Фелинотерапия және мысықтар әлемі

І Кіріспе

Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.

Сондай елеулі өзгерістердің бірі – Қазіргі таңда анималды терапияның күштілігі дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ оларда хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді. Анималды терапияны ең алғаш 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Негізі, хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде, адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданса, Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдаланып, сеанс жүргізеді. Сондай-ақ дельфинмен емдеу және мысықпен емделу әсіресе апатты жағдайларды: мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия екен. «Дельфин-терапевтің» пациенттері көбінесе кәсіпкерлер мен шығармашылық кәсіп иелері, жүйке жүйесі ауыратын балалар болып келеді екен.

    Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға  табиғаттың өзі емші  екндігіне көзін жеткізу. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын  ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

    Зерттеудің міндеттері:

  • Болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасу
  • Көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа ынталандыру
  • Шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа бейімдеу, медицинаның қолжетімді жаңалығымен танысу.
  • Оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Мысықтар туралы: Үй мысығы

Ауылда да, қалада да үйлерінде мысық ұстайтындар көп. Олардың кейбіріне мысық үйіне тышқан жоламауы үшін қажет болса, екіншілері мысықты өзіне серік етеді, үшіншілеріне асыл тұқымды, ерекше түр-сипаттағы мысық үйіне көрік, тұрмысына сән беруі үшін керек. Тіпті, мысықты қан қысымын басу тәрізді емдік шаралар, түрлі апат, тылсым күштерден хабар алып, сақтану үшін де ұстайтындар көп. Сонда кәдімгі үй мысықтарының таңғажайып қасиеттерге ие болғаны ғой.

Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай Дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.

Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру осыдан 9 500 жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс аймағынан бастау алады. Бұл отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу (егіншілік) шаруашылығының басталған кезеңімен тұспа-тұс келген болатын.

Археологиялық зерттеулер нақты әрі көп нәтижеге жете қоймаған. 2001 жылы ғана Кипр аралынан табылған, 9500 жылдай бұрынғы уақытта иесімен бірге жерленген мысықтың қаңқасы нақтырақ дерек болады. Ал үй мысықтарының отаны Кипр аралы аймағы екендігін Калифорния Университетінің зерттеушілері анықтаған. Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, көбінесе 20-25 жыл.  Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.

Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түр-түсіне, мінез-қылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.

Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн.

Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше енесінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына
2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болғандықтан, оның табиғи қажеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салынған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.
Мысықты тамақтандыру Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл  қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай болады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді берерде ет турағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.
Мысық  балалары жұқпалы ау рулармен жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтырады. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады.

Мысықтарды қалай атаған дұрыс?

Мәулен – ұрғашы мысық

Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы.

Марғау – мысықтың есейген баласы

 ФЕЛИНОТЕРАПИЯ

Қазіргі үлкен жылдамдық пен жоғарғы ритм ғасырында біз өзімізді кейде бос сезінеміз, дұрыс өмір сүру үшін күшіміздің жоқтығын, әлсіздікті сезінеміз. Күнделікті жұмыстағы стресс пен көп ой еңбегі біздің жүйкемізді тоздырып, «ескі» ауруларымызды қоздырып, көптеген «жаңа»  аурулар туғызады. Мықты денсаулық пен дұрыс өмір сүру үшін осының бәрінен қалай құтылуға болады? Жауап өте оңай: сізге фелинотерапия көмектеседі (мысықтерапиясы).

Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық-ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».

Тағы бір таңғаларлық ой-пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысымын реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау – әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Жануарлардың көмегімен емделу (аниматерапия) ХХ ғасырдың 50-жылдары жақсы жолға қойылды. Жануарлардың емдік қасиетін, соның ішінде мысықтың емдік қасиетін пайдалану тек қана жүйке жүйесі ауруларына ғана емес басқа да көптеген күрделі ауруларға дапайдалана бастады. Бұл емнің ешқандай кері әсері жоқ. Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» (Латынның  felis – мысық) деп аталады. Ал мысықтың жүніне деген аллергия ше? – деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда қысқа жүнді, мамық жүнді, тықыр жүнді мысық түрлері бар. Мысық терапиясының жүйкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы әсер беретіндігі соншалық мысалы, АҚШ-та дәрігерлердің 48%-ы өз ауруларына фелинотерапияны пайдаланып көруді ұсынады. Англияда «шипагер» мысықтар дәріханада дәрігердің рецептінсіз сатылады. Мысық адамның биоөрісіне жақсы әсер етеді. Адамға жақындау арқылы мысық өзінің емдік қасиетін береді. Бұл «мамық шипагер» иесінің алдына отырып немесе кеудесіне жатып аяқтарымен «мысық массажын» жасағанын тек рефлексотерапевтің1 инесімен салыстыруға болады. Ғалымдар әсіресе қара түсті мысықтың емдік қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны өзіне жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны өзіне жұтып, иесінің биоөрісіне жақсы әсер етеді.

Сонымен мысық қалай емдейді? Бұл мысықтың өзіне қатты ұнайды. Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы қарым-қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді, сол жерге жатып «грелка» қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл-күйге жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Мысық асыраған адам  10-15 жыл ұзақ өмір сүретіндігін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Иесінің ұйқысыздығына және салмақ қоспай салауатты өмір сүруіне «мамық шипагердің» әсері көп. Мысық өз денесін тілімен жалап массаж жасайды, осы кезде ол жағымды пырыл шығарады. Міне осы пырыл 4 – 16 Гц. жиілікпен шығады – осы пырыл мысықтың ең бірінші адамға қолданатын құралы. Солтүстік Каролинадағы ғылыми зерттеу институты осы жиіліктегі тербелісте адам ағзасындағы бүлінген жасушалар қалпына келетіндігін дәлелдеген. Егер мысықтар өз денесін жарақаттап алса, ең бірінші пырылдауды бастайды. Мысықтың пырылы адамды әлдилеп отырғандай әсер етеді де, оның ағзасы тынышталады, рахат әсерге бөленеді. Мысықтың өз иесінің ауыратын жерлерін табу қабілеті бар екендігі ұлттық медицинаға бұрыннан белгілі. Олар сол жерлерге жатып пырылдағаннан кейін ауырсыну қайтады. Басқа жануарларға қарағанда мысықтар стресті жағдайлардан, әлсіздіктен, бас және бұлшықет ауырсынуларынан құтылуға көмектеседі, сонымен қатар артериялық қысымды төмендете алады, тамыр соғуын қалыптастырады, ревматикалық немесе жара ауру ұстамаларының күшін азайтады. Мамық жүнді мысықтар невралгиямен, ұйқысыздықпен немесе остеохондрозбен күресуге көмектеседі. Тегіс жүнді мысықтар бүйрек және бауыр мәселелерінде пайдалы болады.

