ТЭС

¡ЖЭС – отынды жағуда бөлінетін жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясын бөліп шығарады. ЖЭС үшін отынның негізгі түрлері болып газ, мазут, көмір және торф – табиғи ресурстары табылады. Жылу электр станциясының (ЖЭС) түрі – жылу энерго орталығы (ЖЭО) болып табылады, ЖЭО – тек электр энергиясын ғана емес, сонымен қатар батареядан жылу желісі арқылы өтетін ыстық су түріндегі жылуды бөлетін жылу электр станциясы болып табылады. Электростанциядан пәтерге (үйімізге) дейінгі энергияның жолы. Жылу электр станциясының машиналы залында суы бар қазан орнатылған. Отынның жануы кезінде қазандағы су бірнеше жүздеген градусқа дейін қыздырылып буға айналады. Қысымның әсерінен бу турбина қалақшаларын айналдырады, ал турбина өз кезегінде генераторды айналдырады. Генератор электр тогын бөліп шығарады. Электр тогы электр желілеріне түседі және ол арқылы қала, ауылдарға, завод, мектеп, аурухана және үйлерге жетеді. Электрстанцияларынан электрберілу сымдары арқылы электрэнергиясының тасымалдануы 110 – 500 киловольт кернеуде, яғни генераторлардың кернеуін арттыратын жағдайда жүзеге асырылады. Кернеуді арттыру электр энергиясын қашық жерлерге тасымалдауда қажет. Одан кейін тұтынушы ыңғайлы деңгейге дейін кернеуді қайта төмендету керек. Кернеуді түрлендіру электрлі станцияларда трансформатор көмегімен жүзеге асырылады. Жер астынан тартылған кабельдер және жерден биікке көтерілген сымдар арқылы тоқ үйлерге жеткізіледі. Ал жылу ыстық су түрінде жер астымен тартылған жылу трассалары бойынша ЖЭО – нан келеді.

        Жұмыс істеу принціпі

¡ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ (ЖЭО) – тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр стансасы. ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады. Энергетикалық бу қазандарында (жану камераларында) өндірілген тиісті параметрлі бу (газ) турбинаны және онымен бір білікте орнатылған электр генераторын айналдырады. Турбиналарда жұмыс істеп шыққан будың қалдық қызуының едәуір бөлігі кәсіпорындардың технолологиялық процестерін бумен жабдықтауға және ыстық сумен үйлерді жылыту жүйелеріне жұмсалады (қ. Жылумен қамтамасыз ету). Қазандық және турбиналық жабдықтары құрамына қарай ЖЭО-лар бу турбиналы (бу-күш қондырғылы) ЖЭО, газ турбиналы (газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО, бу-газ турбиналы (бу-газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО және атомдық ЖЭО болып ажыратылады. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда бу-күш қондырғылары кең таралған. Бу турбиналы ЖЭО-лар агрегаттарының бірлік және жалпы қуаты бойынша төменгі қуатты (25 МВт-қа дейін), орташа қуатты (50 – 100 МВт), жоғары қуатты (200 МВт-тан артық), ал турбинаға келіп түсетін будың бастапқы параметрлеріне қарай төмен қысымды (4 МПа-ға дейін), орташа қысымды (13 МПа-ға дейін) және аса жоғары қысымды (25,5 МПа-ға дейін) болып бөлінеді. Қазіргі кезеңде бу-газ турбиналы қондырғылар тиімді болып отыр. Бұларда газ турбинасында жұмыс істеп шыққан ыстық газ қайта өңдеуші арнаулы қазанға беріледі де, ондағы су бу турбинасын жұмыс істетуге жеткілікті параметрлі буға айналдырылады (қажет болса, қазанда қосымша от жағылады), әрі қарай цикл бу-күш қондырғыларындағыдай жүреді. ЖЭО-ларда электр және жылу энергиясын бірге өндіру жағылатын отынды тиімді пайдалануға (отынды үнемдеу 30%-ке дейін жетеді), электр станцияларының пайдалы әсер коэф-тін жоғарылатуға және электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның ірі өндіріс орындары мен елді мекендерінің көпшілігі ЖЭО жылуымен қамтамасыз етіледі. Олардың ішіндегі ірілері ғ2 Алматы ЖЭО (қуаты 510 МВт), Атырау ЖЭО (215 МВт), ғ2 Астана ЖЭО (240 МВт), ғ2 Қарағанды ЖЭО (435 МВт), ғ3 Қарағанды ЖЭО (440 МВт), Маңғыстау энергокомбинатының ЖЭО (87 МВт), ғ1 Павлодар (350 МВт), ғ3 ЖЭО (440 МВт) ЖЭО, ғ2 Петропавл ЖЭО (380 МВт), Өскемен ЖЭО (241,5 МВт). Қазақстандағы ЖЭО-лар сағатына шамамен 45000 т-дан көп бу өндіре алады, олардың жалпы қуаты 5694 МВт-қа жетіп отыр.

