Ұшқыш болғым келеді

     Мен өскенде ұшқыш болғым келеді. Маған ұшақ ұнайды. Ұшқыш болу-өте қиын мамандық екенін білемін, бірақ бұл менің арманым. Әуеде қалықтап, ұшқан құстай самғау туралы ойласам, арман құшағына енемін. Атақты ұшқыштар: Тоқтар Әубакіров пен Талғат Мұсабаевтың ізбасары болғым келеді. Аспан әлемін зерттеп, алған білімдерімді қолдана білсем, менен бақытты жан болмас деп ойлаймын. Түрлі ұшақтардың фотоларын жинақтағанды жақсы көремін. Әрбір фотоны қарағанда өзімді сонау бір аспан әлемінде қалықтап жүргендей сезінемін.

Қазір сабағымды жақсы оқимын, сыныпта үздіктер қатарындамын. Маған әсіресе, дүниетану сабағы қатты ұнайды. Сыныбымызбен аспан әлемін көрсететін  мұражайлардың бейнероликтерін көрдік.  Менің қуанышымда шек болмады.

Ұшқыш болу үшін мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар  шет тілдерін де жетік меңгеріуім керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін. Ұшқыш болған кезде мен ата-анама, бауырларыма әлемнің әдемі жерлерін көрсетіп, алыстарға ұшсам деймін. Бар жер жүзін шарлап көрсеткім келеді.

“Арман жетелейді” деген сөзді енді ғана ұғып келе  жатқандаймын.

Шіркін! Осы арманым орындалса ғой.

You May Also Like

Духовкада дайындалған тауық еті

Қажетті өнімдер: – 500-600 г тауық еті; – 2-3 қызанаң; – 2-3…

Мінез-құлық туралы нақыл сөздер

Мінез-құлық туралы Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр…

Ата өнері – балаға мұра

Ата өнері – балаға мұра Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар…

Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары

-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына  арналған МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ – «Қазақ…