Мысық пырылының адам ағзасына қалай әсер ететінін ғалымдар әлі зерттеп аша алмай отыр, бірақ ол адам  иммунитетінің  көтерілуіне, жараның тез жазылуына және сүйектің құрамын жақсартуға көмектесетіні дәлелденген.

  1. 2 Мысықтың тілегі – денсаулық

Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мысықтың көптеген ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне әсері барын айтады. Мысалы, ағылшын ғалымдары  үйде мысық ұстау арқылы миокард инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып, тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.

Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.

Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.

Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.

Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық, рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам, ориенталь, сфинкс  бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен жақсы. Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.                                                                                Мысық – қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді. Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді. 

  1. 3 Мысықтар туралы ғалымдар не дейді….. 

Ғалымдардың пайымдауынша, кей­бір­ жерлердің адамға жағымды және жағымсыз әсер ететін қасиеттері бола­ды­ екен. Мұндай жерлерді ажырату үш­ін ата-бабаларымыздың салт-дәстүр­ле­ріне үңілген жөн. Қариялардың айту­ын­ша, ондай орынды мысық жақсы кө­реді екен, ал ит ешқашан жаман жер­ге жатпайтын көрінеді. Өйткені мысықтың бойында жаман энергияны сезетін «ан­тенна» бар. Ол мұндай жағымсыз эн­ергияларды әдейі іздеп, бойына жинайды. Мысық көмірқышқыл газын жұ­тып,­ оттегі шығаратын кәдімгі ағаш тә­різ­­ді. Ал егер өсіп тұрған қисық ағаш көр­сеңіз, ондай жердің де жақсы орын бол­мағаны. Соны білетін диқаншылар шығынға ұшырамас үшін ондай жерге егін екпеген. Қорегін аулағанда дыбысын, сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады.

Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас аңдарға тән. Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады. Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындатады, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды.

Тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да, сүтқоректілер баласын сүтпен қоректендіреді. Мысық денесінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашанда таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болатындықтан, мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді.

Флорида штатында осыдан 13 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне қайта оралды. Қожайындарының айтуынша, 1995 жылы күздің жаймашуақ бір күнінде ауладағы кереуетте пырылдап ұйықтап жатқан мысық ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Сүйіктілерінен аяқ асты айырылып қалған отбасы оны іздеп үйсіз-күйсіз жануарларды паналататын жерлерді, қаланың көшелерін сан мәрте шарлап шыққан. Алайда, қара мысық табылмады.
Арада 13 жыл өтіп, қожайындары әбден күдер үзген шақта қаладағы мал дәрігерлерінің бірі Джордждың табылғанын айтып сүйінші сұрайды. Мысық саябақтардың бірінде қаңғырып жүрген жерінен ұсталыпты. Мойнына тағылған микрочиптен оның мекен-жайын білген ветеринар Джорджды үйіне әкеп салды. 13 жылда Джордж әбден арып-ашып жүдеген. Бірақ көңіл-күйі, тамаққа деген тәбеті бұрынғыдан да жақсарған. Қожайындары оны қайта жоғалтып алудан қорқып, аулаға шығармай қойғаны болмаса, Джордждың күтімі жаман емес көрінеді.

Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт1 алудың алдын алу жөнінде мынандай ақыл-кеңес береді: «Кофе ішуді азайтыңыз, көбірек күліңіз. Мысық асыраңыз».

  1. 4 Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану 

Мысықтардың да адам ауыратын сырқаттарға шалдығатыны анықталып отыр. Соның бірі мысықтардың СПИД-пен ауыратыны. Бұл бағытта зерттеу жүргізген топтың жетекшісі биолог Эрик Пейшл былай дейді: «Мысықтар мен адамдар бір-біріне генетикалық жағынан өте ұқсас. Homo gapiens u Felis арасындағы ұқсастық тоқсан пайызға дейін жетеді». Яғни, адам да, мысық та СПИД-пен ауырады, жер бетіндегі мысықтардың 4,5 пайызы осы ғасыр дертін жұқтырғандар. Тек, таңқаларлығы, мысықтар СПИД-тен өлмейді. Және де мысықтардың СПИД-ке қарсы иммунитеті бар. Ең бастысы, мысықтардың СПИД-і адамдарға жұқпайды. Ғалымдар гендік инженерия арқылы иммундық жетіспеушілік вирусына қарсы ген ендірілген мысықтар әлемді бұл қатерлі дерттен құтқара алады дейді. Осы орайда айта кететін мәселе, маймылдарда да ғасыр дертіне қарсы қорғаныс гені – TRIMCур-дың бар екендігі. Мамандар оны жасыл ақуыз генімен белгілеп, мысықтардың жұмыртқа жасушасына енгізген. Модификациядан өткен вирус әлгі жұмыртқа жасушасына ауру жұқтырғанда бұл жасушаны көбейтіп, 22 мысыққа ендіріп, тәжірибе жасайды. Сонда бұлардың бесеуі артынша буаз болады. Он бір шарананың онында жасыл ақуыз бен TRIMCур гені анықталады. Сөйтіп, осы тәжірибе барысында бір шарана іште өлсе, бірі туылған соң өледі. Қалған дүниеге келген мәулендердің (мысық баласының атауы, М.С.) жасушаларынан жасыл ақуыз бен TRIMCур гені табылады. Бұл трасгенді мәулендерге ғалымдар ультракүлгін сәулесін түсіріп көреді, сол кезде олар жасыл түсті болып көрінеді де, зерттеушілер «енді трансгенді мысықтар арқылы СПИД-ке қарсы қорғаныш қабілеті бар кез келген гендердің әсерін тексеріп білуге болады» деген қорытынды жасайды. Ғалымдардың айтуынша, осы зерттеу бойынша келешекте ғасыр дертіне қарсы дәрінің ойлап табылуы әбден мүмкін.

Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Ал, енді Берлиндегі геронтология институтының ғалымдары мысық иелеріне мынандай зерттеу жүргізген: үйінде мысық асырайтын 3 мың адамды бес жыл бақылауға алады, өмір бойы мысық асыраған адам үйінде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретіні анықталады. Және де осы бақылауда мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткіштері де жақсы болып шығады…

1 –  ауру түрі

Халық болжамшылары мысыққа байланысты ауа-райын болжаған.

Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады

Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?

Жануарлардың қайсысы ақылды екенiн бiлу үшiн Базель университетiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзiлген. Бiрiншi орынды маймыл (орангутанг) иеленген. Оның ақыл-ойы бiлiмi жоқ ересек адамның қабiлетiмен бiрдей екенi анықталған.

Ал екiншi орында шимпанзе, оның ақыл-есi 4-5 жасар баланың деңгейiнде. Одан кейiнгi орында – пiлдер. Олардың есте сақтау қабiлетi басқа жануарларға қарағанда жоғары. Атап айтқанда, өзiн ренжiткен адамды есте сақтап, бiрнеше жылдар өткен соң кегiн алады.

Келесi орында жолбарыстар мен арыстандар тұр. Бұл мысық тұқымдас аңдар қимылдары шапшаң, кәдiмгi үй мысығына қарағанда анағұрлым ақылды екен. Оның себебi иттер де, мысықтар да адамдармен бiрге тұрғандықтан олар қоршаған ортаға адамның көзiмен қарайды. Жабайы табиғатқа олардың бейiмделуi қиынға соғады. Ал, адамдармен қарым-қатынаста зеректiк танытады. Оған көптеген мысалдар бар. Иттер мысықтардан ақылды деп есептелiнедi. Сол себептi де Нобель сыйлығының лауреаты И.П.Павлов ғалымдарға тек иттермен тәжiрибе жасауға кеңес бередi. Бiрнеше жылдан кейiн бұл тезистiң дұрыс екендiгiне ғалымдар күмәндана бастады.

Нашар1 тұқымды мысықпен жүргiзген тәжiрибе барысында оны ең қарапайым рефлекске дағдыландырған. Мысықты алдымен жақсылап тамақтандырғанда шам жағылады. Ал мысықтың тамақ iшу мен шаммен берiлетiн белгiнiң арасындағы байланысты қаншалықты меңгергенiн күнделiктi бақылап отырған.

Бiрнеше рет өткiзiлген тәжiрибеден соң шам жаққанда мысықта сiлекей бөлiнген. Бiрақ, мысықта шартты рефлекс бiрде болған, бiрде болмаған. Зерттеушiлер нақты нәтижеге жете алмаған соң, Павловтың айтқаны дұрыс деп келiсуге дайын болған кезде тәжiрибе нәтижесiн өңдеген ғалым мысықтың тәжiрибенi әдейi түзетiп, өзiне бағындырып алғанын сезiп қояды. Мысық еттi көбiрек берсе екен деп, кей кездерде шам жанғанда әдейi көңiл аудармай жатып алады. Ал иттер болса шам жана салысымен тамаққа жүгiредi. Қу мысық тәжiрибенiң мәнiсiн түсiнiп қойып, тәжiрибе жүргiзушiлердi өзiнiң еркiне бағындырып алған. Шам жанған кезде мысық өзiне ұнамаса ешнәрсе болмағандай жата берген.

1 – тұқымы қымбат бағаланбайтын мысық түрі

Мысықтардың иттерден ақылды болуы олардың тұқымында екендiгi анықталды. Иттердiң арғы аталары үйiрде өмiр сүргендiгi белгiлi. Олар үйiрдiң басшысына ғана бағынады. Сондықтан болар ит адамның берген бұйрығын бұлжытпай орындайды.  Ал, мысық жеке өмiр сүрген. Олар тек өздерiне ғана сенедi. Сондықтан олардың ақылы иттерден жоғары екен. Қазiргi мысықтар да кез келген жағдайда өзiнiң бас пайдасын ойлайды. Ит пен мысықтың арасындағы айырмашылықты әр адам әртүрлi қабылдайды. Мысалы, еркектер көбiнесе иттi жақсы көредi. Әйел адамдар мысықты жақсы көредi. Ал мысықты жақсы көретiн еркектер дарашыл болып келедi, иттi жақсы көретiн әйелдер көпшiл болады екен.

  1. 5 Мысықтар сиқырлы жануар ма?

Адамзат баласы бағзы заманнан-ақ мысықты сиқырлы жануар деп ойлаған. Ежелгі мысырлықтар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеді. Сол кездегі сиқыршылар «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол», – деп сенді. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді өмірге енгізіп, бұжытпай орындайтын болды: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Көп халық «қара мысық алдыңды кесіп өтсе, жолың болмайды», – дейді. Қазіргі қазақтар да оған иланады.

Халықтың мұндай наным-сенімінде құпиясы толық ашылмаған сырлар көп. Өйткені, қандай да таным, түсінік тектен-текке пайда болмайды. Соған кейбір халықтардың ескі аңыздарында мысықтың үйдегі тылсым күштермен, үй иесімен сөйлесетінінің айтылуы, жазылуы нақты дәлел. Иә, қазір де көп адам, олардың ішінде тылсым дүние сырларын зерттеушілер: «мысық адам көзіне көрінбейтін тылсым дүниені көре алады, онымен байланыста болады», – деп ой қорытады. Олардың дәлелдеуінше, мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие. Мысықтың алдыңды кесіп өтуі саған кесірін тигізейін дегенінен емес, керісінше, сені төніп тұрған қауіп-қатерден сақтандырып, сездіргені, осылайша өзіңді қорғауға тырысқаны. Зерттеушілердің дәлелдеуінше, қара түсті мысықтар өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсым күштерге қарсы тұруға өн бойында қуаты мол, әрі өте қабілетті. Сондықтан да бірқатар экстрасенстер үйлерінде тек қана қара мысықтарды ұстайды. Олай болса, қара мысықтың теріс энергияны жұтып алатын қасиетін біліп, оны ұнатпауымызды қоялық. Алайда есте болатын бір жағдай, мысық иесіне ит тәрізді сенімді де адал серік бола алмайды. Өйткені мысық әубаста жер бетінде тышқан аулау үшін емес, басқа мақсат үшін жаратылған. Яғни, оның негізгі мақсаты: бойындағы таңғажайып сиқырлы күшімен, ерекше қасиеттерімен өзі тұратын үйді жын-шайтаннан, теріс энергиядан сақтау. Егерде бөтен бір мысық үйіңе келіп, ішке енгісі келсе, оны кері қумау қажет. Себебі, ол өзінің сиқырлы қызметін жүзеге асырып, сол үйді аластау үшін іздеп келіп отыр. Бұл әрине, тылсым күштерді зерттеушілердің пікірі. Оған сену, сенбеу әркімнің өз ықтиярында.