                          АЭС

¡Бүгінгі күні электр энергиясын пайдаланбайтын шаруашылық жоқтың қасы,сондықтан да қазіргі таңда энергетика қай-қайда да тапшылыққа ұшырап,энерготасымалдау қымбатқа түсіп отыр.Сонымен қатар,өндірісте өндірілген өнімнің өзіндік құнын шығарғанда электр энергиясының да шығыны ескеріледі.Сондықтан да,мүмкіндігінше электр энергиясының құны арзан болғаны экономикамызға да,әлеуметтік жағдайымызға да біршама қолайлы әсер етеді.Өздеріңіз білетіндей қазір бізге ең арзан электр энергиясын СЭС-ы береді,ал ЖЭС-ның электр энергиясының құны пайдаланған отын түрінің бағасына байланысты.Қазақстандағы электроэнергияның басым бөлігі 87%-ы ЖЭС-та,12%-ы СЭС-та өндіріледі.Ал,сарапшылардың пікіріне жүгінсек, электростанциялардың ресурсы күн өткен сайын азайып бара жатқанға ұқсайды.

¡. Бүгінгі күні еліміздің оңтүстігі мен батысы Ресей мен Орталық Азиядан тасымалданатын энергияға тәуелді,ал бұл энергия біз білетіндей біздіңелімізге арзанға түсіп отырған жоқ.Сондай ақ тағы да,сарапшылардың пікіріне жүгінетін болсақ,Қазақстан уран қоры жағынан әлемде 9-шы орынды иеленетін ең бай мемлекет болып отыр.Біз мұны не үшін айтып отырмыз,себебі осы уран сияқты байлығымызды өңдеу үшін ең тиімді шешім атом электростанциясын салу.Осы АЭС-ын салу арқылы еліміздегі электроэнергия мәселесі түпкілікті шешілмек деген үміт бар.Сондықтан да,қазіргі кезде елімізде АЭС-ын салу өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Енді,жалпы АЭС-қа тоқталып кетсек. Атом электростанциясы-ядролық электр станциясы,яғни ядро энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы.Бұл электр энергиясын өндірудің жаңа тәсілі.Бүгінгі күнге атом энергетикасы экологиялық жағынан таза және экономикалық жағынан өте тартымды энергия көзі болып танылып отыр.Принципі жағынан органикалық отынмен жұмыс істейтін жылу электр станциясына ұқсас болғанымен,атом электр станциясы отынның химиялық энергиясын емес,атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пайдаланып жұмыс істейді.АЭС-ы басқа электростанцияларға қарағанда атмосфераға зиянды және улы газдарды жібермейді.Бұдан басқа Қазақстан Киото хаттамасына қол қоюды жоспарлайды.Бұл халықаралық келісімшарт бойынша біздің де еліміз экологиялық қауіпсіздіктің стандарттарын жаңа деңгейге көтеруге тиіс.Себебі,Қазақстандағы атмосфералық жағдай тек қана біздің еліміздің экологиясы мен тұрғындарының денсаулығын ғана алаңдатып қоймайды,сонымен

Бұл халықаралық келісімшарт бойынша біздің де еліміз экологиялық қауіпсіздіктің стандарттарын жаңа деңгейге көтеруге тиіс.Себебі,Қазақстандағы атмосфералық жағдай тек қана біздің еліміздің экологиясы мен тұрғындарының денсаулығын ғана алаңдатып қоймайды,сонымен қатар,әлемдегі ауа райының өзгерісі сияқты глобальді мәселелердің төңірегін қамтиды.АЭС-тің энергия генераторы ядролық реактор болып табылады.1г уран немесе плутоний изотоптары бөлінгенде 22500 квт/с энергия босап шығады,бұл энергия 2800кг шартты отынға сәйкес келеді.Зерттеулердің нәтижесінде ядролық отынның(уран,плутоний,т.б) ресурстарының қоры табиғи отынның(мұнай,көмір,табиғи газ, т.б) ресурстарының қорынан әлдеқайда көп екені белгілі болып отыр.Тағы бір айтып кетерлік мәселе,бұл қазіргі кезде әлемде технологиялық мақсатта дамып келе жатқан химиялық өнеркәсіп қарқынды түрде дамумен қатар,осы салада қолданылатын мұнай,көмір және т.б ресурсы ұлғайып,ЖЭС-ы үшін бәсекелестік жағдай туғызып отыр.Органикалық отынды өндіретін жаңа кен орындары ашылып,оларды алу тәсілдерінің жетілдірілуіне қарамастан,әлемде осы отындардың бағасының өсуі көрініп отыр.Бұл шектеулі ресурсы бар елдер үшін ауыр жағдайлар туғызуда.Сондықтан да,жоғарыда айтып кеткендей атом энергетикасын дамытып,оны адамзат игілігі үшін пайдалану мәселесі қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі.Енді АЭС-ның жұмыс істеу принципіне тоқталып кетсек.Ядроның басқарылыпбөліну процесі ядролық реакторда жүзеге асырылады.Реактордың активті зонасына ядролық отын мен баяулатқыш орналастырылады.Ядролық қатты отын целиндр мен пластинка өзек түрінде жасалып,жылу шығарғыш элемент құрайды.Ядролық отын мен баяулатқыш арасындағы саңылау арқылы жылу тасығыш жүреді.

