Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі

Арнайы пәндер мұғалімі

Омашова Айнур Толыбаевна

Баяндама тақырыбы: «Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, студенттердің таным қызығушылығын арттыру»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында кәсіптік бағдар немесе кәсіби бағыттылық деген ұғымғы білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтары мен жеке қабілеттеріне сәйкес білім беру саласында мамандықпен оқитын орнын таңдауына ақпараттық және консультациялық көмек беру деп түсініктеме берілген.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады.

Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты:

  1. Біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру,
  2. Жаңа ақпараттық технологияны қолдану,
  3. Әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру.

Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – қазіргі кезде міндет.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құралы компьютер болып табылады. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін мен өткізетін сабағымда студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруім керек. Бұл да менен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда мен компьютерді косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдаланамын. Мұндай мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрацияларды, видео роликтерді жатқызамын.

Сабақта студенттердің өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді кеңінен қолдану өте қажет. Осы тұрғыда сабақты пәнаралық байланыс арқылы өткізу үлкен мәнге ие болады. Себебі, пәнаралық байланыстың міндеті – студенттің бір пәннен меңгерген білім іскерлігін, дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу, соған ойлау қабілетін салыстыру, өз бетінше жете білу. Мысалға, осы орайда менің арнайы пәндерімді физика, математика сабақтарымен байланыстыруды қажет етеді.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда  өткізілетін сабақтарды  жоспарлаудың негізгі талаптары:
– ақпараттық технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
– өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
–  пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
–  өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;
–  оқушылардың бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;

Осы мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
–  материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
–  әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
–  ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;
–  сабақта ақпараттық – коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;
–  сабақтың жүйелігі.

Сонымен, ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді біріктіріп білім беру студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық сауатты болып өсулеріне ықпал етеді.

You May Also Like

Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты әрекеттесуі

Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты Әрекеттесуі Күн сәулесінің энергиясың Жер…

Жстд бар балалардың сөздік қорын дамыту

 Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалармен жұмыс барысында басты назарға мына бағыттар…

Бедеу неке

Тақырыбы:  Бедеу неке. Жоспар: Кіріспе:  Бедеу некеге түсінік Негізгі бөлім: – Бедеуліктің…

Мәдениеттегі эзотерика феномені, дипломдық жұмыс

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС Тақырыбы : «Мәдениеттегі эзотерика феномені» «Мәдениеттану» мамандығы бойынша РЕФЕРАТ Диплом…