Жоспары:

І.  Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

Дәнекер тіндерінің гистогенезі

Меншікті дәнекер тіні

Адамның жасына байланысты ерекшеліктері мен қайта қалпына келуі

ІІІ.Қорытынды

Дәнекер тіндері жасушалы дифферондардан және көптеген жасушаарлық заттан (талшықтар мен аморфты заттар) тұратын, ішкі ортаның гомеостазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, мезенхиманың туындылары. Дәнекер тіндері организмнің 50% құрайды.

Дәнекер тіндердің түрлері:

  1. Сүйек тіні
  2. Дәнекер тін және талшықтар
  3. Шеміршек тіні
  4. Сүйектің микроскопиялық құрылымы

Дәнекер тіндері

Меншікті дәнекер тіні

  1. Талшықты
    1. борпылдақ
    2. тығыз
      1. пішінделген
      2. пішімделмеген
  2. Ерекше қасиеті бар
    1. Ретикулярлы тін, май тіні, пигментті тін, шырышты тін

Қаңқалық тіндер

  1. Шеміршек тіндері
  2. Сүйек тіні

Дәнекер тіндері:

1.Тіректік;

 2.Механикалық;

 3.Пішімдеуші;

 4.Трофикалық;

 5.Қорғаныштық қызметтер атқарады.

Барлық дәнекер тіндері жасуша және жасушааралық заттан тұрады.

Жасушааралық зат: 1. Негізгі аморфты зат;

  1. Талшықтар (ретикулярлы, эластин, коллаген талшықтары)

Негізгі аморфты зат гель тәрізді,қоймалжың субстанция. Құрамында: ГАГ, протеогликандар, гепарин, гликопротеин, фибронектин болады. Негізгі зат коллоидты жүйе болғандықтан гель қалпынан золь қалпына айналады. Бұл қанмен және басқа да тіндермен зат алмасуды реттеуде маңызды болып табылады.

Талшықтар

Жасушааралық заттың екінші компоненті.Оларды фибробласттар өндіреді.

Эластикалық

Коллаген

Ретикулярлы

Коллаген талшықтары жарық микроскобында жуан, иректелген; қышқылдық бояулармен жақсы боялады (эозин–қызыл түс).Құрылуы 4 сатыда

жүреді.

Эластикалық талшықтар жіңішке d-1-3мкм, таңдамалы орсеин бояуымен жақсы боялады.Құрамында 90-95% эластин белогынан құралады.5-10% – фибриллин белогы. Эластин үшін 2 құрылымдық аминқышқылы – десмозин және изодесмозин тән. Олар эластиннің молекулярлық құрылымының тұрақтануына және оның созылу қабілетін тұрақтандыруға қатысады.

Ретикулярлық талшықтар қантамырлардың қасында, миоциттердің базальді мембранасында,нервтердің стромасында кездеседі.

Дәнекер тінінің гистогензі

Эмбриональді даму кезеңінде дәнекер тіндері басқа тіндерден бұрын мезенхимадан бастау алып,тіндік қалыпқа келе бастайды.

Постэмбриональді даму тіршілігін жойған жасушалардың орнына аз маманданған жасушалардың

пролиферациясы арқылы жүзеге асып отырады.

Борпылдақ дәнекер тіні барлық мүшелердің стромасын құрайды. Нервтермен тамырлардың бойымен өтеді.

    Борпылдақ талшықты пішімделмеген дәнекер тіні – жасуша арасында негізгі аморфты зат көп,

талшық аз ретсіз орналасқан.

Борпылдақ дәнекер тінінің жасушалары:

Фибробластар, макрофагтар, плазмоциттер, ұлпалық базофильдер, адвентициальді жасушалар, перициттер, адипоциттер.

Фибробластар – ең негізгі және саны көп жасушалар. Жасушааралық затты синтездеуге қатысады. Диффернцировкасына байланысты: аз маманданған фибробластар, маманданған фибробластар, миофибробластар, фиброкластар.

Тығыз талшықты дәнекер тіндері

Пішімделген түрінде талшықтар бір бағытта, ретімен орналасқан. сіңір және байлам жатады.

Пішімделмеген түрінде талшықтар әр түрлі бағытта орналасқан.

Фиброзды мембраналар фасциялар, апоневроздар, диафрагманың сіңірлері, склера,мидың қатты

қабығы, т.б. жатады.

Май тіні

Ақ май тіні ересек адамдарда тері астында, құрсақта, т.б. болады. Ақ май жасушалары үлкен май тамшысы және өте аз мөлшерде цитоплазмада органикалық қалдықтардан құралады.

Қоңыр май тіні нәрестелерде кездеседі. Жасушасында ядросы пішінді, цитоплазмада көлемдері әр түрлі май тамшылары болады. митохондриясы көп, онда ерекше темірі бар пигмент цитохром болады.

Регенерация

Тіннің жойылған құрылымдық элементтерінің қалпына келуі (орнының толтырылуы).

Регенерация процесінің морфогенезі 2 фазадан тұрады: пролиферация және дифференцировка (жіктеле жетілу)

Регенерацияның классификациясы

физиологиялық

патологиялық

реперативтік

Дәнекер тінінің қайта қалпына келуі

Кез келген мүше тінінің зақымдалу немесе қабыну процестерінен кейін, борпылдақ дәнекер тінінің регенерациясы нәтижесінде, ол жерде тыртық пайда болады. Қайта қалпына келу процесі сол жердегі мезенхиманың жас элементтері және микротамырлардың қалыптасуынан басталады.

Адам жасына байланысты дәнекер тіндердегі өзгерістер

Дәнекер тіндер уақыт өткен сайын құрылымы, саны және химиялық құрамы өзгеріп отырады.Коллаген талшықтары, ГАГ ара қатынасы өзгереді.

Коллаген дененің белоктары массасының 30% құрайды. Оның 40% теріде, 50 %- сүйек тінінде және 10% – ішкі мүшелердің стромасында орналасады. Коллаген талшығының негізгі белогы – коллаген. Ол фибробласттардың түйіршікті ЭПТ-да синтезделеді.

     Коллаген талшықтарының 20 түрін ажыратады.

    І типті коллаген терінің дәнекер ұлпасында, артерия қабырғасында, сүйекте орналасады.

    ІІ типті шеміршек ұлпасында болады.

    ІІІ типті коллаген ұрық дермасында, үлкен көлемді тамырларда, ретикулярлы талшықтарда болады.

    ІV типті коллаген базальді мембранада, хрусталик құрамында кездеседі.

    V типті коллаген байлам құрамында, көздің мөлдір қабықшасында орналасады.

Коллаген талшықтары мықты болып келеді, бірақ эластикалық қасиеті жоқ, сондықтан жақсы тері каркасының қалыптасуы үшін талшықтың басқа белогы – эластин қажет. Олар бірге терінің қажетті қасиетін қамтамасыз етеді.

Коллагеннің түзілуінде 2 сатыны ажыратады:

-Жасушаішілік саты – фибробласттың түйіршікті ЭПТ-да полипептидті тізбектері түзіледі;

-Жасушадан тыс саты – фибро,-остео,-хондробластар, жазық миоциттер және периневрин жатады.

Балалық шақта коллагеннің қызметі жақсы білінеді. Зат алмасудың жақсы болуынан белоктық молекулалардың активті түзілуінен әрдайым талшық жаңарып отырады. Бірақ та, жас үлкейген сайын фибробласттардың клеткаішілік синтезі бәсеңдейді, бұл өз кезегінде теріге қажет белоктың жетіспеушілігіне әкеледі. Жасқа байланысты негативті өзгерістер – әжімдердің пайда болуы, қабақтың. беттің, иектің терілерінің салбырап кетуі осыған байланысты. Кейбір мамандар коллаген талшықтарының дефициті целлюлиттің дамуына әкеледі дейді.

Қорытынды

Дәнекер тіндері мезенхимадан дамыған, құрамында көптеген жасушаарлық затымен жасушалардың дифферондар қатарынан тұратын, ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын тіндер болып табылады. Сонымен қатар, ағзада дәнекер тіндері көптеген организм үшін маңызды функцияларды атқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер

“Гистология, цитология и эмбриология” Ю.И.Афанасьев, С.Л.Кузнецов, Н.А.Юрин

You May Also Like

Мұрын сілемейлі қабығынан сүртінді алу.

Жоспар: žМұрын қуысын күту. žМұрын демалысының бұзылуын алдын алу. žМұрын қуысынан сүртінді…

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету мамандарына арналған оқыту курстары

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету мамандарына арналған оқыту курстары МАҚСАТЫ: Қоғамдық тамақтандыру…

Интернет жүйесі арқылы қаражат табу

Интернет жүйесі арқылы қаражат табу Қазіргі таңда интернет жүйесінде жұмыс істеп ақша…

«Көтібар-алмас қылыш, ел тірегі»

 «Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,…