МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ …………………………………………………………………………………………….

Кестелер тізімі …………………………………………………………………………………………

Суреттер тізімі …………………………………………………………………………………………

ТҮЙІНДЕМЕ …………………………………………………………………………………………..

  1. Жобаның концепциясы ……………………………………………………………………..
  2. Қызметтің сипаты ………………………………………………………………………………
  3. Өндіріс бағдарламасы …………………………………………………………………………
  4. Маркетингтік жоспар …………………………………………………………………………

4.1. Ресейлік автокинотеатр нарығының сипаты ………………………………………..

4.2. Қазақстандық автокинотеатр нарығының сипаты ……………………………..

4.3. Бағаның қалыптасуы ……………………………………………………………………….

4.4. Маркетинг стратегиясы ……………………………………………………………………

  1. Техникалық жоспарлау ……………………………………………………………………

5.1. Кинопроекциялық жабдық ……………………………………………………………….

5.2. Жасанды ландшафт қалыптастыру және қоршау ………………………………

5.3Жарнамалық қалқан ………………………………………………………………………….

5.4 Касса ………………………………………………………………………………………………..

5.5 Қосымша сервис ……………………………………………………………………………….

  1. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер ……………………………………
  2. Жобаны жүзеге асыру ………………………………………………………………………

7.1.Жүзеге асыру жоспары ……………………………………………………………………..

7.2.Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар ……………………………….

  1. Пайдалану шығындары …………………………………………………………………..
  2. Жалпы және әкімшілік шығындар ………………………………………………….
  3. Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік ……………………………………
  4. Жобаның тиімділігі ………………………………………………………………………..

11.1. Cash-flow проекциясы ……………………………………………………………………

11.2. Қаржылық индикаторлар ……………………………………………………………….

  1. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері ……………………..

12.1. Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы ………………………………….

12.2.Қоршаған ортаға әсері …………………………………………………………………….

Кестелер тізімі

1-кесте. 2013-2014 жылдарға арналған билет пен қосымша қызметтер сатудың

жоспарлық бағдарламасы. ………………………………………………………………………

2-кесте. Жобаның SWOT талдауы ………………………………………………………….

3-кесте. Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары. ………………………..

4-кесте. 2013 жылғы инвестициялық шығындар………………………………………

5кесте.Кәсіпорынның айлық жалпы және әкімшілік шығындары, мың тңг……………………………………………………………………………………………………………….

6-кесте. Еңбек ақы өтеуге жұмсалатын шығындар, тг………..………. ……….

7-кесте.Жобаның инвестициясы, тңг……………………………………………………….

8-кесте.2013 жылғы қаржыландыру бағдарламасы, теңге…………………………

9-кесте. Жобаның қаржылық көрсеткіштері…………………………………………….

Суреттер тізімі

1сурет. Ұйымдастырушылық құрам …………………………………………………….. .

ТҮЙІНДЕМЕ

Жобаның концепциясы ашық аспан астында 150 автокөлік сыйатын автокинотеатр ашу болып табылады.

Жобаның бастамашы компаниясы Қарағанды қаласында  автокинотеатр ашу жоспарланады, ол сауда орталығына алаңына жақын жерде, жаппай демалыс орны маңайында орналастырылатын болады, ал бұл өз кезегінде көрермендер ағымыны тұрақтылығын қамтамасыз ете алады.

Автокинотеатр ашық территорияда, қаланың орталық бөлігінде, жалпы ауданы 750шаршы метр болатын жерде орналастырылатын болады, соның ішінде кино дәмхана, салқындатылған сусын сату орындары және басқа да тұтыну өнімдерін сататын жерлер, кассалық жайлар бар.

Автокинотеатр ғашықтардың романтикалық кездесу орны, танысу орны, достардың автопати орындары болғандықытан бұл жоба бойынша мақсаттық аудитория көбіне жастар болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындарға мыналар кіреді:

Шығысытар, мың  тг. 2 013
Негізгі капиталға инвестициялар 7 855 571
Негізгі капитал 40 780 758

 

Барлығы 48 636 329

Жобаны қаржыландыру өзіндік қаржы есебінен болады деп жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг . Сомасы Кезеңі Үлесі
Өз қаражаты 48 636 329

 

02.2013 – 03.2013

 

100%
Барлығы 48 636 329   100%

Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің жобаның 5 жылындағы көрсеткіштері.

Жылдық пайда (5 жыл), мың тг. 16 731 617

Инвестицияланған капиталдың 5 жылға таза дисконтталған табысы, дисконттау мөлшерлемесі 12% болғанда мынадай: мың тңг.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 25%  
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 9 494  
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), ай 9  
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), ай 11  

Экономикалық тұрғыдан жоба мыналарға әсер етеді:

– Қарағанды қаласында жаңа 13жұмыс орнын ашуға;

– Қарағанды қаласының бюджетіне түсім келтіруге;

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстанда аса қабілетті бәсекелестік жағдайында жеке бизнесті дамыту бойынша неғұрлым пайдалы бірнеше бағыттарды анықтауа болады. Осындай бағыттардың бірі автокөлікшілер үшін ашық аспан астында кинотеатрлар ашу болып табылады.

Кинотеатрлар – цивилизацияланған демалыс, барлығының қолы жетімді және барлығына түсінікті, жастар мен отбасылық сауық түрі. Киноиндустрия өнердің басқа да түрлерін шеттетіп отыр, жыл сайын көрермендер саны артуда. Жеке кинотеатр ашу аса қымбат және күрделі үрдіс, ал автокинотеатр басқа әңгіме.

Міне, бірнеше онжылдықтар бойы ашық аспан астындағы кинотеатрлар Америкада көптеген кинематограф қызығушыларының басын қосуда, сол арқылы елдің бетке ұстар үлгісі болып отыр. Қазақстанда бизнестің бұл бағыты мүлде дамымаған. Америкалық ашық аспан астында жасалған автокинотеатрлардың көшірмесін баяғыда-ақ жасап алуға болады деп ойлаған болармыз, бірақ біздің елдің климаты мұндай жобалардың жылдам арада өзін-өзі ақтауына мүмкіндік бере алмайды. Дегенмен, жобаның «оң» нәтиже беру мерзімдерін қысқартуға болады, нарықтағы бұл бағыт бос, ал Алматы, Астана, Қарағанды, сияқты ірі қалалар ойын-сауықтың жаңа түрін күтуде.

  1. Жобаның Концепциясы

Жобаның концепциясы ашық аспан астында 150 автокөлік сыйатын автокинотеатр ашу болып табылады.

Автокинотеатр (ағылшын тілді елдерде drive-in ұғымы қолданылады) — ашық аспан астындағы кинотеатр, автокөлік ішінде отыратын көрермендерге арналған кинотеатр.

Әдетте, кірістері мен шығыстары арнайы қарастырылған тұрақ алаңы болып келеді, ол жерде үлкен пішінде экран орнатылады. Дыбыс қуаттылығы аз радиобекет арқылы стандартты ҒМ тәртібінде автомагнитоладан немесе акустическалық жүйеден есту үшін беріледі, ол тұрақ орындарың маңында орнатылады. Ашық аспан астында кино көрсетудің ерекшеліктеріне орай мұндай кинотеатрлардың жұмысы маусымдық сипатқа ие, барлық сеанстар күн ұясына кіргеннен кейін басталады.

Жобаның бастамашы компаниясы Қарағанды қаласында автокинотеатр ашу жоспарланады, ол сауда орталығына алаңына жақын жерде, жаппай демалыс орны маңайында орналастырылатын болады, ал бұл өз кезегінде көкремендер ағымыны тұрақтылығын қамтамасыз ете алады..

Автокинотеатр ашық территорияда, қаланың орталық бөлігінде, жалпы ауданы 750 шаршы метр болатын жерде орналастырылатын болады, соның ішінде қосалқы қызмет көрсету орындары да бар.

Бұл бизнес-жоба әрекет етуге нұсқаудың соңғы үлгісі болып табылмайды, тек қана осындай бизнес-идеяның даму мүмкіндіктерін көрсетеді. Сондықтан, жобаны жүзеге асыру барысында негізгі қызметтерге қатысты, сондай-ақ қосалқы қызметтерге қатысты көрсеткіштердің, көрсетілетін фильм түрлерінің өзгеруі мүмкін. Ұйымдастыру жоспарланып отырған қызметтердің бәсекелестік бойынша артықшылықтарын, сонымен қатар сатылып алынатын техникалық жабдықытардың ерекшеліктерін толық көрсету қажет.

  1. Қызметтің Сипаты

Ересек буын өкілдерінің есінде бар, КСРО кезеңінде жаздық кинотеатрлардың жетістігі бас айналдыратын еді. Жаздық кинотеатр – бұл сауығудың бір түрі. Әр қалада, тіпті кіші қаланың өзінде жеке жаздық кинотеатр болған, ол әдетте демалыс алаңдары мен саябақтарда, тұрғын үйлерден алыс жерлер орналастырылған, сеанстар көбіне кешкі мезгілде болатын, жергілікті тұрғындардың тыныштығын сақтау керек болды. Бүгінгі таңда ашық аспан астындағы осындай кинотеатрлар сәні қайта оралуда. Ең бастысы, бұл бизнестің бұл түрінің аса көп қаражатты талап етпейтіндігінде.

Автокинотеатр орналастыру үшін алаң, әдетте, ірі сауда орталығына жақын маңайда, қала орталығында, ірі автокөлік магистраль мен басқа да автокөлікшілер жиналатын орында болуы керек. Ашық аспан астындағы кинотеатр территориясына тас жол төселген болуы керек немесе жақсы дренажы болуы шарт, келу және кету жолдары қолайлы, жол айырысы қарастырылуы керек. Көрермендерге фильмді кез-келген орыннан қарау қолайлы болу үшін алаңды рамппен жабдықтауға болажы, олар автокөліктің алдыңғы жағын көтеріп тұрады.

Бұл жобада кіре берістк касса орналасады деп қарастырылған. Территорияда сонымен бірге жылдам тамақтанатын дәмхана, поп-корн, шемішке және салқындатылған сусындар сататын орындар болады, себебі туындайтын қызметтердің фильм көрсетудің өзінен артық табыс әкелуі мүмкін.

Автокөліктік кинотеатрдың негізгі жабдығы – проектор, транслятор және экрандық жабдық.

  1. Өндіріс бағдарламасы

Бұл жобада жобаның бастамашысы бейнетехниканы таңдауға басты назар бөледі.

Ғаламтор болса бұл қиын емес. Фильмдер тізімі әр түрлі болады, әр түрлі жанрдағы фильмдер таңдалатын болады, бұл аудиторияның таңдау ерекшеліктері мен әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Автокинотеатрдың репертуарында мыналар басым болмақ:

– заманауи америкалық хиттер (комедиялар, боевиктер, триллерлер);

– Голливуд 40- 50 жылдардағы;

– Отандық классикалық және тарихи фильмдер;

Одан кейін, алдағы уақытта автокинотеатр репертуарына мультфильмдер мен қысқа фильмдердің топтамасы енгізілуі мүмкін. Көрсетілімдер кестесімен осы жобаның сайтында танысуға болады және сол жерде алда болатын көрсетілімдер туралы жаңалықтарға жазылуға болады.

Жаздық кинотеатрдың бастапқы кезеңінде жобаның ұйымдастырушылары көрсетілімдерді тек демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) 21:00 және 23:00 ұйымдастыру жоспарланды.

Бұл жобада сонымен қатар жарнама жүргізу же қарастырылған (фильмге дейін, ортасында және соңында), бұл жобаның ұйымдастырушыларына аталмыш жобадан айтарлықтай табыс алуға мүмкіндік береді, көрермендердің жарнаманы жиі көруіне назар салу керек.

Әр компаниядан алынатын жарнама бір-бірден көрсетілетін болады, ұзақтығы үш минуттан артық болмайды. Бұл жобада демалыс күні 2 фильм көрсету қарастырылған (жұма, сенбі, жексенбі),сәйкесінше айына әр жарнама орташа есеппен 25 рет көрсетілетін болады. 1 сеанста 6 әр түрлі жарнама көрсетіледі.

1-кестеде 2013-2014 жылдарға арналған билет пен қосымша қызметтер сатудың жоспарлық  бағдарламасы көрсетілген.

Табыс түрінің атауы 2013 2014

 

Автокөліктің автокинотеатр

территориясына енуі, теңге

 

7 020 000 8 680 000

 

Автокөліктер саны, бірлік 14 040 17 160

 

Автокөліктің 1 кіруіне орташа баға, теңге

 

500 500

 

Кинодәмханадан табыс, теңге 24 000 000 35 250 000

 

Тапсырыс жасалған үстелдер саны, бірлік 9 600 14 100

 

Орташа түбіртек, теңге 2 500 2 500

 

Қосымша сервис түбіртектерінен табыс, тңг 9 828 000 15 444 000

 

Автокөліктер саны, бірлік 14 040 17 160

 

Орташа түбіртек, теңге 700 900

 

Жарнамадан табыс 4 050 000 5 400 000

 

Жоспарлық көрсетілетін жарнамалар саны, бірл. 72 72

 

Жарнаманың 1 бірлігіне орташа баға, теңге 56 250 75 000

 

БАРЛЫҒЫ, теңге 44 898 000 64 674 000

 

Сату бағдарламасын есептеу барысында инфляция назарға алынған жоқ, себебі инфляцияға қатысты бағаның артуы кәсіпорын өнімдерінің бағасына тікелей қатынаста болады.

  1. Маркетингтік Жоспар

Бизнестің бұл түрінің алғашқы нышаны Ричард Холлингсхедтің патенті болды, ол 1933-жылы алынған.

Онда төлем былай есептелген: тамашалушылар көлік тұрағы үшін 25 цент және кіру үшін 25 цент төлеген. Дауыс шығаратын жабдықтардың экран қасында орналастырылғандығынан артқы қатардағылардың нашар естуі ғана жалғыз қолайсыздық болды.

Қырықыншы жылдардың басы доңгелекті кинотеатрлардың күрт етек алуымен есте қалған еді, бірақ Екінші Дүниежүзлік соғыс бұл кәсіпке кері әсерін тигізді.

Айтсақ та, соғыстан кейін Жаңа Кеңестің кәсіпкерлері бизнестің осы бағытын жалғастырды, 1948 жылға қарай Америкада 800 астам ашық кино алаңдар болды, соның ішінде балаларға арналған қосымша ойын орындары да болған, себебі көбісі тұтас отбасымен келетін.

Бұл бизнестің ең көктеген кезі елуінші жылдардың соңы болды, ол уақытта автокинотеатрлар саны бес мыңнан асты. Соған қоса өздерінің рекордтары болды.

Мысалы, америкалық drive-ins тарихында ең үлкен автокинотеатр 2 500 машина сыйдырды және отыратын орындарда 1 200 көрермен орналасты.

4.1. Ресейлік автокинотеатр нарығының сипаты

«Стрелкадағы» кино «Красный Октябрьде» фильмдер «Стрелка» медиа, сәулет және дизайн институтының артқы жағындағы алаңында көрсетілді. Сеанстар кешке басталады (21.30–22.00).

Көрермендер кино көрсетілімінің басталуына жұмыстан соң келіп үлгіреді, содан соң кешті «Красный Октябрьдегі» барлардың бірінде жалғастыруға болажы. Бұл жерде бағдарламаны фестивальдар қалыптастырады: көктемгі музыкалық Beat Film Festival; жазғы Summer Times – еуропалық кинофестивальдердің жаңалықтарымен; Summer Shorts (Summer Times төңірегінде жүреді) және Future Shorts — қысқа фильмдер.

Киноны ағаш амфитеатр сатысында отырып тамашалуға болады немесе көрсетілім алдында қойылатын орындықтарда отырып көруге болады. Тоңып және шаршап қалғандар үшін жастықтар мен жамылғылар беріледі, жауын болса — қолшатыр мен бүркемелер береді. Кейбір сеанстарға кіру тегін, ал басқаларына 300 рубль шамасында төлеу керек (бағасы мен кестелері strelkainstitute.com сайтынан қаралады). Тісбасарды Strelka дәмханасынан немесе органикалық балмұздағы, пышынайы мен дәмдік заттары бар дүңгіршектен алуға болады.

«Винзаводтағы» КИНОклуб

ЗӨО территориясында «Винзавод» «КИНОклубы» 2010 жылдың жазында ашылды.

Бұрын сырасы бар бөшкелер сақталған жасыл үлкен орында бүгін артхаус көрсетіледі.  Орынның шатыры бар, соған қоса ол таспалық проектормен және DolbyDigitalPlus дыбысымен жабдықталған, шалқайтылатын орындықтары бар. Сол жерде дәмхана істейді, кофе ішуге немесе сэндвич жеуге болады.

Сеанстар күн жарымында басталады және түнгі сағат бірде аяқталады. Сенбі сайын «КиноСновидения» көрсетіледі — үздік режиссерлердің тақырыптық түнгі туындыларының көрсетілімдері, DJ-сеттермен және үзілістегі концерттермен. Бағдарламада таза артхаус қана емес, 2011 жылдан бастап арт-мейнстрим де қоя бастады: кең аудитория мен сынақтық жобалар үшін ең үлкен касса жинаған киноларға жақын туындылар.

Көрсетілімдер кестесін www.kknw.ru қарауға болады. Таңғы сеанстарға билет құны – 100 р., кешкісіне – 300, кинотүндерге – 600 бастап 1000 р. дейін (бағдарламаға байланысты).

«Флакондағы»Silent Cinema Шусыз шаралар агеттігі Silent Media маңайдағы үй тұрғындары үшін еш зияны жоқ кинокөрсетілімдер мен музыкалық шаралар ұйымдастырумен айналысады: дыбыс сымсыз құлаққаптарға барады, ол әр қонаққа беріледі. Silent Media сонымен қатар

«Флакон» дизайн-зауыты территориясында кино көрсетеді. Бағдарлама таң қалдырарлықтай таңдалады. Ең қызықыты және түсінуге қиын фильмдер қойылады: трэш, деректі кино, анимация, бейнеклиптер және аудиовизуалдық перформанстар (кестесін flacon.su қарауға болады).

Кинокөрсетілімдер ашық аспан астында, «Флаконның» ішкі алаңында ұйымдастырылады, егер жаңбыр жауып кетсе шатыр астына ауысуға мүмкіндік бар.

Көрсетілімдер 21.00 бастап 1.00 дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері. Оларға кіру тегін, бірақ сымсыз құлаққаптарға кепілдік ретінде келушілер төлқұжат немесе 1000 р. қалдырады.Екі дәмханадан тамақтануға болады, Cafe Brocard және Flacon Wok Cafe, олар жақын маңайда істейді.

«Кинопаркинг» жылжымалы кинотеатры

Бұл жобаның басты идеясы — үрмелі жылжымалы экран, оның өлшемі төрт метрден бастап он метрге дейін. Сондықытан «Кинопаркингтің» стационарлық алаңы жоқ — көрсетілімдер әр кезде жаңа орында ұйымдастырылады, көбіне сауда орталықтарының тұрақтарында. Көрермендер фильмді машинада отырып қарайды, ол үшін радиоқабылдағышты қажетті жиілікке қалыптастырады. Бір ретте үші фильм қояды, төлем тек тұрақ орны үшін алынады (300–500 р.-бір түнге).

«Кинопаркинг» реперуарында америкалық хиттер басым: комедиялар, үрейлі кинолар, боевиктер, кейде мультфильмдер немесе қысқа фильмдер топтамасы көрсетіледі.

Көрсетілімдер кестесін www.kinoparking.ru сайтында жарияланады.

«Кинопаркинг» көрсететін қосымша қызмет үрілетін экранды жалға беру болып табылады, алдын ала иесімен хабарласып, уақыты, орны, бағасы және репертуары туралы келісіп алуға болады.

«Бородино» автокөлік театры

Мытищадағы автокөліктер тұрағында экран орнатылып, «Бородино» кинотеатры жұмысын бастады. Басқа ашық алаңдарға қарғанда ол жыл бойы жұмыс істейді және кез-келген ауа райында көрсетілім тоқтамайды, фильмнің дыбысы автомагнитолаларға таратылады. Көрсетілім кешке басталады — 23.00 немесе сағат түнгі бірде. Репертуарда — өткен жылдардан алынатын боевиктер, комедиялар және блокбастерлер.Кестесі www.kino-borodino.ru сайтыныда жарияланады. Бір көлікке 400 р. төленеді, бағасы көлік ішіндегі жолаушылар санына байланысты емес.

4.2. Қазақстандық автокинотеатр нарығының сипаты

Алматы қаласындағы далалық кинотеатр

«Далалық кинотеатр» жобасы Қазахфильм мен алматы Әкімдігінің бірлесуімен жасалған.

Бұл жоба өзінің эксклюзивтілігімен ғана емес, мобильдік экранымен де ерекшеленеді.

Мобильдік экран –ірігаборитті конструкция, ол кішкене сөмкеге сыйып кетеді.

Мобильдік экран сипаттамалары:

  • 38 ш/сағ болатын жел жылдамдығына төзімді;
  • Экранның артқы жағының қара түсті болуы жарықтың шығылысуна жол бермейді;
  • Экранның алдыңғы немесе жанама жақтары кәсіби тұрғыда жасалған;
  • Жөндеу жинағы қосылған;
  • 3 жылдық кепілдік;
  • 4 Жинақы және қолданыста қолайлы.

Кинокөрсетілім төңірегінде алматылықтар мен қала қонақтарына отандық түсірілмдер көрсетіледі, олар заманау Қазақстанның тарихына кіретін болады немесе кірген, мысалы:

  1. Келін
  2. Көшпенділер
  3. Сталинге сый
  4. Ирония Любви
  5. Обратная сторона және басқа да түсірілімдер, соның ішінде отандық классика да бар.

Кинокөрсетілімдерге арнайы қонақтар шақыртылады: сол фильмге түскен әртістер, режиссерлер, продюсерлер және т.б.

Кино көрсету демалыс күндері жүзеге асырылады (жұма, сенбі, жексенбі),сағат 21:00,ҚБТУ ғимаратының артында, ескі алаңда.

Бұл көлемді шараның ұйымдастырушысы – Beeline.

Ақтау қаласындағы «KinoMan» ашық аспан астындағы кинотеатр

Атырау қаласындағы «KinoMan» ашық аспан астындағы кинотеатрдың ашылу күніне ұйымдастырушылар мерекелі шара ұйымдастырды, сыйлықтар ұтысын жасады (соның ішінде киноға шақыру билеттері, жанармай талондары, көлік жууға талондар және т.б. бар). Бұл кинотеатрдағы дауыс FM жиілікте, автомагнитоладан қабылдау үшін таратылады.

Сыйымдылығы: 50 көлік

Бағасы: адам басына 500 теңге

Кестесі: бірінші сеанстың басы 22:00

екінші сеанстың басталуы 00:00

Билеттер сату сол орында сеанс күні сағат 18:00 басталады.

Аталған автокинотеатр территориясындағы даяшылар сырғытпалы конькимен жүреді, бұл сервисті жылдамдатады.

Атырау қаласындағы автокинотеатр

Атырауда «Мұнайшы» стадионы алдында ашық аспан астында автокинотеатр ашылды.

Кестесі: бірінші сеанстың басталуы 22:00, әдетте комедия қойылады;

Екінші сеанстың басталуы 00:00, романтикалық фильмдер, арнайы ғашықтар үшін.

Репертуар апта сайын жаңартылады.

Экранның өлшемі – 12х6 метр. Тұраққа кіру алдында көрермендерге дауыс таратылып қалған FM толқыны хабарланады.

4.3. Бағаның қалыптасуы

Ұсынылатын қызметтің бағасы өзіндік құн мен маржа негізінде қалыптастырылады,ол кәсіпорынның табысы болып саналады. Қызметтің өзіндік құнына қызмет көрсету үшін қажет тікелей шығындар жатады. Кәсіпорынның табысы ұсынылатын қызметтердің нарықтық өзіндік құны нарықтық құнының айырмашылығы арқылы анықталады.

Осылайша, көрсетілетін қызметке нарықтық құнды Шымкент қаласында қалыптасқан нарықтық бағамен анықтайтын боламыз.

4.4. Маркетинг стратегиясы

Жарнама –үрдісті қозғаушы күш. Жобаның бастамашысы осы жағдаятқа басты назар аударатын болады. Жобаның ұйымдастырушылары жарнамалық өнімдерін өздерінң автокөліктерінң қанаттарына жабыстыратын болады, онда болатын сеаныстың уақыты көрсетіледі, соған қоса автокинотеатр маңындағы рупор көмегімен қалалықтарға хабарландыру жасалады. Сонымен қатар біздің кезіміздегі дәстүрлі ақпарат тарату амалдары қолданылады, мәселен Ғаламтор, афишалар жабыстыру, газет-журналдардағы хабарландырулар, басқа да бұқаралық ақпарат қралдарына жарнама беру.

Болатын сеанстың уақыты мен күні бірнеше күн бұрын хабарланатын болады, себебі хабарландыруды естіген қалалықтар өздерінің таныстарын шақырып үлгіруі керек, осы шараны өздерінің жоспарына енгізулері керек. Сонымен қатар күнді көрсеткенде және уақытты көрсеткенде сеанстың ауа-райының шұғыл өзгеруіне байланысты қолайсыз жағдайда болмай қалуының мүмкін екендігін де айту керек.

Ерекше назар видеотеканы таңдауға бөлінеді. Фильмдер тізімі әр түрлі болады, әр түрлі аудиторияның қалауы мен қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін түрлі жандардағы фильмдер таңдалатын болады.

Билеттің құны аса қымбат болмауы керек. Аудитория тарту мақсатында бағдарлама төңірегінде алармандар жинау үшін қосымша акциялар ұйымдастырылатын болады: әр оныншы билеттің бонусы болады. Бонус ретінде шағын, бірақ ұнамды сыйлар берілетін болады, мысалы, бір қалта попкорн немесе газдалған су. Попкорна, тәтті мақта, салқындатылған су саудасы жобаның бастамашыларына бұл бизнестің жылдам арада өзін-өзі ақтап алу мүмкіндігін береді және алармандар тартуға ықпал етеді.

2-кесте. Жобаның SWOT талдауы

Мүмкіндіктері

 

Кинотеатрларға билет құнының арту мүмкіндігі.

Автокинотеатр алаңын күндізгі уақытта сабақ өткізу үшін автомектептерге сағаттық жалға беру.

Инфрақұрылымды дамыту.

 

Қауіптері

 

Жаңа бәсекеге қабілетті автокинотеатрлардың Қарағандыда пайда болуы.

 

Артықшылықтары

 

Көрермен залын салу немесе жалдау үшін үлкен шығын жоқ.

Минималды коммуналдық төлемдер.

Жиһаз бен жабдық сатып алуға, оларды жөндеуге жұмсалатын шығын аз.

 

Кемшіліктері Кәсіпорынның танымал еместігі (жаңа жоба).

Ауа-райы шарттарына тәуелділік, әсіресе қыста.

Фильмді тек қараңғыда көрсету, жазда күн жарығы ұзақ, бұл кинотеатр мүмкіндігін шектейді.

Территорияны күндіз-түні мұқият күзету керек.

 

 

  1. Техникалық Жоспарлау

Автокинотеатр рамптардың проекциялық көлбеуге қатысты желпуіштік орналасымымен жобаланған400(1-сур.).

Егер жобада автокинотеатр ұзын және тар болып көрінсе экрана соңғы рамптардың қашықтығына байланысты ұлғайтылуы керек, есесіне рамптың бірінші қатары экраннан одан да алшақ болады.

Қаңқасы мен экран материалдарының әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, перфорирленген алюминий беттен жасалған экран немесе бетоннан – латекстік жарық шағылыстыратын бояумен көмкеріледі. Тұтас түрі де, жекелеген жолақтардан жасалатын түрі де қолданылады (желдің әсерін азайту үшін).

Автокөліктер санына байланысты экранның жобалық өлшемдері кестеде берілген. Стандарттарға негізделген, олардың анықтама үшін пайдаланылуы мүмкін.

Автокөліктің желдік шынысының екі жағының бір-біріне қатынасы 1:2 жақын, сондықтан, кескіннің «кең» форматы неғұрлым қолайлы (1 : 1,85). Соңғысы экранның ұзындығының еніне қатынасының ұтымды болуын қамтамасыз етеді, себебі қатынас аз болғанда кадр экран бетін толықтырмайды.

Экранның қаңқасын көрермендерге қарай еңкейту керек, ал иілу бұрышы проектор сәулесінің түсі және шығылысу бұрыштарының тиімді қатынасымен анықталады.

Проектор іс жүзінде экранның ортасы деңгейінде орналастырылмайтын болса, сүйенішін кескіннің қиғаштануы орын алмайтындай бқрышпен еңкейтіледі (параллакс).

Әдетте проектор көлденең көлбеуге қатысты қарағанда 70 болып иіледі, экранның иілу бұрышы 5 – 70 құрайды, ал қалыпты шамаларға ең жақын түсу және шағылысу бұрышы қарау аумағының неғұрлым қолайлы жерінде болады (орталық бөлігі және автокинотеатр рамптарының 2/3).

Экранның қиғаштығына қатысты мамандардың бір ауыздан шыққан тұжырымы жоқ.

Әдетте экран көсегінің қиғаштығы көп емес, керісінше жағдайда бүйір жақтардан кескінді, бейнелерді қабылдап көрсу нашарлайды. Сонымен қатар қисық сызықты экран дайындау, мысалы, бетоннан, өлшемі 11 х 26 м, үрдісті біршама қымбаттатады. Тегіс экран, магистральдан әрі бұрылған, мінсіз жарнамалық қалқан болып табылады және коммерциялық мақсатта пайдалануға болады.

Кинотеатрлар үшін экран жеткізушілер де, мобильдік экран өндірушілер де Қазақстанда жоқ. Солайша, жобаның бастамашылары АҚШ, Германия, Қытай сияқты бірнеше елдерің аталған өнімді өндірушілерінің нарығын зерттеу барысында мобильді экранды қытайлық өндірушіден, “Shenzhen Telon Audio And Visual Equipment Co.” Ltd компаниясынан алуды шешті. Бұл жағдайда жабдықты жеткізу бойынша компанияны таңдау басқа компанияларға қарағанда бағасының арзандығына, сапасының жоғарылығына, жабдықтың сипаттамаларына, кепілдік міндеттемелеріне, жеткізу шарттарына байланысты жасалды.

Экранның бағасы: US $20 немесе 3000 теңге – шаршы метріне. Бұл бизнес жоба бойынша 144ш.м. экран(16х9 метр) сатып алу жоспарланып отыр, бұл жалпы алғанда 432 000 теңгені құрайтын болады.Жабдықтың құны жеткізуге жұмсалатын шығынды және жөнелтуге жұмсалатын қаражатты қоспағанрда, жинақтау және орнату қызметтерін қоса есептегенде 487 000 (төрт жүз сексен жеті мың) теңге.

Жеткізу мерзімі: сатып алушы жабдық үшін жеткізушінің есептік шотына жартылай төлем жөнелткен күннен бастап 7 күн.

Кепілдік мерзім: 1 жыл.

5.1. Кинопроекциялық жабдық

Проекциялық жабдыққа қатысты жағдайлар экранның сипаты мен линзаларының фокустық қашықтықтарына байланысты анықталады. Ауыспалы фокустық қашықтық кинопроекциялық линзаларда айтарлықтай кең, ол проекциялық аппаратты автокинотеатрдың кез-келген рампасында орналастыруға мүмкіндк береді және кескінді түгел экранға проекциялай алады. Бұл экранның ені 30метр болғанда проекциялық аппаратты проекция көлбеуі бойымен экранға дейін 50 – 60 және 100 – 120 м қашықтықта орналастыруға болатындығын білдіреді. Кинопроектордың экраннан алшақтауын шектейтін жалғыз нәрсе – проекциялық шамның қуаттылығы, ол қажетті жарық ағымын қамтамасыз етеді (шамамен 400 лм – 1 м2 экран бетіне), ауадағы шаң және/немесе тұман (проекциялық аралық неғұрлым артық болса, аталған фактордың әсері соғұрлым көрнекті).

Жобаның бастамашысы кинотеатрларға арналған кәсіби проекторды – EIP-SXG20 Астанақаласында, жеткізушінің «MediTec-NS» компаниясынан 100% бағасын бірден төлеу барысында алмақшы. Бұл жабдықтардың құны 3 868 571 тңг/данасына (үш миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге – жеткізу бағасымен.

5.2. Жасанды ландшафт қалыптастыру және қоршау

Жасанды ландшафт және автокинотеатр қоршауы бірнеше мақсатқа қызмет етеді: автокинотеатрды магистральдан оқшаулауға – магистраль бойынша қозғалатын жүргізушілердің экрандағы кескінді көрмеуі үшін; бөтен автокөліктердің кіруінің/шығуының бөгеттелуіне ықпал етеді және сеанстағы көрермендерді көлік шамының жарығымен алаңдатпайды; дәмханадан қоршалады; автокинотеатрға ерекше көркем келбет беріп тұрады.

Автокинотеатды магистральға экраны қатар болатындай етіп орналастырған неғұрлым қолайлы, бірақ беті оған қаратылмауы керек. Қоршау мен жасанды ландшафтты осы жоба бойынша жасауға шамамен 800 000 (сегіз жүз мың) теңге жұмсалмақ.

Қоршау әдетте автокинотеатрды жолдан ажыратып, кіру мен шығуды шектеу үшін жасалады. Әсіресе кинопроекция маңындағы аумақ қоршалады және проекциялық сәуле жақтағы орын қоршалады. Металл қоршаудан тұратын үйлесім ұнамды, сәнді және қолайлы.

5.3 Жарнамалық қалқан

Дұрыс конструкция және жарнаманы ұйымдастыру – аса маңызды маркетингтік фактор.

Егер экранның сыртқы жағы автомагистральдан көрінетін болса ол автокинотеатрдың өзінің жарнамалық қалқаны бола алады, онда фильм анонстары көрсетіледі немесе коммерциялық жарнамаға қолданылады. Жарнамалық қалқанды автокөлікшілер алыстан да көруі керек. Автокинотеатрдың неонмен жиектелген қалқаны және фильмдер анонсы жүріп жатқан төңіреек атмосфералық әсерлерден қорғалған нұсқада орындалуы керек.

Егер экранның сырт жағы жарнама үшін қолданылмайтын болса жарнамалық қалқандар автомагистраль бойына орналастырылады, бірақ олардың жарықтары сеанс барысында көрермендерге кедергі болмауы керек.

5.4 Касса

Кәдімгі театрда көрермен кассаған кірген бетте, кинотеатр кіреберісінде жолығады. Кассалар және автокинотеатрға кіреберістер негізгі магистральдан алшақтау болуы керек. Автокинотеатрда кассалар автокөліктер автомагистральдан түсіп келетін кезде кедерегі жасамайтындай орналастырылуы керек, ал кассаға екі жағынан екі автокөлік келе алатындай қарастырылуы керек. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: бір реттік қолданыс билеттерін

Сатудан бастап магниттік карталарды электрондық түрде оқи алатын автоматты шлагбаум орнату және рампадағы орын көрсетілген билет беруге дейін. Автокинотеатрдың кассалық модульін жобалау барысында әуежайлардағы көліктің келу-кетуін ұйымдастыру, тұрақ жасау немесе жеке көлік жолдарын ұйымдастыру тәжірибелерін пайдалануға болады.

Негізгі мақсаты – автокөліктердің кедергісіз енуін қамтамасыз ету және сеанс арасында қозғалуын қамтамасыз ету (3-сур.).

5.5 Қосымша сервис

Статистика қосымша ақылы қызметтердің валдық табысының автокинотеатрда кіріс билеттері құнының 60 бастап 300% дейінгі бағасын құрайтындығын көрсетіп отыр.

Көрермендер (олардың бір көлік ішінде төрт адамға дейін болуы мүмкін) өз ақшаларын көпіршік жүгеріге, мұз кәмпиттерге, салқындатылған сусындарға, кофеге, ыстық бутербродтарға, темекіге және т.б. аямай жұмсайды. Сервисті жоспарлауға мұқият көзқарас керек. Өнімдер мен сусындар сататын дүңгіршектерді автокинотеатрға енетін жерде орналастыруға болмайды, бұл кедергілер тудырады да, билеттің сатылу бойынша айналымының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар кезекте тұру естерінде қалған көрермендерді келесі жолдары автокинотеатрға өздерінің өнімдері мен сусындарын алып келуге мәжбүрлейді, салдарынан табыстың белгілі бөлігі жоғалады.

Бір-екі алаңды (шыға берісте) автокөлікшілер үшін «Мак’Авто» үлгісінде ұйымдастыруға болады, бірақ бұл үшін орын негізгі кірістен алшақ, автокинотеатр алдында беріледі. Тағы бір нұсқа ретінде – фаст-фуд (fast-food) желілерінің бірінен франчайзинг қйымдастыру:

Бургер Кинг, Big Mama және т.б.

Бұл бизнес –жобада соңғы рампадан кейін шағын дәмхана немесе мейрамхана орналастыру жоспарланған. Ол тегіс беттен 4-5 м биіктікте орналасады, шыны террасаларынан автокинотеатрдың алып экранына көрініс ашылады, ал дауыс шағын дәмхана ішінде орналасқан үдеткіш арқылы берілетін болады. Сонымен қатар өзінше ерекше болып табылатыр, 300 – 500 адамға арналған кинодәмхана ұйымдастыруға болады, онда билеттер мен клубтық карталар сатуға болады, ішін автокөлік тақырыбы бойынша әрлеп, сол арқылы автокиносүйгіштердің клубын ұйымдастыруға болады.

Автокинотеатр территориясында көрермендер өздерінің көліктерінде отырып даяшыларды шақыруға болады (әдетте бұл көлікте отырғандардың «апаттық тоқтау» шамдарын жағулары арқылы жасалады), тағам мен сусынға тапсырыс жасай алады.

Даяшылар территорияда шайтанарбамен жүре алады, оның алдына өнімдердің ең өтімді түрлері, темекі мен сусын салынған жинағы салынған себет орналастырылады, болмаса қолына табақ немесе қорап ұстап сырғытпалы конькимен жүреді. Тапсырыс берілген ыстық шұжықтар, хот-догтар немесе картофель үшін даяшылар автокөліктердің есіктеріне пластик табақтар орнатып қяды, кейін жинап алады.

Қосымша сервисті жоспарлау барысында мыналар ескерілді:

Тәжірибе қосымша сервиске арналған бір автокөліктік ауданның 2 – 2,5 м2 болуы керектігін көрсетіп отыр. Бұл бизнес-жобада 150 көлік сыйатын автокинотеатр ашу жоспарланып отыр, демек осы есеп бойынша қосымша қызмет пен сауда алатын аудан 300 м2 кем болмауы керек.

  • Өнімдер мен сусындар сақтауға арналған қойма ауданы бір көлік үшін 0,1 м2 кем болмауы тиіс. Есептеулер негізіне 150 көліктік автокинотеатрды ала отырып санасақ қойма ауданы 15 м2 болады.
  • барлық белгілеу жолақтары автокинотеатр территориясында тк болады. Егер бұрылу керек болса, онда оның радиусыавтокөліктердің ең үлкен түрының бұрылыс ауқымынан кем болмайды.
  • Территорияда автокөліктердің бірнеше қатарда қозғалысы қамтамасыз етілетін болады. Тәжірибеде негізі автокинотеатрлар 150 және одан да артық көліктерге болса кемінде екі жолақты болады, 500 бастап 750 дейін болса – кемінде төртеу, 750 бастап 1000 дейін болса – кемінде алтау, 1000 артық болса – сегіз.
  • Мүмкіндік бойынша автокинотеатрға ену бір кассашының екі жолақтағы көліктергебірдей қызмет ете алуын қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылады, егер көліктер өте көп болмаса, егер көлік бірінен соң бірі, көп келсе – бір жолаққа бір кассашы.
  • Тәртіпті бақылау пунктіавтокинотеатрдың орталық (көлбеулік) сызығында, кіретін маңайға жақын орналастырылатын болады. Сонымен қатар территорияға өрт сөндіру машиналары мен милиция машиналары келу үшін қосалқы бір-екі кіреберіс қарастырылады.
  • соған қоса инфрақұрылымның одан әрі дамуы қарастырылады, сонң ішінде қызметтер желісі мен қосалқы жайлар да бар.
  • Жоба бойынша дәретханаға кіреберістер көрермендер жаққа қаратылмаған. Кабина топтамалары көрермендерден жасырын болады және автокөліктердің соңғы қатарынан кейін орналастырылады.
  • Медициналық пункт, сауда жайлары, дәмхана және өрт қауіпсіздігі пункттері автокөліктер неғұрлым жиі орналасқан жерге жақын болады. Бұл автокинотеатрдың көрермендер аумағының ортасы болуы мүмкін.
  • Автокинотеатрдың орталық (көлбеулік) сызығы бойынша тамақтану орындары мен дәмханаға еркін өту қамтамасыз етілетін болады. Мүмкіндікке қарай «V» әріпі тәрізді екі жол қарастырылады, олар саудалық қызмет көрсету алаңы артында түйіседі және соңғы рампаларға қарай ажырайды. Негізінен осылайша кинотеатрдың автокөліктік аумақтары қозғалыстың қолайлы болуы үшін бес-алты аумаққа бөлінеді.
  • Жобаның ұйымдастырушылары сауда алаңы мен дәмханада қызмет көрсету деңгейінің сапасының аса жоғары болуына және қызмет көрсету жылдамдығының жоғары болуына бағытталған жұмыстар атқаратын болады.
  1. Ұйымдастыру, Басқару Және Қызметкерлер

Кәсіпорынды жалпы басқаруды директор жүзеге асырады.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрамы келесі түрде, сурет төменде берілген (4-сурет).

1сурет. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрамы

Басқарудың келтіріліп отырған құрамын сызықтық түрге жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел түрде басқаруға және барлық оқиғалардан дер кезінде хабардар болуға мүмкіндік береді.

  1. Жобаны Жүзеге Асыру

Ресейдегі осындай жобаны жетістікке жете отырып жүзеге асырған кәсіпкерлердің тәжірибелеріне сай орташа есеппен ұқсас автокинотеатр жылына 100 – 120 күн жұмыс істейді, өз кезегінде ҚР ОҚО қызметтің бұл саласымен жылына 230-250 күн айналысуға болады, оған Ресейдің климатымен салыстырған жоба үшін таңдалып отырған аймақтың климаттық жағдайы мүмкіндік береді.

Табыс түрлі құрамдастардан тұрады, оған мыналар кіреді: орналасқан жері, билеттің құны, сеанстар саны. Егер алаңды «қатар» пайдалану жоспарланатын болса және әр алуан қосымша сервис ұйымдастырылса табысты айтарлықтай мөлшерде арттыруға болады.

Бұл бизнес үшін талап етілетін құжаттар негізінен кино көрсетуге берілетін лицензия болып табылады, ол арнайы құжаттама деп саналады.Қазақстандағы ойын-сауық индустриясын дамыту осындац автокинотеатрлардың елдің барлық жерлерінде ашылуын талап етеді.

7.1.Жүзеге асыру жоспары

Осы жобаны жүзеге асыру 2013 жылдың ақпаны мен 2013 жылдың сәуірі аралығында деп жоспарланып отыр.

3-кесте. Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары

Шаралар /ай

2013 жыл

 

Ақпан Наурыз Сәуір

 

Қаржыландыру мәселесін шешу

 

 +    
Инвестиция алу

 

+    
Территория

таңдау

 

+    
Қызметкерлер іздеу

 

  +  
Жабдық жеткізу, орнату

 

  +  
Жарнама орналастыру

 

  +  
Жұмыстың басы

 

    +

7.2.Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар

Инвестициялық шығындардың бағасы келесі кестеде берілген.

4кесте. 2013 жылғы инвестициялық шығындар

Қаржыландыру мақсаттары Өзіндік қаражат есебімен
Жоспарлануда
Теңгемен АҚШ долларымен
1  Кинодәмханаға жабдықтар сатып алу 1 000 000 6 667
2 Кассалық жайлар салу 300 000 2 000
3 Қосымша сервис пункттерін салу 900 000  

6 000

4 Жер телімінің аумағын барлық  жиектері бойынша қоршау 800 000 5 333
5 Экрандық құрамдас бөлшектер сатып алу 4 355 571 29 037
6 Қосымша сервис 500 000 3 333
  Барлығы 7855571 52370

Жабдықты жеткізу бойынша шығын жабдықтың құнына енгізілген.

  1. Пайдалану Шығындары

Пайдалану шығындары ауыспалы шығындардан тұрады. Ауыспалы шығындар тіскебасарларды әзірлеу үшін қажетті өнімдерге жұмсалатын қаражаттар тұрады, мәселен олар: бургерлер, бутербродтар, салаттар және т.б. Шикізаттарға баға Астана қаласының орталық базарындағы бағалар талдауы нәтижесінде алынды.

  1. Жалпы Және Әкімшілік Шығындар

Жобада құны айына 750 мың теңге болатын орында жалдау қарастырылған. Осы бағаға барлық коммуналдық төлемдер қосылатын болады, электр қуаты мен телефон байланысына жұмсалатын қаражатты санамағанда.

5-кесте. Кәсіпорынның айлық жалпы және әкімшілік шығындары, мың тңг.

Мақсаттамасы   1-жыл 2-жыл 3-жыл 4-жыл 5-жыл
Мың теңге,айына теңге теңге теңге теңге теңге
Әкімшілік және жалпы шаруашылық шығындар, соның ішінде:
 Еңбек ақы  790  9 480  9 669  9 862  10 060 10261

 

 Әлеуметтік салықтар+әлеуметтік

аударымдар

 32  387  395  402  410  419

 

 Жалға алу төлемдері  750  9 000  9 180  9 363  9 550  9 741

 

 Коммуналдық шығындар  95  1 140  1 162  1 186  1 209  1 233

 

 Кеңсе тауарлары  15  180  183  187  191  194

 

 Байланыс қызметтері

(телефон, ғаламтор,

пошта)

 18  216  220  224  229  233

 

 Жарнама мен қызметті

алға жылжытуға шығындар

 80  960  979  998  1 018  1 039

 

 Басқа да

қарастырылмаған

шығындар

 100  1 200  1 224  1 248  1 273  1 298

 

 Шаруашылық шығындар  20  240  244  249  254  259

 

 БАРЛЫҒЫ  1 900  22 803  23 259  23 724  24 199 24 682

 

             

Жоба үшін жайды жалға алу Қарағанды қаласындағы жалдау бағасының орташа мөлшері негізінде алынды және 1 шаршы метріне 1500 теңге немесе 10 АҚШ доллары деп алынды. Электр қуатына жұмсалатын шығындар жабдықтың қуаттылығына – 0,4 кВт, жабдықтың орта есеппен алғандағы күндік жұмыс ұзақтығына – 6 сағат, жарықтандыруға жұмсалатын шығындарға – 22 жұмыс күні 1 кВт – 11,05 тңг байланысты есептелді.

6-кесте. Еңбек ақы өтеуге жұмсалатын шығындар, тңг

р/с

 

Лауазымы

 

Саны,

бірлік

 

Лауазымдық

ақ, теңге

 

Айлық ЕАҚ,

теңге

 

1 Директор 1 140 000 140 000

 

2 Есепші 1 90 000 90 000
3 Кассашы 1 70 000 70 000
4 Сатушы 3 50 000 150 000

 

5 Даяршы 2   30 000 60 000

 

6 Кинодәмханадағы аспаз 1 80 000 80 000
7 Ас үй жұмыскері 2 60 000 120 000

 

8 Күзетші 2 40 000 80 000

 

  Барлығы 13   790 000

Еңбек ақы төлеуге жұмсалатын шығын айына 790 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар айына 32 мың теңгені құрайды (еңбек ақы қорынан соңғы есеппен алғанда 5%(әрі қарай– ЕАҚ) – міндетті зейнетақалық салым есебінсіз (әрі қарай- МЗС)). Сонымен қатар, есептелген салық мөлшері әр жұмыскер үшін 1,5 % мөлшерінде кемітіп есептелетін болады, егер жұмыскердің орташа есептік еңбек ақысы тиісті қаржылық жылға Республикалық бюджет туралы заңда бекітілген еңбек ақының минималды деңгейінің шамасынан (ҚР СК, 436-б.) кемінде екі есе болатын мөлшерді құраса.

  1. Капитал Мен қаржыландыруға қажеттілік

Жоба бойынша жалпы инвестициялық қаржыға мыналар кіреді:

7-кесте. Жобаның инвестициясы, тңг.

Шығысытар, мың  тг. 2 013
Негізгі капиталға инвестициялар 7 855 571
Негізгі капитал 40 780 758

 

Барлығы 48 636 329

 

Жобаны қаржыландыру өзіндік қаражат есебінен жүзеге асырылады деп

жоспарлануда.

8-кесте. 2013 жылғы қаржыландыру бағдарламасы, теңге

Қаржыландыру көзі, мың тг . Сомасы Кезеңі Үлесі
Өз қаражаты 48 636 329

 

02.2013 – 03.2013

 

100%
Барлығы 48 636 329   100%
  1. Жобаның Тиімділігі

11.1. Cash-flow проекциясы

Cash-flow проекциясы (ақша қаражаттарының қозғалысы есебі, 7-қосымша) нақты ақша ағымын көрсетеді, демек ақшалай қаражаттың келуі (нақты ақшаның келуі) және төлемдер (нақты ақшаның кетуі). Есеп 3 бөлімнен тұрады:

  1. операциялық қызмет –қызметтің негізгі түрі, сонымен қатар компанияның қаржылық түсімін және жұмсалуын туындататын басқа да қызметтер;
  2. инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтердің (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің) сатылып алынуына, қалыптастырылуына және сатылуына, сонымен қатар басқа да инвестицияларға қатысты қызмет;
  3. қаржылық қызмет — компанияның капиталы мен несиелік қаражаттарының мөлшері мен құрамын өзгертетін қызметтің түрі. Әдетте мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру мақсатында алынатын несиелер мен оларды қайтаруға байланысты.

Ақша ағымының талдауы жобаның әр жылы сайын оң динамикалы болуын көрсетеді.

11.2. Қаржылық индикаторлар

Инвестицияланған капиталдардың 5 жылдағы дисконтталған таза табысының мөлшері дисконттау мөлшерлемесі 12% болғанда 9 493 969 теңгені құрады.

9-кесте. Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 25%  
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 9 494  
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 9  
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 11  
  1. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері

12.1. Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы

Жобаны жүзеге асыруға барысында мынадай міндеттерді орындау керек:

  • Жұмыскерлерге тұрақты табыс алып тұратын жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Цивилизацияланған және қол жетімді демалыс үшін жаңа орын жасау;
  • Қарағанды қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдар түсіру.
  • Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңадан 13 жұмыс орны ашылатын болады.

12.2.Қоршаған ортаға әсері

Тұтас алғанда кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтірмейді, себебі кәсіпкерліктің бұл саласы зиянды қалдықтар шығарумен байланысты емес, технологиялық үрдісте зиянды құрамдас бөлшектер мен заттар қолданылмайды.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ең үлкен, ең кішкентай кітап

Ең үлкен, ең кішкентай кітап         «Кітап – арқалаған аманатын бір буынна екінші…

Ұсақтау және ұнтақтау

žҰсату және ұнтақтау дегеніміз шартты ұғымдар, себебі олар бір негізді процестер. Егер…

Спутник топтық өлшеу қондырғысы

«СПУТНИК ТОПТЫҚ ӨЛШЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫ» Соңғы уақытта шығарылатын топтық өлшеуіш құралдар «Спутник» газ…

Правила эти пусть знают все дети

Актуальность проекта Зачастую причиной дорожно-транспортных происшествий бывают дети. Поэтому обеспечение безопасности движения…