Мысықтың құпия қызметін, қасиетін зерттеп, ой-пікір айтушылардың әңгімесіне назар аударсаңыз, «мысықтар өз иесін өлімнен де арашалап алып қала алады». Бұл орайда олар Леонид Ильич Брежневтің қара мысығының оны екі рет ажалдан сақтап қалғанын мысал етеді. Бұл оқиғалар былай болған көрінеді: Л.И.Брежнев 1969 жылы Үндістанға іс-сапармен барады. Сонда Далай-Ламамен кездеседі. Ол Бас хатшыға ерекше қасиеті бар бір қара мысықты сыйға тартады. Бір күні әлгі мысық иесін жұмысқа жібергісі келмей, оны айналшықтай береді. Мысығының бір жаманшылықты сезгенін іштей ұққан Брежнев қызметтік автокөлігіндегі өзі отыратын орынға емес, басқа орынға отырады. Бас хатшының автокөлігі апатқа ұшырап, өзінің орнында отырған адам жанындағысымен бірге ауыр жарақаттанады… Келесіде қара мысығы тағы да оның жолын кес-кестеп, шыр айналып, жаманат хабарды сездіреді. Бұл жолы Бас хатшы жұмысқа бармай қойып, сол күні автокөлігі жүк машинасымен соқтығысып, жүргізушісі опат болады. Л.И.Брежневтің қара мысығы 1962 жылдың көктемінде өліп, екі айдан соң иесі де көз жұмады.

Өлімді сезетін мысық

АҚШ-тың Роуд Аисланд өңіріндегі қарттар үйіндегі Оскар атты еркек мысық, өмірінің соңғы сәттерін өткізіп жатқан қарттардың қасына жақындап олардың жанына жатып аурудың өліміне жақын қалғанынан хабар береді.
Браун университетінен профессор Давид Доса бұл құбылыс туралы “New England Journal of Medicine” журналында жарияланған мақаласында мысықтың еш жаңылмағандығын 25 рет дұрыс жорығанын мәлімдеді.
Оскар бір науқастың жанына немесе құшағына жатқанында қарттар үйінің қызметшілері дереу ол қарттың жақындарына хабар береді, осылай жанұясы және туыстары науқастың соңғы сәттерінде жанында болады.
Досаның берген мәліметтері бойынша 2 жастағы Оскар Қарттар үйі және сауықтыру орталығының Альцгеймер және Паркинсон аурулары бөлімінде өсті. 6 айлық кезінде дәрігерлер сияқты науқастарды жеке-жеке аралап оларды иіскелейтіні байқалған.

Браун Университетінен Джон Тено Оскардың 13-ші аурудың өлетінін білдіргенінде мысықтың бұл қасиеті қабылданғанын білдірді. Дәрігерлер де, ғалымдар да Оскардың бұл қабілетіне түсінік бере алмады.

***

Адам өлгелі жатқанда мысықтың үрейленіп мияулауы, сол үйден кетуге асығып, есікке ұмтылуы, тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе алмайтынын зерделеген жөн.

***

Невада штатының Рино қаласында мекен ететін әлемдегі ең ұзын мысық рекордтар кітабына енді. Agence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, Стьюи атты жануардың тұмсығынан артқы аяғының ұшына дейінгі ұзындығы 123,2 сантиметрді құрайды.

Стьюидың иелері Робин Хендриксон және Эрика Брэндснесстің ай­­­ту­ларынша, олар әуелгіде мысықтың ұзын­­­дығын өл­шеп, тіркетіп қою үшін Гин­нес­стер кітабы өкіл­деріне хабар­ласып кө­руді жөн көрген. Себебі үй­леріне келген қо­нақтар мен көршілері мы­сықтың ұзындығына жиі таңға­латын болған. «Олар ыл­ғи мысықты көргенде таң­даныстарын жасыра ал­майтын», – дейді Хендриксон. Оның сөзіне қарағанда, жұбайы екеуі аталған мысықты 2005 жылы қолдарына алған. Ең алғаш рет мысықты рекордтар кітабы өкілдеріне 2008 жылы көрсетуді ойлаған. Алайда мысық әлі жас болғандықтан, бұл ойларын іске асыруды кейінге қалдырып, тек енді ғана, мысық толық өсіп болғаннан соң көрсеткен.

***

Францияда бір отбасына Чака есімді сиям түріндегі мысықтың баласын алып келген. Ол отбасында 6 жасар қызының  тілінің мүкісі болған. Кішкене қыз Чакамен көп ойнап, бірге ұйықтаған. Бірте-бірте қыздың тілінде мүкіс байқалмаған. 2 жылдан кейін сол қыз операцияға түскен, операция жасаған орын ауруханада көпке дейін жазылмаған. Ауруханадан үйге келіп, Чакамен ойнаған күннен бастап жара орнынан белгі де қалмағанына ата-анасы таң қалған.

***

Мынау әлемде араласып кетпеген ешнәр­се қалмапты. Көшеде мойынжіппен итше жетекте келе жатқан мысықты немесе бі­реудің қалтасында шәуілдеген ит­ті көру таңсық болмай қалды.

Қалжасына таңданатын осындай кішкен­тай мысықтар бар. Бұл жаңадан ш­ы­ғарылған­ мысық түрі емес. Өздері солай. Шамасы, тұ­қымында бір шәлкемдік болса керек.

Әлемдегі ең кішкентай Мистер Пиблз деген мына суреттегі мысықтың салмағы небәрі 150 грамм ғана. Ал денесінің ұзындығы 15 сантиметр. Мистер Пиблз Гин­нестің рекордтар кіта­бына 2004 жылы ендіріліпті. Қазір онымен парсы-гималайы тұқымды Тинкер Той деген мысық таласа алады екен. Ол мысықтың салмағы не­бәрі 680 грамм. Ал Мэн штатындағы «Капитан Дженкс» атты мысық өз жемтігін ау­лап, қоректерін ажыратудан гөрі, берген тамақты тоя ішіп алып, жұмсақ жастықтар мен диван үстінде үнемі еркелеп, пырылдап жатқанды ұнатады.

