араластырады. Дымқыл қол мен массадан құрт секілді пішім  жасайды. Оны кептірілген нанға аунатып, майға куырады. Қаймақпен жейді.
¥йқы алдында 1оо мл. сәбіз шырынын ішеді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Пәкістан қазақтарының үндеуі

Пәкістанның босқын қазақтары: ел президенті мен қазақ халқына үндеу жолдады            Ата-бабалары…

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі…

Оқыту сапасын бағалау ерекшеліктері

Сабақ барысында өз жұмысының нәтижесін көргенен кейін, баланың танымдық белсенділігі артып, өз…

Ласковые ладони

Сочинение.              О, ласковые ладони твоих теплых рук! Однажды ,в кабинете литературы, мое…