Жазушы Томас Корли бес жыл бойы өз күшімен дәулетке жеткен 177 миллионердің әдеттерін зерттеді. Олардың күнделікті әрекеттері бір-біріне ұқсайтынан байқады және дәл сол әрекеттер олардың табысқа жетілеруіне ықпал етті деген қорытындыға келді.
Өміріңізге бүгіннен батсап қолдануға болатын миллионерлердің 11 әдеті;
1. Үнемі оқу.
Миллионерлер көңіл көтеру үшін емес, өзін-өзі дамыту үшін оқиды. Корли олардың 88%-ы «күніне өздігінен білім алу немесе өзін-өзі кемелдендіру үшін кем дегенде 30 минут уақытын оқуға бөледі» және «олардың көпшілігі көңіл көтеру үшін
оқымайды» деп жазды.
«Байлар білім алу үшін немесе оны демеу үшін оқиды» дейді ол.
Сондай-ақ, Томас Корли миллонерлер әдебиеттің үш түрін таңдауға бейім екенін
анықтады; табысты адамдардың өмірбаяны, тұлғаны дамыту туралы кітаптар және тарихи кітаптар.
2. Спортпен шұғылдану.
«Бай адамдардың 76%-ы күн сайын кем дегенде 30 минут бойы аэробты жаттығулар жасайды», – дейді Корли. Аэробты жаттығулар кардиоға байланысты барлық
нәрселерді қамтиды; жүгіру, жүру және велоспиед.
«Кардио тек физикалық жағдайға ғана емес, сонымен қатар миға да пайдалы. Ол
нейрондарды қалпына келтіруге көмектеседі», – деп жазады Корли.
«Дене жаттығулары сонымен қатар глюкоза өндірімін арттырады. Глюкоза миға
арналған отын. Сіз оған қаншалықты көп жанармай берсеңіз, ол соғұрлым жақсы
жұмыс істейді және сіз ақылды боласыз».
3. Табысты адамдармен араласу.
«Сіздің жетістіктеріңіз сіз жиі сөйлесетін адамдар қаншалықты табысты болуына
байланысты. Миллионерлер әрқашан мақсатты, оптисимті, ынталы және жалпы
позитивті ойлайтын адамдарды іздейді» – деп жазды Корли. Ол теріс көзқарасты
адамдардар аулақ болу өте маңызды екенін баса айтады, өйткені «деструктивті
сын сізді табысты болудан айырады».
4. Қайырымдылықпен айналысу.
Өздерін беделді адамдармен қоршау үшін көптеген миллионерлерге қайырымдылық жұмыстарымен айналысады, дейді Корли. «Міне сондықтан көптеген бай
адамдар қоғамдық ұйымдарда өз еріктерімен жұмыс істейді. Бұл оларға табысты
адамдармен танысу желісін кеңейтуге көмектеседі». Ол әдеттерін зерттеген миллионерлердің 72%-ы ай сайын еріктілердің жұмысына кем дегенде бес сағат бөлген.
5. Арманды тұжырымдау.
«Армандарды тұжырымдауға сіздің идеалды өміріңіздің сценариін жасау кіреді.
Сіздің барлық тілектеріңіз орындалады деп елестетіп, сіз өзіңізді және болашақтағы өміріңізді суреттейсіз». Содан кейін бес жүзден мыңға дейін сөздерді қолданып қағаз бетіне түсіресіз» – деп түсіндіреді ол. Оның зерттеулеріне қатысқандардың 61%осы әдісті қолданатындарын хабарлады.
6. Өз мақсаттарыңды көздеу.
«Өз қалауыңыз бен мақсаттарыңызға жетуге тырысып қудалау ұзақ уақыттық бақыт пен үлкен байлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді». Көптеген адамардың
жіберетін қателігі басқа біреудің арманына жетуге тырысу, мысалы; ата-аналарының арманы, табысты адамдар өздерінің мақсаттарын анықтайды және оларға жету үшін бар күшін салады.
«Құмарлық жұмысты жағымды етеді. Құмарлық сәтсіздіктер мен қателіктерді
жеңу үшін қажет қуат пен табандылықты береді» – деп жазады Корли.
7. Жеті сағаттан аз ұйықтамау.
«Ұйқы сәттілік үшін өте маңызды». Оның зерттеуіне қатысқандардың 89%-ы жеті
сағаттан аз ұйықтамайтындарын айтты. «Ұйқы көптеген беймағлұм тапсырмаларды орындайды» оның ішінде есте сақтау қабілетін жақсарту да бар.
8. Ерте тұру.
Әдеттері зерттелген миллионерлердің шамамен 50%-ы жұмыс күні басталғанға
дейін үш сағат алдын оянатындарын айтты. Осылайша олар ұзақ уақытқа созылатын жиналыс, көлік кептелісі немесе ауырып қалған баланы мектептен алып кету
сияқты сөзсіз болып тұратын жағдайлармен күреседі.
«Бұл тосын жағдайлар бізге психологиялық әсер етеді. Олар түпсанаға еріп, біздің
өмірімізді басқара алмаймыз деген сенім қалыптастыруы мүмкін. Бір күнде аяқтағыңыз келетін үш негізгі нәрсені аяқтау үшін сізге таңғы бесте тұру сізге бақылауды қалпына келтіруге көмектеседі. Ол сізге шынымен өмірді басқаратындығыңызға сенмділік береді».
9. Бірнеше кіріс көзіне ие болу.
«Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер бір табыыс көзіне сүйенбейді. Олар
бірнеше ақша ағындарын дамытады». – деп жазады жазушы. «Үш саны менің зерттеуімде сиқырлы санға ұқсайды». Респонденттерінің 65%-ы «алғашқы миллинына қол жеткізгенге дейін кем дегенде үш табыс көзіне ие болғанын» атап көрсетті.
Осы қосымша ақша ағындарының мысалдарына; жалға жылжымайтын мүлік беру
қор нарығында инвестициялардың болуы және қосымша бизнесте жартылай меншік иесі болу жатады.
10. Тәлімгерді табу.
«Тәлімген табу байлықты жинау процесін тездетеді», – дейді Корли. «Тәлімгерлер
сізге тек оң әсер етпейді. Олар үнемі және белсенді түрде сіздің жетістіктеріңізге
қатысады, не істеу керек және не істемеу керек деп кеңес береді. Олар өздерінің
тәлімгерлерінен немесе өмірдің қатал мектебінен алған құнды сабақтарымен бөліседі».
11. Басқаларға жетістікке жетуге көмектесу.
«Жетістікке ұмтылған адамдарға көмектесу өзіңізге де жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Мұны мақсаттас адамдар тобының қолдауынсыз ешкім жасай алмайды.
Команда құрудың ең жақсы тәсілі – басқа өршіл адамдарға көмек ұсыну. Жетістікке ұмтылатын, өмірге құштар, мақсатты, позитивті және шабыттандыратын адамдарға көмектесуге баса назар аудару керек» – дейді Корли.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Адам экологиясы, қолданбалы курс

Қолданбалы курс Адам экологиясы Түсінік хат Бүгінгі таңда білім беру саласын жеке…

Ұйқыны қалпына келтіру жолдары!

Сіздерге ұйқыны қалпына келтірудің басты, тиімді жолдарын (сыннан өткен) айтамыз. 1.Қорқыныштан құтылудың…

Математика пәнінен презентация

Түстер картасы

Түстер картасы. biClrUsed жолағының мәні индекстелген түстер растрлық суретпен пайдаланылатынын немесе пайдаланылмайтынын…