Мұндай ірі денелі мысықтар тұқымы Мэн штатының құрметіне «мейн-кун» деген атау алыпты. 1861 жы­лы бұл мысықтың көрмесі Бостон мен Нью-Йорк қалаларында өткізіліпті. Әрі бұл мысыққа Капитан Дженкс деген ат берілген.

Мысықтар қонақүйде тұратын болды

Ұлыбританияның Хартфордшир графтығында мысықтарға арналған қонақүй ашылды. The Daily Mail агенттігінің таратқан мәліметіне қарағанда, бір мысық үшін қонақүйдің бағасы 15 пен 19 фунт стерлинг1 тұрады. Қонақүй иелерінің айтуынша, бұл жерде келушілерге арналған барлық қызмет түрі бар және талғамға сай нөмірлер де жасақталған. Жеке бөлмелерде мысықтардың ойнауы үшін арнайы ойыншықтар әзірленіп, ол жерге текемет төселіп, кереуеттер қойылды. Бөлмелердің терезелері жасыл алаңқайы бар аулаға қаратылған. Яғни мысықтар терезеден торға қамалған құстарды қызықтап, демала алады. Құстардан бөлек мысықтардың демалуы үшін музыкалық бағдарлама бар. Негізінен классика және джаз әуендері ұсынылады. «Біздің ойымызша, мысықтар да олардың иелері сияқты жақсы жерлерде демалуы керек. Сондықтан біз осындай жайлы қонақүйді ашып отырмыз», – дейді қонақүй басшылары.

Швеция үкіметі екі үй мысығын мұрагер деп тауып, оларға 300 мың евроға иелік ету құқығын алып берді. Артына өсиетнама қалдырып үлгермеген Стокгольмнің жалғызбасты қарт тұрғыны мысықтарын балаларындай жақсы көрген екен.

«ИТАР-ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта үй жануарлары арнайы бағымханаға тапсырылған. Ал мұраға қалған ақша олардың жатын орындарын жабдықтауға, қорек қорын әзірлеуге және қымбат әшекейлер мен басқа да керек-жарақтар алуға жұмсалады. Соңғы кездері ауқатты адамдардың өз мұраларын үй жануарларына қалдыруы үрдіске айналды.

Мысықтар арқасымен құламайды 

Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің 2-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де – осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Калифорниядағы Дью университетінде доктор Джозеф Вэнс Раин әлемде бірінші рет парапсихологиялық зертхана ұйымдастарған. Сондағы көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде мысықтардың болайын деп тұрған оқиғаны алдын ала сезетін, немесе болған нәрсені алыста тұрып-ақ білетін көріпкелдік қасиеті бар екеніне көзі жеткен. Оған мысалдар мына күнделікті өмірде жеткілікті. Айталық біреу жолға шығайын деп тұрғанда мысығы әлгінің балағынан тістеп тартқылап, бұрын істемеген өрескел мінез көрсеткен. Мысықтың «барма» дегенін түсінбеген егесі жолай машина апатына ұшыраған. Біреу қызметте жүргенде құлап белін қатты ауыртып алған. Үйіне келгенде мысығы оның беліне шығып, тәулік бойы түспей жатып алып, ауруды қойдырған. Көршіңіз жолсапарға кеткенде оның мысығы қараптан-қарап тынышсыздана берсе, әлгі адамның хабарын біліңіз. Бір жайсыздыққа ұрынуы мүмкін. Бейтаныс жерден өтіп бара жатқанда ілесіп келе жатқан мысығыңыз себепсізден себепсіз сес көрсетіп, пысылдап, айбат шексе ол жерді айналып өтіңіз. Мысықтар адамның көңіл-күйін де жақсы біледі. Ашуланып тұрсаңыз, еркелеп, пырылдап сүйкеніп, сабырға түсіруге тырысады. Әсіресе, олар адамның ауырған жерін табуға сезімтал әрі тезірек көмек көрсетуге құмар.

