Шығарма

«Бақытты отбасы»

Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата-аналар билік құрған.
Анаң мейір-шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың,алып тұлғаң

Əкең бақыт, береке бастамасы,
Жүрегі шаңырақтың астанасы.
Əкеміз бола білсін Ұлы патша,
Балалар болсын оның жас қаласы.
Ыстық ұя ұйытқысы ғазиз ана,
Анадан туылады небір дана.
Жүрегінің төрінде біздер бармыз,
Жүректен орын алсын асыл ана.

Менің отбасым ол-әкем, анам, ағаларым және қарындасым.Біз кішкентай ғана мемлекетпіз. Әкем небәрі 18 жасында отбасын құрды.Жас болса да ерте шаңырақ көтеріп, қазір ұл-қыздарының жетістіктерімен марқайып отыр.Анам да жас әрі отбасылы бола отырып жоғарғы оқу орнын аяқтап, қазір №203 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.Үлкен ағам Ерназар арнаулы орта оқу орнын бітіріп, қазір Алматы қаласында жұмыс істейді.Жақсы көретін ісі ас пісіру. Түрлі дәмді тағамдарды әзірлейді.Екінші ағам Нұржан ауыр атлетикадан спорт шебері Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясында үшінші курс студенті.Қарындасым Жібек 5-сыныптың үздік оқушысы.Сурет салғанды, ән айтқанды ,би билегенді ұнатады.Өнерге жақын.Мен 11-сыныпта оқимын.Менің жақсы көретін ісім техникаларды жөндеу.Мен үшінші сыныптан бастап, бір нәрсені бұзып, қайта жасап үйренгенмін.Әкемнің көлік жөндеуіне көмектесіп көп нәрсені үйрендім.Үйдегі ұстазым, асқар тауым ол әрине әкем.Анам ұстаз болғандықтан жүрегі жылы мейрімді, сабырлы өнерді жақсы көретін кісі. Суретті жақсы салады.Ән айтады, би билейді. Жібек қарындасымның осы жері анама ұқсайды.Кім көмек сұраса, соған көмектесуге дайын тұрады.Білмеймін, жасай алмаймын демейді. Өз жұмысын ысырып қойып, сол кісінің жұмысын істейді.Әкем қатал болғанымен жүрегі жұмсақ.Бізді есейіп кетсек те еркелетіп отырады. «Әкесінің  баласы», «Әкесінің ботасы», «Әкесінің алтын қызы» дейді.

Анам мейірімді, жақсы көргенін көрсетпейді.Ұрыспайды, ұрмайды. Түсіндіріп айтып отырудан жалықпайды.Бізді іштей жақсы көреді.Анда-санда ғана еркелетіп алады.Айтатын ақылы «жолда келе жатқан жолаушының жолын кспе», «қандай іс істесең де, қолыңды жуып істе», «өтірік айтпа», «үлкенге қарсы шықпа», «адамдармен ең бірінші болып амандас»-деп үнемі айтып отырды. Әрқашан бізге әкемізді айтып тәрбиелейді. «Әкең келе жатыр», «Әкеңнен сұра», «Әкеңе айт»т.б.Біздің басшымыз үйдегі ол –әкем.Қосшымыз ол-анам.Екеуі құрдас болғасын бір-бірімен әзілдеп сөйлесіп отырады. Әкем ашуы тез келеді. Анам ашуланбайды.Әкем сөйлегенде, анам үндемей отырады.Әкем шыдамсыз, анам керісінше шыдамды.Екеуінің мінезі екі түрлі болғанымен екеуі әрқашан тату.Отбасын құрғандарына биыл 26 жыл болыпты.Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.Алла енді әке-шешеме балалары үйленіп, немерелерінің бақытын көруге жазсын!

Тəрбиенің бастауы ыстық ұя ,
Біз құрақпыз, ата-ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы, ошаққасы, ол-жанұя.-деп отбасым әрқашан аман-есен, тату, бақытты болсын деймін!

You May Also Like

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазу

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек»…

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы, тест жауабымен

(Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру пәніндегі медтерм тапсырмасы бойынша) Әлеуметтік қарым-қатынасты өндірудің, әлеуметтік…

Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы 

 Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы  Сұрақ мәтiнi Сұрақтың күрделiлiгi Сұрақтар…

Фелинотерапия және мысықтар әлемі

Фелинотерапия және мысықтар әлемі І Кіріспе Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі…