Қажетті өнімдер: 500 г сиыр бауыры, 250 г майонез, 4 ас қасық өсімдік майы, қара бұрыш, 150-200 г пияз, 3 жұмыртқа, тұз, 2 ас қасық ұн

Дайындалуы: бауырды пленкасынан ажыратып, жуып, орташа бөліктерге турап, еттартқыштан өткізіңіз. Жұмыртқа, ұн, тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырыңыз. 3 ас қасық өсімдік майын табада қыздырып, ас қасықпен бауырдан жасалған массаны қасықтап салыңыз. Екі бетін де қабықша пайда болғанша (шамамен 3 минуттан) қуырыңыз. Тәрелкеге салып суытыңыз. Пиязды аршып, текшелеп тураңыз. 1 ас қасық өсімдік майына алтын түске енгенше қуырып алыңыз. Тәрелкеге салып, пиязды майонезбен араластырыңыз. Бауырдан пісірілген наншықтарға 1 шай қасық пиязды майонез қоспасын жағып, тағы бір наншық қойыңыз. Бетіне тағы пиязды майонезді жағыңыз. 20 минут бабына келгенше қоя тұрып, талғамыңызға қарай сәндеңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жұмсарту және ұқалау. Массаждың адам денсаулығына пайдасы.

Үгудің ең күрделі тәсілі – илеу немесе жұмсарту. Басқа тәсілдерге қарағанда бұл…

Жұмбақ салаты

«Жұмбақ» салаты Қажетті өнімдер: – 4-5 тал балдыркөк сабағы; -1 құты өз…

Ұйымның экономикалық қауіпсіздігін басқару глоссарий

«Автоматтандырылған жүйемен қолдану басқару» өндірісті ғылыми-техникалық ұйымдастырудың қай факторына жатадыТехникалық  факторы.                 адамдарды…

Қазақтан шыққан ғарышкерлер, шығарма

Шығарма Қазақтан шыққан ғарышкерлер 12-сәуір адамзаттың ғарышты бағындырған күні. 1968жылдан бастап халықаралық…