1484 жылы Рим папасы Иннокентий ҮІІІ «қара мысық албасты, шайтандармен сыбайлас жолға түсті, енді солардың бейнесіне еніп, адамзатқа кесірін келтіріп, әлемді бүлдіруде» деп арнайы жариялаған соң қара мысықтардың басына қаралы күн туып, отқа өртеніп, дарға асылып, суға батырылып, тұқымы тіптен жойылып кетуге шақ қалды.
Содан бері Еуропа жұрты әлі күнге дейін қара мысықтан зәре-құты қалмай қорқатын болды. Қара мысықтың кездескені, жолдың кесіп өткені кесірге ұрындыратын жаман ырым ретінде бертін келе ресейліктердің, тіпті қазақстандықтардың да пиғыл-пікіріне сіңді. Ал Англияда қара мысыққа кереғар пиғыл бар. Қара мысық «табыс, байлық көзі» деп түсінеді. Ағылшын теңізшілері «алапат апаттан сақтайды» деген сеніммен кемеде қара мысық асырағанды жақсы көреді. Олар қара киім, қара түс жағымсыз энергияны өзіне жұтып алып, адамды тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деп ұғады. Бұл күндері Англияда мысықтар дәріханаларда сатылады.
Шамамен перғауындар билік құрған заманда болса керек. Египетті тышқан қаптап кетіп, қамба-қоймаларға тесіп кіріп, астықтарды құрта бастаған. Сол кезде қайдан келгені белгісіз мысықтар пайда болып, тышқан біткеннің көзін жойып, елді ашаршылықтан аман сақтап қалған деген аңыз бар.
Көне Египет елі мысықбасты Құдай ана – Бастқа табынған. Күн құдайы Ра са- Ұлы Мысық аталған. Яғни, қаракүш иесі Апол атты жыланмен айқасқа түсу үшін мысыққа айналып кеткен. Мысыққа арнап арнайы храмдар соққан. Мысықты жоғалту үлкен қайғы-қасірет саналған. Мысықты абайсызда өлтірген адам өлім жазасына кесілген. Өлген мысықты жылап-сықтап, арнайы қабірлерге көмген. «Мысықты өлтірсе көп кесапат келеді. Дүниеде мысықтың қарғысынан асқан жаман қарғыс жоқ» деген сөз біздің қазақта да бар.
Мысықтардың қарғысы ұрған шығар, орта ғасырдағы Еуропада атжалмандар қатты көбейіп кетіп, оба ауруын таратып, бұл құрлықтың халқы қынадай қырылған.
Мұхаммед пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) Муйза атты аппақ қардай мысығы болыпты. Ол кісі бір күні ұйқыдан оянса үстіне жамылған шапанының жеңінде мысығы ұйықтап жатыр екен. Алланың расулы мысықты оятпас үшін үстіне жамылып жүрген жалғыз шапанының жеңін қырқып тастап кетіпті.
Бір жолы пайғамбарымыз өзін жыланнан қорғап қалған мысықтың арқасын сипаған екен, содан бері мысықтарды қандай биіктіктен, қалай тастасаң да жерге басқа жерімен ұрынбай, тек аяғымен ғана дік етіп, түсетін көрінеді. Әрі көзінен құлағына қарай тартылған жолақ Пайғамбар есімінің бастапқы М әрпі делінеді.
Мысықтың мияулағанының өзі ультрадыбысты терапия, яғни түрлі ауруларға ем екені белгілі. Мысық жағымсыз энергиямен қоректенеді. Мысық жатқан жерге жатуға болмайды. Сондықтан да орыстар жаңа үйге мысықты кіргізіп, жағымсыз энергия шығаратын жерлерді анықтап алады.
Әдетте жердің шамамен әрбір екі шаршы метрінде аумағы қос алақандай, кейде одан үлкен, кейде одан кіші жағымсыз энергия шығарып тұратын жайлар болатыны ғылымға белгілі. Ондай жайларды геопатогенді зоналар дейді. Ондай жерлерге төсек салып жатуға, немесе күнұзақ отыруға болмайды. Ал компьютер, теледидар, тоңазықыш, кір жуғыш машина сияқты бұйымдар электромагнитті жағымсыз энергия бөледі. Бұларды технопатогенді, яғни адам жанына отырса немесе жатса, ауру туғызатын техникалық заттар деп түсінуіміз керек. Мысықтар осылардың үстіне шығып жатқанды ұнатады.
Зерттеулерге қарағанда мысық асыраған адамдар басқаларға қарағанда ұзағырақ өмір сүретін көрінеді. Сондай-ақ жүрек, қан тамырлары ауруларына үш есе аз шалдығады. Қылтамақ кеселіне ұшырауы 30 пайызға төмендейді. Маскүнемдерге мысық ұстатса, 15-20 минуттан соң араққа тәбеті тартпай қалады.
Адамның қай мүшесі ауырса, мысық сол жерге жатып емдейді.
Алайда мына нәрсені есте ұстаған жөн. Мысықтың өзі ынта білдірмесе, емдеуге дайын болмаса оны еш уақытта зорлап мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ мысықты шын пейіліңізбен жақсы көруіңіз керек. Өтіріктен адамды жақсы көрген болып, алдауыңыз мүмкін, мысықты алдай алмайсыз. Ол сіздің пиғылыңызды түйсікпен-ақ сезіп қояды. Өз мысығыңыз болмаса, бөтен мысық Сізді емдемейтінін білген жөн. Сондықтан ауладан ұстап әкелген мысық немесе көршіңіздің мысығын емдеуге пайдаланамын деп құр әурешілікке түспеңіз.
Мысықтың сенімді досы болған атақты жазушылар көп. Эрнест Хэменгуейдің 30 мысығы, Марк Твеннің 10 мысығы болған. Соңғы кезде мысықтарды зерттеген кітаптар көптеп шығарылуда. Қытайда әлі еңбектемейтін, енді ғана өздігінен отыра бастаған сәбидің алдына: кітап, қалам, тарақ, қайшы, табақ, тағы басқа заттар қояды екен. Бала қайшыны ұстаса, өскенде тігінші, тарақты ұстаса –шаштараз, кітапты ұстаса – оқымысты, табақты ұстаса – аспаз болады деп болжап, есейгенде сол мамандықты игеруіне мүмкіндік туғызады-мыс дегенді бір газеттен оқығаным бар. Соған ұқсап үйіңізде көп мейман отырғанда, мысығыңыз қайсысына келіп бірінші сүйкенсе, немесе аяғына оралса, ең жақсы адам сол деп түсініңіз. Осындай да қасиет бар. – «Адамдарды бейнелегің келсе, әуелі мысықтардың мінезін зертте»,- дейді Олдос Хаксли. Демек мысықтар жайлы көп білгеніңіз психолог-психотерапевт сізге өте пайдалы болса керек.

Бізде мысықтың емдік қасиеті бар екенін жәй адамдар түгілі дәрігерлер де білмейді. Ал Англияда мысықтар дәріханаларда сатылады.
Мен күнде таңертең үйден шығар алдында мысығымды тамақтандырамын. Есікпе-есік қатар тұратын көрші пәтердегілер мысығын күндіз үйінде ұстап, түнде далаға қуып жібереді. Оларға да тамақ алып шығып беремін, қысқасы, мысықтардың «батасын алып» болып қана жолға шығамын.
– Мұныңыз қызық екен. Бала кезімізде біздің алыстағы ауылдың дүкеніне ойыншық түспейтін. Осы күнгі балалар теледидардың, компьютердің, қалта телефонының экранына үңіліп отырады ғой. Біздің бала кездің экраны дала, иә, қазағымның кәдімгі кең даласы болатын. Ал ойыншықтарымыз: мысық, күшік, қозы-лақ еді. Қайда барсам да менен бір елі ажырамайтын ала мысығым тас қараңғы түннің өзінде іздеп тауып, менің көрпеме кіріп, қойнымда жататын.
– Қытайда әлі еңбектемейтін, енді ғана өздігінен отыра бастаған сәбидің алдына: кітап, қалам, тарақ, қайшы, табақ, тағы басқа заттар қояды екен. Бала қайшыны ұстаса, өскенде тігінші, тарақты ұстаса –шаштараз, кітапты ұстаса – оқымысты, табақты ұстаса – аспаз болады деп болжап, есейгенде сол мамандықты игеруіне мүмкіндік туғызады-мыс дегенді бір газеттен оқығаным бар. Соған ұқсап үйіңізде көп мейман отырғанда, мысығыңыз қайсысына келіп бірінші сүйкенсе, немесе аяғына оралса, ең жақсы адам сол деп түсініңіз. Осындай да қасиет бар.

