Бір орында және орын ауыстырғаннан кейін тосқауыл қою. Оқу – үйрену ойыны.

Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

Волейбол ойынының техникалық элементтері:

  1. Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);
  2. Допты ойынға қосу;
  3. Допты командалас серігіне беру;
  4. Шабуылдау соққылары;
  5. Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.

І. Волейболшының тұрысы.

Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып.

ІІ. Орын ауыстыру.

Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді.

Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:

  1. Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;
  2. Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
  3. Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
  4. Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;
  5. Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл.

ІІІ. Допты ойынға қосу.

  1. Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.
  2. Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.
  3. Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.
  4. Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.
  5. Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.
  1. Допты беру әдістері.
  1. Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы: ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады.
  2. Бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.
  1. Тосқауыл қою.

Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.

Тосқауыл – 1) қарсыластың кенеттен пайда болуы немесе жылжуы байқалған бағытта бойтасалау үшін немесе әскер қоршауынан шығатын қапталды қамтамасыз ету үшін қарсы қойылатын бөлімше; 2) қазақтардың әскери жүйесінде соғыс барысында ханды ортаға алып, қорғап жүретін бөлікті “тосқауылшы жасақ” деп атаған. 3) доптан тыс ойыншыға қарсыласының жолын кескестеп допқа жеткізбеуге болмайды. Егер шабуыл жасаушы қарсы команданың қорғаушысы алдап өткен жағдайда тосқауыл жасалады деп есептелінбейді. Кездесудің арбитрі екі жақтың ойыншыларына бір-бірлеріне Т. Жасамай еркін ойнауларына мүмкіндік береді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ыстық желіммен жұмыс “Тәуелсіз елім тұғырым”

Тәуелсіз елім тұғырым Шығармашылық жұмыстың мақсаты: Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық…

Көшпенділер философиясы

КӨШПЕНДІЛЕР ФИЛОСОФИЯСЫ  Көшпенділер философиясы қазақ халқының ертедегі тыныс тіршілігмен байланысты қалыптасқан дүниетаным…

Тұтыну несиесі түсінігі және оның түрлері

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және…

Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………. І БӨЛІМ. МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ, ҚОҒАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ…