Энергетиканың үш аспектісі. Энергетика өзінің қазіргі заманғы жағдайы мен дамуында үш аспектіде қарастырылу керек — техникалық, әлеуметтік-саяси және биосфералық немесе  экологиялық.

Энергетиканың даму барысында бұл үш аспект үлкен ғаламдық жүйеде және оның ішкі жүйелерінде, мысалы, электр энергетикасында, гидроэнергетикада, отынмен жабдықтауда және т.б. байқалады. Мұнда аспектілердің өзара тығыз байланысын ескеру керек.

Энергетиканың техникалық аспекті бәрінен бұрын планетаның энергетикалық потенциалын пайдаланып, адамның алатын үлкен қуаттарымен сипатталады. Әлемде бар электрстанциялардың қуаты қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. кВт құрайды. Барлық энергетикалық қондырғылардың жалпы қуаты 10 млрд. кВт асады. Мұндай қуаттарды қамтамасыз ету үшін адам табиғаттан шарттыға келтірілген массасы 40—50 млрд. т асатын әртүрлі отынды алады. Мұнда табиғаттан алынған энергетикалық ресурстардың ПӘК – і өте үлкен емес — 0,2% аспайды. Осыдан энергетиканың негізгі мәселелерінің бірі — энергияны түрлендірудің барлық сатыларында оның шығынын төмендету (энергетикалық ресурстарды алудан оларды соңғы пайдалануға дейін). Бұл үшін жабдықты жақсарту, алынған энергияны тиімді пайдалану керек, бұл таза техникалық ауқымнан шығып, әлеуметтік аспектіде қаралу керек.

Шартты деп 1 кг жанғанда 29,3 МДж жылу шығатын отынды айтады.

Электрэнергиясын бергенде, алғанда және таратқанда шығындардың төмендеуі едәуір шығындалған металдың, негізінде алюминийдің, санынан тәуелді. Сымның қимасынан токтың үлкен тығыздықтарын (1,0—1,2 А/мм2) жіберіп, алюминийдің шығынын азайтады, бірақ электрэнергияның шығындарын көбейтіп алады.
Онда, алюминийдің құны электрберіліс желілері сымдарының қимасын таңдауға, яғни электр жүйесінің техникалық сипаттамаларын анықтауға тікелей әсер жасайды. Өндірістік және тұрғын ғимараттарды қымтау, электрэнергияның дұрыс тарифтерін таңдау жолымен энергия шығындарын төмендету әлеуметтік – экономикалық мәселелерді ойдағыдай шешумен анықталады.

Планетаның энергетикалық ресурстарын пайдалану мәселелері тек техникалық аспектіде емес, энергетикалық қондырғылардың және отынды өндіру процестерінің қоршаған ортаға жасайтын әсері аспектісінде, яғни экологиялық аспектіде қарастырылу керек. Мұнда жалпы техникалық-экологиялық мәселе пайда болады: энергетика дамуының жоғары қарқынында отынның барлық қоры таусылып қалмайды ма, және бұл адамзат термоядролық энергияның жаңа шексіз ресурстарын алам дегенше болып қалмайды ма? Планетадағы отынның қоры әртүрлі бағаланып келеді: пайдалануға дайыны 25 трлн. МВт*сағ. бағаланады, барланғаны 50 трлн. МВт*сағ. құрайды, ал болжанғаны— 100 трлн. МВт*сағ. Басқаша айтқанда, түрінен тәуелді қорлардың қатынасын жазуға болады 1:2:4. Кроме того, на приведенные цифры существенно влияет способ подсчета запасов топлива, а именно: учитывалось ли топливо, находящееся на морском дне, учитывались ли битуминозные пески, какая глубина добычи топлива предполагалась и т.д. Тағы бір жүз жылға адамзатқа планетаның отын қоры жетеді деп айтуға болады. Мысалы, көмір 600—700 жылға жетеді деген болжам бар. Әрине, отынды үнемдеу басты мәселелердің бірі болып табылады..

Отынды үнемдеу тек техникалық және биосфералық аспектілерге ғана емес, ол әлеуметтік – саяси аспектіге де жатады, жер шары тұрғындарының 30% планетада өндірілетін энергияның 90% артығын тұтынады, 70% тұрғындардың үлесіне барлық энергияның 10% азы келеді. Өндірістің деңгейі, тұрмыстың жағдайы және мәдениеттің дамуы пайдаланылатын энергияның санымен тығыз байланысты.

Әртүрлі энергияның қорлары планетада саны және пайдалану мүмкіндігі бойынша бірқалыпты таралмаған. Бұл тұрғыда әртүрлі елдерде 500 млн. т мұнайды өндіру үшін ұңғымалардың санын салыстыру қызық. АҚШ – та бұл үшін 500 мың ұңғыма, ТМД – да — 50 мың ұңғыма, Иранда — тек
600, Сауд Аравиясында — 300, Кувейтте — 50
ұңғыма керек екен. Энергияның ең көбін (70%) тұтынатын елдер, импортталатын энергия тасушыларын пайдаланады. Мысалы, Жапония более  энергетикалық ресурстарының 80% артығын (негізінде мұнай) Персия шығанағы аймағындағы елдерден алады.   Европа елдері ол жақтан 20% шамасында энергияны алады.

 

You May Also Like

Алаш зиялыларының өмірі, қызметі, шығармашылығы

Кіріспе Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! бол қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жолда ұзақ, …

«Умный кабинет» научный проект

Модернизация кабинета под современное управление Умная розетка – электрическая розетка, способная включаться…

Конфликтті жағдайларды реттеу схемасы

Конфликт – (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы…

Күз–молшылық айы

Күз–молшылық айы. «Күздің бір күні – қыстың бір айын асырайды» -деп халық…