Үй мысығының емшілігі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының бюллетенінде 2002 жылы,  ақпан айындағы санында: «үй мысығының емшілігі» деген қызықты мақала  жарыққа  шығыпты.  Сол  мақаладан  оқырманға  қажеттісін ұсынып  отырмыз.

Үй мысығы табиғаттың ең  құнды әрі  жанды  жаратылысы, Бұл  барлық қуат мүмкіншілігінің  тірі  қабылдағышы. Мысықтың көзі  орасан үлкен бас сүйегінің 20 пайыз аумағын алып жатыр. Ал,  адамдарда мұндай болу қайда? Өйткені, көз  шарасының диаметрі не бәрі 10-12 см. ғана.

Мысықтың мұрты – сезім мүшесі  ретінде  тек дыбысты ғана  емес,  сондай-ақ биоқуат толқынын сезеді. Оның көріп байқауы өте жоғары  деңгейде. Тас  қараңғыда және тыныштықта мұрты  – антенна арқылы  бәрін сезіп біліп тұрады. Сонау орта  ғасырлық Еуропада  мысықтардың мүмкіндіктері мен ғажап қабілеттілігін жын-пері мен  жезтырнақтарға ұқсастырған. Сөйтіп,  мысықтарға осылай айыптап, әрі  сиқырлы мыстан кемпірлермен бірге өртеген. ХІV-ХV ғасырларда өте қатерлі дерт – өкпе мен без чума жұқпалы індеттің кең  таралуынан халықтың 30 пайызы қырылып кеткен. Бұған басқа да  кінәлілермен қатар,  егеуқұйрықтың көбейіп кетуінің де ықпалы болған.  Мысықтар қырғынға ұшырамаған кезде  індеттің осыншалық таралып, жойылып кетуі мүмкін болмас еді. Бұл ел тарихында ежелден белгілі. Ал  отбасындағы емшілік қабілетіне  кейінірек тоқталмақпыз.

Жан-жануарлардың емдік қасиеті  сонау мезазой дәуірінен белгілі. Қытай даналарының айтуынша: «жануарлар да – адамдардың тумасы». Өйткені оларда адамдарша бес сезімді  бастан кешеді – аштық,  шөлдеп аңсау,  сүйіспеншілік, қорқыныш және  ауру. Жануарлар биоөрісті жақсы сезеді және адам ажырата алмайтын иісті  мысық әп-сәтте, шұғыл айыра алады. Сондай-ақ мысықтар қандай болмасын хабарды  молекулалық және биоқуаттық деңгейде ала  алатыны да белгілі. Мұндай табиғи қасиетті пайдалану керек.

Соңғы кезде мысықтың шипалы  емінің мүмкіншілігі ғылым зертеулермен анықталуда. Әсіресе  ұзаққа созылған жүйке және психикасы  бұзылған жандарға шипалы  емнің  әсері  айтарлықтай. Мысықтар адам  денесіндегі  дертті  емдеп қоймай,  жандүниесін жадырататын шипалы әсерімен де  ерекшеленеді.

Ағылшындар: «мысықта тоғыз өмір» дегендей, яғни  өмір сүргіштік, жарақаттанып,  зақымданғаннан сауығуы мен бұрынғы  қалпына  келуінің  мүмкіншілігі  мол. Мұндай сауалдың  жауабы да оңай. Өйткені, олардың негізгі шарты адамдарға көмек ету. Мұндай қасиет оларға  ұнамайтын-дығын  айта кетеміз.

Егер сіз буын дерті  немесе жүйке  ауруына  ұшырай қалсаңыз, қатесіз анықтап, ауырған тұсқа жақындатып қысыңқырап жатқызып жылытады. Мысық ауырған нүктені  тауып, әрі  жайғасып орналасады да, көзі  жұмылып, үдете  пырылдап еміне  кіріседі.  Мысықтың пырылдаған баяу дыбыс тербелісінің ауруды басуға ықпалы мол. Сөйтіп, ауырған дене бөлігіне  тырнағын тигізіп, біртіндеп  мамықтай табанымен сипап, уқалап, массаж қимылымен сырқаттың бетін  қайтарып,  жанын  жадыратады.

Көптеген жағдайда, әсіресе жүректің  ұстамасы қысылуы мен қан қысымының тым  жоғарылау  қаупін бәсеңдетіп, жеңілдетеді. Үй мысығы ауру  иесінің жанынан бірнеше сағат бойы кетпей, су да, тамақ та ішпей  тек ауру  жеңілдегенде ғана тынышталады. Жалпы адамдар қан қысымы  көтерілгенде  мысыққа  сипалатқаны  жөн. Бұл, әрине қосымша  пайдалы – шипалы шара. Бірақ қажетті дәріні  алуға  қарсылық етілмейді.

Үй мысығы сіздің  ағзаңызды қалпына  келтіруге тырысады. Емші-экстрасеанстар мысықтар сияқты адамдардың ауру тұсын анықтап, өзінің шығарған биоқуатының көмегімен ауру жанының қуатының тепе-теңдігін үйлестіреді.

Адамдар өзінің көңіл-күйінің жақсы кезінде де үй-мысығына деген мейірімділігінен айырылмауы керек. Егер  мысығыңыз  тізеңізге секіріп, жоғары көтеріліп, мойныңызды жұмсақ табанымен құшақтап, маңдайыңызға, құлақ шекеңізге,  иегіңізге сүйкенсе де тыйым салмаңыз. Ол содан  кейін ашына пырылдап құлағыңызға дейін барып, нәзік тілімен жалап-сылап, уқаласа да  мысығыңызды қумаңыз. Құлаққа – ағза  жүйесінедегі қуат-байланысының жиынтығы орналасқан.  Сондай-ақ құлақтың  жарғағында орналасқан белсенді биоқуат нүктелерінің жиынтығы барлық ағзалармен байланысты екені  белгілі.  Сөйтіп, жоғарыда айтылған үй мысығының іс-әрекеті жан-жақты  әрі тегін шиаплы ем сеанс болмақ.

Ал, үй  мысығының сізге өте  үйірсектігі байқалса, онда  қан қысымыңызды өлшеп, қажет болса үйреншікті-пайдалы дәрі-дәрмегіңізді  ішіп, аурудың алдын алуға көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

  1. 6 Фелинолог мамандығы 

Болашақ ветеринарлар мысықтар жаратылысының да қыр-сырын білуі міндет. Соңғы жылдары мысық түрлерінің көбеюі мал дәрігерлеріне қосымша міндет жүктеп отыр. Жануарлардың дәрігері ендігі кезекте тек мысықты емдеп қана қоймай, оның шығу тарихын және оны қалай күтуге дейін білуі шарт.
Америка, Еуропада сәнге айналған мысық түрлерінің елімізге келуі мамандардан фелинология ілімін меңгеруді талап етіп отыр дейді Қазақ Ұлттық ауыл шаруашылық Уриверситетінің мал шаруашылығы технологиясы факультеті даканының орынбасары Дайырбек Омаров.
Мысықты ұстаудың ережесі бар. Өзіне тән аурулары бар осының бәрін зерттеу керек.
Асыл тұқымды сәнқой мысықтардың түлеріне қарай стандарт бекітілген екен. Белгіленген талаптарға сай келмейтін болса ол текті мысық деп мойындалмайды. Шекара асып келген мына мысықтың иесі Экатерина Исакова өзінің үй жануарының тұқымына «Донской свинц» деген болжам жасап отыр. Бірақ, елімізде арнайы маман жоқ болғандықтан оның нақты тегін анықтай алмай отырған жайы бар.

Мен мысықты бір әйелден сатып алып едім. Жасын және нақты қай түрге жататынын әзірге білмейміз. Швециядан сарапшы маман күтіп отырмыз. Сол келгесін мәселенің барлығы шешілетін шығар.

Қазақстанда қысқа, ұзын, бұйра жүнді тұқымы асыл мысықтардың 20-ға жуық түрі бар. Аса көп күтімді қажет ететін жануарларды ұстау екінің бірінің қалтасы көтере бермейді екен. Тамақтың өзін талғап жейтін мысықтарға ерекше көңіл бөлу қажет дейді «Мысықтар әлемі» Алматы қалалық фелинологтар орталығының президенті Галина Николенко. Мамандар бекітілген талапқа сай мысықтың қай түрге жататынын анықтауы тиіс. Бірақ, бізде оқулықтар мен мәліметтердің жетіспеушілігі салдарынан арнайы маман даярлауда қиындық туғызып тұр.

7.Мысықтардың тұқымына (порода) қарай емдеу тәсілдері

Ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижесінде,  мысықтар тұқымына қарай әр түрлі ауруды емдеу шипагерлігі әр алуан екендігін байқаған.

Ұзын жүнді мысықтар (персид түрі, ангор түрі, сібірлік мысық, рэгдолл, бирмандық т.б,) – невропатологияда, ұйқысыздықта, шаршау мен әлсіздікте.

Жүні ұзын емес, бірақ өте қалың мысықтар – бел омыртқа және буын ауруларына емші.

Тықыр жүнді мысықтар (экзотикалық, британдық, шотландық, орыс көк көзді мысықтарт.б.) – жүрек қан тамыры ауруларына емші.

Түгі өте тықыр немесе түксіз мысықтар (сиамдық, ориентальдық, т.б.) – бүйрек пен бауыр, асқазан ауруларына, іш қатуда т.б.)

Тұқымы қымбат тұқымдастарға жатпайтын жәй аула мысықтары да өз иесінің көңіл күйіне, алған дене жарақатын емдеуге көмектеседі.

Жалпы мысықтардың емдей алатын ауру түрлері:

аритмия, артрит, атеросклероз, ұйқысыздық, бүйрек аурулары, бронхит, гипертония мен гипотония, бас айналу мен түрлі бас ауруларында, депрессия, тіс ауруында, инсульт, іш қатуда, жүйке ауруларында, нефрит пен пиелонефрит, шаршау мен әлсіздікте, радикулит.
Онкологиялық ауруларды ең соңғы сатысы болмаса емдеуге көмектеседі.                         Өте күшті ауруды емдеп, соңында өзі өліп қалған мысық туралы ағылшын дәрігерлері баспа беттеріне шуылдай жазған.

Мысықтардың  өз иесін емдеу сеансы 15-20 минуттан 3 сағатқа дейін (мысықтың темпераментіне байланысты) созылады. Өз иесінің ауруын емдеп болған мысық, емнен кейін өзін өте жақсы сезінеді. Мысықтардың тырнағы дәрігер инесіне қарағанда жақсы емдейді, өйткені мысық тырнаған жер тез және тыртықсыз жазылады.Тек оған сену керек. Мысықпен көп ойнап өскен баланың иммунитеті өте жоғары болатыны дәлелденген.

Мысықтар қоныс аударған өз иелерін жаңа қоныстан өте оңай іздеп табады. Осыдан бірнеше жыл бұрын әлемнің барлық журналистері шуылдап жазған, Сэр Томас  атты мысық 427 күнде Квебектен   континенттің екінші шеті – Калгариға көшіп барған өз иесін тауып барған.

ІІІ Қорытынды 

Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!

Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр.                                                                                                                        Латын тілінен аударғанда (animal – жануар), яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі. Бұл терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады. Жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады.                                                                      Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.

Анималды терапия немесе зоотерапия – дәстүрлі емес әдіс.

Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар  емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады.

Бұл әдістің «пионері», америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдаланып сеанс жүргізеді.

Көктемнің алғашқы күні  1 Наурыз  дәстүрге айналған халықаралық мысықтар күні. Бір қызығы, көптеген халықтар осы  адамға жақын үй жануарының бірі мысықтар күнін мерекелеуді ұлттық мерекеге айналдырған.
Осы  күнмен адамзатқа  берік та сенімді достығы мен қызметін білдіретін үй жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеді.

4 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Бала тәрбиесіндегі ертегілердің маңызы

Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы.…

Қазақстандағы психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы

КІРІСПЕ Зерттеу көкейкестілігі: XX ғасырдың соңғы жылдарында және тәуелсіздік жария­лан­ғаннан кейін ұлттық…

Саулық–сақтықта

«Саулық–сақтықта». Адам денсаулығы оның өз қолында. Денсаулық адамға берілген ең құнды да,…

Умная теплица научный проект

Над проектом «Умная теплица» работает три месяца.  Введение Вам всем приходилось, наверное,…