СЫРА АРАҚТЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Бүгінде жас-кәрі демей, үйде-түзде болсын бөтелкесімен сіміріп жүре беретін кәдімгі сусынымызға айналған сыра жайында сыр шертсек. Ол өнген арпаны ерекше өңдеуден өткізу, ашыту арқылы жасалатын ішімдік түрі. Оның құрамында 5-7% этил спирті бар. Демек, ясыра толықтай құрамында алкогольі бар ішімдік түріне жатады. Өз дәуірінің ең танымал химигі д. Харуей Уилей өзінің мәлімдемесінде: «Құрамында 3% этил спирті бар сыраны үнемі ішкен адамды мас ететіндей алкоголь мөлшеріне ие», – деген. Ал профессор Мұзаффар Гүракар болса: «Сыраны зиянсыз деп түсіну қате. Құрамында спирті болған әр түрлі ішімдік белгілі мөлшерде цирроз ауруына шалдығуына себеп болады», – дейді. Цирроз (бауырдың қабынуы) дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соңы өліммен бітетін ауру. 2006 жылы ел арасында жүргізілген сауалнама көрсеткіші бойынша халықтың 65% сыраны жәй сусын деп ішеді екен. Мамандар былтырғымен салыстырғанда биыл сыра ішуге құмартушылар саны көбейгенін оның басым бөлігін жастар құрайтынын айтып дабыл қағуда. Сыра алкогольі аз ішімдік болғанымен ол адамды уақыт өте келе өзіне тәуелді етіп, соңы спиртті ішімдіктерге әуес болуға септігін тигізеді. Нақтырақ айтсақ, сыра арақтың балалық шағы. Елімізде спиртті өнімдерді жарнамаламау жайында тиісті құжат қабылданғанымен оның нәтижесі айтарлықтай емес. Тек қана жарнамалау үлгісі өзгерген секілді. Мысалы, күнделікті теледидарда сыраны жастардың демалыста бас қосып, көңіл көтерген кездерінде ішетін алкогольсіз сусыны ретінде тынымсыз насихатталып жатады. Ал, сол көгілдір экран алдында жетпіс жастан жеті жасар балаға дейін телміріп үйде тамашалап отыр емес пе?! Халықтың санасына сыраны алкогольсіз ішімдік деп сіңдіріп, кез келген жерде сатылып-ішілуі келешек ұрпақ тамырын балталау. Бұған қарамастан еліміздің кейбір қалаларында жыл сайын «сыра күні», «сыра мерекесі» дегенді айрықша атап өту де дәстүрге айналып бара жатқаны тағы бар. «Біреу тоңып секірсе, біреу тойып секіреді» демекші, кейбіреу шөл басам деп алданса, енді бірі осыдан қыруар пайда көруде.

Аллаһ Талаға Құранда:«Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, бұтқа табыну, оқпен бал ашу, бәсекелесу шайтан ісі – жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер, шайтанның ісінен аулақ болыңдар. Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Сонда да тиылмайсыңдар ма?»,-деген аятпен араққа ашық тиым салған. (Мәида сүресі, 90-91 аят). Ибн Аббас (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.у.):«Барлық ашытылған нәрсе арақ, ал ашытылғанның бәрі харам» десе, басқа хадисінде: «Мас етуші ішімдіктің азы да көбі харам» деп одан үмметін үнемі тиып отырған. Сол себепті сыраны жәй сусын деп емес, маскүнемдікке бастаған баспалдақ деп түсініп, арақты айрандай, сыраны судай сіміргендердің көкейіне озық ой салып, мұндай азғындықтың алдын алайық. Асқа адалдық, басқа амандық берсін ағайын!

You May Also Like

Темір жолдарын электрмен жабдықтау, тест тапсырмалар жиынтығы, жауабымен

                        ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ                              Пәні               Темір жолдарын электрмен жабдықтау…

Тазалық сырлары

Тазалағыш ұнтақпен жұмыс жасау – көп үйбикелер үшін нағыз азаптың өзі. Барлық…

Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау.

Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау. Дене…

The elderly nation’s treasure

“ The elderly nation’s treasure ” The golden key to wisdom is…