¡Жылу тасығыш реактордан бөлінген жылуды жылу алмастырғыш қондырғыға жеткізеді.Соның нәтижесінде турбинаның жұмыстық денесі су буы немесе қызғыш газ болады.Ядролық отын ретінде реакторда уран,плутоний,торий пайдаланылады.Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей,ол кәдімгі отыннан бірнеше есе артық.

¡Ядролық отын ретінде реакторда уран,плутоний,торий пайдаланылады.Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей,ол кәдімгі отыннан бірнеше есе артық.Ядролық реакцияның өздігінен жүруін қамтамасыз ететін реактивтік отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады.Қызметкерлерді радиоактивтік сәулелерден қорғау үшін атом электр станциясында арнаулы қорғау жүйесі болады.Бұл жүйеде шойын,бетон,қорғасын т.б. радиоактивтік сәулелерді аз өткізетін металдар пайдаланылады.Қауіпсіздік жағын бақылап отыратын қажетті приборлармен жабдықталған дозиметрлік қызмет ұйымдастырылады.Енді жалпы,АЭС-тің тарихына тоқталып кетсек.

¡Әлемдегі ең бірінші АЭС-ы тәжірибелік-өнеркәсіптік мақсатта КСРО-ның Обнин деген қаласында 1954 жылдың 27 маусымында 5мвт қуаттылығында іске қосылды.Бұған дейін,атом ядросының энергиясы тек қана әскери мақсатта ғана қолданыс табатын.Бірінші АЭС-тің іске қосылуы,энергетикада жаңа бағыттың ашылуына алып келді және де 1-ші Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану үшін ең алғаш рет өз қолдауын тапқан болатын.Бұл конференция 1955 жылы тамызда Женевада өтті.

¡Шет елдерде 46 Мвт қуаты бар өнеркәсіптегі алғашқы атом электр станциясы 1956 жылы Колдерохоллда,бір жылдан кейін қуаты 60 Мвт атом электр станциясы АҚШ-та іске қосылды.Елімізде шағын атом электр станциясын салу қолға алынған болатын,сондай станциялар латқыштықпен жұмыс істейтін реакторлы «Арбус» 1963 жылдан бастап қуаты 750 кВт ток бере бастады,тиісті жерге қандай транспортпен болса да жеткізуге икемді «Арбустың» бір жыл бойы жұмыс істеуіне не бары бірнеше тонна органикалық зат және 2 кг уран кетеді.Дәл сондай қуаты бар двигателді қондырғы бір жылда 1500 т отын керек еткен болар еді.Қуаты 1500 Мвт «ТЭС-3″ қондырғысы 1961жылы жұмысқа қосылды.Оның барлық жабдығы өзі жүретін шынжыр табанды платформаға орналастырылған.»ТЭС-3» қондырғысы үшін құрылыс салу керек болмайды,ол кез-келген жұмыс істей береді.1954 жылы жер жүзінде қуаты 5000 кВт бір ғана атом электр станциясы болса,1964 жылы жер жүзінде барлық атом электр станциясының жалпы қуаты 5 млн кВт-қа жетті.Атом электр станциясының болашағы зор.Ғалымдар мен инженерлер ядролық энергияны электр энергиясына тікелей түрлендірудің,яғни турбинасыз, генераторсыз ток өндірудің жолдарын зерттеуде.Сондай-ақ екінші бір мақсат термоядролық электр станциясын салу.Бұған қол жеткенде адамзат игілігіне қажетті энергия алу проблемасы түпкілікті шешілетін болады.

          Қорытынды:

Соны мен қорыта келе энергия өндірудің қандай түрі болмасын экологияға зияны жоқ экономикаға мемлекет бюджетіне үлкен табыс алып келетін энергия өндіру өзіміз пайдаланып жатқан жерді қазба байлықтарыды орнымен жұмсап келешек ұрапққа жеткізу барлық елге үлгі болу!!!

You May Also Like

Краб таяқшаларынан жасалған салат

Қажетті өнімдер: – 240 г краб таяқшасы (мұздатылғанын ерітіп алыңыз); – 380…

Числа в пословицах и поговорках 

Числа в пословицах и поговорках І Введение Наше знакомство с числами началось…

Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамту

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде…

Отбасы құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары

Отбасы құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1.     Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен …