Қажетті өнімдер:
– 1 кг кәді;
– 2 тал болгар бұрышы;
– 3 тал үлкен қызанақ;
– 1 бас пияз;
– 1 бас сарымсақ;
– 0,5 кг фарш;
– ақжелкен;
– итальян аскөктері;
– фаршқа арналған дәмдеуіш (ұнтақталған қара бұрыш, райхан, майоран);
– өсімдік майы;
– 60 г ірімшік;
– тұз.

Дайындалуы:
Болгар бұрышын жуып алып, қапшыққа салыңыз. Аузын байлаңыз. Қысқатолқынды пешке салып, 3 минут ұстаңыз. Қапшықтан алып, суытыңыз. Кәдіні дөңгелектеп тураңыз. Өсімдік майына қуырып алыңыз. Қалыпқа тізіңіз. Төртбұрыштап туралған пиязды алтын түске енгенше қуырып алыңыз. Фаршқа дәмдеуіштерді себіңіз. Пияз бен ақжелкен қосып, араластырыңыз. Фаршты кәдінің үстіне біркелкі тегістеп салыңыз. Бұрыштың өзегі мен дәндерін алып тастаңыз. Қабығын аршыңыз. Шағын бөліктерге бөліңіз. Фарштың үстіне салыңыз. Қызанақты қабығынан аршыңыз. Турап, бұрыштың үстіне салыңыз. Тазартылған сарымсақ тісшелерін қызанақтың үстіне салыңыз. Құрғақ дәмдеуіштерді себіңіз. Бетін фольгамен жауып, 15 минуг пісіріңіз. Фольганы алып тастап, тағы 10 минут пісіріңіз. Тағамның дайын болған-болмағанын сарымсаққа шанышқы сұғып тексеріңіз. Сарымсақ піссе, дайын болғаны. Бетіне үккіштен өткен ірімшік себіңіз. Тағы да 3 минутқа духовкаға қойыңыз. Пісірмені ыстық күйінде ұсыныңыз. Бетіне аскөк себіңіз.

 

201 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

«Ұлы даланың жеті қыры» – болашаққа бағдар, уорд

Жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ қосылған кекс Қажетті өнімдер: 450 г ұн, 350 г құмшекер, 1…

Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары(курстық жоба эконом)

Мазмұны Кіріспе ………………………………………………………………………………………………3 I Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары…………………………………..4 1.1 Айналым қоры…

Жер пайдаланудың шекарасын орнына келтіру және түсіру, дәріс

Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтірудегі геодезиялық жұмыстар  жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің…